Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 15:24, реферат
Нақты зерттеу деректері бойынша, ежелгі заманда емгерлер науқасқа емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйеніп, эмпириялық жолмен құрастырып, қолданған. Ғылым дамыған кезде емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, тағы да басқа ғылым жетістіктеріне сүйеніп жасалынса, қазір емдәм былайша құрастырылады: үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам ағзасына қажетті қоректік заттектердің мөлшері есептеліп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, дертке ұшыраған ағзадағы заттектің алмасуын реттеуге бейімделіп.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
а) Диетология ұғымы
ә) Диетаның (емдәм) түрлері, қолданылуы
б) Салерндік денсаулық кодексі
в) Тиімді тамақтану – диетаның негізі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
а) Диетология ұғымы
ә) Диетаның (емдәм) түрлері, қолданылуы
б) Салерндік денсаулық кодексі
в) Тиімді тамақтану – диетаның негізі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Терминология
Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім.
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты). Емдәм — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.
Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы.
Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары белокты, төмен көмірсулы диета.
Вегетариандық диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета.
"Зона" диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөліп қарастыратын диета.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы.
Кіріспе
Мақсаты: Әртүрлі емдік диеталардың адам организмі үшін маңыздылығымен танысу;
Міндеті: Диетаның кез келген адамға пайдасын анықтау.
“Тәні саудың - жаны
сау” – деп атамыз қазақ
дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің
сау болуы үшін дұрыс
Адам денсаулығына
әсер ететін әлеуметтік
Тамақтану, яғни тағамдық
қорек алу - тіршіліктің негізі
болып саналатын организмдегі
зат алмасудың дұрыс жүруіне,
организмнің гомеостаз деп
Денсаулық дегеніміздің
өзі – организмнің сыртқы орта
факторларының әр деңгейлі
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас
ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді
тамақтанудың және азық-түлікті зиянды
контаминанттардан қорғаудың
Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері бізге аян. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды. Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады.
Диетология тағам гигиенасымен
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты). Емдәм — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.
Нольдік диета — адам организміндегі қо
Аткинс диетасы — XX ғасырдың
60-жылдары дәрігер Роберт
Вегетариандьіқ диета — ет, ба
1. Вегетариандық — балық пен
еттен басқаның барлығын
2. Веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын да жемейді;
3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды
жылытпай жейді;
4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.
"Зона" диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.
Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Ежелгі заман емгерлері емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, эмпириялық жолмен құрастырған. Ал ғылым дами келе емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, т.б. жетістіктеріне сүйеніп жасалады. Қазіргі кезеңде емдәм үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам организміне қажетті қоректік заттектердің мөлшерін есептеп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, ауруға шалдыққан организмдегі заттек алмасуын реттеуге бейімделіп құрастырылады. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған Емдәм құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты: белокты Емдәм, майлы немесе көмірсулы Емдәм, тұзсыз Емдәм, т.б., ал химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген Емдәм, ықшамдалған Емдәм, элиминациялық Емдәм, гипоаллергенді Емдәм, т.б., кейде авторының атымен: Карел Емдәмі, Лейбе Емдәмі, т.б. деп аталады. Мұндай емдәмнің мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдәм беріледі, кейде арнайы емдәмді орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдәмнің әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды.
Емдәмді құрастыру
жолдары
Нақты зерттеу деректері бойынша, ежелгі
заманда емгерлер науқасқа емдәмді тек
клиникалық тәжірибеге сүйеніп, эмпириялық
жолмен құрастырып, қолданған. Ғылым дамыған
кезде емдәмді құрастыру физиология, биохимия,
гигиена, тағы да басқа ғылым жетістіктеріне
сүйеніп жасалынса, қазір емдәм былайша
құрастырылады: үйлесімді тамақтану теориясына
негізделіп, адам ағзасына қажетті қоректік
заттектердің мөлшері есептеліп, жеткіліксіз
заттектердің орнын толтыруға, дертке
ұшыраған ағзадағы заттектің алмасуын
реттеуге бейімделіп.
Емдәмнің түрлері
Құрамындағы қоректік заттектердің басымдылығына
байланысты: белокты емдәм, майлы немесе
көмірсулы емдәм, тұзсыз емдәм және тағы
да басқа түрлері.
Химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген
емдәм, ықшамдалған емдәм, элимина-циялық
емдәм, гипоаллергенді емдәм және тағы
да басқа түрлері.
Авторының атымен: Карел емдәмі, Лейбе
емдәмі және тағы да басқа түрлері.
Емдәмнің мақсаты
Жоғарыда
аталған емдәм түрлерінің мақсаты қоректік
заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте
отырып, ағзадағы зат алмасуын реттеу.
