Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 08:43, реферат
Қазіргі уақытта Білім және Ғылым министрлігінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде білім беру мәселелері қоғамның басты назарына алынып отыр. білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі биыл 899 миллиард теңгені, яғни ішкі жалпы өнімнің 4,2 пайызын құрап отыр. Бұл - дамыған алдыңғы қатарлы елдердің көрсеткіштеріне сай. Білім беруді қаржыландыру үлесін арттырудың жағымды тенденциясы байқалуда. Мысалы, 2005 жылы интерактивті режимде жабдықталған мектептер мүлде болмаса, 2011 жылдың 1 тамызында олардың саны 3571 және 2059 бірлікті құрап отыр.
Құзырлы маман даярлау - білім беру жүйесін модернизациялау кепілі
Қазіргі уақытта Білім және Ғылым министрлігінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде білім беру мәселелері қоғамның басты назарына алынып отыр. білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі биыл 899 миллиард теңгені, яғни ішкі жалпы өнімнің 4,2 пайызын құрап отыр. Бұл - дамыған алдыңғы қатарлы елдердің көрсеткіштеріне сай. Білім беруді қаржыландыру үлесін арттырудың жағымды тенденциясы байқалуда. Мысалы, 2005 жылы интерактивті режимде жабдықталған мектептер мүлде болмаса, 2011 жылдың 1 тамызында олардың саны 3571 және 2059 бірлікті құрап отыр.
Жуық арада үкімет «Білікті ұстаз - сапалы білім кепілі» бағдарламасын талқылап, бекітті. Осы инновациялық жобаны жүзеге асыруда педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Бұл - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын жетілдіру; ЖОО-ның материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін жоғары деңгейге көтеру; педагогикалық мамандыққа деген көзқарасты өзгерту, педагогикалық ЖОО түлектерін мамандығы бойынша жұмысқа ынталандыру; талапкерлерді қабылдауға қойылатын талаптарды күшейту; педагог мәртебесін көтеру, педагогикалық практиканы жетілдіру және т.б. болып табылады.
Қазіргі кезеңде үш сатылы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа бағыт, жаңа мазмұн беру жұмыстары қолға алына бастады. Жуық арада «Педагогтардың біліктілігін арттырудың Ұлттық орталығы» (ПБА ҰО) холдингі құрылатын болады. Алдағы уақытта кадрларды қайта даярлау Қазақстанның жетекші педагогикалық ЖОО-ның жанындағы 5 біліктілікті арттыру орталықтары мен оларға бекітілген эксперименттік тірек мектептерінде жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық ЖОО-ның алдында тұрған басты мақсат - білім беру жүйесіне жаңа мазмұн беріп, білім сапасын көтеру.
Егер бүгінгі күнге дейін педагогикалық кадрлар республиканың 89 жоғары оқу орындарында даярланса, биылғы оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігінің жүйелі жұмысының нәтижесінде олардың саны 43-ке - дейін қысқарды, олардың 34-і - мемлекеттік, 10-ы жекеменшік жоғары оқу орындары. Қазіргі таңда педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында 106 000 студент білім алуда. Осыған орай аймақтық және республика деңгейінде педагог кадрларды даярлаудағы сұраныс қысқа мерзімде анықталуы қажет. Сонымен бірге педагог кадрларды даярлау оқу орындарының бейіндік бағыттарында ғана жүргізілуі тиіс.
ТарМПИ-де педагогика ғылымдарының көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. ТарМПИ-дің ғалым-ұстаздары, жетекші мамандары стратегиялық маңызы бар мемлекеттік құжаттарды даярлауға өз үлестерін қосуда.
Педагогикалық жоғары оқу орындарына, оның ішінде ТарМПИ-ге де талапкерлерді қабылдау «қалдық» принципі бойынша жүргізіледі деген сын тағылса, соңғы кезде бұл жағдай өзгере бастады. Мысалы, 2011 жылы институтқа тұңғыш рет 2 «Алтын белгі» иегері қабылданды. Сонымен бірге, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қазақ бөліміне 1 орынға 6 талапкерден, орыс бөлімінде 3 талапкерден келді. Мемлекеттік грант негізінде түскен студенттердің орта балы - 80, ақылы негізде - 70 балды құрады. Бұл - соңғы екі жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Яғни педагог мамандығы мәртебесінің көтерілу тенденциясы байқалып отыр. Дегенмен шешімін таппаған проблемалар да жеткілікті.
Қазіргі қолданыстағы 11 жылдық білім стандартының сапасына қатысты үлкен сыни көзқарастар айтылуда, соңғы 8 жылда көптеген сәйкессіздіктер айқындалды. Атап айтқанда, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын құрастыруда құзырлық қатынастың талаптары есепке алынбай отыр. Сол себепті ТарМПИ профессор-оқытушылар құрамы болашақ мұғалімдердің бойында құзырлылық қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін төмендегідей элективті курстар енгізді:
- «12 жылдық мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясы мен технологиясы»;
- «Жаңа тұрпатты мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері»;
- «12 жылдық мектепте бейінді-бағдарлы оқыту негіздері»;
- «Мамандықтың бейінді-бағдарлы оқыту курсы».
Педагогикалық мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына да үлкен өзгерістер енгізілді. 2011-2012 оқу жылының типтік оқу жоспарларыңда элективті курстардың үлес салмағы пәндерді оқыту блоктары бойынша өзгерді: БП - 20-дан 40 кредитке; БП - 16-дан 27 кредитке өсті. Жалпы алғанда, элективті пәндер 71 кредитке немесе 55% артты. Бұл өз кезегінде жоғары білікті педагог кадрларды дайындау үрдісінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Біз жалпы білім беретін орта мектептерге (негізгі және бейінді мектеп) болашақ мұғалімдерді даярлауда білім мазмұнын деңгей бойынша саралаудың әдістемелік жүйесін ұсынамыз.
Бүгінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты шағын жинақталған мектептердегі (ШЖМ) білім сапасын қамтамасыз ету мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр, олар республикадағы мектептердің 56,2%, оның ішінде ауыл мектептерінің 69% құрайды. Педагогикалық ЖОО алдында ШЖМ-де педагогикалық практиканы ұйымдастырудың және өткізудің тиімді жолдарын шешу, студенттердің түрлі жас кезеңіндегі балалармен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан алдағы уақытта әрбір студент институтқа қабылданғаннан бастап ЖОО-мектеп-студент арасындағы үш жақты келісімшарт есебінен міндетті түрде бір мектепке бекітілетін болады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңінде жоғары оқу орнында білім берудің «білімділік» моделінен «құзіреттілік» моделіне көшудің жүзеге аспай отырғандығы шындық болып отыр. Жұмыс берушілер жоғары оқу орны түлектерінің институт қабырғасында алған теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетпен ұштастыра алмайтындығы баса айтылып жүр. Осыған орай, педагог кадрларды даярлау мазмұнын жаңартуға болашақ мамандардың педагогикалық практика мерзімін арттыруға ерекше мән берілуде. 2011 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Бакалавриат. Негізгі ережелер. 5.04.019-2011» педагогикалық практиканың үлесі 12-ден 20 кредитке ұлғайған. Алайда шетелдік тәжірибеге сүйенсек, педагогикалық практикаға бөлінген сағат санын әлі де ұлғайтқан жөн. Мысалы, АҚШ-та кәсіби педагогтарды даярлаудағы практиканың үлесі барлық оқу жүктемесінің 50 пайызын құрайды.
Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие жүйесіне басымдылық беру қажет, атап айтсақ, әрбір білім алушының жеке басына құрметпен қарау, болашақ маманның қазіргі және болашақ өмірін болжай және өмірлік жоспарын құра білуі, таңдаған мамандығы бойынша қызметте өсуіне педагогикалық қолдау көрсету және т.б.
Жоғары білім берудің мақсаты болашақ маманды кәсіби іс-әрекетке даярлау, бейімдеу ғана емес, құзырлы маман тәрбиелеп шығару болуы тиіс. Осыған сәйкес кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуде оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Әр кезең өзінің жеке тұғырлы міндеттерін шешуге тиіс.
Қазіргі кезеңде республикадағы қалыптасқан педагогикалық кадрларды даярлау жүйесі жаңа мазмұнда құрылуы қажет. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жоғары оқу орнында педагог мамандарды даярлаудың жаңа құрылымын ұсынады: бакалавриат (4 жыл, 128 кредит); интернатура (1 жыл); білім беру жүйесіндегі педагогикалық іс-әрекет (1 жыл). Болашақ педагогтарды дайындаудың жаңа құрылымы педагогикалық дайындық мазмұнын сапалық деңгейде өзгерту және оны жүзеге асырудың нормативті талаптарын бекітеді. Ұсынылған жоба жаңа мазмұнды және мұғалімнің әдістемелік өсу деңгейінің кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір кезеңде болашақ маман көлемі мен мазмұны бойынша біліктілік талаптарына сәйкес кредиттерді жинақтайды.
Жалпы білім беретін мекемелерде бәсекеге қабілетті, құзіретті, мамандар жұмыс жасауы тиіс. Сондықтан сырттай білім беру жүйесі бойынша педагогикалық кадрларды дайындау бүгінгі күннің талаптарын қанағаттандыра алмайтындығын атап өту қажет.
Құзіретті мамандарды дайындау 1-ші Республикалық педагогикалық форумның өзекті мәселесі ретінде қаралды, онда жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы тәрбиесінің рөлі, ата-аналармен ынтымақтастық байланыс орнату мәселелерін шешу жолдары және т.б. қарастырылды. Институт білім беру үрдісін модернизациялаудың Аймақтық ресурстық орталығының инновациялық жобасын әзірледі. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім беру ұйымы қоғамның тікелей қатысуымен әлеуметтік серіктестіктің тиімді формаларын қолданып, дамытуы тиіс.
Мектеп, отбасы және жоғары оқу орны қарым-қатынасында келесі өзекті мәселелер орын алып отыр:
біріншіден, отбасы, мектеп және жоғары оқу орнында білім беру тек тәрбиелік қажеттілік емес, қоғамдық институттардың тәрбие үрдісіндегі бірлескен қызметін қажет ететін әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылуы тиіс;
екіншіден, қазіргі кезеңде отбасылық қатынастардың деформациялануы орын алуда: балалардың ата-аналардан алшақтауы белең алуда. Педагогикалық ЖОО ректоры ретінде мен осы көтерілген мәселелердің ең басты себебі педагогтардың бала тәрбиесінен гөрі, білім беру қызметіне көп көңіл бөлетіндігін атап өткім келеді;
үшіншіден, мектеп ұжымы педагог қызметіне икемділігі бар бітірушіге арнайы ұсыныс-негіздеме беріп, оның ЖОО-ға қабылдау барысында ескеру керек. Мұнда ата-анамен қатар, болашақ ұстаз даярлаудың маңыздылығы артады. Ал педагогикалық мамандықтар бойынша бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттауда жалпы білім орта мектептің тәжірибелі мұғалімдері мен басшыларын қатыстыра отырып, біліктілік талаптарын анықтауды дұрыс деп санаймыз.
Шын мәнінде, педагогтардың қазіргі кезеңдегі негізгі міндеті - ата-аналармен қарым-қатынасты ұйымдастыруда отбасының тәрбиелік әлеуетін дамыту, оған мақсатты, қоғамдық сипат беру.
Баланың тұлғалық дамуындағы отбасы мен мектептің нақты әрекеттері қандай болуы керек? Мектеп ата-аналармен педагогикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыра отырып, оқушылармен практикалық іс-әрекет пен тәрбие берудің теориялық негіздерімен үнемі таныстырып отыруы тиіс. Ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне белсене араласуын және олардың педагогикалық білімдерін өз бетінше көтеруіне жағымды ықпал ету, озат педагогикалық тәжірибелермен және отбасы тәрбиесінің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыруды жүйелеу қажет.
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;
- болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастыру;
- студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелеу;
- педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру;
- балаларды, олардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу әдістерін меңгеру.
Педагогикалық іс-тәжірибе төмендегідей біліктерді меңгеруге негіз болуы қажет:
- ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу;
- педагогикалық іс-әрекетті ағымдық және перспективті жоспарлау, әрі жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
- әдістемелік әдебиетпен, мектеп оқулықтары және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шығармашылықпен материал таңдау, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау;
- оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;
- оқушының даму деңгейіне диагностика жасау;
- өз іс-әрекетінің қорытындысын өзіндік талдауды жүзеге асыру;
- сыныптаға өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;
- сыныптағы редколлегия жұмысына жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т.б. өңдеу );
- экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу;
- балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру;
- оқушылардың күнделіктерін тексеру;
- үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу;
- жеке ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;
- қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік-өлкетанушылық);
- балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау;
- мұғалімдермен, дотарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс.Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие.
Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.
Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);
2) ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);
3) бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);
4) оқу-тәрбие практикасы (4-курс). Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.