Диета ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 15:24, реферат

Описание

Нақты зерттеу деректері бойынша, ежелгі заманда емгерлер науқасқа емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйеніп, эмпириялық жолмен құрастырып, қолданған. Ғылым дамыған кезде емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, тағы да басқа ғылым жетістіктеріне сүйеніп жасалынса, қазір емдәм былайша құрастырылады: үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам ағзасына қажетті қоректік заттектердің мөлшері есептеліп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, дертке ұшыраған ағзадағы заттектің алмасуын реттеуге бейімделіп.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
а) Диетология ұғымы
ә) Диетаның (емдәм) түрлері, қолданылуы
б) Салерндік денсаулық кодексі
в) Тиімді тамақтану – диетаның негізі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диета семестр.docx

— 237.86 Кб (Скачать документ)

Жүрек ауруы, гипертония ауруы, атеросклероз, бүйрек пен несеп жолының кейбір аурулары болса мына диетаны сақтаңыз:  
1. Тамағыңыздың калориялығын азайтыңыз. Есептелген рацион калориялығының артуына жол бермеңіз. Төсек тартып жатқанда тамақтың калориялығын 20-40 пайызға кемітіңіз.  
2. Ас тұзын пайдалануды шектеңіз, тамақты пісірген кезде тұз салмаңыз, дастарқан үстінде ғана кү-ніне 3-5 грамм мөлшерінде тағамға қосыңыз (дәрігер кеңесіне дейін).  
3. Ет, балық, саңырауқұ-лақ суптарын, сорпалардан, тұздықтардан, қою қара шайдан, кофеден, какао ішуден, шоколад, өткір және тұзды басытқылар мен дәмдеуіш-терден аулақ болыңыз.  
4. Қырыққабатты, бұршақ тұқымдастарды, газды суды тұтынбаңыз, бұлар газдың көп жиналуы нәтижесінде ішті кептіреді.  
5. Рационыңыздан холестеринге бай өнімдерді (мал-дың ішкі органдарын, миды, уылдырықты) шығарыңыз, сондай-ақ мал майын тұты-нуды шектеңіз.  
6. Тамағыңызда майлы та-ғамдар, дәмдеуіш қосылған және ұннан жасалған тағамдар тұтынудан тартыны-ңыз.  
7. Алкогольды ішімдіктер болмашы мөлшердің өзінде, сөз жоқ, зиянды.  
8. Есіңізде болсын: шай, сүт, сорпа, кисель, т.с.с. түріндегі сұйықтың жалпы мөлшері күніне 4-5 стақан-нан аспауға тиіс. Рационның көлемі сұйықты қосқанда 2 - 2,5 килограмм. Тамақтың температурасы әдеттегідей. Тамақтану саны-күніне бес-алты рет. Аспаздық өңдеу – барлық тағамдар тұзсыз дайындалады; ет пен балық – асқан күйде немесе асқан соң қуырған күйде.  
9. Күн сайын қайнатқан итмұрын суын, ал жатарда – бір стақан айран немесе простокваша ішуді ұмытпаңыз (Бұл емдік тамақтану диетасын жасаған ресей медицина ғылымы академиясының академигі А.А. Покровский).

 

 

       Тиімді тамақтану  дегеніміз – тамақ ішу режимін  бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі  қоректік заттар мен биобелсенді  заттардың организмге қажетті  үйлесімдігін сақтай отырып, энергия  кірісі мен шығынының тепе- теңдігін  сақтау.

       Күнделiктi дұрыс  тамақтануға қажеттi тағам түрлерiн  алты топқа жiктеуге болады. Оның  алғашқысы құрамында ағзаға қажеттi белок, май, көмiртегi, дәрумендер (витаминдер) мен минералды тұздары  бар сүзбе, сүт, қаймақ, айран, iрiмшiк, құрт, құрғақ сүт, қаймақты  балмұздақ, қымыз, шұбат деймiз. 

         Бұдан кейiнгi өте пайдалы белоктарға бай  әр түрлi еттер, шұжық, балықтың  түрлерi және жұмыртқа. Бұлардың  құрамында белоктан басқа майлар, көмiртегi, дәрумендер, минералды тұздар  бар. 

        Құрамында  көмiртегi көп тағамдарға қара  және ақ нан, кептiрiлген нан,  қант, бал, шоколадты конфеттер,  халуа, печенье, макарон, тосап,  манна жармасы, картоп, бұршақ, жүгерi  және күрiш жатады. Ал, құндылығы  жағынан күштi тағам ретiнде түрлi майларды атауға болады. Олардың  100 грамындағы қуаттылық 700-800 калориядан  кем түспейдi. Тағамның V және VI топтарына  құрамында А дәрумендерi мол тағамдар  мен С, Р дәрумендерi жатады. Мысалы, жаңғақ, қара өрiк, лимон, жүзiм,  қауын, қарбыз, қызанақ, қызылша,  тұздалған және жас қияр, көк  пияз, қызыл пияз, капуста, күлтелi капуста.

        Дұрыс тамақтану  ережесiн сақтаймын деген адам  тағамдардың осы топтарынан мәзiр  жасап алуына болады. Онда бiр  күндiк тағам құрамына 100 грамнан  белок пен май, 450-500 грамм көмiртегi, 1,5 мг А дәруменi, 1,5-2,0 мг В1 дәруменi, 70-100 мг С дәруменi, 80-100 мг кальций  тұзы болуы қажет. 

Яғни, күнiне 500 г сүт немесе айран iшiп, 150-200 г ет жеген адам ағзаға қажет  бiр тәулiктiк белок алған болып  есептелiнедi. Осылайша майды, түрлi дәрумендердi, минерал тұздарын, көмiртегiн ескере отырып, тағамдардың түр-түрiн әзiрлеуге болады. Жаз, көктем және күздiң алғашқы  айларында ет азырақ пайдаланылады.

       Құрамында белок,  май, витамин, минералды тұз,  әсiресе, темiр тұзы бар ет организм  үшiн өте пайдалы. Еттi шамадан  тыс, әсiресе, жатар алдында көп  жеп, сорпасын iшу бүйрек пен  жүйке жүйесiне, бауырға ауыр соғады. Көп жеген еттi қорыту үшiн  асқазаннан мөлшерден артық сөл  бөлiнiп, оның соңы асқазан жарасы (гастрит) ауруына соғуы ықтимал.  Орта жастағы адам үшiн тәулiгiне 150-200 грамм ет жеткiлiктi.

       Балық тағамдарын  жиiрек пайдалану тиiмдi, олар ағзаға  өте пайдалы. Оның үстiне, балық  етi мал етiне қарағанда ағзаға  жеңiл және тез сiңедi. Балық  етiнде А дәруменi мен қанықпаған  май қышқылдары бар. 

Мысал ретiнде Америкаға кеткен жапондықтардың атеросклерозбен көп  ауырғанын айтуға болады. Олар өз жерлерiнде  жүргенде балық етiн көп жегеннен болса керек, мұндай ауру байқалмаған. Ағза үшiн өсiмдiк майы пайдалы.

       Нанның құрамында  триптофон, литионин, лизин деген  құнды амин қышқылдары аз. Әсiресе, семiруге бет алған адам нанды  аз мөлшерде пайдалануы тиiс.  Сөйтiп күнделiктi тағамға ет, тауық  етi, көкөнiс пен жемiстердi қажеттi мөлшерде пайдалану денсаулық  сақтауға көмектеседi. Күнделiктi тағамға  картоп та керек. Кейде күнiне 300 грамдай картоп жеуге болады. Жемiс пен көкөнiстер iшек-қарын  қызметiн жақсартып, iш жүргiзудi  реттеп отыруға көмектеседi. Ас  қорыту жүйесiнiң жұмысын жақсартуға  жәрдемдеседi.

     Денсаулыққа әсер  ететін барлық факторлардың ішінде  тамақтану ерекше орын алады.  Аурулардың көбеюі дұрыс тамақтанбағандықтан  және қимыл-қозғалыстың аздығынан  болып отыр. Ұтымды тамақтану  үш түрлі ережеге негізделеді:

 

1. Тамақтану арқылы бойға жиналатын  және еңбектену кезінде жұмсалатын  энергия қуатының тепе-теңдігі;

2. Тамақтағы ағзаға қажетті  рациондардың сәйкестігі;

3. Қай уақытта және рационды  тағамды қандай мөлшерде тұтыну  керектігін  

 білу.

 

    Қазіргі кезде жүрек-қан  тамыр, семіздік, қаназдық, алқым  безі, сусамыр сынды  аурулардың  асқынып тұрғанына көбіне осы  талаптардың сақталмауы әсер  етеді. Астың құрамындағы негізгі  құнарлы элементтердің   бірі  – ақуыз. Ол   ағза  жасушаларының  қалыптасып, өсіп, дамуы үшін аса  қажет. Ақуыз негізінен бұршақ, соя, арахис, жаңғақ, жұмыртқа, ет, балық  пен сүтте кездеседі. Көмірсудың  көмегімен ағза жылуды сақтап, одан қуат алады.    

   Құрамында көмірсуы бар  тағамдар: нан, картоп, жарма, банан,  қант, бал, т.б. Ал майлар ағзада  май тіндері ретінде жиналып,  қуат өндіреді. Олар сары майда,  өсімдікте және малдың майында  көптеп ұшырасады. Аурудан сақтануға  көмектесетін дәрумендерге, әсіресе,  жеміс-жидектер мен көкөністер  бай болып келеді. Микроэлементтер  – ағзаның  қалыпты жұмыс  ат­қаруына мүмкіндік беретін  химиялық заттар. Оның жетіспеуінен  ағзадағы өсу және даму процестері  бәсеңдеп, зат алмасу бұзылады, жүрек,  қатерлі ісік ауруларына, семіздікке  шалдығу қаупі жоғарылайды. Йодтың  жетіспеушілігі ойлау, есте сақтау  қабілетінің нашарлауына, кретинизм,  алқым безі ауруларына әкеп  соғады. Йодталған тұзбен, дәрумендермен,  микроэлементтермен құнарландырылған  ұнды пайдаланған дұрыс. Темір  жетіспеушілігі анемияға, адамның  ой-өрісінің төмендеуіне, бойдың  өспеуіне, тез шаршағыштыққа   әкеледі. Ал кальций тапшылығы  рахит ауруын туғы­зады, сүйек  сынып, тіс ерте түсе бастайды, тісжегісі пайда болады, тырнақ  жұмсарады. Адамдар арасында көп  тараған тамақтану тәртібінің  бұзылу себептері: рафинадталған  өнімдерді (ақ нан, тазартылған  күріш, жай қанттар, кондитер  өнімдері) шамадан тыс көп пайдалану,  олардың энергиялық құндылығы  жоғары болғанымен, биологиялық  маңыздылығы төмен; дайын өнімдермен  қоректену салдарынан майды шамадан  тыс мөлшерде қабылдау; құрамында  азық тапшылығы көп заттарды  мөлшерден аз қолдану; ағзаның  дәрумендермен және кейбір микроэлементтермен (йод, темір) жеткілікті мөлшерде  қамтамасыз етілмеуі; ас тұзын  шамадан тыс көп пайдалану;

     Біздің ағзамыздағы  барлық (тыныс алу, жүрек соғысы, зат алмасу) процестер ырғақты  сипатта болады, тіршілік құбылыстарының  жүйелілігі – күрделі биологиялық  жүйе қызметінің міндетті шарты.  Тамақтану тәртібі күні бойы  ас қорыту жүйесіндегі теңестірілген  жүктемені қамтамасыз етеді. Тұрақсыз  тамақтану асқорыту жүйесіне  қосымша салмақ түсіреді және  осы кездегі салмақ денсаулықтың  түрлі ауытқуларын тудырады. Артық  ішіп-жеудің салдарынан түскен  артық калория шығарылмай, ағзада  май болып жиналатындығы қаперде  болғаны дұрыс. Ләззатсыз тамақтанудың  әсерінен тағам жеткілікті сіңбей, асқазан мен ішек жолдарының  қызметін бұзады. Сүзбе, сүт, қаймақ, айран, ірімшік, құрт, қаймақ, қымыз,  шұбат, ет, шұжық, балықты  күнделікті  өмірде  көбірек  тұтынған  жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды

 

    Егер  денсаулықты қалыптастыратын   факторлар:  қозғалыс белсенділігі, жұмыс  қарқындылығы,  ауруға  қарсы  тұру, дұрыс  тыныс  алу, жүрек бұлшық еттерінің  жұысы, зат алмасу, еңбек пен  демалысты ұштастыру және рационалды  тамақтану десек, соңғысы бірден  бір маңызды орын алып, жоғарыдағы  аталған факторлардың орындалуына  себепші болады.

Тамақтану тәртібі  дегеніміз – ас қабылдауда белгілі  бір уақытқа бағыну, сондай —  ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану  барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне  бір — екі рет қана тамақтану  дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ  құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан  еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды  заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер —  диетологтың да кеңесі артық болмайды.  Дұрыс  диета  арқылы  кез  келген  адам  өз  денсаулығын  жақсарта  алады. Диетада  болған  кезде  дәрігер тағайындаған   тамақтану  рационын  қатаң  түрде  сақтау  керек, егер  де  қатаң  түрде  сақталмаса,  диета  өз  нәтижесін  бермейді.  Диета сақтаған әрбір  адам  дене  еңбегімен  айналысса, емдәмнің  жақсы  нәтижелер  беруіне  зор  ықпалын  тигізеді.

 Диеталық  ас мәзірі науқастың жағдайына  байланысты  әртүрлі болып келеді. Диеталық  тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды. Емдәмді  дәрігердің нұсқауымен   қолдану – денсаулыққа  өте  пайдалы.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  • Шарманов Т., Ахмет-Төре М., Емдәмтану терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, А., 1998;
  • Лечебное питание (учебно-методическое пособие под ред. Шарманова Т.), А., 1999.
  • www.massaget.kz сайты
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
start="2"

 Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

  1. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
  2. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М.: ФиС, 1990.
  3. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
  4. Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.

 

 

 


Информация о работе Диета ұғымы