Педагогика мен психологияның екінші негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:29, реферат

Описание

Арнау сөз. Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін , ұрықтың жетіліп , даму мерзімін де,жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен , мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін , әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды.Өйткені , адам ғұмырының физиологиялық осы кезеңі , күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі тәрізді .

Работа состоит из  1 файл

Төртінші тарау.docx

— 83.92 Кб (Скачать документ)

6. ОМЫРАУДЫ ӘЗІРЛЕУ

«Сүтпен біткен мінез,

Сүйекпен кетеді».

 

Мәтел

 

Жүкті әйелдер, әсіресе бірінші  рет бала көтерген жас аналар, мезгіл-мезгіл омырауларын жаттықтырып, ертеңгі  емізу сәттеріне әзірленуді барынша  жүйелі түрде жүргізулері керек. Оны олар міндетті түрде дәрігерлік кеңестерге сүйеніп жасағандары  дұрыс. Егер дұрыс жасай алмаса немесе түсінбесе қайыра сұраудың еш айыбы  жоқ. Мезгілінде дұрыс әзірленбеген омыраудың аса қауіпті да қиын сәттері көп. Сондықтан, қарадүрсін әзірлеуге болмайды. Көбінесе сипау  мен сылаудың алуан түрлерін пайдаланып, емшектің формалары мен ұштарын  жетілдіруге ерекше мән беру қажет. Бұл әдістерді тәулігіне бірнеше  рет қайталар алдында қолды сабыпдай жуып және әтірмен шылап, омыраудың  ұштарын да қайнаған сумен сүртіп алуды ұмытпау керек. Үнемі осылай әзірленген омырау, кейін бала емгенде  де ұштары жарылмайтын болады. Жақсы  әзірленген омырау ісініп-қабынудан  да аман болмақ. Осынау әзірленбеген омыраудың  дерттері, ертең анаға да, балаға да, аса жаман кесапаттарын тигізеді. Оның үстіне баланы дұрыс емізе білмесе, омырауда қалған сүттің іруі де көптеген машақаттарға ұшыратады.

 

7. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЫНЫС  ҚАТЫНАСЫ

«Жыныс қатынасының мәдениеті,

Жүректің ізгілігімен  тығыз байланысты».

 

Ұждан

 

Қашанда ерлі-зайыптылар арасындағы төсек мәселесі, жалпылама тұжырымға  келмейтін, өзіне тән жеке дара сыр-сипаты бар құбылыс болғандықтан, әркез  оны аса нәзік түсініп қана әңгіме еткен жөн. Сондықтан да оның барлық адамдарға бірдей заңдылықтары да жоқ. Бұл мәселе жайында сөз  қозғағанда, оның көптеген жағдаяттары  жайында имандылық таразысын  тең ұстаудың орны ерекше екенін рухани деңгейде түсіну шарт. Ендеше, ақ сақалды, сары тісті болған ерлі-зайыптылардың жыныс қатынастарындағы философия мен лирикалық сезімдерді өздеріне қалдырып, тек әйелдің екіқабат кездеріндегі кейбір жағдайларды, құрақтағы жан иесі тұрғысынан сақтандыру мақсатында қысқаша ғана сөз етпекпіз. Әйтсе де, жүктіліктің алғашқы айларында жыныс қатынасында бәлендей өзгерістер жоқ сияқты болып көрінгенімен, жатырдың ішіндегі қысымның әсерлері тірі клетканың өзіне әжептәуір ыңғайсыздықтар тудыратыны белгілі болып отыр. Мәселен, Л.Рон Хаббардың – «Дианетика» - деп аталатын ілімі бойынша, сол ыңғайсыздық сәтінде ерлі-зайыптылар нендей дыбыс, қандай сөздер сөйлесе де, жатырдағы тірі клеткаға магнитафонның таспасна түскендей, түп-түгел жазылып қалатын көрінеді. Мұндай құбылысты – «инграмма» - деп атайды.

Дианетика кітабында да: - «Инграммы – это полные, вплоть до последней точной подробности, записи каждого ощущения, присутствовавшего в момент частичной или полной бессознательности и боли...» - деп тайға таңба басқандай жазады. Бұл не деген сөз? Әрине, бұл адам тәрбиесінің 2-ші негізінің, яғни Ана құрсағындағы кезеңнің аса күрделілігі қоса, соншама үлкен жауапкершілігінің молдығын аңғартса керек. Егер, нәресте аман-есен дүниеге келіп, есейе келе ержеткен мұндай адамдардың инграммалары қабат-қабат боп жазыла жиналып оны аналитикалық ақылдан алыстатып, керісінше «шолақ ақылға» (реактивный ум) байлап қоятын көрінеді. Міне бұл қазір адамзат қауымының аса үлкен мәселесі болып отыр.

