Кемірушілер отряды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:20, курсовая работа

Описание

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Содержание

I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Работа состоит из  1 файл

Дип.-безгек-паразитті-мен-поземаның-дамуы-жағдайы.doc

— 1.94 Мб (Скачать документ)

Насекомқоректі жануарлар  отрядының салпаң құлақ түрі кірпі, европалық түріне қарағанда кішкене болып келеді және ол құрғақ, ыстық климатқа тез бейімделіп ауылшаруашылық зиянкестер личинкаларымен, маллюскалармен, ұсақ кеміргіштермен, кейде тіпті жыландармен қоректенеді.

Қос қанаттылар отрядын оқуда жарғанат және жирен вечерница мысал ретінде алынады. Жарғанаттар зиян насекомдарды көп мөлшерде жойып, пайда келтіреді.

Кеміргіштер отряды шөл, шөлейт және оазистерге бейімделген әр түрлі өкілдерге бай.

Табиғат жағдайына байланысты мынандай әр түрлі кеміргіштер болады, қосаяқ, құмтышқан, сарышұнақ, жайра т. б. Бұл кеміргіштер ауылшаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіреді, кей түрлері /тышқан, сарышүнақ, атжалман/ инфекциялық ауру таратады.

Коян тәріздестер отрядының  біздің республикамызда кездесетін құм қоян сәндік өсімдіктер плантациясына едәуір зиян келтіреді.

Құм коян ыстық климатқа бейімделген, жүні сұрғылт, артқы аяқтары ұзын, сақ құлақ болып келеді.

Жыртқыштар отрядының  өкілдерін де қоршаған ортаға бейімделген  ерекшеліктері бар.

Мысық тұқымдастарына тоқталу кезінде, биік тауларды мекендейтін күшті де ширақ тау барысына, шөлейтті жерлерде кездесетін; құм паранасына түсінік беріледі.

Жергілікті жануарлар әлемінен өкілдер төбет тұқымдастары шөл қасқыры, шие бөрі және терісі орташа бағалы қағанға түлкісі жайлы айтылады.

Тау етектерінде, алша жемісі, жанғақ ормандарында кездесетін ақтырнақ, аю тұқымдасы Сібір, аюына қарағанда кішкене болып келеді.

Жабайы аша тұлқтылар өкілі. Қызыл кітапқа енген жейран және әдемі де шапшаң жабайы елік жайлы оқушыларға айтып өту маңызды. Сонымен бірге бұранда мүйізді және орта ариялық арқарлар жайлы мәлімдеу оқушылар қызығушылығын арттырады.

Жергілікті қаракөл, қазақы қойларымен ірі қара мал тұқымына көңіл бөлу қажет.

Тақ тұяқтылар отрядына жататын, үй жануарлары есек пен ат шөл жерлерге, және оның аз мөлшердегі өсімдіктеріне бейімделгендіктен еліміздің шаруашылығында көп пайдаланады.

Біздің Республикамызда, ұзақ уақыт бойы сусыз, қорексіз түйелер көлік - арба транспорты ретінде қолданылады.

Оның арқасындағы еркеш, шөлейт жердегі өмірге бейімделген, май қоры болып табылады.

Сүт қоректілер маңызды  мен пайдалы жануарларды қорғау тақырыбын өту кезінде, оқытушы  Сырдария өзені атырауларын мекендейтін андатра жайлы айтып өтуі қажет.

Қазіргі кезде аңдатра кәсіпшілігі елімізге көп мөлшерде бағалы елтірі беруде.

Қазақстан елінде аң өсірушілік дамыған және өзінің қорықтары бар.

Қара бұрыл, түлкі мен қара күзен өсіретін аң өсіру шаруашылықтары құрылған.

Жер бетінде жануарлардың таралуы және жануарлар әлемін қорғау тақырыбын өту барысында, оқушылар жер бетіндегі жануарлардың көп алуан түрлерімен, әсіресе ТМД елдері жануарлар әлемімен танысады.

Алдын - ала Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар жайлы жиналған мәліметтерді, басқа аумақ жанулар түрлерімен, өмір сүру ортасымен салыстырып, түсіндіруде қолданылады.

Зоология курсын оқу нәтижелі болу үшін, әр түрлі көрнекті құралдар қолдану қажет.

Қоректі құрал ретінде ұсақ түрі жануарлар, тұлыптар, сұйық препараттар мен микропрепараттар, қабыршақтар коллекциясы сияқты табиғи объектілерді және үлгі-муляждар, қабырға суреттері сызбалар мен таблицалар сияқты жасанды түрлер қолданылады.

Табиғи объектлер жеткілікті мөлшерде болған жағдайда, оқушының өзіндік жұмысын орындауы үшін оларды тарату матералдар ретінде қолданылады.

Қазақстан мектептерінде, Ғылым және Білім беру Министрлігі ұсынған өлкетану материалдары енген көрнекті құралдармен қатар жергілігікті өлкетану материалдары кеңінен қолданылады.

Ендігі ретте биология оқытушысына, өлкетану материалдары мен  көрнекті құралдарды қолдану мүмкіндігін көрсететін, бағдарламадағы тақырыптардың әр сабақтарына әдістемелік өңдеулер беріледі.

Зоология -жануарлар  жайындағы ғылым, оның даму тарихы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зоология ғылымының мазмұнымен таныстыру және оның шығуы мен дамуы адамның қажеттігіне байланысты екендігін көрсету. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып көрсету.

Методтар: Баяндау, әңгіме

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тірі табиғат мүйісінен тірі балықтар мен басқа жануарлар. Суретпен бейнеленген құралдар. Құрттар, маллюскалар насекомдар балықтар, бауырымен жорғалаушыларды, сүт қоректілерді бейнелейтін таблицалар.

Зоология ғылымының анықтамасы. Мұғалім сабақты оқушылардан: қандай биологиялық пәнді оқып бітірдіңдер. Ботаника ғылымы нені зерттейді — деп сыныпқа сұрақ қоюдан бастайды.

Мұғалім оқушылардан осы сабақтан бастап зоологияны оқып үйренетіндерін айтады. Мұғалім тақтаға зоология деген сөзді жазады да, оның қазақ тіліндегі мәнін /жануарлар жайындағы ғылым/ түсіндіреді.

Өсімдіктер мен  жануарлардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайындағы әнгіме. Мұғалім оқушылардан жануарлар дүниесінен өздеріне белгілі өкілдерді атауды талап етеді. Әдетте оқушылардың көпшілігі сүт қоректілер өкілдерін атайды. Кезекшілер мұғалімнің сұрауы бойынша құртты, моллюсканы, балықты, құсты және басқа да жануарларды бейнелейтін таблицаларды іледі. Мұғалім тек денесін түк басқан, терт аяқты аңдар ғана емес, құрттар да, ұлу да, насекомдар да, балықтар да, құстар да т. б. жануарлар деп аталатындығын түсіндіреді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға осы алуан түрлі организмдердің арасында қандай ұқсастықтарды болатындығын және не себепті олардың барлығын жануарларға жатқызатынын жаңа ғана оқып өткен өсімдік организмдерінен бұлардың қандай айырмасы бар екенін ойлауды ұсынады.

Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар ең алдымен өсімдіктер мен жануарлардың тірі организмдерге жататындықтарын естеріне түсірулері керек. Демек, өсімдіктер мен жануарлардың қандай белгілері жалпы ортақ екендігін таба білу қажет.

Оқушылар өсімдіктерге де, жануарларға да ортақ белгіледі  атайды да, оларды мұғалім тақтаға: қоректену, тыныс алу, өсу, көбею клетка құрылысы деп жазады.

Осыдан кейін мұғалім оқушылардан өсімдіктер мен жануарлар арасындағы айырмашылық белгілерді атауды; жасыл өсімдіктер немен және қалай қоректенетін; жануарлар немен және қалай қоректенетініне жауап берулерін талап етеді.

Оқушылардың жауабынан  қоректену процесіне айырма бар екендігі белгілі болады: жасыл өсімдіктер органикалық емес заттармен коректенетіндері, олардан хлорофилдің жәрдемімен органикалық заттар түзіледі.

Жануарлар органикалық  емес заттардан органикалық заттар түзе алмайды, олар дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Мұғалім оқушылардан  өсімдіктердің арасында дайын органикалық  заттармен қоректенетіндері болатын, болмайтындығын сұрайды.

Оқушылар саңырауқұлақтар  мен бактериялар жайында естеріне түсіреді. Сонда мұғалім жануарлар  мен саңырауқұлақтардың қоректену процесіндегі айырмашылықты анықтай түсу үшін оқушылардан: жасыл емес өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің қоректену процесіндегі айырмашылықтар неде? Саңырауқұлақтар қалай қоректенеді? деп сұрайды.

Қайтарылған сұрақтардан соң мұғалім жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы - олардың көп жағдайда қорегін қармап алып, жұтатындығында және астын қорытылуы жануар денесінің ішінде болатындығында ерекше көңіл аударады.

Ас қорыту былай болады: ас қорыту сөлдерінің әсерінен еритін қоректік заттар түзіледі, ал қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылып тасталады.

Мұғалім оқушыларға: өсімдіктер мен жануарлардың арасында қандай елеулі айырма бар?- деген сұраққа жауап беруді ұсынады.

Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы елеулі айырма әр-түрлі тәсілмен қоректенуінде, - деп оқушылар өздігінен қорытынды шығарады.

Одан ары есімдіктер мен жануарлардың арасында басқа  да айырмашылықтардың бар екенін, атап айтқанда: жануарлардың көпшілігінің қозғалу органдары, нерв системалары  және сезім органдары болатыны белгілі  болды.

Әңгіменің нәтижесінде мұғалім тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетін таблица құрады.

Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастық және айырмашылық белгілері.

Өсімдіктер.

Жануарлар.

Ұқсастықтары.

1 Қоректену.

1 Қоректену,

2 Тыныс алу.

2 Тыныс алу.

3 Өсу.

3 Өсу.

4 Көбею.

4 Көбею.

5 Клеткалы құрылыс.

5 Клеткалы құрылыс.

Айырмашылығы.

1 Органикалық емес  қоректенеді. Хлорофильдің жәрдемі мен жарық бар жерде су мен көмір қышқыл газдан органикалық зат түзе алады.

1 Органикалық заттармен өсімдіктерді немесе басқа жануарларды жеп қоректенеді.

2. Қозғалу органдары нерв системасы және сезім органдары болады.


 

Қорыта келгенде, оқушылар дәптеріне өсімдіктер мен жануарлар жөнінде олар бір тұтас органикалық дүниені құрайтын өзара ұқсастықтары бар және бір-бірімен тығыз байланысты тірі организмдердің екі тобы екендігін қорытындылап жазады. Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар олардың екеуі де өте ертеде жалпы ортақ бір ата-тектен тарағанын көрсетеді. Олардың арасындағы айырма біртіндеп келіп шыққанда, қазіргі уақытта ол елеулі дәрежеге жеткен. Осы айырмашылықтарына негізделе отырып тірі организмдердің біреулері өсімдіктерге, ал екінші біреулері жануарларға жатады.

Оқушылардың оқып зерттемек  болып отырған ғылымы жануарлардың құрлысын, организмдегі өтетін процестерді, тіршілігін, даму процестерінің тіршілігін қарастырады.

Зоологияның шығуы мен  дамуы жайында баяндау. Мұғалім зоология ғылымы өте ертеде адамның қажеттігіне байланысты келіп шыққанын айтады. Микроскопты ойлап шығарудын өте үлкен маңызы болғанына көңіл аударады. Зоологияның дамуына діннің қандай кертартпа әсерін болғанын атап көрсетеді.

Оқушылар білімін пысықтау. Оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап  беру ұсынылады: зоологая нені зерттейді? Органикалық дүниені қандай тірі организімдердің топтарын құрайды? Қандай белгілеріне қарап бірін тірі организімдерді өсімдіктерге, екінші біреулерін жануарларға жатқызады? Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар нені білдіреді? Зоология ғылымының шығуы неге байланысты. Үйге тапсырма беру; Оқушылар үйге тапсырма беруден мұғалім оқушыларды зоология оқуымен таныстырады, оқулықтың, мұқабасы формасын қарап, авторларын естеріне сақтап, мазмұнын оқып шығуды тапсырады.

Мұғалім үйге берген тапсырманы орындағанда тиісті парагрофтарды оқумен қатар, суреттерін де қарап көру және параграфтың, соңындағы сұрақтарға жауап бере білу қажет екенін айтады.

Жануарлар классификациясы.

Сабақтың мақсаты:

Түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип туралы ұғымдар жайында, жануарлардың табиғи системасы жөнінде алғашқы түсінік беру.

Методтары: Табиғи құралдар. Көбелектердің және үлкен перламутровка.

Жұлдыз құрттардың коллекциясы. Суретпен бейнеленген құралдар. Бұрын аттары аталған көбелектердің суреті салынған атластар немесе таблицалар.

Сабақтың барысы:

Қайталау және оқушылар білімін тексеру. Мұғалімнің тақтаға шығарған оқушыларының біреуі өсімдіктер мен жануарлар белгілерінің ұқсастықтарын, екіншісі олардың белгілеріндегі айырмашылықты жазады.

Оқушылар білімі бірінші сабақтың сонында берілген сұрақтар бойынша тексеріледі.

Жаңа материалдарды  оқыту.

Мұғалім оқушыларға өткен сабақта олар зоологияның даму тарихымен танысқандардаң - естеріне түсіреді. Ол ғалымдардың жылма - жыл жануарлардың көптеген түрлерін тауып, анықтайтынын ерекше көңіл аударады. Мұншама көп өсімдіктер мен жануарларды қалай тәртіпке салып, оларды бір жүйеге, системаға, қалай келтіру керек.

Мұғалім өсімдіктердің қандай топтарға бөлінетінін оқушылардан сұрайды, Оқушылардың жауаптарынан кейін мұғалім енді олардың жануарлар дүниесі системасымен танысатынын баяндайды.

Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақ қояды: бұл көбелектер қайда кездеседі. Олардың бір-бірі мен айырмашылығы неде? Көбелектердің жұмыртқа салатын, кейін оларды личинка жұлдыз құрттардың шығатынын еекертуге болады.

Оқушылардың столдарына қалақаймен кебелек траурницаның жұлдыз құрттарының коллекциясын таратып береді, осы көбелектер мен олардың личинкаларын бейнеленген таблицаларды іліп қояды.

Мұғалім бұл түрлердің ұқсастықтарын белгілеуді ұсынады. Осыдан кейін қалай көбелектің салған жұмыртқасына тек қалай көбелек дамып жетілетіні, ал траурницаның салған жұмыртқаларын тек траурница дамып жетілетіне көңіл аударады.

Бұл екі көбелекті шағылыстырудан бұдан пайда болмайды.

Жаңа материалды оқушылар жақсы түсіну үшін мұғалім жануарлар түрлерінен қосымша мысалдар келтіреді. Үй тышқанының түрі жайында баяндап беруге болады. Барлық үй тышқандары бір-біріне ұқсас келеді, үй тышқанының балаларынан, дала тышқаны немесе басқа тышқандар емес, сөзсіз үй тышқандары шығады. Алайда үй тышқанынан басқа егістікті орманды мекендейтін және өздеріне тән ерекшеліктері бар тышқанның толып жатқан басқа түрлері белгілі.

Информация о работе Кемірушілер отряды