Биология сабағында ойын
элементтері арқылы оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру
Кіріспе
Ойын-әрекеті арқылы баланың
дағдысын қалыптастыру кезінде ойын
арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін
дамытумен қатар пәнге деген
қызығушылығын қалыптастыру: оларды
сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке
жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын
жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру,
ойын түрін қолдану арқылы баланың
жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын
арқылы оқыту технологиясы дидактикалық,
тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді.
Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика,
химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып
білім – білік дағдылары артып,
пәнге деген қызығушылығы артып,
білім сапасының артуына ықпал
етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі
туралы әр кезде де педагогика ғылымының
майталмандары үнемі көрсетіп отырған.
Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады,
шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы
педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай
бала толыққанды дамымайды деп жазған.
Ойынға да басқа оқыту формалары
сияқты арнайы психологиялық қағидалар
талап етіледі. Басқа да кез- келген
іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті
де сабақ кезінде ынталандыруды
қажет етеді, ең бастысы оқушылар
ойынның қажеттілігін сезінуі керек.
Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы
психологиялық және интеллектуалдық
дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі
көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік,
достық қарым-қатынасты қалыптастыру
үшін мұғалім әр ойынға қатысушының
мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын,
ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі
керек. Ойынның мазмұны қатысушылар
үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі
анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын
сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың
ойын әрекеті сабақ кезінде алған
білімдері мен білік-дағдыларына
негізделеді, ол әрекеттер күнделікті
әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін
және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс
бағалай білуге тәрбиелейді.
Оқушылардың биологиялықлық
ой өрісін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын ояту биологиядағы
басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім
ізденісісінің жемісі. Күнделікті
сабақтағы бір сарындылық оқушылардың
ынтасын, қызығушылығын жоғалтады.
Сондықтан сабақты түрлендіріп,
ойын сәттерін қолданып өткізсе,
сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені
ойын оқушының бойындағы жақсы
қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік
өмірдегі процестерге өзінше
баға беру мен пайыздай алушылыққа
үйретіп, адамдармен қарым-қатынас
жасауға тәрбиелейді, зейіні арта
түседі, есте сақтау қабылеті
дамиды.[11]
Тақырыпты тандау мәселем:
- оқушылардың биология
пәніне қызығушылығының, танымдық
белсенділігінің төмендеуі.
- ойын технологиясын оқу
процесінде жүйелі қолданбаудан
оқушы құзыреттілігі айқындалмайды,
жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан
қарама-қайшылықтар туындайды.
- биология сағаттарының
қысқаруы
Мақсатым: Биология сабағында
ойын технологияларын пайдалана
отырып, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, жауапкершілігін,
сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттерім:
-биология сабақтарында
ойын элементтерімен танысу;
-биология бағдарламасына
сараптама жасап, ойын сәттерін
енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық
білімін жүйелеуге және практикада
қолдануына, қалыптасуына жағдай
туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге,
екінші бір адамның жауабын
тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері
мен кемшіліктерін айта білуге
жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген
қызуғушылығының денгейін сезінуге,
оны игеруде, өз мүмкіндігін
болашақта бағалай білуіне көмек
көрсету;
-оқушылардың қызығушылық
іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер биология сабағында
- ойын элементтері жиі
және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының
мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа
белсене қатысады, пәнге деген
қызығушылығы, танымдық белсенділігі
білім сапасы мен үлгерімі
артады
Күтілетін нәтиже:
-сабақта тұрақты белсенділік,
қызығушылық пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде
өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті
өзінің қабілеті мен деңгейіне
байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен
тез тіл табысады, жақсы ұғысады,
бір-бірінен ептілікті сергектікті
үйренеді.
-оқушылардың биологиялық
қабілеттері айқындалады.
І. Ойын технологиясының теориялық
негіздері
1.1. Ойынның психологиялық
және педагогикалық ерекшеліктері
Еліміз егеменді ел
болғалы бері келелі де ауқымды
өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық,
қаржылық т.б. салалардағы секілді
білім беру саласы да мұндай
өзгерістерден тыс қалған жоқ.
Себебі мемлекетті нығайту, көркейту
үшін өмірге жаңаша көзқарастағы,
білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ
тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан
қандай халықтың даму стратегиясын
алып қараса, онда өскелең жас
ұрпақты елін сүйетін отаншыл,
саналы, тәрбиелі етіп шығару
– оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі
жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат.
Осыдан білім беру мекемелерінің алдында
күрделі міндет тұр. Ол – оқушыны саналы
ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын
табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.[4]
Қазіргі кезеңде биологияныны
оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер,
жаңалықтар болып жатыр. Түрлі
әдістемелік жүйе, әдістер мен
тәсілдер мектепте биология пәнін
оқыту үрдісіне енуде. Мысалы:
Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту
технологиясы», В.В Давыдовтың
«Дамыта оқыту технологияларының
элементтері» , «Блум таксономиясы»
т.б[7]
Қазіргі білім саласының
алдына қойылған талаптар –
оқушыларға білімді тереңдетіп
беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан
оқулықтардан да көруімізге болады.
Мұндай жағдайда оқушының алдында
үлкен мәселе: оқушыны қалайша
шаршатпай, енжарлыққа салдырмай
терең білім беруге болады? Осы
тұрғыдан алып қарағанда оқыту
үрдісінде ойын әдісін қолдану
- бұл проблеманы шешудің
бірден-бір жолы. Сыныптардағы биология
сабақтарын ойын әдісімен оқыту
жұмыстары мынадай бірнеше маңызды
мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар
ойын кезінде бір-бірімен тең
құқықтыққа ғана қолы жетіп
қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары
артып, ұнамдық қасиеттері дамиды,
бұл оқушылардың логикалық ойлары
дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта
берілген материалдарды қызығып,
ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың
білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз
етеді, үшіншіден, оқушылардың
арасында жарыс пайда болады,
оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін
қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар
шығармашыл ойлауға дағдыланады.
Сондықтан сабақты
ойын тәсілімен өткізу – биологияны
сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің
бірі.
Ойын – күрделі биологиялық,
психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан
ойынды зерттеуге Л.С.Выготский,
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар
ат салысты. С.Л.Рубинштейннің
пікірінше «ойын негізінде адамның
барлық психикалық қабілеттері
қалыптасады, баланы ересек өмірге
дайындайды. Ойын арқылы бала
қоршаған ортамен қарым-қатынас
жасайды.[14]
К.Г.Исулов ойынды адам
санасының қоршаған ортамен араласуындағы
эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды.
Психологтар ойынның мынадай
тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік – мотив
–мақсат- ойын іс-әрекеті –
нәтиже.
Демек, психологиялық
тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан
ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің
дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір
түрі ретінде оқу және еңбекпен
қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан
эвристикалық ойлауға үйретеді.
Педагог ғылымдар ойынның
оқыту процесінде оң әсерін
тигізетініне келісе отырып, мынандай
пікір айтады.
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский
ойынды «как мощное средство
стимулирования познавательного
интереса учащихся» – деп көрсетсе,
педагогтардың арасында ойын
іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың
қай түріне жатқызу жөнінде
бір пікір жоқ. А.С.Гуревич,
А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың
активті түрі деп қарастырса,
Н.Н.Скатова,
Р.И.Половникова, В.К.Роман
оқытудың ойын әдісі дейді.
Тағы бір ғалымдар оқытудың
ойын элементтері деп қарастырады.
Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз.
Себебі әдіс секілді ойын кезінде
оқушымен оқытушының арасындағы
байланыс туындап оқыту процесінде
тактиканы емес, стратегияны анықтайды.
Біз ойынды іштей жөндей отырып
оның мынадай элементтерін өзара
тығыз байланыста болатынын атап
көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның
біртұтас құрылысын береді. Ойын
құрылысында алдымен оқытудың
мақсаты тұрады.
Ойын – өзіндік басқаруды
жинақтайтын қоғамдық тәжірибені
меңгеруге бағытталған белгілі
бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі.
Адам әрекетіндегі ойын құрылымының
кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның өзін субъект
деп табуын қорытындылау болып
бөлінеді.
С.А.Шмаковтың пікірінше,
ойын – бұл тәртібіне өзіндік
басқаруды жинақтайтын қоғамдық
тәжірибені меңгеруге бағытталған
белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет
түрі. Көптеген ойындар келесі
түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама
ережелер.
Ойынның дидактикалық
үрдісте атқаратын көптеген функциялары
бар. Олар:
1. Әлеуметтену.
2. Ұлтаралық араласушылық
функциясы.
3. Ойында өзін ұстай
алу функциясы.
4. Ойынның коммуникативті
функциясы.
5. Ойынның диагностикалық
функциясы.
6. Терапевтік функциясы.
7. Жөндеу функциясы.
8. Сауықтық-ойын функциясы.
[12]
1.2 Ойын технологиясының
негіздері
Ойын-бұл да әрекеттін
бір түрі оны қолдану барысында
оқу міндеттері ашылады.Ептілік
пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз
ету шешімі, оқу жағдайы немесе
мұғалімнің құрастырған жағдайы
белгілі мәселе қою арқылы оқу
тапсырмаларында түсіндіріледі.
Ойын- әрекеттің қажетті
түрі арқылы оқушының жинақталған
өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған
ортаға деген көзқарастары терендейді
және бекітіледі, оларға қажетті
табысты еңбек әрекеттері мен
дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет
тәрбиеленеді.
Ойын-мұғалім әрекеті
тарапынан , бақылау мен бағалаудан
тыс еркін тәртіп ережелерінен
тұратын қызмет түрі.
Әрбір ойында жарыс
элементтері бар. Жарыста оқушының
жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі
туындайды. Жарыс элементтері
эмоциялық қызығуды арттырады,
оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін
жандандырады. Оқушы жарыста өз
еңбегінің нәтижесін сыныптастарының
нәтижесімен салыстырып өзінің
көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.[6]
Ойын мектептегі білімнің
жеке бағыт алу негізі болып
табылады. Ойынның атқаратын міндеттері:
-психологиялық; эмоциялық
дәрежесінің мүмкіндігін арттырады
және шаршағанды басып, сергітеді.
-психотерапиялық; баланың
өзіне және басқаларға деген
қатынасы өзгереді, психологиялық
көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге
көмектеседі.
-технологиялық; тиімді
ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға
рұқсат ете отырып қиал өрісіне
шынайы әрекетті қайта енгізу.
Оқушы ойнағанда өзін
қауіпсіз, қолайлы және дамуына
қажетті психологиялық еркіндікті
сезінеді
Ойын технологиясының
мүмкіндіктерін талдау кезінде
жалпы көрсеткіштерге бөлуге
болады: танымдық әрекетке белсенді
қатысуға деген оқушы ұмтылысы;
әрекет субьектісі ретінде өзінің
жеке қайталанбас тұлға , өте
сиректігін жете түсіну; оның
әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін
қабылдау
Ойын технологияларының
белгілері: ойын үлгісінің бар
болуы; ойын қойылымдары; рольдікпозициялар;
альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері;жобаланған
нәтижелер; бағалау критерилері;
сезім әрекетінің серпілуінің
бар болуы. Ойынды топтастырудың
әр түрлі ыңғайы бар: өңделген
үлгіленген жағдайдың мінезделуіне
қарай; ойын процесінің мінезіне
қарай; ақпаратты өңдеу және
тарату тәсілдеріне қарай, танымдық,
қызықты театрланған, рөлдік,имитациялық
еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық процесс
мінезіне қарай ойынды келесі
топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау
және талдап қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті
, шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас),
диагностикалық хабардар ету
және т.б
Сабақта дидактикалық
тапсырмалар арқылы ойынды оқыту,
бақылау және талдап қорыту
деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны- бұл
ойында оқушылар жаңа білім,
ептілік пен дағдыны алады
(үйренеді). Жаңа білімді меңгерген
кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі
емес оқу формасына жол береді,
сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы
түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны- бұл
ойын өтілген білімді тексеру
және бекіту, қайталау кезінде
дидактикалық мақсатта құрылған.
Пысықтауға арналған ойындар
интеграциялық білімді талап
етеді, пәнаралық байланысты анықтауға
мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда
епті әрекет етуге бағытталған.