Инграмма – адамның  зердесіне емес, талшықтардың клеткаларына жазылатынымен ерекшеленеді. Бұл  тек құрсақта жатқанда ғана жазылмайды екен, тіпті бала қызуы көтеріліп  қиналып жатқанда айтылатын ренішті  сөздер де, немесе анасының жанында  келе жатып сүріне жығылып ауырсынған кезде, оны балағаттап құйрығынан шапалақтағанда айтылатын реніш сөздер де, айнымай  жазылып жинала беретіні анықталуда. Ол жәй жиналып қана қоймайды, адам бойындағы көптеген самотикалық  аурулардың қан қысымының жоғары және төмен болуы, невроз, неврастения, артрит, ангина, суық тигіштік, грипп, гастрит, сияқты толып жатқан аурулардың тікелей  себепшісі болады. Оның арнайы әдістермен пнграмманы өшіруге болады. Сонда, жоғарыда аталған аурулар түгелдей біржола  жойылып кететіні анықталып отыр. Айта берсе бұл сияқты сиқырлы  құбылыстар өте көп. Сонымен бірге  біз ұсынып отырған іліммен де астасып жатыр.

Жүкті әйелдің екінші жартысында ерлі-зайыптылар бар ықыласын, ертеңгі  келетін нәрестесіне аударуы  қажет. Бұл кезеңде жыныс қатынастары  барынша сиретіліп қана қоймай, жоғарыдағы айтылған жағдайлар есте болуы керек. Мұның қажеттілігі, тек тазалық  үшін ғана емес, жүкті әйелдің мезгілсіз  «суы» кетуіне де сақтандырады. Жалпы  бұл кезеңде сақтанатын жағдайлар  көп-ақ.

8. АНАНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ

«Табиғаттағы тұңғиықтың түнегін Күннің

нұры қалай сәулелендірсе, Адамның тас қараңғы

көкірегін сәулелендіретін, тек оянған ішкі сезімдер

мен өнердің құдіретті  екенін ұғынған жөн».

 

Ұждан

 

Халық даналығы «Көңіл жүйрік пе, жоқ әлде, көк дөнен жүйрік пе?» - дегенде, салыстымалы түрде  адам қиялына жетер ештеңенің  жоқ екенін меңзейді. Суреттеліп отырған  осы көңіл-күй әйел қауымында  тіпті ерекшеленіп, олардың ішкі сезім қуаттары мен түйсік (инстинкт) түсініктері аса сезгіш те, өте  сергек болатыны белгілі. Олардың осы  қасиеттері, әсіресе жүкті кездерінде бұрғыдан бетер, үкінің мамығындай үлпілдеп сезімтал күйге ауысып, бір ғажайып  іңкәрлік пен мейірімге толы шапағатқа  бөленіп жүреді. Сондықтан да ол айналасындағы болып жатқан құбылыстарға бейтарап қарай алмайды. Оның елгезек  күйге ауысқан көңілінің сезінгендері мен мың сан иесіне жетіп қана қоймай, оның жан дүниесінің арналарын, ұятын, сүюін, зердесін, мінезін, жігерін, табиғи қабілетін, түйсіктерін, ішкі бес езімдерін, былайша айтқанда, жанның 12-мүшелерін, яки арналарын біртіндей ашып қалыптастырады. Әйел атаулы өздерінің табиғатындағы осы қасиеттерін заманның дұрыс кезеңдерінде мыңнан бір ана ғана құрсақтағы баласын инстинкті түрде тәрбиелеген болса, соңғы қоғамдағы аузы қисық атеизмнен кейін, бірде-бір ана құрсақтағы тәрбие дегенді білмек түгіл, кәпіріне де кіріп шықпайды. Адамзаттың имандылықтан алыстап бара жатуының негізгі себебі де осы болмақ.

Соңғы кездегі ғылыми жаңалықтардың  жетістіктеріне көз жіберсек, бұрынғы  қағидалар өзгеріп «тәрбиені  бесіктен бастау керек» дейтін тұжырымдардың  ескіргенін мойындап қана қоймай, пәрменді түрде жаңа көзқарасты өмірге енгізу шарт. Олай болса, халық педагогикасы мен психологиясының негіздерін жаппай орта мектептердің сегізінші  сыныптарынан бастап оқулық ретінде  пайдалану қажет. Мұның өмірдегі көрінісінен бірер мысал келтірсек  Республикалық «Бөбек қорының» қамқорлығымен  Атырау қаласында ашылған Кіші өнер академиясының оқу бағдарламасына Білім министірлігі осы оқулықты арнайы бекітіп бергеннен бері қарай  сабақ ретінде жүргізіліп жатыр. Егер, бұл пәнге деген балалардың құштарлықтарын көрсеңіздер, жастар қаншама  тылсымы мол тіршіліктің сырын  ұқты десеңізші?! Сонымен қоса, жас  босанар аналарға «дәрігерлік кеңес» беретін салалар арқылы таныстырумен де пәрменді жетістіктерге жетер  едік. Сонда бұл жұмыс істеп  тұрған және жүкті әйелдерге ағартушылық  білімдер үйрететін мекемеге таптырмайтын тәжірибе емес пе? Олар бұған құлшынбаса, енді нені қастерлемекші?! Сонда, қазіргі  аналардың көпшілігі-ақ, бұл мәселені тез игеріп, халқымыздың болашақ  ұрпақтарын, мүлдем жаңа сапа мен сипатқа  ауысуын жетелдетер еді. Мың өліп, мың тірілген қазақ елі үшін бұдан  артық бақыт бар ма?

Осылайша, ұрпақ тәрбиесіндегі  ана құрсағындағы тоғыз айдың  мәнін тереңнен толғап түсінгенде ғана, осы күнге дейін опық жеп келген кемшіліктерден арылатын боламыз. Қорыта айтқанда, адам тәрбиесінің алғашқы  физиологиялық кезеңі – Ұрық тазалығына – Аталық парыз, яки жауапкершілік  қандай керек болса, екінші кезеңі –  Ана құрсағындағы тәрбиеге – Аналық прасат, яки тереңнен тебірене білетін  мінәжат сондай керек екен. Бұл  мәселеге иелік етуде, ұлттық мемлекетіміздің  алар орны айтпаса да түсінікті. 

 

9. НӘРЕСТЕГЕ КЕРЕК ЗАТТАР

 

«Жаннан да тәтті – нәрестенің қылығы».

 

Ұждан

Ана атаулының ой-қиялы  болашақ нәрестесі жайында, нендей қызықтарды аралап, қандай кеңістіктерді  шарламайды десеңізші?! Оның түрі-түсі мен іс-әрекеттеріне дейін көз  алдарына елестетіп, неше түрлі киімдермен киіндіріп те қоятындықтан,ол нәрестелеріне  қажет заттарды да ерте бастан дайындап қоюға ұмтылады. Ал кейбір ырымшыл  аналар керісінше, алдын-ала нәрестенің заттарын дайындауды жаратпайды. Әйтсе  де, нәрестенің жағдайын ертерек ойластырудың пайдасы көп. Өйткені, босанғаннан  кейін бала күтіміне байланысты, ананың уақыты көбіне жете бермейтіні анық. Мұның  өзі жас босанған анаға көптеген ыңғайсыздықтар тудырады. Ендеше, ырымды да ойланып шешкен жөн болар.

Нәрестенің киімі. Қазіргі мынау жасандысы көп мейірімі аз күрделі заманда, аналардың көбі жасанды талшықтардан тоқылатын киімдер нәрестенің денесіне аса қауіпті екенін түсінбейтіндері де бар. Заттардың түрі мен түсіне қызығып неше алуан синтетикалық кигізу арқылы, нәрестелерін аллергиялық кеселдерге ұшыратып алушылық та аз емес. Бұл мәселеге көңіл аударып отырған себебіміз де сол. Ендеше, нәрестенің жаялығынан бастап үстіне киер киімдеріне дейін, тек мақта талшықтарынан  тоқылған маталардан жасалған бұйымдарды пайдалануды естен шығармаған жөн. Аяғына киер киімдері де табиғи заттардан болғаны дұрыс.

Нәрестенің жатар  орны. Қазақ баласына – тек бесік қажет демекпіз?! Бесіксіз өскен нәресте, қырқынан щықпай-ақ – қырқылжың, яғниневроз болып үлгереді. Бұл мәселе жайында, ұрпақ тәрбиесінің үшінші физиологиялық кезеңінде жан-жақты сөз етпекпсіз. Осы тұста да қадап айтарымыз сол, нәрестенің бесігі мен жөргегін де алдын-ала дайындап қою керек. Жөргектің жастықтарын бұрынғыдай құстың жүнінен жасамай, мұнда да мақтаны пайдалануды ескертеміз.

Суға түсіру. Нәрестені суға түсіру – үлкен өнер. Сондықтан жас аналар міндетті түрде тәжірибелі адамдардан көріп те, үйреніп алып түсінгендері дұрыс, болмаса көптеген ағаттықтарға ұшырауы мүмкін. Қазақ халқының нәрестені суға түсіруге қолданатын өз ерекшеліктері бар. Мәселен, нәрестені тұзды суға түсіргенде, пайдаланатын тұздың мөлшерін міндетті түрде білетін адамнан пысықтап сұрап алудың артығы жоқ. Тұзды суға түсудің пайдасы ұлан-ғайыр екенін, ұзақ әңгімелеп жатуды жөн көрмедік. Оны сауаты бар жандардың бәрі де білуге тиіс.

Жаз айларында дүниеге  келген нәрестелерді, тәулігіне бірнеше  рет суға шомылдыруға тура келеді. Бала алғашқы сәттен-ақ суға қалқығанды жақсы көретіндіктен, бірден шомылдыратын ыдыстың кең де ыңғайлы болғанын қарастыру керек. Қыс айларында  да тәулігіне бір рет болсада  суға түсіріп, нәрестенің денесін арнайы жасалынатын сылау мен сипаудың маңызы зор екенін әр кез айтылып  жүр. Қазақ халқы «Қар қылаумен өседі, бала сылаумен өседі» деп бекер айтпаса  керек. Осының барлығы да халық тағылымдарының ғажайып тәрбиелері екенін түсінгеніміз жөн.

Керекті заттар. А) Арнаулы бала сабыны. Оның да әртүрлі табиғи майды және өсімдіктерден алатын иісті заттарды қолданумен нәрестенің денесіне жағатын иә жақпайтындығын тексерген жөн. Қазіргі сабындарда неше алуан қоспалар көп.

Б) Термометр. Нәресте үшін – үш түрлі термометрдің болуы  шарт. Біріншісі - нәрестенің дене қызуын өлшеуге қажет, екіншісі – судың  жылылығын анықтау үшін; үшіншісін  нәресте жататын бөлменің жылылығын  бірқалыпты ұстау үшін пайдаланады. Мезгіл-мезгіл желдетіп, ауасын таза ұстау  баланың жылдам жетілуі үшін, аса  бір ескертетін қажеттілік.

В) Таза мақта, яки баланың  аптечкасы. Оның ішінде сақтайтын заттарды, қадағалап жүрген дәрігермен келісіп  сақтаған дұрыс. Таза мақта суға шомылдырғаннан кейін, оның құлағы мен танауының  ішін тазартуға жұмсалады.

Ыдысы. Егер нәрестені қосымша тамақтандырудың қажеттілігі туса өзіне арнайы алынған еміздікті құмырасы, су қайнататын ыдыстарының жеке болғаны жақсы. Әсіресе, қосымша қоректік ұнтақтарды ерітіп емізетін, құмыралардың бірнешеуі болғаны ыңғайлы. Жалпы, нәрестеге қажетті қайшы, пышақ, қасық сияқты заттар жеке болуы керек.

Ойыншықтары. Нәресте жеті күннен кейін түсе салысымен-ақ дайындалып қойған бесігіне салынады. Шағын ғана бесік тойы жасалынады. Бесікке бөлеу ауыл әжелерінің міндеті. Міне, нәрестенің алғашқы ойыншықтары осы кездерде әкелінеді. Көпшілігі бесіктің арқауына іліп қоятын түрлі-түсті сылдырмақ ойыншықтар болып келеді. Қырқынан шыққан нәресте қарашығын тоқтатып, алғаш рет ақ пен қараны ажыратып, таңдану мен таңырқаудың күйін кешеді. Бесіктің арқауында ілулі тұрған түрлі-түсті ойыншықтарды көріп, соншама бір өзінше шаттанып мәз-мәйрам болады. Міне, осы сәттен басталатын Халық педагогикасының екінші жүйесі – ақыл тәрбиесінің әліппелері парақталнады. Бұл эайында да адам тәрбиесінің физиологиялық үшінші кезеңінде жан-жақты етіп, мол мағлұматтармен сөз болады.

ТҮЙІНІ:

    1. Педагогика мен психологияның екінші негізі (құрсақтағы тәрбие).
    2. Арнау сөз, Жан тәрбиесі, екінші негіздегі түйсіктік тәрбие (хауас).
    3. Абай танымындағы хауас мәселесі, пікір алысу ретінде.
    4. Ана құрсағындағы тәрбиенің түрлері: мінәжат, мінәжатқа ұю, табиғат әсерлері, сөз өнері, әуен мен сурет өнері, әлемдегі жаңалық.
    5. Даулы мәселенің бүгінгі жағдайы, екінші негіздің этнгопедагогикалық сипаты, жүкті әйелдің киімі, серуені, тағамы, ұйқысы, тазалығы, омырауды әзірлеу, ерлі-зайыптылардың жыныс қатынасы, ананың көңіл-күйі, нәрестеге қажет заттар.

Информация о работе Педагогика мен психологияның екінші негізі