Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 07:47, лекция
Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros – кішкентай, bios – тіршілік, logos - ілім) – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиологияның мақсаты – микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады.
1. Микробиология және вирусология пәні, оның зерттеу әдістері мен міндеттері.
2. Микробиологияның даму тарихы. Микробиологияның Қазақстанда дамуы.
3. Микроорганизмдерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер.
Сурет 13 – Саңырауқұлақтар морфологиясы
1 – Қырыққабат
тамырлары ұлпаларындағы
2. Саңырауқұлақтар
классификациясы. Морфологиялық
Архимициттер. Бұлардың ерекшелігі сол, мицелийі болмайды, болса да ол нашар жетілген, 300-ден астам түрі бар.Көбінесе жыныссыз жолмен көбейеді.Споралары спорангийде түзіледі. Бұл саңырауқұлақтардың бірқатары жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктерді зақымдайды.
Фикомициттер. Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді.Жыныссыз жолмен көбейгенде спорангийде споралар түзіледі, ал жынысты жолмен көбейгенде зооспоралар пайда болады.Мұның 700-ге жуық түрі бар.
Бұл класқа табиғатта кең
Сонымен қатар, бұл класта
Аскомициттер. Бұлардың көп клеткалы мицелийлері бар.Конидий арқылы көбейеді, жынысты жолмен көбейгенде аскоспоралар түзеді.Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі.Олардың көпшілігі мәдени өсімдіктерді және трлі тағамдарды бүлдіреді. Кейбір аскомициттер техникалық мақсатта қолданылады.
Аскомициттерге аспергиллус,
Базидиомициттер өте үлкен класс. Базидомициттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидоспоралар арқылы жынысты жолмен, кондийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқұлақтардың түрлері біріктіріледі. Оларға қалпақты саңырауқұлақтар, үй саңырауқұлағы, трутовиктер, қара күйе және дат саңырауқұлақтары жатады.
Қалпақты саңырауқұлақтардың қалпағының астыңғы жағында ұсақ, жұқа қатпарлары немесе түтікшелер бар.Осы қатпарлардың бетінде немесе түтікшелердің ішінде базидийлер орналасады.Қалпақты саңырауқұлақтардың ішінде улы түрлері де бар (мухамор, сұр поганка т. б.). Қалпақты саңырауқұлақтардың мицелийі топырақта дамиды да өсімдіктердің тамыр системасына еніп кетеді.
Жетілмеген (несовершенные) саңырауқұлақтар. Топырақта және суда жоғарыда аталғандармен қатар микроскоптық жетілмеген саңырауқұлақтарда көп кездеседі. Олар – көп клеткалы мицелийі бар жыныссыз жолмен көбейетін организмдер. Бұл табиғатта кең тараған. 25 мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі тағамдарды көгертіп, мәдени дақылдарды зақымдайды. Олардың негізгі өкілдеріне фузариумды ботртисті, альтернарияны т. б. атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
Лекция № 7
Тақырыбы: Ашытқы
саңырауқұлақтарының
Сабақтың мақсаты: ашытқылар туралы, олардың құрылысы және өкілдері туралы ұғым қалыптастыру.
Түйін сөздер: псевдомицелий, аскалар, нан ашытқысы
Жоспар:
Ашытқылар. Ашытқылар немесе бүршіктенетін саңырауқұлақтар – протоаскомицеттер класына жатады. Ашытқылар – бір клеткалы организмдер қатарына жатады. Оның көлденеңінен өлшемі 3 тен 5 мкм-ге, ал ұзындығы 6 дан 10-15мкм-ге жетеді. Ашытқылардың пішіні – дөңгелек, сопақша-жұмыртқа және эллипс тәрізді болып келеді. Ашытқылар жасушаларының пішіні және құрылымы тұрақсыз, олар дақылдау жағдайларының өзгеруімен сипатталады. Ашытқылар жасушалары клеткалық мембранадан, цитоплазмадан және цитоплазмада орналасқан органоидтардан (ядро, ядрошық, митохрндрия, рибосома, вакуоль, Гольджи аппараты), сонымен қатар, жасушаның қор заттарынан, май тамшылары, гликоген түйіршіктері және валютин (сурет 14).
Сурет 14 – Ашытқы жасушасының көлденеңінен кесіндісі:
1 — цитоплазматикалық мембрана; 2 — цитоплазма; 3 — Гольджи аппараты; 4 — эндоплазматикалық тор; 5 — май тамшылары; 6 — митохондрия; 7 — ядро; 8 — жасушадан бөлінген бүршіктің орны, 9 — ядрошық; 10 —волютин түйіндері (метахроматин); 11 — рибосомалар; 12 — вакуоль; 13 — жасуша қабықшасы.
Жас ашытқы жасушалары цитоплазмасы гомогенді құрылымды және вакуолясы кішірек келеді. Жасушалардың өсуі және ұлғайюы салдарынан цитоплазма түйіршікті және вакуолясы үлкен келеді. Ашытқылар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары салдарынан төзімді тыныштықтағы жасушалар – артроспоралар мен споралары бар қалталар түзуге қабілетті. Артроспоралар вегетативті жасушалардың пішінін сақтап қалады, бірақ олардан айырмашылығы – артроспора плазмасы өте тығыз, гликоген, май тамшылары және тығыз қабықшалы болады. Споралары бар қалталар вегетативті жасушалардың пішінін және көлемін сақтап қалады.
Ашытқылардың көбеюі. Ашытқылар көбеюінің 2 түрі белгілі— вегетативтік (жыныссыз) және спора түзу арқылы жынысты. Көптеген ашытқылар түрінде вегетативті көбею бүршіктену арқылы өтеді, сирек жағдайда бөліну арқылы өтеді (Schizosaccharomyces). Ашытқы саңырауқұлақтары көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар спора түзу және жай бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір түрі жыныстық жолмен көбейеді.
Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық клеткадан төмпешік пайда болады да, кейінен ол үлкейіп бүршікке айналады. Бұдан кейін жас клетка аналық организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену екі сағатқа созылады. Углевод пен азотты қоректік затқа бай ортада аштқы саңырауқұлағының бүршіктенуін жай биологиялық микроскоптармен де көруге болады.
Аспорогенді ашытқылар тек бүршіктену арқылы көбееді. Жынысты көбею тек қолайсыз жағдайлар туындаған кезде, яғни, ашытқылардың бүршіктенуі тоқтап, ашытқылар жасушалар споралы қалталарға – аскоспораларға айналады. Жынысты процесс (сурет 15) – копуляцияға негізделген, яғни, 2 вегетативті жасушалардың бір-біріне жақындап, копуляционды түтік түзеді.
Сурет 15 – Ашытқылардың жынысты көбеюі және тірішілік циклы:
а — аскоспоралар; 6 — ұрықтану; в — хромосомалық редукция; г— диплоидты жасушалар. Гаплоидты генерация бос кескіндермен, ал диплоидты — штрихты кескіндермен көрсетілген. А — Saccharomyces; Б — Zygosacharomyces; В — Saccharomycodes
Түтік арқылы жасушаның плазмасы мен ядролары қосылып (кариогамия), 2 жасушаға ұқсас, копуляционды түтік арқылы байланысқан диплоидты зигота түзеді. Мейоз немесе редукциялық бөліну, бірден жынысты көбеюінсіз зигота 4 гаплоидты споралары бар қалталарға немесе аскаларға айналады, сондықтан, споралардың мұндай ұрпақтары гаплоидты болады. Споралар копуляция процесінсіз өне бастайды. Zygosaccharomyces туысына жататын ашытқылардың көбеюі осы жолмен өтеді (сурет 15б). Ал Saccharomyces туысына жататын ашытқыларда жынысты көбею споралардың немесе споралардан өніп шыққан жасушалардың қосылуы нәтижесінде диплоидты зигота түзіледі, соңынан, бірден бүршіктену процесі өтеді, нәтижесінде диполоидты ұрпақ түзіледі (сурет 15а). Мейоз спора түзілу процесі алдында өтеді.
Ашытқы саңырауқұлақтардың систематикасы көбею тәсілдері мен физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Олар екі тұқымдасқа бөлнеді: сахаромицеттер және сахаромицет еместер.
а |
б |
в |
г | ||||
д |
е |
ж |
з |
Сурет 16 – Ашытқылардың алуантүрлілігі
а – сопақша жұмыртқа тәрізді, б – цилиндр тәрізді, в – лимонтәрізді, г – жебе тәрізді, д – үшбұрышты, е – ұршықтәрізді, ж – колба тәрізді, з – псевдомицелий.
Бақылау сұрақтары:
1. Ашытқылардың жасуша құрылысының ерекшелігі неде?
2. Псевдомицелий қалай түзіледі?
3. Ашытқылардың көбеюі қалай өтеді?
4. Ашытқылардың жыныстық көбеюі қалай өтеді?
Әдебиеттер:
6. Шигаева М.Х.Селекция дрожжей. Алма-Ата, 1983, 112с.
Лекция № 8
Тақырыбы: Микроағзаларды бөліп алу.
Сабақтың мақсаты: микроағзаларды бөліп алудың негізгі әдістері, жинақтаушы, аралас және таза дақылдар туралы ұғым қалыптастыру, бөліп алудың негізігі әдістерімен танысу.
Түйін сөздер: жинақтаушы дақылдар, элективті принциптер, таза культура, штам
Жоспар:
Бактериалды жасушаның биополимерлерін немесе органоидтарын құрауға қажетті компоненттерді қоршаған ортадан бойына сіңіру құбылысын қоректену деп атаймыз. Прокариот жасушасының негізігі химиялық компоненттері – оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор. Биополимер химиялық құрамы және сипаты жағынан – ақуыздарға, полисахаридтерге, нуклеин қышқылдарына және майларға жіктелінеді. Бактериялар – голофитті ағзаларға жатады. Қоректік заттар микроағзаларға:
• осмос және диффузді жолмен;
• пассивті тасымалдану жолымен;
• активті тасымалдану;
Көміртегі негізіне қарай және биополимерлердің түзілуіне қарай микроағзаларды бірнеше топқа топтастырады:
• автотрофтар — тірішілк ету барысында көміртегі көзі ретінде тек СО2 пайдаланатын микроағзаларды айтамыз;
• гетеротрофтар — тірішілк ету барысында көміртегі көзі ретінде түрлі табиғаты жағынан биологиялық және биологиялық емес заттарды, органикалық қосылыстарды (көмірсулар, аминқышқылдары, органикалық қосылыстар) пайдаланатын микроағзаларды айтамыз.
Энергияны алу көзіне байланысты:
• фототрофтар, күн сәулесі энергиясын алады;
• хемотрофтар, тотығу-тотықсыздану реакциясы нәтижесінде алынатын энергия;
Донорлы электрондардың табиғатына байланысты:
• фототрофты литотрофтар;
Информация о работе "Микробиология негіздері" пәнінен лекциялар жинағы