Ауру асқынғанда қызметі әлсіреген ағзаға
жеңілдік жасау үшін белгілі мерзімге
арнап аялауыш емдәм тағайындалады. Сондай-ақ,
ағза қызметін арттыру үшін де емдәмнің
берілетін кездері болады. Сырқаттың жеңіл,
асқынған кезеңдеріне сәйкес әр түрлі
емдәм қолданылады. Яғни, аурудың ағымына,
ауырлығына тағы да басқа белгілеріне
сәйкес емдәм белгіленіп, құрастырылып,
беріледі.
Ай диетасы
Шығыстың, Батыстың кейбір ілімі бойынша
айдың, күннің басқа да қуат көздерінің
әсеріне байланысты диеталар бар. Қытайлық,
тибеттік данагөйлер де негізін салған
емдәмдер аз емес. Біз бүгін ай диетасы
жөнінде қысқаша әңгіме қозғамақшымыз.
Айдың жаңа туған және толысқан күндері
атмосфералық қысым мен судың қозғалысы
өзгеріске ұшырап, ол адам ағзасына да
әсер етеді. Жаңа ай туғаннан толысқан
күнге дейінгі кезең – айдың жетілу мерзімі
болғандықтан, бұл күндері адамдар күш-қуатын
нығайтатын дәрумендік және дәрі-дәрмектік
түрлі ем-домды қабылдаса, шипасы мол.
Ай толысқаннан жаңа ай туғанға дейінгі
уақытта адам ағзасы тазару процесіне
тез бейімделеді. Бұл кезде жасару, сауықтыру
шараларын жүзеге асырған дұрыс. Ай жаңа
туғанда ашығудың пайдасы зор.
«Ай диетасы екі жүйе бойынша жүргізіледі:
ай толған күндері 24 сағат, ай жаңа туған
күндері 36 сағат және әр кезеңде алты күн
қатарынан диета ұстау қажет.
Ай толысқан күндердегі диетаның
қысқа мерзімдік курсы (24 сағат).
Диета мерзімі ай толысардың алдында бір
күн бұрын кешкі астан кейін басталып
24 сағатқа созылады. Осы тәулік ішіндегі
ас мәзіріңіз тек сұйық тағамдардан құралуы
керек. Атап айтқанда, жай және минералды
су, жаңа сығып алынған несеп айдайтын
шырындармен ғана қоректену қажет. Егер
ішетін шырыныңыз көкөніс және жеміс-жидектерден
әзірленсе тіпті жақсы.
Диетаны талапқа сай сақтай алсаңыз осы
мерзім ішінде бір келі артық салмақтан
арыласыз. Ағзаңыздың өне бойы тазарып,
түрлі ісіктер жойылады.
Ай толысқан күндердегі
диетаның толық курсы (6 күн).
Диетаның бұл түрі ай толысарда үш күн
бұрын басталып, толысқаннан кейін екі
күнге созылады (барлығы 6 күннен аспауы
керек). Бірінші күні тек пісірілген және
шикі көкөністермен тамақтанасыз. Келесі
екі күнде және ай толысқаннан кейінгі
екі күн бойы ананас пен пісірілген саңырауқұлақ
қана жеп, күніге төрт рет тамақтану қажет.
Пісірілген саңырауқұлаққа түрлі дәмдеуіштер
немесе рафинадталған зәйтүн майын қосуға
болады. Ал ай толысқан күні тек сұйықтармен
тамақтану керек. Ананас пен саңырауқұлақтарды
үйреншікті жұмыртқа және апельсинмен
ауыстыруға болады. Айтылған ақыл-кеңесті
бұлжытпай орындасаңыз, бірден 3 кг артық
салмақтан арыласыз.
Жаңа ай туғандағы диетаның
қысқа мерзімдік курсы (36 сағат).
Ай толысардан бір күн бұрын сағат 18-де
басталып, келесі күні таңғы 6-7-ге дейін
жалғасады. Көкөністер сәбіз, картоп, тәтті
бұрыш, үрме бұршақтан әзірленген сорпаны
күніне 4-5 рет ішу керек. Көкөніс сорпасы
түрлі минералдарға бай және ағзадағы
сұйықтықтарды тез бөліп шығарады. Сорпаның
пайдасы сол, аштықты сездірмейді. Егер
сіз дәл осы кезеңде тек көкөніс сорпасымен
тамақтанатын болсаңыз, ағзаңыз шайылып,
1 кг артық салмақтан арыласыз.
Сырқаттарды сауықтыру емдәмі
1. Асқазанның және ұлтабар безінің
жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары
және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда:
Тамақ суда немесе буда пісірілуге,
көбінесе үгітіліп берілуге тиісті. Температурасы
– 600С. Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет.
Күнделікті рацион: белок - 100 г. май – 100
г. углевод – 400-450 г. ас тұзы – 10-12 г.
Жеуге болмайды: қара бидай
нанын және жаңа піскен нанның барлық
түрін, ет, балық сорпасын, саңы-рауқұлақ
пен күшті көкөніс қайнатпасын, щи, борщ,
окрошканы. Осы диетаны ұстағанда: шырын
бөлгіш күшті әсері бар, асқазанның шырыш
қабығын тітіркендіретін тағамдардан,
соның ішінде сорпадан, қуырған еттен
тартыну қажет. Және де ақ қауданды қырыққабат,
шалқан, саумалдық, пияз, шомыр, тарна жеуден
сақтанған дұрыс. Қатты пісірген, қуырған
жұмыртқаны да жемейді.
2. Қышқылы мен секрециясы
жеткіліксіз созылмалы гастрит, созылмалы
колит болса:
Тамақ суға немесе буға пісіріледі.
Тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу керек.
Күндізгі рацион құрамы: белок - 100 г, май
– 100 г, углевод – 400-450 г, ас тұзы – 12-15 г.
Жеуге болмайды: жаңа піскен
нан, дәмденген және қабаттаған қамырдан
пісірген ұн тағамдары. Сүт, саңы-рауқұлақ,
бұршақ сорпасын, окрошка ішуге рұхсат
етілмейді. Семіз етті, үйрек, қазды, сүрдің
барлық түрлерін, басытқылық қалбырларды
да татып алмайды. Балықтың семіз түрлерін,
тұздалған, сүрле-нгендерін жемейді. Шикі,
маринадталған, тұздалған кө-
көністерге, пияз, шомырға, шалғам, тәтті
бұрыш, қияр, сарымсақ, саңырауқұлаққа
да ас мәзірінде орын жоқ. Жүзім шырыны
мен қауыннан да тартынған жөн. Есте болатын
рационның көлемі: әдеттегідей – сұйықты
қосқанда 3 келі. Еркін сұйықтың мөлшері
– 1,2-1,5 литр. Күніне 5 рет тамақтанады.
Ұйқыға жатарда бір стақан айран ішеді.
3. Бауыр және өт жолдарының
қызметі бұзылғанында:
Тамақ көбінесе суға немесе
буға пісіріліп, ұнтақталған күйінде беріледі.
Тамақты күніне 4-5 рет ішеді. Күндік рацион
құрамы: белок – 100 г, май – 100 г. (оның үштен
бір бөлігі өсімдік майы), углевод – 400-450
г, ас тұзы – 10-12 г.
Рұқсат етілмейтін
тағамдар: қуырылған, майлы, ащы және
қышқыл, сондай-ақ сүрленген, тұздалған
және маринадталған тамақтар: ет, балық
және саңырауқұлақ сорпалары, қой, қаз,
үйрек етінен жасалған тағамдар; ми, пияз,
сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелке,
қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық қалбырларынан
жасалған дәмдер, өт жолына тас байланғанда:
бұларға қоса қант қайнатпа, бал және кондитер
бұйымдары.
4. Қант диабеті кезінде:
Тағам құрамында углевод пен
май мөлшері шектеледі. Күндік тағамның
химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін
арнайы кесте бойынша мөлшерленеді. Тамақтану
4 реттен аз болмауға тиісті. Картоп, сәбіз,
қызылша, шалқан, құрамында көміртегі
көп тағы да басқа көкөністерді тамаққа
тек арнайы аспаздық өңдеудеп кейін ғана
қосады.
5. Семіздікпен ауырғанда:
Тамақ құрамынан углевод, май, тәбет ашатын
заттарды шектейді. Тамақты кез келген
кулинариялық тәсілмен тұзсыз әзірлейді.
Оны аз мөлшерде күніне 4-5 рет, кейде көбірек
ішеді. Күндік рацион құрамы: белок – 90-130
г, май – 60-90 г, углевод – 100-200 г, ас тұзы
– 3-5 г (дайын асты тұздау үшін).
Рұқсат етілмейді: жарма, макарон тағамдары,
пісі-
рілген және қуырылған бәліш-тер, қант,
бал қайнатпа, жүзім, қарбыз, банан, інжір,
тұздалған, сүрленген, марина-дталған,
өткір және қышқыл тағамдар.
«Косметикалық диета»
Ертеңгі ас: 100 грамм жеміс шырыны немесе
жас жидек, бір жұмыртқа (немесе сыр), бір
жапырақ арық сүр мен бір жапырақ (50 грамм)
қыздырған нан. Бір шыны шай немесе кофе,
кофеге сүт қатып ішкен жөн.
Сәскелік тағам: Салат. Сыр немесе жұмыртқа.
Бір жапырақ нан. Шамалы ғана жас немесе
қалбырланған жеміс. Бір стақан шай немесе
көже.
Түстік ас: Өсімдік майы құйылған салат,
толыққанды бір ет тағамы. Жеміс немесе
содан жасалған тағам.
Ұйықтар алдында: Бір стақан жылы сүт.