Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 11:23, реферат
Дұрыс тамақтану деп қатаң диетаны сақтауды айтуға болмайды. Тағамды шектеу барлығын қиындатады. Ағзаға пайдалы азық-түліктерді, күн тәртібін таңдап, оған зияңды нәрселерден аулақ болған жөн.
МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР - тіршілік үшін қажетті болып табылғанымен, ағзаға өте аз мөлшерде түседі. Оларға: темір, мыс, йод, фтор,кобальт, алюминий және Менделеев кестесінің басқа да көптеген элементтері жатады.
Темір ең алдымен оттегіні тасымалдайтын эритроциттердің ақуызы және тотығу-тотықсыздану процестеріне катысады; цитоплазма, клеткалар ядролары жөне бірқатар ферменттер қүрамына енеді. Оны сіңіру үшін В-12 жөне С дәрумендері қажет. Еківалентгі ион түрінде сіңеді. Темірдің тапшылығы қаназдықты (анемия) тудырады, газ алмасу және клеткалық тыныс бұзылады. Тәуліктік қажеттілік еркектер үшін - 10 миллиграмм, әйеддер үшін -18 миллиграмм (етеккір кезінде канның тұрақты жоғалуына байланысты). Көкөністерде, жеміс-жидектерде, бұршақта, нан өнімдеріңде,етте, бауырда , жұмырткаларда болады.
Мыс темірдің бойға таралуына жәрдемдеседі және канның өндірілуіне жәрдемдеседі. Төуліктік қажетсіну - 2 миллиграмм. Бауырда, жұмыртқа сарыуыздарында, жасыл кекөністерде, кейбір теңіз өнімдерінде -устрицаларда, кальмарларда, сушаяндарда, омарларда, лангустарда жәнет.б. кездеседі.
Йод қалқанша бездің қызмет істеуіне қатысады және оның
гормондарының құрамына енеді. Тәуліктік қажеттілігі - 100-200
микрограмм. Балықга, теңіз есімдіктерінде, етте, жұмыртқада, сүтте,көкөністерде кездеседі.
Қалған микроэлементтер белгілі бір реакцияларға
және ферменттік ' айналымдарға катысады.
Тапшылық кезінде тіс жегісін дамытатын
фторды қоспағанда, әдетге олар тапшы
болып табылмайды. Топырақта марганец
көп болатын жерлерде йодтың сіңуі күрт
азаяды.
Тамақ
талшықтары
Тамақ талшықтары тек өсімдік тағамының компоненттері болып табылады. Олар технологиялық өндеу процесінде (ең алдымен астықпен ұнды) бөлінетін клеткалар қабырғалары мен ұрықтар қабырғаларының құрылымдық негізін құрайды. Тамақ талшықтары крахмалдар құрылымынан езгеше ерекшелігі бар жене сондықтан оларға адам ферменттері әсер ете алмайды. Осыған байланысты олар ұзақ уақыт бойы балланстық талшықтар ретінде карастырылып келді, ал тамақты технологиялық өндеу оларды аластатуға бағытталды.
Алайда казіргі кезде тамақ талшықтары ас қорыту жөне заттар алмасуы процестерімен тығыз байланысты бірқатар алмастыруға жатпайтын кызметтерді орындайтын аса маңызды компонент деп танылып отыр. Біріншіден, олар ішек қабырғасының табиғи қоздырушысы болып табылады және нәжіс массасының негізін түзеді. Екіншіден, тамақ, талшықтарының күрделі химиялық құрылымы жөне талшық-капиллярлы құрылысы арқасында олар көптеген заттарды, оның ішінде толық қорытылмаған улы заттарды, радиоактивті заттарды, сырттан енген кейбір улы заттарды сіңіруге қабілетті табиғи адсорбенттер. Сөйтіп,тамақ талшықтарының лайықты мөлшерінің түсуі аса маңызды валеологиялық фактор болып табылады.
Тамақ талшықгары мен
олигосахаридтердің
теңестірілген қоспаларының
тамаша үлгісі Епгісһ-Libhег
компаниясының белгілі
препараттары мен Астанадағы
өндірілетін "Бапол"
болып табылады.
Тамақтың
басқа да заттары
Тағамда дәрумендер мен тамақ талшықтарынан басқа да заттар болуы мүмкін.
Фитонцидтер - өсімдіктерде болады және оларға микробтарға қарсы тұратын қасиеттер тән. Организмде сіңірілмейді және бұзылмайды. Фитонцидтер алмаларда, пиязда, сарымсақта, қышада, қызыл және кара өрікте, бүлдіргенде, мүкжидекте, итбүлдіргенде кездеседі. Өсімдіктердің шырындарымен емдеу әдісіне нақ осы фитонцидтер елеулі рөл атқарады. Фитонцидтер еркін жағдайда барынша өзгермелі.
Ракқа қарсы затгар, оларға дәрумендер мен аминқышқылдар қоспалары жатады. Олар катерлі ісік тудыратын куатты заттарды - нитрозаминдердің түзілуін тежейді. Тамақ талшықтарын - тоқ ішекте қатерлі ісік дамуын болдырмайтын ракқа қарсы деп есептеуге болады. Сүтте және сүт қышқыл өнімдерінде, ет пен балықтың майсыз сорттарында, өсімдік майында, ірі тартылған және ұнтақталған ұнда, сұлы мен бұршақ жармасында және көптеген көкөністерде қорғаныс заттар болады.
Тамақ қабылдаудың валеологиялық ережелері
И.И. Мечников тіпті қартаюды ішек бактерияларының тіршілік қызметі өнімдерімен организмнің өзін-өзі уландыруымен байланысты болады деп есептеген. Сондықтан бұл көзқарастар кезінде тамақтанудың классикалық теориясынын калыптасуына әсер еткенімен, ішек флорасына соңғы уақытта көзқарас өзгергенімен, соған қарамастан тоқ ішек, оның қызметінің бұзылуы кезінде және түрліше патологиялық күйлер кезінде түзілетін зиянды заттардың көзі ретінде оған қазір де көңіл аударылып отыр.
Пайдалану кезінде нені шектеген жөн?
1. Ас тұзын.
2. Кантты.
3. Мал майларын.
Неге
екені бұдан әрі
қарай айқын бола түседі.
Ас
тұзы
Мұның организм үшін қажеттілігі айқын: бұл хлор мен натрийдің қажетті иондарының көзі. Өмірдің өзі тұз ертіндісінде пайда болған, сондықтан біз сіздермен тін сұйықтығы, лимфалар, кан плазмасы түрінде тұңғыш мұхиттың бір бөлшегін бойымызда сақтаймыз, - хлорлы натрийдің шоғырлануы шамамен алғанда осындай теңіз суына сәйкес келеді.
Құрғақшылыққа шыққан кезде организмдер тұздың жетіспеуі проблемасына тап болды және эволюциялық процесс организмдегі тұзды сақтау жағына қарай ауысты. Адам бұл механизмдерді ата-бабаларынан алған: организмде натрий мен хлор иондарын ұстауды реттейтін күшті жүйе бар.
Алайда соңғы 3-4 мыңжылдықтар бойына адамзат организмі басқа күймен: тұздың көп болуымен кездесті, күрғақшылықта өмір сүруші ретінде ол бұған бейімделмеген болып шықты. Тамақты ыстықтай дайындау, өндеу оған себеп болды, бұл оны тұщы, дәмсіз етті, - сонда тамаққа тұз қосу қажеттілігі пайда болды.
Хлорлы натрийдің көп болуы айналыстағы кан мөлшерінің үлғаюына, сондай-ақ айтарлыктай күрделі механизм бойынша - кан қысымының көтерілуіне екеліп соқты. Әрине, организмде хлорлы натрийді шығаратын жүйе де бар.
Бірақ, бір қырсықтығы: хлорлы натрийдің кетуі натрий иондарының көптігіне жауап ретінде емес, қан қысымының артуы мен айналыстағы кан мөлшерінің үлғаюына жауап ретінде басталады. Баскаша орнын толтыратын механизм амалы хлорлы натрийдің қолайсыз жағдай жасағаны: қысым артып, айналымдағы қан мөлшері өскен кезінде іске қосылады. Ішілген тамақтағы тұздың артық болуы, сайып келгенде кан қысымы ауруына әкеліп соғуына мүмкін екені сондықтан.
Тұздың шектен тыс мол болуы бірқатар басқа да сырқат жай-күйлердің: буындарда тұздардың жиналуына, ісінулердің дамуына жәрдемдесуі мүмкін.
Тамақпен бірге тұзды шектен тыс кабылдаудың физиологиялық жағынан негізі жоқ. Ол кейде мәжбүрлі сипатта болады: мысалы, кейде тұздалған тамақ пайдаланылады, бірқатар өте көп жағдайларда тұзды артық пайдалану әдетке айналған. Мұндай әдет залалсыз емес: біз осы арқылы оны нақ осы режимде жүмыс істеуге көшіреміз, демек онсыз да жеткілікті тұз қорларын үнемі толықгырып отыру талап етіледі.
Темекі тарту, алкогольді немесе наркотиктерді
қабылдауға ұқсас -тәннің тұзға да тәуелділігі
пайда болады. Сондықтан ұүзды артық пайдалануды
толық дәрежеде жаман әдет деп айтуға
болады. Тамақтағы тұздылықты азайту тек
жағымды ықпал жасайды.
Қант
Осынау шакпақ кант, тұз секілді, тамақтық затқа емес, химиялық реактивке ұқсас. Мәні жағынан алғанда да ол шынында осындай. Алғашқыда шақпақ кантты шығару басталған кезде ғана оны тамақтағы улы жетістік ретінде жағымды жағы қарастырылған, оның ішінде емдік қасиеттері де жазылған.
