Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 23:01, реферат

Описание

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар, ағзада қанның және лимфаның тарлуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы (жүрек, қан және лимфа тамырлары)

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Қан тамырлары. Қан тамырларының жіктелуі жалпы сипаттамасы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
Б) Жүрек. Даму. Құрылысы. Жүректің өткізгіштік жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Гистология реферат.docx

— 45.17 Кб (Скачать документ)

Веналар

Веналар қан тамырлар жүйесінің ішінде, қанды мүшеден кері қайтарушы тармағы болып табылады, бұлар посткапиллярлық венуладан басталады. Қан қысымы төмен 15-20 мм сынап бағанасымен, жылдамдығы (мүшелерде) 10 м/с. Қабырғасындағы эластинді элементтері салыстырмалы түрде әлсіз дамыған. Құрылысына байланысты веналар екі топқа бөлінеді: талшықты және талшықсыз. Талшықсыз венаға мидың жұмсақ және қатты қабықтарындағы веналар жатады. көздің торлы қабығында да етсіз вена болады. Бұл аталған қабықтардағы қан өзінің ауырлық күшіне қарай ірі венозды тармақтарға өте оңай жылжып өтеді. Бұлардың қабырғасы өте жұқа, ортаңғы қабығы тіпті болмайды.

Ет типті веналар қабырғасында етті элементтер жақсы дамыған диаметрі әр түрлі. Ортаңғы қабығының құрамындағы ет жасушаларының дамуына байланысты бұл веналар үш топқа бөлінеді: нашар етті, орташа және етті элементте күшті дамыған болып. Етті элементтер әлсіз нашар дамыған веналарға (ірі) жоғарғы қуысты вена, кеуде, қол веналары жатады. Адамның тік жүруіне байланысты бұл веналардағы қан өзінің салмағымен және кеуде  (көкірек) жасушасының демалу қимылдарының арқасында қанды жүрекке алып келеді.

Етті элементтері орташа дамыған иық венасы. Етті жасушалары күшті дамыған венаға дененің төменгі бөлігіндегі ірі веналар жатады. Ет жасушалары бұл веналардың үш қабығында болады. Оның ішінде ең негізгі тәрізді клапандары (қақпақшалары) болады. Клапандар венаның саңылауына қараған эндотелиальды жасушалардан түзілген қақпақшалар). Тамырдың саңылауына қараған жақтарында эндотелий астында  эластинді талшықтар басым. Ал қарама қарсы жағында олар коллаген талшықтары көп. Мұндай клапандар венозды қанды кері ағуына кедергі келтіріп, оны жүрекке бағыттайды. Сонымен бірге клапандар венада әртүрлі сыртқы әсерлердің арқасында болатын) атмосфера қысымының өзгеруі, бүлшықеттің қысылуы т.б.) өзгерістерден де сақтайды. Төменгі қуысты венада етті элементтері жақсы дамыған.

Лимфа тамырлары

Лимфа тамырларының құрамына лимфа түйіндері де кіреді. Қызметі жағынан алғанда лимфа жүйесі қан тамырларымен тығыз байланыста болады, әсіресе микроциркуляторлық арнаның орналасқан аймақтарында тіндік сұйықтың қалыптасуы жүзеге асып, лимфаға өтіп отырады. Ұсақ лимфа жолдары арқылы лимфоциттердің қаннан үнемі шығып және олардың лимфа түйіндерінде жаңаланып отыруы жүзеге асады.

Лимфа капиллярлары интра, экстра мүшелік және мойынның ірі венасына жалғасатын денедегі ең басты лимфа көкіректің және оң жақтағы лимфа тамыры. Құрылысына байланысты лимфа тамырлары: талшықты, талшықсыз болып бөлінеді. Лимфа капиллярлары тіндерден зат алмасу өнімдерімен бірге тіндік сұйықты әкелетін, ал патологиялық жағдайда бөтен заттар мен микроорганизмдер келетін лимфа жүйесінің бастапқы бөлігі. Лимфа сұйығымен қатерлі ісік жасушалары да таралады. Лимфа капиллярлары бір жағынан бітеу, эндотелиальды түтікшелер жүйесі, кейде бірге байланысып, анастомоздар түзіп мүшелерге өтеді. Диаметрі қан тамырларына қарағанда үлкен, қабырғасында базальді мембрана мен перицитттер болмайды. Лимфа капиллярларының эндотелийі өзін қоршаған дәнекер тінімен стропты немесе бекітуші деп аталатын филаменттермен, коллаген талшықтарымен тығыз байланысады. Лимфа капиллярлары сау ағзада микроциркуляцияның қасиетті шарты ретінде гематологиялық теңдікті қамтамасыз етеді. Лимфа тамырларының құрылыс ерекшелігі, оларда клапандары мен сыртқы қабығы жақсы дамыған. Клапандары орналасқан жерінде лимфа тамырлары колба тәрізді кеңейеді. Лимфа төменгі қысыммен жүрекке бағытталады. Диаметрлеріне қарай лимфа тамырлары майда, орташа және ірі болып бөлінеді. Орташа және ірі тамырларының қабырғасында үш қабығы болады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында анық көріне бермейтін эластинді мембрана орналасады.

Тамырлардың васкуляризациясы. Ірі және орташа қан тамырларында өзін қоректендіретін «vasa vasorum» деп аталатын жүйесі болады. Олар тамырды қоршаған дәнекер тіндерімен артериялар, бұлар тамырлардың ортаңғы қабығына дейін өтеді. Ал, ішкі қабығы өзінің ішінен өтетін қанмен тікелей қоректенеді. Тамырлардың қабырғасында эфферентті нерв талшықтары болады.

Жасқа байланысты ерекшеліктері: адам өмірінің өн бойында тамырлардың құрылысы үздіксіз өзгеріп отырады. Қан тамырларының негізгі функциональді қалыпты қызметі даму мөлшерімен отыз жаста тоқтайды. Одан әрі қарай артериялардың қабырғасында қабықтарының қалыңдауына әкеліп соғатын дәнекер тіннің өсуі байқалады. Эластин типті артерияларда бұл процесс күштірек көрінеді. Ішкі және ортаңғы қабықтардың құрамында сульфатталған глюкозамингликандар жиналады. 60-70 жастан кейін барлық артериялардың ішкі қабықтарында коллаген талшықтарының өсіп, қалыңдауы байқалады. Эластинді мембраналар жас ұлғайған сайын біртіндеп жіңішкереді де ыдырайды. Қарт адамдарда ішкі және ортаңғы қабықтары өсіп, онда известік қорлар мен липидтердің пайда болуы байқалады. Сыртқы қабықтың құрамындағы ет жасушаларының шоғырлары пайда болады. Веналардағы өзгерістер артерияларымен ұқсас. Қарт адамдардың мүшелерінің лимфа тамырларында көптеген ұсақ жуандаған варикозды бөліктер пайда болады. Олардың құрамындағы коллаген талшықтары өсіп, саны көбейеді.

Қан тамырлары әсіресе  лимфа тамырлары тек қана жасқа байланысты емес, сонымен бірге мүшелердің қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалға, жатыр мен аналық безде овариальді менустральді циклге байланысты өзгереді.

Регенерация процесі қан мен лимфа тамырларында өте жоғары. Тамырлы қабықтың ақауы зақымданған соң қалпына келуі немесе регенерациясы эндотелийдің өсуімен басталады. Авторадиография әдістері арқылы тамырлардың жарақаттануларынан кейінгі қайта қалпына келуіне эпителиоциттер, адвентициальді жасушалардың, ал майда тамырларда перициттердің маңызы өте зор екені анықталған. Зақымдалған тамырлардың ет жасушалары әдетте өте баяу, ақырын қалпына келеді, эластинді элементтері әлсіз дамиды. Орташа және ірі тамырлар үзілсе, олардың қалпына келуі операциясыз болмайды, бірақ сол аймақтағы қан айналымының қалпына келуі өте тез байқалады. Бұл бір жағынан коллатеральдық тамырлардың пайда болуының, екінші жағынан ұсақ капиллярлардың дамуының нәтижесі болып табылады. Лимфа тамырларының дамуы өте баяу жүреді.

Жүрек

Жүрек қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын негзгі мүше. Қабырғасы үш қабықтардан тұрады: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард.

Жүректің  қызметі қанды айдайтын насос. Артериялық қан қысымын сақтайды.

Эндокриндік қызметі НУФ гормонды синтездейтін натрийуретикалық факторды бөледі.

Информациялық қызмет атқарады. Зат алмасу процесінің өзгеруімен АҚҚ параметрінің өзгеріп отыруынан информация береді.

Дамуы. Жүректің алғашқы бастамасы 1,5 мм эмбрионда үшінші аптаның басында ұрықтың бас бөлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл жасушалар висцеральді жапырақшаның астында орналасады. Кейінірек бұл жасушалар висцеральді жапырақшамен бірігіп екі ұзынша түтікшеге айналады, ол ұрық денесінің целомдық қуысына кіріп тұрады. Одан әрі пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард пайда болады.

Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральді жапырақшаларының аймағы миоэпикардиальді пластинкалар деп аталады. Пластинка екіге бөлінеді: ішкісі миокардтың бастамасын, ал сыртқысы эпикардтың бастамасын береді. Миокард бастамасының жасушалары кардиомиобласттар бөлінеді де, Т жүйелері пайда болады. Кардиомиобласттардың байланысқан жерінде қыстырма дискілер п.б. ұрықтың екінші айының соңына қарай жүректің өткізгіш жүйесі қалыптаса бастайды да, бесінші айға қарай толық жетіледі. Жүрек клапандары эндокардтың дупликатурасы ретінде дамиды.

Құрылысы. Эндокард жүректің ішкі қабығы. Қалыңдығы әр түрлі, жүректің сол жақ камераларында, әсіресе қарынша аралық бөліктерінде аорта мен өкпе артериясының байланысатын жерлерінде қалың, ал сіңірлік жіпшелерінде жұқа. Жүректің эндокарды құрамында полигональды жасушалары бар, эндотелиймен тысталған. Бұл жасушалар базальды мембранаға бекінген. Мұның астында дәнекер тінді эндотелий асты және эластинді етті қабаты болады. Ет жасушалары эндокардпен аортаның байланысқан жерінде жақсы дамыған. Эндокардтың қоректенуі диффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік заттарды алу арқылы.

Клапандар. Жүректің клапандары жүрекше мен қарынша арасында, сонымен бірге ірі тамырларда болады. Жүрекше мен қарынша арасындағы клапаны жүректің сол жағындағы екі қақпақты, ал оң жағындағы үш қақпақты болып келеді. Клапандар эндотелиймен тысталған, құрамында тығыз талшықты, дәнекер тінді құрылымы бар. Қақпақшаның негізгі затында гликозамингликандар баршылық.

Миокард жүректің ет қабығы, тығыз орналасып байланысқан көлденең жолақты ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады. Мұндай кардиомиоциттердің арасында борпылдақ дәнекер тіні, қан тамырлары, нервтер орналасады. Кардиомиоциттердің үш түрі бар: жиырылғыш (жұмысшы) ет жасушалары, ал екіншісі жүректің өткізгіш жүйесіне жататын өткізгіш жасушалар, ал үшіншісі секреторлы немесе эндокринді кардиомиоциттер.

Жүректің жиырылғыш кардиомиоиттерінің өзіне тән құрылымдық және цитохимиялық ерекшеліктері бар, бұл оларды өткізгіш кардиомиоциттер мен қаңқа бұлшықеттерінен  ажыратып жатады. Жиырылғыш кардиомиоциттердің пішіні тік бұрышты, ұзындығы 50-120 мкм дейін, ені 15-20 мкм болып келген. Бұлардың ортаңғы бөлігінде 1-2 сопақша немесе таяқша пішінді ядросы орналасқан. Кардиомиоциттердің сыртын плазмолемма мен базальді мембранадана тұратын сарколемма қоршайды. Базальді мембрананың құрамында Са+ байланыстырушы гликопротеидтер бар. Кардиомиоциттердің латеральді жағында Т жүйесі де болады. Жүрек қарыншасындағы кардиомиоциттерде Т жүйесі жақсы дамыған. Жүрекшедегі кардиомиоциттердің пішіні өсінділі де, мұнда митохондриялар, миофибриллалар, саркоплазмалы жүйе аздау. Бұл кардиомиоциттердің тағы бір ерекшелігі, цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті торы мен Гольджи комплексі болады. Осы аталған морфологиялық белгілер жүрекше кардиомиоцитерінде гранулалардың болуымен ерекшеленеді. Бұл гранулалар гормональді пептидтерге бай. (натрий уретикалық фактор). Жүрекше кардиомиоциттері бүйректің шумақты аймағында орналасқан жасушалар сияқты артериялық қысымды реттеуге қатысады. Бұлардың тағы бір ерекшелігі сүтқоректілерде Т жүйесінің каналдары әлсіз, нашар дамиды, бірақ оларда көптеген пиноцитозды көпіршіктер мен кавеолалар болады. Осы көпіршіктер мен кавеолалар Т жүйесінің аналогі болып табылады деген пікір бар. Кардиомиоциттер өзара қыстырма дисклермен байланысады, бұлар препаратта күңгірт жолақ күйінде көрінеді.

Жүректің өткізгіш жүйесіне жиырлғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін қалыптастырып, өткізетін ет жасушалары тобы жатады. Бұл жүйесінің құрамына жүрекше түйіні, жүрекше мен қарыншадағы түйін немесе Гисс шоғыры және оның тармақтары (оң және сол жақтағы) немесе Пуркинье талшықтары жатады. Бұлар жиырылғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін өткізіп, жүректің ритмін реттейді. Осы жүйенің әр бөліктерінде ет жасушаларының әр түрлі қатынастағы үш түрін ажыратады: үшінші түрі секреторлы жасушалары гормон бөліп (ПНФ) жиырылғыш ет жасушасының қазметіне, артериялық қан қысымына, су мен тұздың алмасуына, несептің бөлінуіне әсер етеді.

Өткізгіш жүйенің  түйініндегі (синустік) жасушалары

 Синустік түйінде импульстің қалыптасуы жүзеге асады. Түйіннің ортасында өз бетінше жиырыла алатын бірінші типті жасушалар өткізгіш немесе Пейсмекер жасушалары болады (Р жасушалары). Бұл жасушалар көп бұрышты диметрі 8-10 мкм, аздаған миофибриллалары бар. Миофибриллалары сирек орналасқан, онда А және І дискілері анық көрінбейді де, Т жүйесі болмайды, бірақ кавеолалары мен көпіршіктері бар. Пейсмекер жасушаларының циттоплазмасындағы бос Са+ ионы синустік түйіндегі жасушалардың импульсті туғызып өздігінен жиырылуына мүмкіндік туғызады. Бұған қажетті энергия гликолиз процесінен алынады. Жасушалардың екінші типіне аралық жасушалар тобы жатады, бұлар ұзынша келген, жіпше тәрізді жасушалар. Параллель орналасқан миофибриллалары жаөсы дамыған. Т жүйесі бар, олар өзара қыстырма дисклермен байланысады. Бұлардың ең негізгі қызметі қозуды Р жасушаларынан Гисс шоғырының жасушаларына, одан жұмысшы кардиомиоциттерге береді. Жасушалардың үшінші түріне Пуркинье талшықтарының жасушалары жатады. Бұл жасушалардың құрамында спираль тәрізді болып келген ұзын миофибриллалары бар. Қызметі қозуды аралық жасушалардан жүрек қарыншасының кардиомиоциттеріне береді. Бұл жасушалардың диаметрі ірі (15 мкм), Т жүйесі болмайды, ядросы эксцентрлі орналасқан. Ал мифибриллалары өте жіңішке, көбінесе жасушалардың шетінде ретссіз орын алған. Пуркинье жасушалары ең ірі, гликогенге бай, Т жүйесі болмайтын жасушалар. Бұлар бір бірмен нексустар мен десмосомалар арқылы байланысады.

Жүрек миокардында афферентті және эфферентті нерв талшықтары өте  көп. Мұнда нерв пен кардиомиоциттер  арасында синапс болмайды. Өткізгіш жүйенің  нерв талшықтары, жүрекке келетін  нервтердің тітіркенуі жүректің ритмінің өзгеруін туғызады. Бұл болса нерв жүйесінің жүрек қызметінде шешуші рөлін көрсетеді де, өткізгіш жүйесі арқылы нерв импульстері беріліп отырады.

Эпикард пен перикард

Жүректің сыртқы қабығы немесе эпикард перикардтың висцеральді жапырақшасы түрінде болады. Эпикард дәнекер тінді, миокардпен тығыз бірігіп кеткен жұқа (0,3-0,4 мкм) пластинка. Оның ашық беті мезотелиймен тысталған. Эпикардтың 50% құрайтын коллаген мен эластин талшықтары. Жүрек қарыншасы мен журекшенің кейбір бөліктерінде коллаген, эластин талшықтары азайып, тіпті болмакйтында бөліктері.

Дәнекер тіні перикардта эпикардқа  қарағанда жақсы дамыған, онда эластин  ташықтары көбірек. Мұндағы қан  тамырлардың бойында май жасушаларының  жиынтығы кездеседі. Перикардтың аттас  қуысқа қараған беті мезотелиймен тысталған. Перикардта нерв ұштары да өте көп.

Васкуляризациясы. Коронарлы артерияларда да ішкі және сыртқы эластинді мембранасы тығыз каркас түзеді. Жүрек клапандарының негізінде қан тамырлары қақпақшаларға бекітілетін жерінде капиллярларға айналады. бұлар барып коронарлы веналарға жиналады.

Иннервациясы. Жүрек қабырғасында бірнеше нерв өрімдері мен ганглилер бар. Бұлардың ең тығыз орналасқан жері оң жақтағы жүрекшемен синустік жүрекше түйіндерінде байқалады. Жүрек қабырғасында бос жатқан және капсулалы нерв ұштары да бар.

Жасқа байланысты ерекшеліктері. Жүректің онтогенездік дамуындағы гистоқұрылысын үш кезеңге бөліп қарауға болады: түрленіп дамуы (дифференциялануы) кезеңі, стабилизациялық немесе қалыпты деңгейге келуі және инволюция (кері дамуы) кезеңі. Жүректің гистоқұрылысының ұрыөтық дамудан басталған кезеңі 16-20 жаста аяқталады (диффренцировкасы). Бұған кардиомиоциттердің түрлену процесі мен жүрек қарыншасынның морфогенезі сопақша тесік пен артериялық қысымның өсуі әсер етеді. Осы кезде оң жақтағы қарыншаның миокардысының физиологиялық атрофиясы және сол жақтағы қарыншаның физиологиялық гипертрофиясы байқалады. Жүректің миоциттерінде саркоплазмасы ұлғайып, ядролық плазмалық қатынас азаяды. 20-30 арасындағы кезеңде әдетте функциональді күш түскенде адамның жүрегі салыстырмалы қалыпты күйде болады. 30-40 жастан кейін микардта дәнекер тіннің өсуімен, ал эпикардта май жасушалары адипоциттер пайда болады, жүректің иннервациясы да өзгере бастайды. 30 жастан кейін жүрек қабырғасындағы адренергиялық нерв өрімдеріндегі медиаторлары азайып, медиаторлардың белсенділігі бәсеңдейді. Ал 70 жастан кейін жүректегі парасимпатикалық нерв талшықтары азаяды да, жүректе склеротикалық өзгерістер пайда болып, миокардтың қан айналымы қиындап, көптеген ишемия науқастардың шығуына әсер етеді.

Регенерациясы. Жаңа туылған нәрестелерде және балалық шақта ғана жүректің регенерациялық қабілеті кардиомиоциттердің санының көбеюімен байқалады. Ал ересектерде бұл процесс тек қана жасуша ішіндегі органеллаларының көбеюі арқылы жүреді. Кардиомиоциттердің бөлініп, көбею процесі жойылады. Тіпті, ауыр жұмыстағы адамдардың кардиомиоциттерінде органеллалары мен миофибриллалары көбейіп, миоциттердің көлемі ұлғаяды да (функциональді гипертрофия), бұларда ядролардың санының көбеюі (полиплоид) байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жүрек, артериялар және веналар қабырғаларының құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері