"Микробиология негіздері" пәнінен лекциялар жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 07:47, лекция

Описание

Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros – кішкентай, bios – тіршілік, logos - ілім) – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиологияның мақсаты – микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады.

Содержание

1. Микробиология және вирусология пәні, оның зерттеу әдістері мен міндеттері.
2. Микробиологияның даму тарихы. Микробиологияның Қазақстанда дамуы.
3. Микроорганизмдерді зерттеудегі микроскопиялық әдістер.

Работа состоит из  1 файл

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕн 1.doc

— 1.89 Мб (Скачать документ)

6. Физиологиялық – көміртекті (аутотрофтар, гетеротрофтар), азотты (аминоавтотрофтар, аминогетеротрофтар) және басқа да қоректену түрлері бойынша, тыныс алу бойынша (аэробтар, микроаэрофилдер, факультативті анаэробтар, нағыз анаэробтар).

7. Қозғалғыштық және қозғалу түрлері.

8. Споратүзуге қабілеті және споралардың сипаты бойынша. 

9. Бактериофагтарға төзіміділігі.

10. Жасуша қабықшасының химиялық құрамы – негізгі сахарозалар мен аминқышқылдар, липидті және майқышқылдық құрамы. 

11. Ақуыздық спектр (полипептидті профиль).

12. Антибиотиктерге және басқа да дәрілерге сезімталдығы. 

13. Генотиптік (геножүйелеу әдісін қолдану).

Н. А. Красильниковтың  «Бактериялар мен актиномицеттер анықтаушысы» (1949ж.) еңбегінде эубактериялар мен  оларға туыс ағзаларды 4 класқа топтастырды:

     Eubacteriae (нағыз бактериялар).

     Actinomycetes (актиномицеттер).

     Myxobacteriae (миксобактериялар).

     Spirochaetae (спирохеттер).

Eubacteriae (нағыз бактериялар) класына клеткалары бұтақтанбайтын, клетка қабықшасы қатты, клетка пішіндері ұсақ жіңішке таяқша, сирек жағдайда коккалар, сонымен қатар клетка пішіндері жіп тәрізді және спираль тәрізді болып келетін бактериялар жатады. Нағыз бактериялардың бірқатары қозғалғыш, ал бірқатары қозғалмайтын болып келеді. Қозғалу талшықтары арқылы жүзеге асады. Бұл класқа жататын бактериялар жоғары температураға төзімді эндоспоралар түзуге қабілетті, бірақ басым көпшілігі гр (-) спора түзбейтін формалар сипатталады.  Көбеюі бөліну арқылы жүзеге асады, ал жіп тәрізді бактерияларда арнаулы жыныс клеткалары – гонидиялар түзіледі. Eubacteriae класы бірнеше қатардан тұрады: Eubacteriales (эубактериялар), Chlamydobacteriales (хламидобактериялар), Ferribacteriales (темірбактериялар), Thiobacteriales (күкірттібактериялар). Осы клас төңірегінде қатар деңгейінде бүршіктенетін бактерияларды Hyphomicrobiales қарастыруға болады.

Actinomycetes (актиномицеттер) класы клеткалары гр (+) болып келетін кокка тәрізді, таяқша тәрізді, жіп тәрізді және мицелиалды болып келеді. Басқа класқа жататын бактериялардан айырмашылығы, актиномицеттер өкілдерінде (жоғары формалары) бөліктерге (септаларға) бөлінген және бөлінбеген бұтақтанатын мицелийден тұрады. Сонымен қатар, ауыспалы формалары да, яғни төменгі формалары -  микобактериялар, микококкалар және микрококкалар кездеседі, оларда дамуының алғашқы сатысындабүйірлік өсінділер – бұтақтардың рудименттері қалыптасады. Актиномицеттер класы: Actinomycetales (қозғалғыш клеткаларды түзбейтін актиномицеттер), Actinoplanales (қозғалғыш клеткалары бар актиномицеттер), Мусоbacteriales (микобактериялар) және Coccales (коккалар).

Myxobacteriae (миксобактериялар) класы. Бұл класқа жататын микроағзалардың клетка қабықшасы жұқа эластинді болып келетін таяқша және шар тәрізді ағзалардан тұрады. Соның салдарынан бактериялардың қозғалысы кезінде олар клетка пішінін өзгерте алады.   Талшықтары болмайды. Қозғалуы сырғанай түрінде жүзеге асады.  Миксобактериялар микроцисталар және әртүрлі пішінді болып келетін ерекше жемісті денелер  түзуге қабілетті.  Миксобактериялар класына бір ғана қатар Myxobacteriales жатады. 

Spirochaetae (спирохеталылар) класы. Спирохеталылардың клетка пішіндері ерекше келеді.  Клеткалары өте жіңішке (0,1—0,6 мкм), бірақ ұзындығы 500 мкм. Спирохеталылардың клетка пішіні негізгі 3 құрылымнан тұрады:  протоплазматикалық  цилиндр (клетканың негізгі денесі), аксиальды жіп (тірек) және үш қабаттан құралған сыртқы қабықшадан тұрады. Клеткалары ширатылған, иілгіш келеді. Басым көпшілігі паразитті тіршілік етеді. Spirochaetae (спирохеталылар) класы 4 қатардан тұрады: SPIROCHAETALES (спирохеталылар), MYCOPLASMATALES (микоплазмалар),  Rickettsiales (рикетсиялар),  CHLAMYDIALES (хламидиялар).

 

Бергидің «Микроағзалардың анықтаушысы» еңбегінде (9 басылымында, 1984ж.) микроағзаларды үлкен таксондарға, яғни бөлімдер мен кластарға жасуша қабықшасы құрылысы бойынша біріктірген :

  1. Жұқа қабықшалы – Gracilicutes;
  2. Қалың қабықшалы – Firmicutes;
  3. Клетка қабықшасы болмайтын – Tenericutes;
  4. Клетка қабықшалпрында ақаулары бар -  Mendosicutes.

Осыған орай Берги  микроағзаларды 3 класқа топтастырды:

1-ші класс Бактериялар – хемоорганотрофтылар  – органикалық заттарды және  химиялық энергия көзін пайдаланатын микроағзалар;

2-ші класс Риккетсиялар –  жасанды қоректік орталарда өспейтін  клета ішінде тіршілік ететін  бактерия-паразит;

3-ші класс Микоплазмалар – клетка қабықшасы болмайды.

Бактериялар – хемоорганотрофтылар морфологиялық белгілері бойынша және Грам әдісі бойынша 4 морфо- және 2 хромотоптарға топтастырылған. Морфологиялық топтарды:  
           1. Эндоспоралар түзетін таяқшалар мен коккалар;

2.Спирохеталылар; 
3. Спираль тәрізді және ширатылған бактериялар (спирилла және вибрион); 
4. Актиномицеттер және оларға туыстық қатынасы бар бактериялар.

Хромотоптары ішінде гр(+) және гр(-)  аэробты бактериялар, факультативті-анаэробтылар және анаэробтылар болып жіктелінеді. Осы қасиеттеріне байланысты микроағзаларды:

  1. Коккалар – шар тәрізді бактериялар

А. Грам-положительные  кокки

14 группа. Грам-положительные  кокки

Аэробные       Micrococcus, Streptococcus Pediococcus, Leuconostoc, Staphylococcus

Анаэробные  Peptococcus, , Peptostreptococcus, Sarcina

Б. Грам-отрицательные кокки

10 группа. Грам-отрицательные  кокки и коккобациллы

Аэробные       Neisseria,Moraxella, Acinetobacter,Paracoccus, Lampropedia

11 группа. Грам-отрицательные кокки

Анаэробные   Veillonella,Acidaminococcus, Megasphaera

 

2. Таяқшалар – созылыңқы цилиндр тәрізді бактериялар

А. Грам-положительные бактерии

16 группа. Грам-положительные  палочки, не образующие споры

Аэробные Lactobacillus, Listeria, Erysipelothrix, Caryophanon

17 группа. Коринеформные бактерии и актиномицеты

Аэробные Corynebacterium, Arthrobacter, Brevibacterium, Cellulomonas, Rhodocccus, 

                   Propionibacterium, Eubacterium, Bifidobacterium, Mycobacterium, Nocardia

      Actinomyices, Franckia, Actinoplanes, Dermatophilus, Micromonospora, Microbispora,

                 Streptomyces, Streptosporangium

15 группа. Палочки и кокки, образующие эндоспоры

Аэробные         Bacillus, Sporolactobacillus, Sporosarcina, Thermoactinomyces

Анаэробные    Clostridium, Desulfotomaculum, Oscillospira

Б. Грам-отрицательные бактерии

7 группа. Грам-отрицательные  аэробные палочки и кокки

Аэробные Pseudomonas, Xanthomonas, Acetobacter, Zoogolea, Gluconobacter

       Azotomonas, Acetomonas, Aeromonas, Derxia, Rhizobium,  Agrobacterium,

       Alcaligenes,Brucella, Legionella, Thermus

12 группа. Грам-отрицательные аэробные хемолитотрофные бактерии

Аэробные   Nitrobacter, Nitrospina, Nitrococcus, Nitrosomonas, Nitrospira, Nitrosococcus,

                      Nitrosolobus

        Thiobacillus, Sulfolobus, Thiobacterium, Thiovulum

3 группа. Хламидобактериялар

Аэробные  Sphaerotilus, Leptotrix, Crenotrix, Thiothrix

8 группа. Грам-отрицательные  факультативно-анаэробные палочки

Факультативно-   Klebsiella, Proteus, Erwinia, Serratia, Salmonella, Shigella, Ehrlichia

анаэробные

                                 Yersinia

                                 Vibrio,Aeromonas, Photobacterium

9 группа. Грам-отрицательные анаэробные бактерии

Строго                   Bacteriodes, Fusobacterium, Leptotrichia

анаэробные

  13 группа. Метаноразующие и другие архебактерии

Строго                 Methanobacterium (Гр+) , Methanothermus (Гр+), Methanosarcina (Гр+),

анаэробные       Methanothrix, Methanococcus

Аэробные          Halobacterium, Halococcus(Гр+), Sulfolobus, Thermoplasma

Aнаэробные      Thermoproteus, Pyrodictium, Desulfurococcus

 

3. Ширатылған таяқшала немесе иілгіш клеткалар

6 группа. Грам-отрицательные  спиралевидные и изогнутые бактерии

Аэробные           Spirillum, Aqua spirillum, Azospirillum, Oceanospirillum, Campilobacter 

     Bdellovibrio,Microcyclus, Pelosigma

9 группа. Грам-отрицательные изогнутые анаэробные бактерии

Aнаэробные       Desulfovibrio

                              Succinivibrio, Butyrivibrio

                              Selemonas

                             Spirochaeta, Cristispira, Treponema, Borrelia, Leptospira

 

4. Үлкен ерекше топтар

2 группа. Скользящие бактерии (все грам-отрицательные) 

                         Myxococcus Angiococcus, Polyangium, Synangium, Меlittangium, Podangium,

                             Chondromyces

                             Cytopliaga, Sporocytophaga, Flexibacter

Группа 4.   Почкующиеся и  стебельковые бактерии Нyphomicrobium, Hyphomonas Caulobacter, Asticcacaulis, Planctomvces

А (Г + )-положительная окраска по Граму.

Ancalomicrobium,     Prosthecomicrobium,     Metallogenium, Blastobacter, Seliberia, Gallionella, Nevskia

Группа 18.    Облигатно-паразитические бактерии: риккетсии и хламидии

Rikkettsia, Coxiella, Chlamydia

Группа 19.    Группа микоплазмы (Mollicutes) Mycoplasma, Acholeplasma, Spiroplasma

А. Анаэробные аноксигенные фототрофные бактерии

Rhodospirillum, Rhodopseudomonas, Rhodomicrobium1 Chromatium,   Thiocystis,   Thiosarcina,   Thiocapsa,    Thio-spirillum,   Thiopedia,   Amoebobacter,   Ectothiorhodospira, Lamprocystis, Thiodictyon, Chlorobium, Prosthecochloris, Pelodictyon, Chloroherpeton Chlorqflexus

Группа 20. Аэробные, оксигенные фототрофные бактерии: цианобактерии (сине-зеленые водоросли)

Synechococcus, Gloeocapsa, Gloeothece, Gloeobacter Pleurocapsa, Dermocarpa, Myxosarcina Oscillatoria, Spirulina,  Lyngbya, Phormidium,  Plectonema Anabaena, Nostoc, Calothrix, Fischerella

 

Прокариотты ағзалардың топтарына сипаттама.

1 топ. Спирохиттер. Spirochaetalec –тер қатарына кіреді. Олар спираль формалы бір клеткалы, өзінің жеке морфологиялық ерекшеліктері бар қозғалуға қабілетті клетка. Клетканың ұзындығы бөлігі 5 тен 250мкм қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді. Клеткалары протоплазмалық цилиндр, ұзынша жіпшелер және сыртқы қабықшадан тұрады. Қабықшасы жұқа және созылмалы болып келеді. Өзінше қозғалуға қабілетті. Бұл топқа жататындар оттегімен қоректенеді. Грамтеріс. Олардың арасында аэробтылар бар. Олардың ішінде өз бетінше қозғала алатындарыда болады. Тұзды және тұщы суларында құрамы Н2S бар жерлерде кездеседі. Патогендердің кейбір түрлері Treponema pallidum – сифилисті қоздырғыш болып табылады. Borrelia recurrentis – тифтің қоздырғышы. 

2 топ. Аэробты, спиральді қозғалғыш немесе иілгіш грам теріс бактериялар. Прокариоттар осы топтағы қатаң клетка қабықшадан тұрады. Клетка формасын өзгертпейді. Олардың қозғалысы бір немесе бірнеше талшықтардан құралады. Хемоорганотрофтар қоректенетін заттары арқылы бір-бірінен ажыратуға болады. Spirillum  тұқымдастары тұрып қалған лас суларда, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының арасында кездеседі. Олардың арасында паразиттер болады.

3 топ. Қозғалмайтын грам теріс иілгіш бактериялар. Бұған Spiromonaceae тұқымдастары жатады, олар аэробты. Клеткалары әртүрлі формада болады.

4 топ. Грам теріс аэробты таяқшалар және коктар. Бұл топтың 8 тұқымдастары бар. Pseudomonadaceace тұқымдастарына жататын жекеленген түзу немесе иілген қозғалғыш таяқшалар болып келеді. Олар қармалаушылары арқылы қозғалады. Бұл топтағы клеткалар өзіне энергияны оттегінің қышқылдануынан немесе көмірқышқыл газынан алады.

5 топ. Факультативтік анаэробты грам теріс таяқшалар. Бұлар 3 тұқымдастардан тұрады: Enterobacteriaceae, Vibrionaceae мен Pasteurellaceae. Бірінші тұқымдасқа қозғалатын немесе қозғалмайтын таяқшалардан тұрады. Кейбіреулері капсула құрайды. Хемоорганогетеротрофтар. Энергияны тыныс алудан немесе ашудан алады. Бұл тұқымдастар табиғатта көптеп кездеседі. Олар топырақта, теңіз суларында, тұщы суларда кездеседі. Өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтарында, адамдардың ішегінде, жануарлардың көптеген түрлерінде, құстар мен балықтарда болады.

6 топ. Анаэробты грам теріс тік, иілгіш немесе спиральды таяқшалар. Негізінен таксономиялық топтың тұқымдасы Bacteroidaceae. Бұл таяқшалар түзеткіш формалы қозғалатын немесе қозғалмайтын клетка. Хемоорганотрофтар. Олар адамдардың және жануарлардың ішектерінде, жәндіктердің асқорыту мүшелерінде кездеседі. Бұл патогендердің кейбір түрлері теріге әсер етеді.

7 топ. Диссимиляциялық күкірт пен сульфатты қалпына келтіруші бактериялар. Бұл топтағы эубактериялар әртүрлі морфологиялық біртектес құрамда болады. Грам теріс қалыпты анаэробты акцептордың сапасы электрондық молекулалық күкірт H2S. Кейбір түрлері ашуға бейім, олардың арасында азотфиксаторлар бар.

8 топ. Анаэробты грам теріс коктар. Veillonellaceae бір тұқымдасы болады. Коктар бір-бірімен байланыста тұрады. Хемоорганогетеротрофтар қомағай. Бұл топтар жылы қанды жануарлардың денесінде болады. Асқорыту мүшелерінде, ауыз қуысында, адамдар мен жануарлардың тыныс алу мүшелерінде болады.

9 топ. Риккетсия мен хламидия. Бұл топтың екі түрі бар. Rickettsiales және  Chlamydiales. Бірінші топтағы бактерияның негізгі белгілері: племорфты, қозғалмайтын грам теріс эубактериялық клеткалық қабықшалар, ішкі клеткалардың бөліну арқылы көбейеді. Олар ауру ұлпаларда, омыртқы клеткасында кездеседі.

Информация о работе "Микробиология негіздері" пәнінен лекциялар жинағы