Алайда, шақпақ қант күніне 50 грамнан аскан, кейбір елдерде 100 және одан астам грамға жеткен кезде соншалықты елеулі теріс салдарлар пайда болды, мұның өзі мадақшыларды осы өнімді күрт айыптауға ауыстырды. Американ зерттеушілерінің дәлелдеуінше, "... шақпақ қант өте кауіпті, ол есірткі секілді соншалықты кауіпті құштарлық тудырады. Героин мен қанттың арасындағы айырмашылық мынада: соңғысы егуді қажет етпейді, жұрттың оны табуы да жеңіл және әлеуметтік жаман нәрсе болып есептелмейді."
Осыншалықты күрт теріс көңіл-күйде де белгілі бір негіз бар. Таза қантты көп мөлшерде пайдалану бірқатар теріс қүбылыстарға алып келуі мүмкін, олардың ішінде - ең алдымен инсулинді қалыптастыратын асқазан асты безінің шектен тыс күйзелуі. Инсулин клетка мембраналарының өткізгіштілігін глюкозаға ұлғайта отырып, глюкозаны қаннан клеткаға, атап айтқанда оны пайдаланатын бұлшық ет клеткаларына ауыстыру глюкозаның гликоген полимері түрінде жиналатын бауыр клеткаларына ауыстыру үшін қажет.
Канттың камшыдай қатты дозалары асқазан асты безін зорыққанша жұмыс істеуге мәжбүр етеді, мұның өзі сайып келгенде тоқырауға және қант диабетінің дамуына алып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда қантты жеміс жидектер, көкөністер, бал, шырындар түрінде пайдалану -анағұрлым дұрыс, физиологиялық және эволюциялық жағынан да өзін-өзі растайды.
Тағы бір жәйт: қант майдың химиялық ізашары
болып табылады. Қантты молынан пайдаланған
кезде адамдар басқа өнімдермен тамақтанғанға
карағанда анағұрлым тезірек толығады.
Кант диабеті кезіңде адамның толығуы
кездейсоқ емес: майдың синтезіне баратын
канттың мол мөлшері әсер етеді. Оның үстіне,
қанттың көп болуы кейбір органдардың
жай-күйіне тікелей әсер етуі мүмкін. Мысалы,
қант көп болған кезде тері құрғақ болады,
қабыршақтанып, әжімденеді. Сондай-ақ
терінің басқаша да зақымдануы мүмкін.
Бізге мынаны есте ұстаған жөн: табиғатта
шақпақ кант секілді зат жоқ, ешқашан болған
емес жөне эволюция процесінде организмдер
оған бейімделген.
Мал
майлары
Бұлардың тамақтағы рөлі каншалықты зор екенін біз қазірдің өзінде білеміз. Алайда оларды шектеусіз пайдалану теріс әсер етуі мүмкін.
Мал майының көптігі - сыртқы холестериннің де көптігі. Ол организмге қажет және организм оны синтездеуге қабілетті. Бірақ холестерин көп болған кезде, енді оны шығаруға тура келеді, ал бүл арада шығарушы механизмдердің күйзелуі және бүлінуі мүмкін.
Осының нәтижесінде бүйректердегі, өт қабындағы холестерин тастары және әрине атеросклероз - артериялар қабырғаларындағы холестериннің ерімейтін тұздарының жиналуы. Адамдар көптеген шошқа майын, шұжықтар, жұмыртқалар жейтін мол дастархандағы мерекелерден кейін оларда бәрінен бұрын инфаркт дамитынын "жедел жәрдем" дәрігерлері біледі. Майлы тамақты көп мөлшерде пайдаланған кезде қанда холестерин мөлшері көбейіп, осының нәтижесінде атеросклероз қауіпі өседі, ішінара сіңірілмеген холестерин көбіне ішекке бөлініп шығады және онда қатерлі ісіктердің дамуына жағдай жасайды. Өттің шығуы өседі, ол да ішек ісіктерін тудыруға қабілетті. Егер бұрын мал майларының рөлін ерекше бағалаған болса, соңғы уақытта бұл көзқарас елеулі түрде қайта қаралуда.
Мал майлары - табиғи өнім болғанымен, алайда Жер бетіндегі өмірдің даму процесінде адам организмі мұндай тамақты ыдыратуға аз бейімделген. Біздің бұрынғы ата-бабаларымыз қай нәрсені болса да жегенімен негізінен шөппен қоректенген, сондықтан мал майлары олардың қолына сирек түсетін еді. Өркениеттің даму дәрежесіне карай ғана адам ірі жануарлармен тамақтануға көшті, өйткені бұл ең алдымен әлеуметтік-экономикалық түрғыдан алғанда тиімді еді. Бірақ біздің биологиялық негізіміз әлеуметтік дамуға ілесе алмай келе жатқанын ұмытпаған жөн.
Бүл айтылғанның бәрі мал майын тұтынудан толық бас тарту дегенді білдірмейді, бірақ оларды ақылға сыйымды мөлшерге келтіру керек, яки ол майдың тәуліктік мөлшерінің үштен бірінен аспауға тиіс. Майлардың үштен екісі өсімдік майлары болуы керек. Нақ өсімдік майлары күнделікті тамақтануға неғұрлым тиімді деп танылған.