Мемлекет нысанының режимдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 20:52, курсовая работа

Описание

Авторитарлық режим – қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, онда саяси билік халықтың аз қатынасуымен адаммен (таппен, партиямен, бетке ұстар адаммен) жүргізіледі. Бұл режимнің ең басты сипатына авторитаризм (соөыр бағыныштылыққа негізделген) жатады, яғни билік пен басқарудың әдісі, қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде көрінеді (мысалы, Испанияда Франко, Чилиде Пиночета басқарған кезеңдер де болды;

Содержание

Кіріспе.........................................................................................1
І-тарау.Мемлекет нысанының түсінігі,мазмұны және мемлекетті басқару нысаны...........................................................................................2-5
1.1.Монархиялық басқару нысаны.............................................................6-8
1.2.Республикалық басқару нысаны .........................................................9-10
ІІ-тарау.Мемлекеттік әкімшілік-құрылым нысаны.............................11
2.1.Тұтас мемлекеттер..............................................................................11
2.2.Федерация..........................................................................................11
2.3.Конфедерация....................................................................................12
ІІІ-тарау.Мемлекет нысанының режимдері..........................................13
3.1.Саяси режим......................................................................................13-14
3.2.Авторитарлық режим......................................................................15-16
3.3.Тотаритарлық режим.......................................................................16-17
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Ақтолқын.2.docx

— 45.21 Кб (Скачать документ)

   Монархия жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі,  сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінуң екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін,Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм, Оранский. Англияда даңқты революция арқылы монархия түпкілі патшаның орнағаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малазия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.

    Сонымен, монархтың билігі көбіне  мұрагерлік билікке жатады, ол  өзінің қызметіне Құдайдан басқа  ешкімнің алдында жауапиы емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың  қайнар көзі, оның атынан сот,  мемлекеттің атқару функциялары  жүзеге асырылады, ол әскерді  басқарады, мемлекеттің атымен  шарт құрады. Монархтың бірнеше  жоғарғы аттары мен титулдары  болады, оны асырау мемлекеттің  міндеті, мысалы, Англияның Короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен  парламент мұқтажына керек ақшаны  беретін болды. Корольдердің сарайлары,  киімдері, әскерлері мемлекеттің  міндетінде болды. Корольді асырау  мемлекетке өте ауыр болса  да, көп мемлекеттер Корольден  және монархиядан басын тартқысы  келмейді. Қазіргі Англияның Королі  – Елизавета 2 мұра жалғастыратын  балаларының абыройы өте күшті  болмады, екі баласы және қызы  некесін бұзып, ажырасып кетті.  Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан  Король  
 

                                                 6

Англияға  керек пе? Деп сұрастырғанда, 66% проценті монархияда,

Корольде  сақталсын деп жауап берді. Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде  сословиелік – өкілдік монархиялар  пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын:

    • Шіркеу қызметкерлері;
    • Дворяндар және қала тұрғындары;
    • Басқаша айтқанда-буржуазия.

        Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды  құрайтын, ол парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп заң шығару ұсынысын қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде Императордың билігін Сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.

 Жаңа  кезеңдерде шектелген монархия  Конституциялық монархия деп  аталады.Оның екі түрі бар:

    1. Дуалистік;
    2. Парламенттік.

   Дуалистік монархияда мемлекетті  басқарған екі топтың күші  тең, буржуазиялық революциялар  өткеннен кейін, оның бірінші  кезеңінде бұрынғы корольдер  биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару  билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша  Король заң шығару билігін  жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың  қолына көшті. Бірақ оның қолында  қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал Король феодалдардың. Бірақ, тарихи прцесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция,  

                                                     7

Дания. Бұл мемлекеттерде монарх – мемлекеттің  басшысы. Ол парламаенттің 

келісімінсіз  көп мәселерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған  саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр  болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, Король оған тек келісім береді. Кабинет Корольдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда либористерден жеңіліп 18 жыо Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент Королдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтырын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания, 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары, тірі халықтың арсында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: Парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                8

 

 1.2. Республикалық басқару нысаны.

    Егер мемлекетте жоғары және төменгі органлардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы – республика деп аталады. Республика, мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.

    Антикалық республиканың аристократтық  түріне Рим және Спарта республикасы  жатады. Бұларда сайлауға және  мемлекетті басқаруға азаматтардың  бәрі емес, тек ақсүйектері жіберілді. 

   Орта ғасырларда республика өте  сирек кездеседі, көбіне ол  республика – қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция). 

    Жаңа кезеңде республиканың екі  түрі кездеседі: президенттік  және парламенттік республикалар.  Президенттік республиканы АҚШ  1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргесін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін  биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Поезиденттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік – президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та  4 жылда бір рет президент сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті  

                                                9

өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған

бағынады. Президент -  республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар  премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде президент препремьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайындайды. Мемлекеттің заң шығару билігі парламенттің қолында және парламен белгілі қызметкерлерді және жоғары сотты тағайындағанда келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот, әдетте заңның Конституцияғқолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот, әдетте заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмірбойлы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдарды әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп Конституцияларда жазылған, ол үшеуінің ара-қатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.

    Президенттік республикалардың  варианттары көп, олардың біріне  жартылай президенттік республика  жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы  бойынша Франция, Турция ).

    Парламенттік республика. Бұл мемлекетті  басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер-министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында  бөлінетін. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімент – әлсіз президент.

   Сонымен, өкіметте парламенттің  сенімі болған кезде ол өзінің  қызметін істей алады, ал болмаған  жағдайжа отставкаға шығады. Мұндай  республикаларда президент мемлекеттің  басшысы, оның биліктері өте  аз. Парламенттік республикаларға  Италия жатады. 

                                                     10

 II тарау. Мемлекеттік әкімшілік – құрылым нысаны.

   Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің  бір-бірімен қатынасы, және мемлекеттің, және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым – ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың еркшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

   2.1.Тұтас мемлекеттер. Қазақсатан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды, деген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады ). Сонымен, тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік жергілікті-аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, олады президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілетті органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік – аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган – әкім.

    2.2. Федерация. («федус» деген сөз – одақ деп латын тілінен аударылады ). Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия БҰҰ мүшесі ) Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формалды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.

    Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы  жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның  екі түрлері бар: ұлттық құрама  және жергілікті құрама. Біріншісіне  бұрынғы СССР, Югославия, Ресей,  Үндістан жатады, ал екіншісіне  АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария  жатады.

Информация о работе Мемлекет нысанының режимдері