Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 21:10, курсовая работа
Республиканың архив жүйелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, архив ісін дамыту,
келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне баяндалды. Осы мәселе Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Білім, мәдениет, денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет орындарының архив ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі архивтердің нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді.
Комиссия қурамына төмендегі өкілдер енді.
Барлық аудандарда комиссиялар құрылып, тәркілеу жумыстарын жүргізген. Мысалы, Новобогат ауданы бойынша құрылган комиссия құрамына назар аударсақ:
Карпықов - округ Атқару комитетінің өкілі, БКП(б) мүшесі; Дүйсекешев - аудандық Атқару комитетінен өкіл; Богаудинов - «Қосшы» одагынан екіл; Омаралиев - «Қосшы» одағынан өкіл; Т. Алдонғаров- аудандықжер белімінен, партияда жоқ; Шалқаров - қаржы бөлімінен, БКП(б) мүшесі [3],
Құрылған
комиссиялар аудандар аумағындағы ірі
байларды тәркілеу жұмысына катынасып,
ауылдарда түсінік, үгіт - насихат жұмыстарын
жүргізді.
|
Алғашқы
бекітілген тізімнен төмендегі бай шаруашылықтары
алынып тасталған,
|
Байларды тәркілеу жұмысы әр ауданда жүргізіліп, жиындар өткізіліп, байлардың іс-әрекеттері осы жиындарда әшкерленді. Новобогат ауылында Жармағамбетов Ерғалидің (ақын Хамит Ерғалиевтің әкөсі) мал-мүлкін тәркілеу барысында өткен жиында кедей Жақып Жантазиев сөйлеген сөзінде «Бай Е.Жармағамбетов 1916 жылы старшын болып турған кезінде өзін тылдың қара жұмысына тіркеу тізіміне жазғанын және одан бір өгіз, 5 руб. ақша беріп және бір мая шөпті алғанын, яғни пара беріп қалғанын» баяндай келіп, тап жау ретінде тәркілеуді ұсынған. Оны орташа Бекмұхамедовте қолдаған [6].
Қаңбақты ауылында Исмағұлов Смадьяр атты байдың дүниесін тәркілеу барысында Де-мен Көпбусынов 1916 жылы патша үкіметі органдарына қазақ жігіттерін тыл жұмысына алуға көмектескенін және Уақытша үкімет органдарына материалдық көмек көрсеткенін айтқан.
Байдың бақташысы Сундет Алдабергеновтың аяғы үсіп, мүгедек болып қалған кезде ем-делу үшін көмек сұраған тұста, Смадьяр Исмағұловтың сабағанын жеткізе отырып, өзінің малый Дауытов дегеннің атына жазғанын және бөлшектеп таратқанын, салықтан жалтарғанын, тәркілеуден 95 қойын жасырғанын жиын барысында хабардар еткен[7]. Барлық аудандарда байлардың мал - мүлкін тәркілеу барысында жиындар өткізіліп, кедейлер тарапынан қолдау тапқанын мұрагат құжаттары нақтылай түседі.
Дегенмен де байларды тәркілеуді бүкіл халық қолдады десек артық айтқандық болар еді. Оның мысалы ретінде мына бір деректерге сүйенсек те болады.
Теңіз ауданында 28 қыркүйек күні еткен жалпы жұмысшылардың жиынында №30 мемлекеттік балық трестінің есепшісі Аполихин комиссия өкілдерінің жұмыстарын тонаушылық деп бағалап, жұмысшылар мен кедейлерді тәркілеуге қарсы болуға ашық шакырған. Кейін ол жауапқа тартылған.
Новобогат ауданы Бегайдар ауылында жергілікті тұрғындар бай Жанғожин Жұмағалиді қорғап сөйлеп, елді бандылардан қорғаганын алға тартып тәркілеуге қарсылықтарын білдірген болса, ал Бисалиев Арыстанғалиді 67 адам қол қойып ұйымшылдықпен қорғағанын байқаймыз.
Байларды тәркілеу үлкен зұлымдықпен аяусыз жүргізілді. Бір өкініштісі байлардың қатарына солақай саясаттың нәтижесінде көптеген орта шаруалар да қосылып кетіп тәркілеуге ұшырады. Бірақ тәркілеуге мойын ұсынбай қарсылық көрсетушілер де табылды. Мысалы, Теңіз ауданында Құсайын Танашев бой тасаламақшы болған тұста, ұсталса, ал Қайырлы Құрманбаев бой тасалап үлгеріп, Москваға барып Бүкілодақтық староста М.И. Калининнің қабылдауында болғанымен, оң шешім таба алмаған ол елге қайта оралып аудандық комиссияга өз еркімен келіп, берілген. Новобогат ауданы бойынша Қаңбақты ауылдық Кеңесінің төрағасы Ықыласов пен аудандық комиссияның өкілі Т, Алдоңғаровтар (Атырау өңіріне Банды атанған Аманғали Кенжеғалиевтің қайынағасы) байлар С.Исмағұлов және М. Омаровтың малдарын әдейі таратқандары үшін істері сотқа беріліп, қызметтерінен шеттетілген [8]. Сөйтіп өлкемізде байларды тәркілеудің нәтижесінде ата қонысынан 24 байдың 20-сы Петропавлскіге, Қазақстан территориясынан тысқары жерге - 3, округ аймағынан тыс жерге тұрғылықты жерді таңдау құқығымен - 1 адам жер аударылды. Қазақстан аймағынан тыс жерге Теңіз ауданының тәркілеуге ұшыраған байлары Қ. Танашев, Қ, Құрманбаев жөне Қызылқоға ауданынан Ж. Жұлдызов айдалды. Сонымен қатар әкімшілік күштеу арқылы Новобогат ауданының байлары М. Омаров және С. Исмағұловтар жер аударылды [9].
Жер аударылған байлардың жанұясынан 10 әйел өз арыздары арқылы ажырасқаны, Азаматтық хал актілерін тіркеу (ЗАГС) органымен ресми түрде құжатталды [10]. Атырау өлкесі бойынша тәркілеуден түскен малдар есебінен 24 колхоз ұйымдастырылды. Ал айда байлардың алдымен жерін, одан соң малы мен ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын тартып алу тиісті нәтиже бермеді. керісінше кедей шаруашылықтарын нығайту ісі ұзаққа созылып кетті. Байлардың мүлкін тәркілеу барысында көптеген жағдайларда адам құқы мен заңдылықтың бұзылуына жол берілді.
Ел
жадында кәмпеске деген тарихи оқиғамен
есте қалған шара өлкемізде осылайша жүргізіліп
тарих шежіресінің сарғайған беттеріне
айналды.
2.2. Іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісінде құжаттар құндылығын сараптау
Белгілі бір тарихи кезеңдегі қоғам дамуын жан-жақты сипаттайтын толыққанды дереккөздік базалар калыптастыру, өз кезегінде мұрағатта сақталатын құжаттардың құндылығын сараптау және оларды іріктеу, қажет еместерін жою, мұрағат қорларын толыктыру ісі бүкіл дүние жүзінде мемлекеттік мұрағаттар мен мұрағатшылар құзырындагы жұмыс деп танылады. Бұл міндеттер олардан жоғары кәсіби біліктілікті, мейлінше объективтілікті талал етеді. Мұрағатшылардың осы талаптарға сай жұмыс жүргізуіне саясат та, идеология да, дін де, экономикалық жағдайлар мен субъективтік факгорлар ешбір ықпал жасамауы тиіс',
Құжаттар құндылығына сараптама жасау, оларды іріктеу арқылы мұрағатшылар өзіндік сипаттағы «тарих модельерлері» қызметін атқармақ. Қызмет бабы барысында олар қор түзушілермен, сараптамашылармен және қоғамдық ұйымдармен жұмысты бірлесіп атқаратын болса да, мұра-құжаттар тағдыры туралы түпкілікті шешімді мұрағатшылар қабылдайды Сондықтан бұл міндет тек құндылық сараптамасына негізделуі тиіс. Оның әдістемелері іріктеу. жоюға бөлу, сондай-ақ сараптау өлшемдері мен принциптері ескеріле отырып жасалуы шарт.
Құжаттар құндылығына сараптама жасау теориясы, кезкелген өзге "де ғылыми теориялар сияқты қоғамның даму заңдылықтарымен байланысты және таным объектісін, құбылысты, фактіні ойша қайта конструкциялаудан басталады. Сараптама кезінде құжаттарды бағалау мен оларды іріктеуге өзіндік ықпал ететін мынадай факторлардың мәні зор:
- экономика мен басқару ісіндегі өзгерістер (экономикалық
формацияның, саяси құрылыстың өзгеруі};
- құжаттаудағы өзгерістер (кұжаттар сапасының арттырылуы және жаңа түрлерінің пайда болуы, құжаттарды типтік басқару функцияларына ыңғайластыру, құжат түзуде электрондық-есептеу техникаларын қолдану, автоматтандырылған жүйе базасында құжаттар топтамасын әзірлеу. басқару ісінде қағазсыз байланыстың дамуы);
- салада құжаттық ақпараттарды пайдалану сипатының өзгеруі (пайдаланудағы көп аспектіліктің туындауы және оның идеологиясыздандырылуы
Құжаттар құндылығына сараптама жасаудың мәні
Қазіргі заманғы мұрағаттану теориясында «құжаттар құндылығын сараптама жасау» термині кұжаттардың тарихи, ғылыми, мәдени эстетикалық мәніне немесе өзге де сипаты мен маңызына байланысты құндылығын анықтау жоне сақталу мерзімін белгілеу тәсілі (әдісі) ретінде ұғынылады. Бул орайда жүргізілетін сараптамада құжаттар құндылыгының объективті кәсіби принциптері мен критерийлері негізге алынады. Сондай ақ, құжаттарды іріктеу мақсатында жасалған қор түзушілер мен олардың құжаттарына және нормативтік-әдістемелік құралдарына (тізбелер, тізім дер. каталогтар) фуккционалдық сараптама нәтижелері ескеріледі,
Қужаттар құндылығына жасалған сараптамалар олардың дөреккөздік: бағалары да болып табылады. Мұрағаттарды толықканды құжаттармен молықтыру және тарих ғылымы мен өзге де ілім-білім салаларының:. дереккездік базасын - Қазақстан Республикасы ¥лттық Мұрағат қорын қалыптастыру ісі осы бағалаулар нәтижесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттардың
ақпарат көзі ретіндегі құндылығы
әртүрлі сипатта| болатындықтан да бағалау
сараптамасы қажет. Бір құжаттар қоғамның
са- яси, ғылыми және мәдени өмірі туралы.
экономиканың дамуы. мемлекеттік аппараттың
жұмысы т.б. жайлы құнды акпараттарды қамтиды.
Олар ілім-білім мен мемлекеттік және
қоғамдық өмір салаларын зерттеуде дереккездік
қызмет атқара алады, Енді бір құжаттардың
ақпараттық мәні тар өpic аясынан аса алмайды.
¥йымдық, әкімшілік және шаруашылық мәселелерін
ғана,-сипаттауга арналған мұндай құжаттар
тек белгілі бір мекеменің қапыпты| қызметін
қамтамасыз ету кұралы ғана болып табылады.
Ондай құжаттардың ғылыми зерттеу дереккездері
ретіндегі рөлі жоққа тән. Түзілген сәттің
артынша-ақ өз мәнін жоятын құжаттар да
болады.
Қорытынды
Қазақстандағы мұрағат ісін дамытудың, жағдайы мен перспективалары әлі күнге дейін өзекті мәселеле ретінде қарастырылуда. Саланың қазіргі жағдайы жетілдіруді қажет етеді, мемлекеттік мұрағаттардың инфрақұрылымы қайта құрылып, халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкестендірілуі керек. Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың материалдық-техникалық базасы, деректі мұраларды ұзақ мерзімді сақтауды, азаматтарға, қоғамдық және мемлекеттік мекемелерге ретроспек-тивтік ақпаратты жедел табу мен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық-есептегіш машиналар қажет.
Информация о работе Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі