Полимерлердің құрылымы және физика-механикалық қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 10:26, контрольная работа

Описание

Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.

Содержание

1. Полимерлердің құрылымы
2. Полимерлену дәрежесі
3. Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеу әдістері
4. Полимерлердің қасиеттері
5. Полимерлердің еру процестерінің ерекшеліктері
6. Шыны тәрізді күй және шынылау
7. Полимерлердің механикалық қасиеттері
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жоғары молекулалы қосылыстар.doc

— 534.50 Кб (Скачать документ)

Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер – ұнтақ және мономер – сұйық. Этакрилдің ұнтағы үш эфирдің сополимері: метил және этил эфирлерінің меракрилді қышқылдарымен, акрил қышқылының метил эфирінің қосындылары. Қатынастары 89:8:2. Этакрилдің мономері метилакрилат және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады. Қатынастары 89:8:2. Мономердің құрамында ингибитор гидрохинон (0,005%) және пластификатор дибутилфталат (1%) бар.

Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттардың сополимері. Фторакс пластмассасының физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір түсі ауыз қуысының жұмсақ тканьдеріне мейлінше жақын.

Акронил – метилметакрилаттың сополимері, құрамында поливиниэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысы күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.

Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі акрилатты пластмасса. Бакрил полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің құрамында полимеризациядан кейінгі болатын мономердің қалдығының дәрежесі де төмен 0,2-0,3%.

Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу.

Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар: а) полимермен мономер қосындысының қамыртәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау; ә) полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю; б) полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.

Пластмассаның химиялық, физико-механикалық көрсеткіштеріне полимер мен мономердің салмақ қатынастарының әсері бар.

Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.

Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.

Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинихлорид, полиэтилен,  полипропилен, фторопласт, поликарбонат. Полиэтилен мен полипропиленнің құрамы біртұтас.

Жоғарғыда көрсетілген металдар физикалық, механикалық қасиеттерінің акрилаттармен салыстырғанда артық болғандарына қарамастан, техникалық қиыншылықтарға байланысты стоматологияда қолданылмайды. Мысалы: В.Н.Копейкиннің басшылығымен поликарбонатты полимерден алмалы-салмалы жасанды тістердің негізінде қолданылатын материал карбонет алынған болатын. Тістерді жасау технологиясының күрделігіне және оның технологияылық құрал-жабдықтары өте қымбатқа түсуіне байланысты карбодент іс жүзіне кең қолдау таппады.

Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрильді және метакрильді қышқылдардың полимерлерін немесе сополимерлері. Термореативті полимерлерге бакелит, аминопласт, фенопласт жатады. 1940 жылға дейін бакелиттен (иксолан, стомалит, эфнелит) негізгі материалдар жасалынған. Кейін бұл заттар кейбір кемістіктеріне байланысты жаппай қолданылудан ығып қалған.

Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар организм үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.

Тәуелсіз мемлекеттер бірлестігінде шығатын жасанды тіс жасау үшін шығарылатын өнімдердің ішінде жоғарғы талаптарға сай материалдар акрилатты полимерлер болып отыр. Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР – 15, фторакс, акронил, бакрил.

Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық немесе химиялық қасиеттерінде. Мысалы: фторакстың беріктігі, мықтылығы, соққыға тұрақтылығы және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары. Технологиялық алу жолдары бірдей болса да, температуралық ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және механикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Құрманалиев М., Жоғарғы молекулалық қосылыстар. Алматы, «Санат», 1993. [103-200]

2.      Ерғожин Е. Е. Менліғазиев Е. Ж. Жоғарғы молекулалық қосылыстар. Алматы «Қазақстан» 1986. [20-24]

3.      Ерғожин Е. Е., Таусарова Б. Р. Растворимые полимеры, Алматы, «Наука», 1992. [50-58]

4.      www. google. kz.

5.      www. google. ru.

 

 

 

1

 



Информация о работе Полимерлердің құрылымы және физика-механикалық қасиеттері