Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание

Республиканың архив жүйелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, архив ісін дамыту,
келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне баяндалды. Осы мәселе Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Білім, мәдениет, денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет орындарының архив ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі архивтердің нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының мұрағатының жүйесі.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

   Қазіргі заманғы мұрағаттану теориясында «құжаттар құндылығын сараптама жасау» термині құжаттардың тарихи, ғылыми, мәдени эстетикалық мәніне немесе өзге де сипаты мен маңызына байланы құндылығын анықтау жоне сақталу мерзімін белгілеу тәсілі ретінде ұғынылады. Бұл орайда жүргізілетін сараптамада құжаттар құндылығының объективті кәсіби принциптері мен критерийлері негізге алынады. Сондай ақ, кұжаттарды іріктеу мақсатында жасалған қор тузушілер мен олардың құжаттарына және нормативтік-әдістемелік құралдарына (тізбелер, тізім дер. каталогтар) функционалдық сараптама нәтижелері ескеріледі,

  Құжаттар құндылығына жасалған сараптамалар олардың дөреккөздік: бағалары да болып табылады. Мұрағаттарды толықканды құжаттармен молықтыру және тарих ғылымы мен өзге де ілім-білім салаларының дереккездік базасын - Қазақстан Реслубликасы ¥лттық Мұрағат қорын қалыптастыру ісі осы бағалаулар нәтижесіне сәйкес жүзеге асырылады.

  Құжаттардың ақпараг  көзі  ретіндегі  құндылығы әртүрлі сипатта| болатындықтан да бағалау сараптамасы қажет. Бір құжаттар қоғамның сая- си, ғылыми және мәдени өмірі туралы. экономиканың дамуы, мемлекеттік аппараттың жұмысы т.б. жайлы құнды акпараттарды қамтиды. Олар ілім-бі-лім мен мемлекеттік және қоғамдық өмір салаларын зерттеуде дереккездік қызмет атқара алады, Енді бір құжаттардың ақпараттық мәні тар өpic аясынан аса алмайды. ¥йымдық, әкімшілік және шаруашылық мәселелерін ғана,-сипаттауга арналған мүндай құжаттар тек белгілі бір мекеменің қапыпты| қызметін қамтамасыз ету кұралы ғана болып табылады. Ондай құжаттардың ғылыми зерттеу дереккездері ретіндегі рөлі жоққа тән. Түзілген сәттің артынша-ақ өз мәнін жоятын құжаттар да болады.

    50 жылдардың екінші жартысында мұрағат істерін жетілдіру мақсатында мұрағат қорлары туралы жаңа Ереже қабылданды.

  1960 жылдары мұрағат жүйесі ерекше қарқынмен дамыды.Мұрағаттардың қоғамдағы рольі күшейді.Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты ошағына айналды.

  1966 жылдың ақпанында «Советские архивы» журналының алғашқы саны жарық көрді.

  1966 жылдың 2 наурыз күні КСРО Үкіметінің шешімімен Бүкіл-Одақтық іс жүргізу және мұрағат ісі ғылыми-зерттеу институты (ВНИИДАД ) құрылды.

  Кеңес одағында 557 мемлекеттік мұрағат,11 КСРО орталық мемлекеттік мұрағаты,45 одақтас республикалардың орталық мемлекеттік мұрағаты және ұлттық округтердің мемлекеттік мұрағаты қоғамға жан-жақты қызмет етті.Өкінішке орай,40 мемлекеттік мұрағатта тарихи құжаттардың сақтандыру көшірмесі жүргізілмеді.Бұндай өткір мәселе ҚР мұрағаттарында да байқалды.Оның басты себебі өндірістік-материалдық базаның жасақталмауынан орын алды.

   Сонымен,осы курстық жұмысты қорытындылай келе Қазақстан Республикасында біртұтас мұрағат жүйесінің қалыптасу және дамып,өркендеу кезеңдерінің өзіндік ерекшелктерінің  болғандығын байқаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Қолданылған әдебиеттер

  1.Әбжанов Х. Мұрағат деректері және ұлттық идея.//Қазақстан мұрағаттары.-№4.-2008.

  2.Мұсағалиева А. Қазақстан мұрағаттары-кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі.//Қазақстан мұрағаттары.-№3.-2009.

  3.Ахмет А.КСРО-дағы мұрағат ісі тарихының даму кезеңдері туралы.//Саясат.-№6.-2007.

  4.Ахмет А.Құжаттар айғақтайды.//Қазақстан мұрағаттары.-№4.-2006.

  5.Әбдіқадырова Д. Мұрағат ісінде құжаттар құндылығын сараптау.//Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу.-№9.-2009.

  6.Жукова М.П .Теориялық-әдістемелік аспект.Қазіргі кезеңдегі мұрағаттар жүйесі//.-Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу.-№6.-2005.

  7.Ермеков К.Ә. Деректану және тарихнама:Зерттеулер,ізденістер//.-Алматы:Дәуір,1999.№5.

  8.Жазықбаев Д.Мемлекеттік мұрағаттың қазіргі жағдайы//Егемен Қазақстан.-2004.-№16.-3-4 беттер.

  9.Дегенбаев Б.Тарих және мұрағат.//Ақиқат.-№4.-1999 ж.

  10.Бекболсынова Р.Мұрағат құжаттарын зерделеу және сараптау.//Қазақстан мұрағаттары.-2001.-№2.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі