Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 23:01, реферат

Описание

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар, ағзада қанның және лимфаның тарлуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы (жүрек, қан және лимфа тамырлары)

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Қан тамырлары. Қан тамырларының жіктелуі жалпы сипаттамасы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
Б) Жүрек. Даму. Құрылысы. Жүректің өткізгіштік жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Гистология реферат.docx

— 45.17 Кб (Скачать документ)

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Кафедра:__________________________________________________________

 

Тақырыбы: Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының                     құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: _____________________________

____________________________

Қабылдаған:____________________________

 

 

 

 

Астана 2011 ж.

Жоспар

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

А) Қан тамырлары. Қан тамырларының жіктелуі жалпы сипаттамасы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

Б) Жүрек. Даму. Құрылысы. Жүректің өткізгіштік жүйесі

    1. Қорытынды
    2. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар, ағзада қанның және лимфаның тарлуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы (жүрек, қан және лимфа тамырлары)

 Жүрек пен қан тамырлыр жүйесі құрамына жүрек, қан лимфа тамырлары кіреді. Ағзада қан тамырлыр жүйесі мен жүрек ондағы қоректік және бтологиялық белсенді заттардың, метаболизм өнімдерінің мүшелерге таралуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ең негізгі қызметтері:

Тасымалдаушылық, ағзаны қан жіне лимфамен қамтамасыз етеді, трофикалық, тыны салу және экскреторлы қызмет атқарады.

Интегративті қызметі мүшелер мен жүйелерді бір-бірімен байланыстырып ағзаның біртұтастығын жүзеге асырады.

Реттеушілік қызметі мүшелерге, тіндерге көптеген медиаторларды тасымалдап, олардың жалпы қызметін реттейді.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі патологиялық үрдістерде иммундық қызмет атқарады.

Қан тамырлары

Қан тамырлары – тасымалдау қызметін жүзеге асыратын, мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар, тіндер арасындағы зат алмасу процесін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.

Дамуы. Алғашқы қан тамырлары эмбриогенездің 2-3 аптасында саруыз қапшығының қабырғасындағы мехенхимадан пайда болады. Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан арлшықтары деп аталатын бөлігінде де дамиды. Аралшықта орналасқан мезенхима жасушаларының біразынан алғашқы қан тамырларының эндотелиі түзіледі. Ал аралшықтың орта болігіндегі жасушалары дөңгелек пішінге айналып, алғашқы қан жасушаларын түзеді.

Құрсақтағы дамудың үшінші аптасында құрсақ тамырлары құрсақтан  тыс тамырлармен байланысады. Қан  тамырларының одан әрі дамуы күрделеніп, денедегі гемодинамикалық жағдайлар (қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы) тамырлар қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етеді.

Қан тамырларының жіктелуі жалпы сипаттамасы

Қан тамырлар жүйесіне: артериялар, артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар, веналар мен артериола-венулярлы анастомоздар жатады. Артерилар мен веналар арасындағы анастомоздарды құратын микроциркуляторлы арналар болады. Қан артериялар арқылы жүректен мүшелерге жылжиды. Бұл қан веналық қанды әкететін өкпелік артерияны есептемегенде оттегіне қанық. Вена арақылы қан жүрекке келеді. Гемокапиллярлар артерияны көк тамырмен жалғастырады. Онымен қоса аттас екі артерия тамырлар арасындағы (мысалға, бүйрек шумағы) болатын ғажайып торлар деп аталатын бөліктерде болады. Қан тамырларының қайсысы болмасын қабырғасы үш қабықтан тұрады: ішкі (tunica intima), ортаңғы (tunica media), сыртқы (tunica adventitia). Бұлардың қалыңдығы мен тіндік құрамы әр түрлі.

Артериялар мен  олардың түрлері

Артериялар құрылысының  ерекшеліктеріне сәйкес үш топқа  бөлінеді: эластинді, бұлшықетті, аралас. Бұлардың ерекшелігі ортаңғы қабығында.

Эластин типті  артериялар

Эластинді артерияларға қан  жоғары қысыммен (120-130 сын.бағ.) және үлкен жылдамдықпен жылжитын (0,5-1,3 м/сек) ірі қолқа мен өкпе артериясы сияқты тамырлар жатады. Бұл тамырларға қан тікелей жүректен, не соған жақын қолқа доғасынан келеді. Ірі калибрлі артериялар ең алдымен транспортты қызмет атқарады. Қабырғасында эластинді элементтердің көп болуы (талшықтар мен мембраналар) бұл тамырға жүректің систоласы кезінде созылуға, диастолда кезінде бастапқы қалпына келуге жағдай жасайды. Эластинді тамырларға мысал ретінде аорта-қолқа құрылысы алынған.

Қолқаның ішкі қабығында эндотелий, эндотелий асты және эластин талшықтарының өрімі бар. Адам қолқасының эндотелиі базальді мембранада орын алады. Пішіні мен мөлшері әр түрлі жасушалардан тұрады. Мұндай жасушалардың (эндотелиоциттердің) ұзындығы 500мкм, ені 150мкм болады. Эндотелий асты қабатының қалыңдығы жалпы қабықтың 15-20% қалыңдығындай, жіңішке фибрилярлы жұлдыз тәрізді жасушалар мен миоциттерден тұрады. Эндотелий астындағы ішкі қабықтың құрамында эластин талшықтарының өрімі бар. Қолқаның ішкі қабығының жасуша аралық аймағында глюкозамингликандар мен фосфолипидтердің көр мөлшерде болатыны анықталған. Олардың тамырдың трофикасында атқаратын рөлі зор. Бұлардың физико-химиялық жағдайы тамыр қабырғасының өткізгіштік дәрежесін анықтайды. Орта жастағы және қарт адамдардың жасушаралық затында холестерин мен май қышқылдары болады. Қолқаның ішкі қабығы жүректің шыға берісінде үш қалта тәріздес қақпақша құрайды.

Қолқаның ортаңғы қабығының құрамында көп мөлшердегі эластинді элементтері бар, бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығы. Эластинді мембраналар арасында ет жасушалары мен аздаған фибробласттар да болады. Ортаңғы қабығындағы мұндай құрылымдары қолқаға созылғыштық қасиет береді. Электронды микроскопиялық зерттеулерде эластин мембраналарының үш түрі: гомогенді, талшықты және аралас түрі байқалады. Адамда осылардың екі түрі бар екені анықталған (гомогенді, аралас). Ортаңғы қабықтағы миоцитттердің секреторлық қызмет атқаратындығы да анықталған (гликозамингликандар мен эластин коллагендерді синтездейді).

Қолқаның сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен, сонымен қатар көртеген эластин және коллаген талшықтарынан тұрады. Қолқаның ортаңғы және сыртқы қабықтарында басқа ірі тамырлардағыдай қоректік жолдар (vasa vasorum) мен нерв бағаналары өтеді. Сонымен қоса, сыртқы қабық тамырлары созылып кетуден және жыртылудан сақтайды.

Ет типті аратерилар

Ет типті артериялар негізінен диаметрі жағынан алғанда, орташа және ұсақ тамырларға жіктеледі. Ағзадағы артериялардың көпшілігі (дене, қол, аяқ, ішкі мүшелердегі) осы типке жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көптеген ет жасушалары орналасып, тамырға едәуір жиырылғыштық қасиет береді, ал бұл болса қанның мүшеге келуін реттеп отырады.

Ішкі қабығының құрамында эндотелий мен базальді мембрана, эндотелий асты және ішкі эластинді мембрана болады. Жүрек, бүйрек, аналық жыныс безінде, жатыр, өкпе артерияларының ішкі қабығында   миоциттер де баршылық.

Ортаңғы қабығында өте көптеген ет жасушалары мен коллаген талшықтары бар. Коллаген талшықтары тамырдың каркасын түзеді. Бұл тамырдың құрамында эластин талшықтары да кездеседі, бұлар тамыр қуысының жабыспауы үшін маңызды рөл атқарады. Ет жасушаларының қан қысымының қалыпты болуына, қан ағысы майда қан айналымдарға қалыпты өткізіп отырудағы маңызы өте зор. Ортаңғы қабық пен сыртқы қабық арасында сыртқы эластинді мембрана орналасады.

Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіні, құрамында «vasa vasorum» нерв талшықтары болатындығымен ерекшеленеді.

Аралас типті  артериялар

Артериялардың бұл түріне ұйқы және бұғанаасты артериялар жатады. Қабырғасындағы ішкі қабығы базальді мембранаға бекінген; эндотелийден эндотелий асты қабатынан және ішкі эластинді мембранадан түзілген. Соңғы мембрана ішкі және ортаңғы қабықтарының астында орналасады. Аралас типті артериялардың ортаңғы қабығы мөлшері жағынан тең дәрежедегі тегіс салалы ет жасушаларымен (миоциттер) спиральді бағытталған эластин талшықтарынан және терезелі эластинді мембраналардан тұрады. Бұлардың арасында аздаған фибробластар мен коллаген талшықтары да бар. Аралас артерияның сыртқы қабығы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты миоциттер жігінен ал сыртқы ұзыннан және қиғаш орналасқан коллаген, эластин талшықтарының шоғыры болып табылады. Бұл қабықтың құрамында «vasa vasorum» және нерв талшықтары да болады. Бұғана асты артериясының ерекшелігі белсенді түрде жиырылып қана қоймай тіпті қанның қысымы артқанда анық білінетін жоғарғы эластикалық қасиеттері де баршылық.

Майда қантамырлар арнасына құрамында артериолалар, венулалар мен бірге артериола венулярлық анастомоздары бар ұсақ тамырлар жүйесі жатады. Қан тамырлары лимфа капиллярларымен, дәнекер тінімен қоршала отырып, мүшелерге қан беруді реттейді. Капиллярлар зат алмасумен қоса дренажды-қан тасымалдау қызметінде атқарады. Арнаның құрамындағы капиллярға дейінгі, капиллярлық, капиллярдан кейінгі жүйесі немесе бөліктері болады. Ағзадағы әрбір мүшелердің қызметіне сәйкес микроциркуляторлық арна тамырларының өзіне тән ерекшеліктері болады.

Артериолалар

Артериолалар тым ұсақ көбінесе ет типті диаметрі  50-100 мкм аспайтын, бір ұшы артерияларымен байланысқан ал екінші ұшы біртіндеп капиллярларға ауысып отыратын тамырлар жүйесі. Артериолаларда жалпы артерияға тән үш қабық сақталады, ішкі қабығы базальді мембранаға бекінген эндотелийден, жұқа эндотелий асты қабаттан ішкі эластинді мембранадан тұрады. Капиллярларға дейінгі артериолаларда ет жасушалары жеке орналасады. Ет жасушаларының көп болуы жиырылғыштығын үдетеді. Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Функциональдық жағынан алғанда М.И. Сеченовтың айтуынша артериолалар эфференттің нерв талшықтарымен нервтелетін спиральді бағытталған ет жасушаларының жиырылу арқасында ағзада қан ағысын реттеп отыратын «кан тамырлар жүйесінің крандары» болып табылады.

Капиллярлар

Каприллярлар диаметрі әр түрлі, ағзадан ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі. Капиллярлардың мүшедегі ерекшеліктері, олардың функциональдық жағдайларымен анықталады. Ең жіңішке диаметрі 4,5-ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде, өкпеде, ал одан кеңірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады. Қан жасайтын мүшелерде, ішкі секреция бездерінде, бауырда диаметрі 20-30 мкм болатын капилляралар кездеседі. Мұндай капиллярлар синусоидты деп аталады. Көптеген жағдайларда капиллярлар жүйесі, тұзақ (терінің емізікті қабатында, ішекте т.б,) және шумақтарда түзеді. (бүйректе). Түрлі мүшелердегі капиллярлардың саны әр түрлі. Жалпы капиллярлардың қабырғасында өте жұқа үш қабаты бар. Ішкі қабаты базальды мембранаға бекінген эндотелий ортаңғы қабаты перициттер (бұл да базальды мембранаға енгізілген), ал сыртқы қабаты аморфты затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады. Капиллярлар мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты, бірнеше топқа бөлінеді: 1. Фенестрлі түрі (бүйректегі капиллярлардың шумақтары, эндокринді бездерде) эндотелийдің цитоплазмасынды жұқарған жерлері болса, 2.синусоидты капиллялар немесе саңылаулы капиллярлар, бұлардың қабырғасында тесік, саңылаулары болады (бауырда, көкбауырда). 3.Ең көр кездесетін соматикалық капиллярлар. Бұлардың қабырғасы тұтас эндотелийден базальды мембранадан, перициттерден, адвентициальды жасушалардан тұрады.

Капиллярлардың эндотелийі, базальды мембранасы күрделі қызмет атқарады, олардың қалыңдығы 30-35 нм. Капиллярлардың қуысы әр түрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларды өзгеру капиллялардағы қанның қысымына, артериолалар мен ұсақ веналардың, капиллярға дейінгі сфинктердің ет жасушаларының тонусына артериолавентрикулярлық аностамоздар мен перициттердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Венулалар үш топқа: посткапиллярлық, жинақтаушы, етті болып бөлінеді. Посткапиллярлық венула d=8-30 мкм, өзінің құрылысы бойынша капиллялардың веналық бөлігін еске түсіреді, бірақ құрамында перициттері көбірек. Жинақтаушы венула, d=30-50 мкм, құрамында ет жасушалары бар, сыртқы қабығы ерекше көрінеді.

Етті венула, d=50-100мкм, құрамында ет жасушалары көп, сыртқы қабығы салыстырмалы жақсы дамыған.

Артериоa-венулярлық анастомоздар (АВА)

Бұл артериялық қанды капиллярлық торлардан айналып өтіп, веналарға апаратын тамырлар жүйесі. Бұл барлық мүшелерде дерлік кездеседі. АВА диаметрі 30-500 мкм дейін ауытқиды, ал ұзындығы 4 мм дейін жетеді. Қан айналымы өте тез, егер капиллярда 1мл қан 6 сағатта жылжыса, ал АВА осындай мөлшердегі қан екі сағатта жылжиды. АВА минутына 12 рет жиырылуға мүмкіндігі бар. Жіктелуі. АВА-екі тобы бар: I таза артериялық қан жүретін нақты АВА шунттар; II аралас қан жүретін атипті АВА жартылай шунттар.

Анастомоздардың бірінші түрі сыртқы пішіні әр түрлі: қысқа, түзу салалы, ілмегі тармақталған тамырлар. Құрылысына қарай бұлар кішігірім екі топқа бөлінеді: а) қарапайым АВА; б) арнайы жиырылғыш құрылымы бар АВА. Нағыз анастомоздардың бірінші тобында бір тамырдың екіншісіне өтуі артериоланың ортаңғы қабығы біткен жерінің шекарасына сәйкес келеді, қан ағымын реттеу арнайы жиырылғыш құрылымсыз артериоланың өзінің ортаңғы қабығының миоциттері арқылы жүзеге асады.

Екінші топтың анастомоздары ұзыннан ұзақ орналасқан эндотелий асты қабатындағы арнайы жиырылғыш валиктер немесе жастықшалар бар түрі. Қарапайым АВА эндотелиойдты түрінің ортаңғы қабығында ішкі және сыртқы циркулярлы орналасқан миоциттері веналық тамырдың ұшына жақындағанда ашық түсті Е жасушаларына ауысады. Эпителиойдты типтегі күрделі шумақты АВА лардың ерекшелігі: қанды тасымалдаушы артериола 2-3 тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың барлығы бір ғана дәнекер тінді қабықпен қоршалады. Мұндай анастомоздар тері дермасында және гиподерма жиі кездеседі. Екінші  топшаға атипті (жартылай шунттар) артериолалар мен венулалар жалғасады. Олар қысқа, бірақ диаметрі 30 мкм капиллярлық тамырлармен жалғасады, сондықтан, мұндағы қан аралас болады. АВА әсіресе шумақты типтілері жақсы иннервацияланған. Артерия венулалық жүйелердің капиллярсыз жалғасуы қанның қысымын реттеуде үлкен маңызы бар. Бұл жалғаулар венозды қан ағысына жағдай жасайды, венозды қанның артериолануына, қанның мобилизациялануына және тіндік сұйықтың венозды арнаға өтуіне белгілі рөл атқарады. Ағзадағы қан айналымы бұзылғанда және патологиялық процестердің орын толтыру реакцияларында АВА атқаратын қызметі өте зор.

Информация о работе Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері