Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 23:01, реферат

Описание

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар, ағзада қанның және лимфаның тарлуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы (жүрек, қан және лимфа тамырлары)

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Қан тамырлары. Қан тамырларының жіктелуі жалпы сипаттамасы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
Б) Жүрек. Даму. Құрылысы. Жүректің өткізгіштік жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Гистология реферат.docx

— 45.17 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Қорытынды

Жүрек пен қан тамырлыр жүйесі құрамына жүрек, қан лимфа  тамырлары кіреді. Ағзада қан тамырлыр жүйесі мен жүрек ондағы қоректік және бтологиялық белсенді заттардың, метаболизм өнімдерінің мүшелерге  таралуын қамтамасыз етеді. Қан тамырлары – тасымалдау қызметін жүзеге асыратын, мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар, тіндер арасындағы зат алмасу процесін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.

Дамуы. Алғашқы қан тамырлары эмбриогенездің 2-3 аптасында саруыз қапшығының қабырғасындағы мехенхимадан пайда болады. Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан арлшықтары деп аталатын бөлігінде де дамиды. Аралшықта орналасқан мезенхима жасушаларының біразынан алғашқы қан тамырларының эндотелиі түзіледі. Ал аралшықтың орта болігіндегі жасушалары дөңгелек пішінге айналып, алғашқы қан жасушаларын түзеді.

Құрсақтағы дамудың үшінші аптасында құрсақ тамырлары құрсақтан  тыс тамырлармен байланысады. Қан  тамырларының одан әрі дамуы күрделеніп, денедегі гемодинамикалық жағдайлар (қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы) тамырлар қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етеді. Қан  тамырлар жүйесіне: артериялар, артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар, веналар мен артериола-венулярлы анастомоздар жатады. Жүрек қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын негзгі мүше. Қабырғасы үш қабықтардан тұрады: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард. Жүректің өткізгіш жүйесіне жиырлғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін қалыптастырып, өткізетін ет жасушалары тобы жатады. Бұл жүйесінің құрамына жүрекше түйіні, жүрекше мен қарыншадағы түйін немесе Гисс шоғыры және оның тармақтары (оң және сол жақтағы) немесе Пуркинье талшықтары жатады. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Жүректің онтогенездік дамуындағы гистоқұрылысын үш кезеңге бөліп қарауға болады: түрленіп дамуы (дифференциялануы) кезеңі, стабилизациялық немесе қалыпты деңгейге келуі және инволюция (кері дамуы) кезеңі. Жүректің гистоқұрылысының ұрыөтық дамудан басталған кезеңі 16-20 жаста аяқталады (диффренцировкасы). Бұған кардиомиоциттердің түрлену процесі мен жүрек қарыншасынның морфогенезі сопақша тесік пен артериялық қысымның өсуі әсер етеді. Осы кезде оң жақтағы қарыншаның миокардысының физиологиялық атрофиясы және сол жақтағы қарыншаның физиологиялық гипертрофиясы байқалады. Жүректің миоциттерінде саркоплазмасы ұлғайып, ядролық плазмалық қатынас азаяды. 20-30 арасындағы кезеңде әдетте функциональді күш түскенде адамның жүрегі салыстырмалы қалыпты күйде болады. 30-40 жастан кейін микардта дәнекер тіннің өсуімен, ал эпикардта май жасушалары адипоциттер пайда болады, жүректің иннервациясы да өзгере бастайды. 30 жастан кейін жүрек қабырғасындағы адренергиялық нерв өрімдеріндегі медиаторлары азайып, медиаторлардың белсенділігі бәсеңдейді. Ал 70 жастан кейін жүректегі парасимпатикалық нерв талшықтары азаяды да, жүректе склеротикалық өзгерістер пайда болып, миокардтың қан айналымы қиындап, көптеген ишемия науқастардың шығуына әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

    1. Ж.О.Аяпова «Гистология, эмбриология және цитология»
    2. www.sixyears.net
    3. www.booksmed.com

 

 


Информация о работе Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері