Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 07:47, лекция
Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros – кішкентай, bios – тіршілік, logos - ілім) – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиологияның мақсаты – микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады.
1. Микробиология және вирусология пәні, оның зерттеу әдістері мен міндеттері.
2. Микробиологияның даму тарихы. Микробиологияның Қазақстанда дамуы.
3. Микроорганизмдерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер.
Сурет 1- Кребс циклы немесе үшкарбонды қышқылдардың циклы
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
Лекция № 12
Тақырыбы: Микроорганизмдер генетикасы.
Сабақтың мақсаты: студенттерде прокариоттардағы тұқымқуалаушылық негіздері және қоршаған орта факторларының салдарынан пайда болатын өзгергіштіктердің, яғни мутациялар, мутациялардың алуантүрлілігі туралы ұғым қалыптастыру
Түйін сөздер: мутация, спонтанды, индукциялы, химиялық, мутагенез.
Жоспар:
1. Өзгергіштіктің мутациялық табиғаты. Мутация жиілігі, олардың алуан түрлілігі.
2. Мутация типтері.
2.1. Спонтанды, индукциялық, радиациялық және химиялық мутагенез.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады. Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер — геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис” теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты. Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г. де Фриз, неміс ғалымы К.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак-Зейзенегг әр түрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. 1909 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп, Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды. 1909 жылы дат оқымыстысы В.Иоганнсен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (герекше “genos” — шығу тегі), генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.
Генетика тарихының бұл кезеңінде организмдердің жекелеген белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі — ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің әрі қарай дамуына мүмкіндік туды. Дәл сол кездегі (1901 жыл) голландиялық ботаник ғалым Х. Де Фриздің организмнің тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясының ұсынылуы генетика ғылымының дамуында ерекше орын алады. Генетика тарихындағы шешуші бір кезең американдық генетик, әрі эмбриолог Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тығыз байланысты. Т.Морган және оның шәкірттері жеміс шыбыны — дрозофилаға тәжірибе жасаудың нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты. Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытуда орыс ғалымы Н.И.Вавилов зор үлес қосты. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас (гомологиялық) қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дәлелдейді. Ғылымға енгізілген жаңалықтың бірі — 1927 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филипповтың радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатындығын дәлелдеуі еді. Ген теориясын дамытуда орыс биологтары А.С.Серебровский мен Н.П.Дубининнің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды. Сол сияқты популяциялық генетика мен эволюциялық генетиканың негізін қалауда орыс генетигі С.С.Четвериковтың алатын орны ерекше.
Бактериалды геномның өзгерісі
мутациялар нәтижесінде өтеді.
Спонтанды мутациялар – ДНК молекуласы репликациясы нәтижесінде болған қателіктер нәтижесінде туындайды.
Индуциялы мутациялар – сыртқы орта факторларының, мутагендердің әсерінен туындайды.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
Лекция № 13
Тақырыбы: Микроорганизмдер экологиясы.
Сабақтың мақсаты: студенттерде микроағзалардың экожүйелерде, яғни, ауа, су және топырақта микроағзалардың таралу заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру.
Түйін сөздер: микрофлора, аа, су, топырақ
Жоспар:
Табиғатта кездесетiн
сулар - бактериялар мен
Өзен суына қарағанда оның түбiндегi балшықтар бактерияларға байырақ келедi.Өзеннiң жай ағатын жерiндегi бiр грам құрғақ балшықта 2250 миллиондай бактерия кездеседi,ал суы ағынды жердiң балшығында олардың саны 470 миллионға жетедi.Өзеннiң ескi арналарында,өсiмдiктер көп өсетiн жерлердегi бiр грам балшықтағы бактериялардың саны 2830 миллиондай болады.Кейбiр ақпайтын суларда да бактериялар белгiлi бiр заңдылықпен таралады.Көлдер немесе тоған сулардың жиектерiнде бактериялар саны оның ортасына қарағанда көбiрек.
Жауыннан кейiн бактериялар саны көбейiп кетедi. Егерде жауынға дейiн судың бiр миллиметрiнде 8 бактерия кездессе,жауыннан кейiн оның саны 1223-ке жетедi. Күн ашық кезде бұған керiсiнше болады.Жағадан 1000 метрдей қашықтықта ашық күндерi бiр мл суда 28бактериядай кездессе,бұлыңғыр,бұлтты күндерi олардың саны 1229-ға жетедi.
Бактериялар
саны судың беткi қабатынан түбiне
дейiнгi тереңдiкте бiрдей болмай,
Сөйтiп су неғұрлым тереңнен алынса,соғұрлым бактериялар саны да аз болады.Сонымен қатар жыл маусымдары да бактериялардың суларда таралуына едәуiр әсер етедi. Көл түбiндегi балшық бетiнде бактериялардың көп болуы, оның құрамында едәуiр мөлшерде өсiмдiктер мен жануарлар қалдықтарының болуынан.Олар бактериялардың тiршiлiгiне қолайлы жағдай жасайды.Егер бұл жерде ауа болса, бактериялар бұдан да көп болар едi.Ауаның тапшылығы бұл жерде анаэробты бактериялардың өнiп-өсуiне мәжбүр етедi.Сонымен қатар көбiнесе метан мен сутегiн түзетiн клетчатка ыдыратушы бактериялар көп кездеседi.Оларды өсiмдiктер қалдықтары мол кез-келген сулардан кездестiруге болады.Сол сияқты бұл жерде нитраттарды және сульфаттарды тотықсыздандыратын бактериялар да тiршiлiк етедi.
Бiр грамм балшықта 100 мыңнан бiр миллионға дейiн сульфаттарды тотықсыздандыратын,10-нан 100 мыңға дейiн тион бактериялары, 10-нан 100 мыңға дейiн шiрiту бактериялары, 1000 шамасында нитрификациялаушы бактериялар, 10-нан 100 мыңға дейiн денитрификациялаушы бактериялар, 100 шамасында клетчатка ыдыратушылар кездеседi.
Микроорганизмдер теңiздер мен
мұхит суларында,әсiресе
Суда бактериялар тек ондағы
органикалық және минералды
Жайдақ
жерлерде кездесетiн суларға
Сонымен
қатар ауасы шаң-тозаңсыз
Тұрмыста
қолданылып жүрген құбыр
Топырақ – – жер
бетіндегі тіршіліктің тірегі, ұясы,
асыраушы анамыз, халық қазынасы. Қазіргі
күнде адамзатқа белгілі
Топырақ жоғарғы буферлік қабілеттілікке ие, яғни ұзақ уақыт бойы құрамын ластаушылар ықпалымен өзгертпейді. Соған қарамастан, қалада бұл ең ластаулы орта. Қала топырағының экожүйесі әралуан улы заттармен ластануда. Қала топырағында микрофлора сапалық құрамының ерекшілігі осы кезге дейін санитарлық көрсеткішті микробтар болуы тұрғысынан зерттелді. Топырақта кездесетін микроағзалар кез-келген биогеожүйенің және экологиялық жүйенің, өлі және тірі заттардың елеулі бөлігін құрайды. Топырақ микроағзалары антропогенді факторларға сезімтал және қала жағдайларында олардың құрамы өзгереді. Сондықтан олар қоршаған ортаның ластануының жақсы индикаторы.
Информация о работе "Микробиология негіздері" пәнінен лекциялар жинағы