Педагогика мен психологияның екінші негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:29, реферат

Описание

Арнау сөз. Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін , ұрықтың жетіліп , даму мерзімін де,жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен , мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін , әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды.Өйткені , адам ғұмырының физиологиялық осы кезеңі , күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі тәрізді .

Работа состоит из  1 файл

Төртінші тарау.docx

— 83.92 Кб (Скачать документ)

Екінші бір қадап айтатын ірі мәселе , ол-М.Әуезовтің “Абай діні- сыншыл  ақылдың шартты  дініˮ, дейтін  тезисін талдағанда, зерттеуші Абайдың хауас жайлы танымын әр  қырынан   көрсеткісі   келгенімен , автордың  жасап   отырған мына  тұжырымында: “Өзінің  төл  шығармаларында   ақыл, сана, білімнің  пайда  болуын-күнделікті  өмір  тәжірибесінен  туындайтын  кәсіби   құбылыс  деп  танитын Абайˮ-деуімен  ғалым –Мекемтас  тым  үстірттеу  кетіп  қалғанын  байқаймыз.

Шындығына  келсек, абай  хауас  жайын  түсіндіретін  пікірінде , ислам  догматтары- мұтакәллиминдер  мен  мантиқиндердің- “хауасты -интеллектіˮ  деп  шатасқандарын, кезінде  әл-Фараби  де  қатты  сынға  алғанын  ескерсек,Абай  тіпті  онан  да бетер  етіп: “Бекер  босқа  езедүрˮ-деп  анық   әшкере   етеді. Оның  дін  исламияттың  шарттарын тануда, тым ерекше танымдылық  биіктеріне  көтерілуі,  өз  заманынан озып  шыққан  даналығын айқын байқатады. Бірақ, ол  хауас жайлы сөз еткенде тек    діни  тұжырымдарды  ғана  талдау  үшін   шұғылданбаған ғой.  Қайта керісінше, Абайдың хауас жайлы танымдарының  негізгі мақсаты, хауастың  адам  тәрбиесіндегі орнын танумен бірге, тіпті шыр етіп келген  сәттен-ақ , адамдықтың арналарын ашуда хауастың  орны  ерекше  екенін   түсіндіруге тырыспай  ма? Өйткені өмірге  келер ұрпақтың  болмысындағы-жан дүние арналарын тек ананың  түйсігі мен ішкі  сезімдерінің  әсері ашатындығы  белгілі емес пе?!.. Ендеше ,  халық даналығына  айналып кеткен-  “Алып-анадан туадыˮ -дейтін  тұжырымды, мүмкін  өзі ашқан   үш  ілімнен кейін – әл-Фарабидей данышпанның өсиет етуі  де  ғажап емес  қой. Мінеки  бұл мәселеде  ұстазымен үндесіп жатқан  Абайдың езгіде  жатқан  еліне аманат  ете “Мен   бір жұмбақ  адаммын,  оны да  ойлаˮ-дейтін  күрсініске   толы  үмітін  ескермеуге  болмайды. Оның   үстіне  Шағабудин Маржанидің   шәкірті Ахмет Разиден   дәріс алған  Абайдың әл-Фараби  еңбектерімен  тікелей таныс болғандығы  әр  сәттерден-ақ  көрініп қалып жатады. Себебі, Маржани  өзінің  көп еңбектерінде  Фарабидің ілімдерін, әркез үлгі  етіп  таратуға  тырысқан  ғұлама  екені белгілі. Сондықтан да, Абай- ғұлама  хауас жайындағы түсініктері терең болғандықтан- Хауас, Имани гүл,Жәуанмәртлік  ілімдерін-өз  шығармаларында  жиі пайдаланған. Оны   жетілдіре тереңдетуге көп күш жұмсаған   ғұлама  адам.  Осы үш  ілімнің   негізінде жазылған  Жүсіп Баласағұнның  “Құтты  білікˮ  атты  тәрбиелік мәні  аса зор еңбегін,  абайдың бұтарлай  талдап зерттегендігі де, оның  өзі ұсынатын  “толық  адам - нұрлы ақылˮ дейтін  тұжырымында анық  байқалады. Олай  болса, хауасқа   байланысты  үш  ілімнің   ең негізгі мақсаты адам    тәрбиесінің   тылсым   құпияларына   арналғанын , осы ілімнің мұрагері  болып    саналатын түркі   халықтары тез арада игеріп, бүкіл адамзаттың  игілігіне айналдыруды    бағдар  тұтқан  жөн.

Егер де  біз  өзіміздің  “халық  педагогикасы  мен  психологиямыздыˮшын  мәнінде  ғылыми   жүйеде  дамытқымыз  келсе, онда  Абайдың  педагогикалық  еңбектері  мен  Фараби  ілімдерін  бүгінгі   ғылыми   жетістіктермен    сабақтастыра  отырып,  өмірге  пәрменді  түрде  енгізуге   асығуымыз  қажет. Сондықтан да, біздер  жоғарыда   берілгендей   адам  ғұмырының   физиологиялық кезеңдері осы Хауас, Имани гүл, Жәуанмәртлік  ілімдеріне  қай кезеңі    қалай сәйкестенетіндігін ашық та, жіктеп те  айтқан  едік. Міне,  осындай қажеттіліктен М.Мырзахметовтың  еңбегін   кең түрде   пайдаланып   қана  қоймай,  оның  жетіспейтін   кемшіліктеріне  де  барынша тереңірек тоқтауға   тура  келді. Оның  үстіне,  түркі халықтарынан   шыққан  ғұламалардың   жалғастық   дәстүрлерін де  сақтауды  парыз санадық. Мәселен, Абай  өзінің   алдындағы Фараби,  Ибн Сина, Баласағұн, Науаи, Қарабағи,  Дауани  еңбектерін  дамытушы  болса, Мұхтар  Әуезов арқылы  хауас танымын жан-жақты зерттеуге ұмтылған, бұл еңбектің  орны  ерекше  екені даусыз.

Жалпы, бұл  мәселе, телегей-теңіз  құпиясымен  тың  күйінде , жұмбақ  сырлары  ашылмаған, өзі  бір  шексіз  әлем. Оның  тұңғиыққа  толы  тереңдігінен  де,  көз  ұшына  шалынбас  заңғарлығынан да  жасқанбай тура  тартар  сүрлеуі халқымыздың ежелден келе  жатқан  тағылымдарында сайрап  жатыр. Тек,  зерделі де  зейінді, іздеушілердің батыл қимыл- әрекеттері  керек.

§3. Ана  құрсағындағы  тәрбиенің  түрлері 

“Құрсақтағы   бала- анасының  ішкі  сезіммен

(хауас)  жасаған   мінәжатын- тыңдай да, сезіне 

 де, тіпті   түсіне  де  аладыˮ.

Ұждан.

Мінәжәт. Адамның  мінәжәт  ете  білуі  үлкен  өнер. Оған  әдеттену  керек. Бұған  да  баланы  ес  білісімен-ақ  тәрбиелеу  қажет.

Өйткені,  адамның  жан  дүниесін  тазартудың  жалғыз    ғана  жолы- осы  мінәжәт  ету  болып  табылады. Адам тәнін-күнделікті  жуынып-шайыну  арқылы  тазартатын  болса, Жанның  мүшелерін – яғни  арналарын –түйсігін,  ұятын, мінезін, сүюді, табиғи  қабілетін, зердесін, жігерін, ішкі  бес  сезімдерін –  тек  мінәжәт  етудің  арқасында  ғана  тазалап  отыратынын  түсінуі, ол жасайтын  кісілік  пен  имандылықтың  ең  биік  көріністері  болмақ. Ақ пейіл  шын   жүрегімен  мінәжәт   ете  білетін  адамдар-ар  ұялар  істер  мен  әрекеттерге  ешқашан  да  бармайды.  Олардың  рухтары- сергек, сезімдері-пәк, мақсаттарыайқын болатындықтан, басқалар  үшін  жасайтын  игілікті  істері де  мол болатыны  белгілі. Аорамызда   осындай адамдар болмаса, тіпті    тіршілік  етудің   өзі тым қиындап кетер еді. Сондықтан да, біздер  ұсынып  отырған ілімнің ең  негізгі мақсаты да  мүлдем  жаңа  психо-физиологиялық тәрбие тәсілдерін  ұсыну арқылы, жан дүниелері    ашылған   рухы  биік  жандармен, халқымыздың ізгілікті қасиеттерін қайыра  жандандыру   болып табылады. Ол үшін  халқымыз  ең  әуелі   жан дүниесін  іштей тазартуды: Қалай? Қайтіп?Не  үшін?-қажет екенін  анық та  айқын түсінулері  керек.

Мінәжатқа  ұю. Жан дүниені  тазарту   еркекке  де,  әйелге де, жасқа  да,  кәріге де  керек. Бірақ, бұл  да  өзінен-өзі  жасалына  бермейді. Оның  мәні  мен  мазмұнын  түсінгеннен  кейін, саналы  түрде-қалай,  қайтіп, қай  уақытта  жасауды  қажетке  айналдырып, терең  сезімдермен  ұйи   білуге  тәрбиелену шарт. Ал  аяқтары  ауыр  жүкті  әйелдер мінәжәт  ету  арқылы  өзінің  жан  дүниесін  тазартумен  қоса, құрсағында  өсіп  келе  жатқан  жан  иесінің  жүрек  тәрбиесін  қалыптастырады.

Мұсылман қауымдарына  таныс намазға   ұюдың өзі де мінәжәт етудің  ең  бір әдемі көрінісіне  жатады. Жан дүниеңді  тазарту мінәжәтіне  кірісер алдында да,  ең  әуелі жақсылап  жайғасып  алу шарт. Егер  де  отырып  жасасаңыз өзіңізге  ыңғайлы етіп  аяғыңызды бүгіп, денеңізді қаққан  қазықтай  ете тік ұстап , екі қолыңызды   кіндігіңізден төмен бөлек-бөлек   қарасандарыңызға  қойып, немесе   жазыла  жатқан  сол қолыңыздың  үстіне  оң  қолыңызды қойып,  алғашында   көзіңізді   жұмып бастаған  жөн. Мінәжәт етіп  тілейтін   тілектеріңіз  өзіңіздің қалауыңызға байланысты.

 Уақыты  да  өзіңізге ыңғайлы мезгіл  болуы керек. Солай десек те  ұйықтап оянысымен-ақ  жасалынатын мінәжәттің   артықшылықтары  көп. Өйткені, демін алып  тұрған  адамның ақыл-ойы ашық та  терең сезімдерге  еркін бойлай  алады. Тәулігіне неше  рет жасау да  өзіңізге  байланысты. Жалпы бұған әдеттеніп алғаннан кейін, көп уақыт   та  кетпейді. Өйткені   адам  белгілі мезгілдерде жасау арқылы  мінәжәтқа тез ұйып, терең сезімдермен толғана алатын  тәрбиеге  үйренеді. Ал  түрегеп тұрып жасасаңыздар  да,   екі аяқты кең қойып ыңғайлы да,  жайлы тұру  қажет. Көбінесе  аяғы  ауыр  аналар  мінәжәтін    көк аспанға қарап, не  заңғар  таулардың басына, не  айдыны  шалқар   дариялардың бетіне, не  мешіт тәрізді ғимараттарға,  не  зәулім  боп өскен емен   ағаштарының   түбінде тұрып   жасағаны    дұрыс дер едік. Себебі, аттары  аталынған қасиетті  жерлердің басына  аса күшті таза  биоэнергиялардың  жиналатыны  белгілі.

Аяғы   ауыр  аналар   үшін  аса  бір  қадап  айтатын  жәйт, бұлкезде  аналық  сезімдердің   бүрлерін   жарған  гүлдей  болып  ашылатындығы  соншама, табиғат  шебердің  өзі-ақ   мінәжәтқа   бейімдеп  қойғандай  күйде  болады. Бірақ, қазіргі  барлық  аналар  да  осы  күйлерін  , ана  құрсағындағы   жан  иесінің   жүрек  тәрбиесіне   пайдалануды  білмейді. Сондықтан да,  білмейтін   адамның у ішкеніндей  болып, ұрпақ тәрбиесінің жылдан –жылға  құлдырап  бара  жатқан  себептері  де, міне  осы  білместіктің  астарында  жатыр. Әңгімені  тура  осы  жайларға  бұрайық.

Табиғат  әсерлері. Ана  атаулының  жүкті  кездеріндегі, сезімталдығы  мен  сергектігіне  ешнәрсе   де  шендесе алмайды. Бұл табиғат   шебердің  құрсақта   өсіп  жатқан    жан иесін   тәрбиелеу   үшін,  оянатын түйсіктер мен ішкі  бес сезімнің  табиғи  қасиеттері  десек те  болады. Тек, екіқабат  кездерінде  ғана   ерекше  сезімталдық күйге келетін    қасиеттерін , көп аналар   тіпті   түсіне  де  бермейді. Дәп осы білместіктің  салдарынан   ана құрсағындағы  тәрбие, мүлдем  атаусыз қалып келеді. Соншама   қағілез түйсіктері  мен ішкі  сезімдері босқа шашылып,  өсіп  келе  жатқан  жан иесінің жүрек   тәрбиелері  жабулы  күйі  қалып қояды. Себебі, бұл кезеңнің  де  өзіне   тән тәрбие  әдістері   бар. Оны ана атаулы   үйреніп   білулері  керек. Сонда ғана, арнайы  оянған  түйсіктер мен сезімдердің соншама сергек  қуаттары, дүниеге келетін нәрестенің    тән құрылыстары мен жан дүниелері де  үндесе  жетіліп тумақ. Қазіргі ғылыми  зерттеулер  де іште  өсіп   келе  жатқан  бала, үш  айдан кейін-ақ  анасының   көңіл-күйлерімен  берілетін тәрбие  тәсілдерін  қабылдап  қана  қоймай,  сонымен қоса  қалт  жіберместен сезіне де, тыңдай да,  тіпті түсіне  де  алатындықтарын   байқатып  отыр. Ана атаулы  мұны  түсініп құрсақтағы  тәрбиені  қолға алған кезде, нағыз “алып, анадан  туадыˮ  дейтін  қағида  өз   жемістерін  бере  бастамақ. Өйткені,  бұл кезеңдегі тәрбиеге  тек анадан  басқа ешнәрсенің  де  ықпалы   жүрмек  емес.

Бұрын да  халықтың  өз  тағылымдары  өзінде  бұзылмай  тұрған  кездерінде,  парасаттары  мол  аналар  өздерінің  ішкі   түйсіктерімен сезініп,  құрсағындағы   жан иелерінің жүрек тәрбиелерін оятып   қана  қоймаған,  тіпті олардың   өмірге  келгеннен   кейінгі болар    тағдырларына  да,  іште  жатқанда-ақ  айқын болжамдарын айта  білген. Мәселен, солардың  бірі-Тобықты руының  анасы Айпара- айтыпты дейтін  мынау сөзді тыңдап  көрелік:

Шынжыр  балақ, шұбар  төс  –Ырғызбайым,

Тоқпақ  жалды, торайғыр-Көтібағым,

Әрі де  кетпес, бері  де  кетпес-Топайым

Сірә  да  оңбас-Торғайым,-

Депті  дейтін  сөздерін, осы  күнде  де  ұрпақтары  еске  алып  отырады. Сол  аналарының  болжап  айтқан  көрегендігі өмірде  айнымай орындалыпты. Төрт  ұлдан тараған ұрпақ сипаттары да, аналары   айтқан  пікірден  шалғай  кетпеген   көрінеді.

Ал, мынау  екінші  мысалға, тіпті  таңырқамаудың  өзі  мүмкін  емес. Мұнда  қазіргі  қазақ  ішіндегі  бес қыпшақ  жайлы  анасының  іште  жатқанда  айтқандары: 1. Бұлтың  бітті  бойыма-ұрлық  кірді  ойыма; 2. Торы  бітті  бойыма – билік  кірді  ойыма; 3. Ұзын  бітті  бойыма-ерлік   кірді  ойыма; 4. Көлденең  бітті  бойыма – сауда  кірді   ойыма; 5. Қарабалық  бітті  бойыма-байлық  кірді  ойыма, деген  екен. Міне осындай  халық  педагогикасында  асыл  мұралар  терең-терең  ойларға  жетелеп, “Алып – анадан  туады  ˮ дейтін  өсиеттің  өміршеңдігіне   көзіңізді   жеткізумен  қоса, ана  құрсағындағы  тәрбиенің  құдіретін  көңіліңізге  құйып  беріп  отырған    жоқ па? Осыншама  асыл  қазыналар – ертеңгі келер ұрпағың үшін, мінәжәттай  болып жүрегіңе  ұяламаса  болашағымыз не  болмақ?... 

Ендігі жерде  жас  аналар  өздерінің  бойындағы   осыншама  құдіретті  саналы  түрде   түсінгеннен  кейін,  аяғы  ауыр  кездерінде  міндетті  түрде  табиғатқа  шығып, серуендеу  сәттерінде  алған  әсерлеріндегі  күннің  шуағын, ауаның  жұпар  иісін , саумал  жел  мен  салқын  самалды, мың  сан  табиғат  дыбыстарын, құстардың   ұшып-қонған   қозғалыстары мен әуендерін, өсімдік атаулының сыбдырларын, судың ағысын, бұлақтың   сылдырын, тіпті айта  берсе   толып жатыр, осының  бәрін өзі ғана  түйсініп  қоймай, бүкіл ішкі  сезімдері мен еміренген   мінәжәттары    арқылы  құрсағында  жатқан  жан иесіне  жеткізуге тырысулары  қажет. Иә-ә, табиғаттан  әсерлі,  одан  жомарт,  құбылыстарға  бай ешнәрсе жоқ! Тек, оның  ғажайып әсерлерін дұрыс қабылдауға  жаттығудан  ерінбеген жөн. Айтпақшы,  Будданың   тантырасында  да – мінәжәтқа немесе   медитацияға   - кері  әсер  ететіндерге – ең  алдымен    еріншектік, зейінсіздік, ұқыпсыздық тәрізді  адам  бойындағы   пәтуәсіз  мінез-құлықтарды  атап  айтады. Міне  бұндай   кедергілер біздер  ұсынып  отырған  мінәжәтымызға  да  жат  екенін  арнайы  айтқанды  жөн көрдік. Олай   болса, ананың құрсағындағы  жан иесін тәрбиелеу еріккеннің  ермегі  емес, жүйелі  түрде жүргізілетін  өзіне тән тәрбие  тәсілдері бар аса нәзік ұлағатты  іс. Ана көкірегін көлдей  ететін  әсерлер, іштегі  жатқан  балаға  да  тек арнайы  тәсілдермен жеткізгенде ғана  пайдалы болатынын, ешуақытта естен шығармаған  жөн. Егер ана   оны түсінбесе,  жоғарыда  айтқандай   мінәжәтқа ұюды-қалай, қайтіп  жасауды  ұқыптамаса – тіпті  тәулік  бойы  табиғатта   өз  қызығың  үшін  серуендегендей  болады  да  шығады. Міне, әңгіменің    түп-төркінінде  ана атаулыға  іште  жатқан  сәбиін  тәрбиелеудің  еш  қиыедығы  жоқ  екен.

Сөз  өнері. Егер  естігеніңе   нанбайтындай  құбылыстарды  бүгінгі  ғылым   дәлелдеп  беріп  отырса  да,  ендігі  жерде  де  таскерең    бола  бергеніміз   жарамас. Мәселен, құрсақта  жатқан  нәресте өз  ата-анасының  дауыс ырғақтарын  тыңдап, әр  қилы  сезімдерге  кенелетінін қиял-ғажайыптай  көрудің қажеті  жоқ. Енді  мұны  түсініп қана  қоймай, анасының  құрсағында  түйсігімен  елеңдеп жатқан  сәбиіңді, мынау ұсынылып  отырған пәрменді  тәсілдермен тәрбиелеуге  кірісу  керек. Әсіресе, бұл құбылыстарды  ана атаулы   ескеріп қана  қоймай,  аяғы   ауыр  сәттеріндегі  ең басты   ережелеріне   айналдыруы  шарт. Себебі, ертеңгі  дүниеге келер сәбиінің    тағдыры мен бақыты  да,  тіпті шынын айтсақ  өздерінің   өмірде  көрер қызықтары мен   парасаттары да,  осы сәттерде  бірге   жасалынатынын  саналы  түрде ұғынудың   мәні  зор. Олай болса,  бұл тәрбиеге  даладағы   табиғат әсерлерінен кейін,  тіпті онан   да  бетер ықпалы  мол тәсілдің  бірі- сөз өнері    болып   табылады. “Өнер алды  - қызыл тілˮ  деп Дулат жырау бекер айтпаса керек. Сондықтан да , аяғы  ауыр  жас ана    өлеңге, жырға, термеге,  лирикалық драмаларды, тіпті терең   сезімді   трагедияларды-жиі көріп, тебірене  толғанып  әсерленуінің  пайдасы мол-ақ. Өйткені, бала  анасының  құрсағында  жатып естіген сөздерін, тілі  шыға    салысымен  айтып беретін ұғымталдығын  да  ғылым дәлелдеп  отыр.

Информация о работе Педагогика мен психологияның екінші негізі