Педагогика мен психологияның екінші негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:29, реферат

Описание

Арнау сөз. Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін , ұрықтың жетіліп , даму мерзімін де,жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен , мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін , әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды.Өйткені , адам ғұмырының физиологиялық осы кезеңі , күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі тәрізді .

Работа состоит из  1 файл

Төртінші тарау.docx

— 83.92 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби  негізін  қалаған   мешаиюндер  дәстүрін – Түркі  елдерінен  шыққан  данышпандар: Әбу Әли ибн  Сина, Баласағұн, Науаи, Қарабағи, Дауани   ,Абай  өз  еңбектерінде  жалғастыра  дамытумен  болды.Мәселен, Ибн-Сина  ʻʻЖан  туралыˮ  еңбегінде, Баласағұн-“Құтты  білігіндеˮ; Науаи-“Бес  хамсасындаˮ; “Кабус намеˮ; Абай-“Қара  сөздері  мен  өлеңдеріндеˮ -Хауас – түйсік, сезім, хамсазаһири-сыртқы  бес сезім, хауаси сәлим – ішкі  бес сезімдер  жайында жиі талдап- терең толғаныстарын дәлелді тәжірибелерді пайдаланып  жазады.Міне,осыншама  бай мұраларды бүгінгі ғылыми жетістіктермен  жетілдіре отырып, адам  тәрбиесіндегі аса күрделі құбылыстарды  таңдауға  және  шешуге   пайдалануды   мақсаи  тұту  арқылы, біздер  ұстанып отырған Халық педагогикасы  мен психологиясының    жеті негіздерімен  үндестіріп  қана  қоймай, оны ұрпақтың  дұрыс жетілуіне қажет тәрбие  тәсілдері ретінде қолдануға тырыстық.

Мәселен , ХАУАС  ілімін (түсінік  пен  сезім) Халық  педагогикасы  мен  психологиясының   бірінші  және  екінші, үшінші  негіздерінде, немесе  отбасын  құруға  дайындық  және Ұрық  тазалығы  мен ана  құрсағындағы  тоғыз  ай және Нәресте  – делінетін  , адам  тәрбиесінің  физиологиялық  кезеңдеріндегі  тәлімдік  тәсілдерге  пайдаланудың әдістері  айтылады. Оған  осы кезеңдердегі  тәрбие  әдістерін бергенде  кеңірек тоқталынады.

Екінші, ИМАНИ ГҮЛ  ілімін ( үш  сүю- Алланы яки табиғатты , адамзатты және әділетті) Халық педагогикасы мен психологиясының төртінші  мен бесінші және  алтыншы негіздерінде  немесе Балбөбек  пен Сәбилік және  Балиғат- деп жіктелетін  физиологиялық кезеңдердегі тәрбие  әдістеріне  пайдалану   тәсілдерін, осы кезеңдерді  сипаттағанда  айтылатын болады.

Үшінші, ЖӘУАНМӘРТЛІК  ілімін (ақыл, әділет,рахым)- Халық педагогикасы  мен психологиясының   жетінші негізінде, немесе  Кәмелеттік  кезеңінің   тәрбие  әдістеріне  қолданылады.

Мінеки, осы  ілімдерді  пайдалану  арқылы  жүргізілетін  әдістердің  қозғау   салар  тетіктерінің   бәрі де, жаңа  өсіп  келе жатқан  ұрпақтың   жаратылысында  бүршік  жару  үшін  міндетті   түрде, әр  кезеңнің  өзіне   тән  тәрбие тәсілдерін  күтіп  жатады.  Егер тәрбие   әдістері   дер  кезінде  берілмесе, қауашағын  ашпаған   гүл  тәрізді  солып  қалатыны, табиғи  құбылыс  екендігін  енді-енді  түсініп, соның  сиқырлы  саздары   мен  күрмеулерін  шешуге  ұмтылмақпыз. Бұл  адамзат  қауымына “жұмбақпынˮ деп кеткен  Абай-ғұлама-осы үш  ілімнің тетіктерін  тауып бермесе де, оны пайдаланудан  шығатын ақырғы  формуланы - “нұрлы  ақыл-толық  адамˮ  деп айнытпай-ақ  айтып кеткеніне таңданбасқа шара  жоқ. Сондықтан да, Абай  танымындағы   хауас мәселесіне  кең көлемде тоқталуға тура  келеді.

1.Абай  танымындағы   Хауас  мәселесі

(үзінді)

“Абайдың  жүрек  культі  жайындағы 

 танымына  арнайы   зерттеулер  жүргізу  қажетˮ.

М.Мырзахметов.

“М. Әуезов  Абайдың   тәңіріні  тануы  мен  адам  жаратылысы  жайындағы  ойларын  зерттей  келіп, оның  ˮ Діні  сыншыл  ақылдың  шартты  діні-деген  тезистік  пікірі, қаншалықты  білгірлікпен  әділ, дұрыс  айтылған, бірегей пікір екенін, әсіресе хауас жайлы ойларына  үңіле түскенде  анығырақ  сезінеміз.

Абай  тәңіріні  тануда   шығармаларын  да, шариғат  “тоқтаˮ деген  шарттарға аялдамай, тәңіріні   ақылға  салып,  ойға  қондырмай  тоқтамайтынын “Құмарсыз  құр  мүлгуге   тоя  алмаймынˮ деген  пікірінде ашығырақ  білдіреді. Абай  шығармаларындағы   хауас  жайлы  мәселе (сөздерді  ерекшелеген-автор)әлі  күнге  дейін  арнайы   зерттелмей  келеді.

Хауас  ұғымы  Абай шығармаларында    үш салаға  бөлініп, бірі мен  бірі  тығыз  байланыста алынса да, олардың  өзара  үлкен  мағыналық ерекшеліктері де барлығын  ескерген  жөн.Хауас жайлы арнайы  даярлықпен  келіп, түп-төркінін  тани  оқымаса, Абай  шығармаларында   көтерілген пікірлердің   табиғатын тереңдеп, бірден  түсініп кетудің өзі қиынға  соғатынын  көріп жүрміз.

Хауас-арабша  түйсік, сезім  деген  ұғымдарды  қамтиды. Бұл  -  хауас  сөзінің   тікелей  лексикалық  мағынасы ғана . Ал  оның  Абайдағы  қолдану  мағынасы  дүниетанымға байланысты, терең  философиялық, теологиялық   ұғымдарға соғады.  Бұл ұғым мұсылмандық   шығыс философиясында  ертеден елеулі  орын    алған кәнігі   көне   ұғымдарға жатады. Ол  Абай  шығармаларында   кәсіби   құбылыс ретінде    қаралып, ақын  дүниетанымында   елеулі     де  күрделі орын  алатын  бейнелеу   теориясымен   тікелей   ұштасады. Абай сыртқы  болмыстың санаға   сәулелену процесі    жайлы ойларын   өз  шығармаларында  молынан таратып, хауас арқылы  сыртқы  болмыстың шындығын  толық білмеу, ең  болмаса дендеп  білуге   ұмтылмау-хайуан  дәрежесінде қалу  деп  біледі. Абай дүниенің   танымалдығы мен бейнелеу  теориясы   жайлы ұғымға  даярлықсыз  келмеген.

Бұл  турасындағы  пікірлері  “Ғылым  таппай  мақтанбаˮ  өлеңі   мен  соңғы  шығармаларына  дейін, желі  тартып  ұштасып  жатады.

Абайдың  пікірі  бойынша  “Әрбір  талантты  жас  дүние  сырын  білу  жолында    әуелі  туа болатын  хауас  сәлим, денсаулық, әлеуметтік  ортаның  әсерімен  ғылым-білімді меңгеруге   үйірсектеніп, шын   махаббатпен  беріле  ұмтылғанда  ғана  Алла  тағаланы    танымақтық,  дүниені   танымақтық, өз адамдығын бұзбай  ғана –жәліб  маәфағат  дәфғы   мұзаратларны – айырмақлық  секілді,  ғылым-білімді  үйренсе  боладыˮ-деп ой  түйеді. “Адам болам десеңізˮ  дегендегі асыл  мұраттары не  екендігіне  осы арада тағы да  бір оралады. Осы аталған ғылым салаларын меңгеруге, әсіресе  сыртқы  болмыстың   сырын білуде  Абай   хауас сәлимге ерекше  мән бере  қарайды. Ол  хауас жайлы еңбектермен кең түрде танысып,  одан   алған ой-пікірлерін  шығармаларында  шашыранды түрде болса да,  қадау-қадау беріп отырған. Абайдың хауас жайлы   жалпы   танымы, өзіндік ой-пікірлері -27, 38-ші  қара сөздері мен “Алла деген сөз жеңілˮ  деген өлеңінде ғана  нақтылы бой көрсетіп,  басқа шығармаларында  жалпылама   түрде тілге алынады.

Абайдың  38-қара  сөзінде  ғанга   ұшырасатын  хауас  сәлимді (дені  сау  табиғи  сезім  мүшелері), Абай   адамда  туысынан  пайда  болатын    табиғи  құбылыс  деп  біледі. Абайдың тануында , хауаси   хамсазаһири (сыртқы  бес сезім)  сияқты  сезім мүшелері  арқылы  пайда болатын    әртүрлі жан   қуаттарын өсіру, жетілдіру, дамыту   процестері  құдайдың  араласуынсыз-ақ, әр  адамның табиғи  қабілетіне  қарай пайда болатын реалды  нәрселер. Абайда  адам  бойындағы ақыл, білім, ой-сананың пайда болып шығар көзі  сыртқы   болмыстың хауас,  яки ішкі  және  сыртқы  сезімдер  арқылы  сәулелену    жолымен жетілетін рухани  құбылыстан  басқа ешнәрсе де  емес  деген таным басым жатыр. Осындағы  хауас сәлим ішкі  және  сыртқы   сезім мүшелерін де  қамтиды. Бұл тұжырым  38-ші  сөзінде айқынырақ   көрінеді. Бұлай деуге себеп, Абайдың   хауасты ішкі және   сыртқы сезім   мүшелерінің жиынтығы  іспеттес-Алланың бойында   бар сипаттар  ретінде суреттеп,  оларды  былайша жіктейді: 1.Хаят –өмір; 2. Ғылым; 3. Құдірет ; 4. Көру/басор/; 5. Есту/самиг/; 6. Тілек /ирада/; 7. Сөз /кәләм/; 8. Болдыру/тәкин/; 9. Рахым; 10. Әділет . Соңғы екеуі – Абай  тарапынан   қосылған  -жаңа  сипаттар   екенін  ескертеміз. Әрі бұл сипаттың  екеуі әділет   пен рахым, Абайдың өзі   ұсынған  сипаты  болса,  қалған  сипаттардан   бұларға  тек  ғылымды  ғана  қосатынын  ерекше  айтқан жөн.

Абайдың    “Алла  деген  сөз  жеңілˮ өлеңінде  түп   ие  ретінде  балама  түрде   ұғым  беретін, хауастың  шын  мәнін  танып  білуге  ұмтылған  талабына  тағы  да  кездесеміз. Бұрынғы   өлеңдерінде   “ Құмарсыз  құр   мүлгуге тоя алмаймынˮ -деп түп иенің мәнін, кім екенін  танып   білуге  ұмтылған  әрекетін  білдірсе, енді  соңғы   өлеңінде, сол түп иенің теологиялық көзқарас   негізінде ғасырлар  бойы  өздерінше   танытып келген, мүта  кәллиминдер мен мантиқшылардың  көзқарасынан  мүлдем  алшақ кетеді:

Ақылмен  хауас  барлығын

Білмейді  жүрек, сезедүр.

Мұтақаллинмин, мантиқин

Бекер  босқа  езедір,

-деген, ешкімнің  аузы  барып, қарсы айтпаған  қатаң   үкім  шығарады.

 Мұтакәллиминдік  таным   үстем  болған  сол  дәуірде-ақ  әл-Фараби   оларды:-“ Барша   жұрт  қабылдаған, немесе   көпшілік   мойындаған  пікірді  теріс   түсінікпен  бұлар “интеллектˮ  деп  атайды ˮ -деп  мұта  кәллиминдердің  танымын  тұңғыш  сынға  алған  еді. Әл-Фараби  сынға  алған  мұтакәллиминдер   танымына  қарсы  сыншыл  батыл   ойды, XIX  ғасыр  соңында   панисламизм  идеясы   өріс  алған кезде, Абай  бұл  танымды   одан  ары  сынап  дамыта  түсті. О баста әл-Фараби  қатты   сынаған, бірақ  мұсылман  идеологтары қолдап-қуаттаған мтакәллиминді Абайдың түбегейлі түрде әшкерелеп терістеуінде  терең сыр жаса  керек-ті.

(Қысқаша  үзіндінің   соңы.)

2. Пікір алысу  ретінде

“жақсы  дәлелдің   өзі, онан  да  жақсы  

пікірге  жол  беру  тиісˮ.

В. Шекспир.

Абайтану  мен   Мұхтартану   саласының  білгір  маманы , белгілі  ғалым  М.Мырзахметовтың  монографиясынан, “Абай  танымындағы   хауас  мәселесіˮ  атты   тақырыбынан   біраз   үзіндіні  қаз-қалпында  алып  отырғанымыздың  бірнеше  дәлелді   себептері  бар:

1.Қай  ғылымның  саласында   да “ барды  ойлап  табудың   қажеті  жоқˮ  дейтін  қағиданы   ұстанып , оның  үстіне  ғылыми   төл  шығармалар   да  алғаш  рет- “ хауас, хауас  сәлем, хауаси  хамса  заһири ˮ  туралы   тарата  талдауға   тырысқан  еңбекке  деген  құрметіміз.

2. Біз  ұсынып  отырған   “Халық  педагогикасы   мен   психологиясының   бірінші   мен  екінші  және  үшінші  негіздеріндегі   жүрек   тәрбиесін  –осы  хауас   ілімімен  тығыз   байланыстыруға   тырысқан  өз   ділдарлығымыз да  барˮ.

3. Бұл  еңбекте  хауас   іліміне  ерекше  үлес  қосқан  халқымыздың  үш  данышщпаны  –Фараби, Абай, М.Әуезов-аса   үйлесімді   сабақтастықпен  талданады.

Осы  атаған  үш  ерекшелігіне қоса, әсіресе  Абайдың  хауас  жайлы танымын  терең   талдап, ақынның өлеңдері  мен қара  сөздеріндегі  астарлы ой-толғаныстарын байыппен  тарата  айтып береді. Тіпті,  Абайдың да, Мұхтардың да , өз замандарында  хауас мәселесін кең   толғап  айтуларына , көптеген  кедергілердің   болғанына да  дәлелді түрде тоқталады.

Хауас  ілімін  дамытуда  Түркі  халықтарынан  шыққан  ойшылдардың  ішінде:Ғұламаһи Дауани, Жүсіп  Қарбағи, Әлішер  Науаи  еңбектеріндегі  түйсік  пен  сыртқы  және  ішкі  бес  сезімдердің  сипаттарына  да  сілтемелер  жасап  отырады.

Әйтсе де, бұл  мәселенің  де әттеген-айлары  жетіп  жатыр.Ең  әуелі, Абай-ғұлама  ерекше  мән  берген  Хауас, Имани гүл  және  Жәуанмәртлік  ілімдерін  бірден  дұрыс  танып  зерттеген  М.Әуезовтың  еңбектері  әлі  күнге  дейін  архивтік  материал  болып  жатқаны, республикадағы  ғылыми  ортаның  хауас  мәселесіне   мән  бермейтіндігін  аңғартса  керек. Оның үстіне  осы  ғылыми  орта  бұл  үш ілімнің   ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын   тіпті түсінбейтіндіктен, тас қараңғылық  әлі де  ұзақ  уақыт сейілмейтін тәрізді. Бұрыннан  келе жатқан  осы тасқараңғылықтың    фонында көрінген, М.Мырзахметовтың  хауас жайында жазған   еңбектерінің  сәулесі ,  бұлт  астынан шыққан  Ай  жарығындай   әсері  барын,  ризашылық  сезіммен   атағанды  жөн   көрдік. Жоғарыдағы  барынша  қысқартылып  алынған  үзіндіден, құнды  пікірлердің   мол  екендігін  оқырмандардың  өздері де  аңғарған  болар. Сондықтан да , оларды  тағы  да  қайталап  талдамай-ақ, бірден  оның  біржақтылау  кеткен  сәттеріне  тоқталуды  парыз  санаймыз.

Жалпы , хауас-түйсік, сезім,хауас  сәлим-ішкі  бес  сезім, хауаси  хамса  заһири – сыртқы бес  сезім   жайындағы   пікірлерден  бұрын да, адамзатқа   белгілі ғұлама  ойшылдардың “ Рух   және  Жан туралыˮ толғанып қана  қоймай, зерделей  зерттеп қалдырған еңбектері де  аз  емес. Тіпті, , Платон  мен Аристотельге  дейін өмір  сүрген    Пифагор мен  пифагоршылар, Демокрит пен  Анаксагор  еңбектерінде де, әртүрлі  көзқараспен  талданып  жазылғаны  белгілі. Жер  бетіндегі  күллі   тіршілік  әлемінің (өсімдік, хайуанат,адам) ең  негізгі  формасы  болып  табылатын-Жанды  зерттеушілердің   бірі-қозғалыс, екіншісі –субстанция ,  үшінші-сан,суық, қоспа,,қан  тіпті  жанды-Құдай –деп  түсінгендері  де  болған.

Осылайша  сан-саққа  жорыған , адамның  жан  дүниесі  жайындағы  еңбектерді  қорыта  келіп, Бірінші  ұстаз,яғни  Аристотельдің  “Жан  туралыˮ жазған   еңбегін жетілдіре дамытып, Екінші  ұстаз атанған, яки әл-Фараби негізін қалаған үш  түрлі ілім-хауас, иманигүл, жәуанмәртліктің маңызы – осы күнге дейін көмескі қалып отырғанын   ашып айтатын мезгіл  жетті. Ол бұл ілімдерді  өмірінің  соңғы кезінде ашса да,  оны дереу мешаиюндер  мектебін  ұйымдастырып  тартпақ болғаны осы үш  ілімінің   адам  тәрбиесіндегі   құдіретіне    әбден сенгендігі  еді. Мұны  Фарабидей ұлы   ғұламаның   өмірінің   соңындағы жасаған аса   ғажайып ерлігі  мен   жігеріне  баласақ, тіпті де  артық айтқанымыз  емес. Нағыз “асыл тастың   су  түбінде жатпайтындығының  да, аса асыл  сөздің – ой  түбіне  қалмайтындығының   даˮ-белгісі осы болса керек. Міне , жоғарыда  үзіндісін келтірген еңбекте – Ибн Синаны  да, Дауаниді  де, Қарабағиды да, Науаиды да, Абайды да – Екінші  ұстаздың, яғни    Фарабидің ілімін  жалғастырушылар   ретінде талдағаны белгілі. Бірақ, осы ілімді  ары қарай дамытушылар не  себепті тек Түркі халықтарынан  шыққандығына   тіпті мән де  берілмегені анық. Өйткені,  мәселенің екінші  жағы  Абай-ғұлама  айтқан -    “толық  адам-нұрлы ақылˮ-дейтін  формуланың  тікелей адам  тәрбиесіне  қатысты екенін   зерттеуші көрмек   түгіл,  түсіне де  алмағаны  байқалып  тұр. Еңбектң   біржақтылығы  дегенде, тек діни   мағынада ғана  талданғандығынан , тым тар шеңберден шықпай, шектеліп  қалғандығын   айтпақ едік.

Әйтпесе  бұл  ілімдердің  негізі  түптеп  келгенде, сол  Түркі  елдерінен   шыққан  ғұламалардың   барлығына  да  ортақ, Түркі  халықтарының  педагогикасы  мен  психологиясында   қалыптасып  кеткен  түйсіктік  ақыл, көкірек  көзі , ішкі  сезім ,  табиғатты  сүю, жомарттық, алып  анадан  туады, аруақтық  таным  (рух)-сияқты  халық  даналықтарынан  түсінген   әл-Фарабидей данышпан  жасы  ұлғайып   кеткеніне  қарамастан,  осы  ілімдерді  өмірге    әкелген  еді.Ал  оның    шәкірттері  деп  отырған   ғұламалар   өз  бойларына     ана  сүтімен    сіңген   тағылымдарды, неге   ғана    қалт   жібере   қойсын?!  Адам  тіршілігінде   теңдессіз   терең    орны  бар  сан  алуан   түйсіктер   мен  ішкі    бес  сезімнің  тұғыры  жүректе  екенін  айтқанда, сөз  жоқ,  жан  дүниенің  қозғалмалы  күйімен  астасып  жататынын  ескеру  шарт. Өйткені, ана  құрсағында  жүргізілетін  жүрек  тәрбиесінің  негізгі  әдістері  осы  ішкі  сезімдер    мен  түйсіктік  ақылдың  құдіретін   пайдаланбақ. Сондықтан да , Түркі  елінен  шыққан  ғұламалардың  жүйелі  түрде  хауас   мәселесін  үзбей  дамытуының  астарлы  сыры   осында жатса  керек. Мінеки , осыншама  ғажайып  мұра , сонау  ғасырлар   түкпірінен  Абайға  дейін  жетіп, енді  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  де  бірте-бірте  жалғасатынына   сенгіміз  келеді.

Информация о работе Педагогика мен психологияның екінші негізі