Биенің сүт өнімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:09, курсовая работа

Описание

Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады.

Содержание

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ..............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Биенің сүтінің өнімділігі.............................................................................6
2.2. Қымыз өндіруді ұйымдастыру...................................................................9
2.3. Биені азықтандыру ерекшелігі.................................................................10
2.4. Биелерден қымыз өндіру кезінде азықтандыру нормасы ....................12
2.5. Биеде сүт түзілуінің ерекшеліктері.........................................................15
2.6. Биені cауу ерекшеліктері.........................................................................20
2.7. Қымыз дайындау тәсілдері.......................................................................22
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................29

Работа состоит из  1 файл

курсавой ауыл шаруашылык малдарын азыктандыру.docx

— 65.14 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан  атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университеті.

 

 

 

 

 

 

                                                            Биотехнология, мал және балық

  шаруашылығы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ауыл шаруашылығы  малдарын азықтандыру» пәнінен

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Студент ___________ топ.

                                         Жетекші_________________

                                         ________________________  

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О Р А Л  , 2012

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ..............................................................................................3

1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Биенің сүтінің өнімділігі.............................................................................6

2.2. Қымыз өндіруді ұйымдастыру...................................................................9

2.3. Биені азықтандыру ерекшелігі.................................................................10

2.4. Биелерден қымыз өндіру кезінде  азықтандыру нормасы ....................12

2.5. Биеде сүт түзілуінің ерекшеліктері.........................................................15

2.6. Биені cауу  ерекшеліктері.........................................................................20

2.7. Қымыз дайындау тәсілдері.......................................................................22

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................29

 

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы  санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге  сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ  халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр  салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды.

Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы  болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан  кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде  байланып, бие сауылады. Алғашқы  кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет  сауылады, ал онан кейін сауу

-ды  көбейте береді (5 – 6 ретке дейін).

Ағытылған бие құлынымен бірге  жайылымда бағылады1897 жылы

қазақ даласында санақ жүргізілгенде халық саны 6 миллион, ал жылқының

саны 5 миллионға жуық болған. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазақ  даласында 300 мың жылқы қалды. Атадан балаға мирас болып келген қымыз  дайындау әдісін орыстың боданында 70 жыл жүргенде ұмытып қалдық. Жылқыдан айырылғаннан кейін, қымыз ішу азайды, ал қымыз ішу азайғаннан кейін, оны  жасау технологиясы біртіндеп жойыла бастады.

Әрбір жылқысы  бар шаруашылық жыл сайын мамыр  айынан бастап қазан айына дейін  қымыз фермаларында сауатын биелерді үйірден іріктеп таңдап алып, өз алдына үйір жасақтайды. Биелерді мұндай фермаларда күніне 6 рет сауады, ал кешендерде және арнаулы қымыз фермаларында 10 рет саууға болады.

Бие сүтінде 18 процент май, 2,0% белок, 6,8 0/0 сүт  канты болғанда, оның каллориясы 51 ккал болмақ.

Әр түрлі  мал сүтінің химиялық құрамы үнемі  тұрақты бола бермейді, ол малдың физиологиялық  күшіне, азықтандырылуына, күтіп бағылуына, жасына және тұқымына қарай өзгеріп  отырады.

Ауа райы, азықтандыру  жағдай сияқты факторлардың ұзақ мерзімді әсері нәтижесінде малдың бойында  өзіне тән белгілер қалыптасып, ол тұқым қуалайды. Мұның әсіресе, сүттің химиялық құрамының өзгеруіне қатысы бар.

Биені дұрыс азықтандырғанда биеден сүт бүкіл тәулік бойына үнемі бір қалыпта сауылады. Биеде жетілген үлпілердің жоқ болуы себепті ондағы бөлінген сүт ірі сүт өзектерін, сосын ұзақ каналдар мен альвеолаларды тез толтырады да, оны қатты қысым жасайды, сөйтіп мұның өзі сүттің әрі қарай бөліну процесін тежейді. Желін құрылысының осындай ерекшеліктерін ескере отырып, бие әр 1,5-2 сағат сайын, тәулігіне 5-10 рет сауылады.

Кейінгі кезде  Қазақстанда бие сауу және қымыз  дайындау жұмысы жақсы жолға қойылып  отыр. Қазақстанда өсірілетін әр түрлі  тұқым биелерінің өнімділін анықтағанда, олардың сүтті болып келетіндігін көреміз.

Әр биеден сауын маусымының ұзақтығы түрліше  болуы мүмкін. Ол азық рационына, күтіп  бағуына және құлындаған мерзіміне  т.б. себептерге байланысты болуы мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты: биеден қымыз өндіру кезінде азықтандыру ерекшеліктерімен танысу. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен алынған білімдерді тереңдету.

Курстық жұмыстың міндеттері: Биенің сүтінің өнімділігін анықтау, биені азықтандыру ерекшеліктері және биелерден қымыз өндіру кезінде азықтандыру нормасы туралы түсінік беру.

 

1.1. Әдебиетке шолу

      А.И.Аманғалиев (1978) жүргізген ғылыми жұмысқа қарағанда, адай биесі көп жылдарп бойы мол сүт беруге бейім келеді. 11-16 жасар биелер сүттілігі жағынан 7-10 жастағы биелерден кем түспейді.

      П.А.Федотовтың (1956) деректеріне қарағанда, бурят жылқысының еі көп сүт беретін уақыты 7-14 жас, ал қазақ тұқымының биелері 7-15 жсақа дейін.                                                          

      А.С.Сайгиннің (1955) зерттеулері бойынша башқұрт тұқымының биелері алғашында сүтті тым аз береді (1174 литрге дейін), онан әрі сүттілігі артып, 11 жасына 1616 литрге дейін созылады.   

      Сүттің цистерналы және символды бөліктерінің өзара қатысы да назар аударарлықтай. П.Чеботарев, А. И. Сайгин және басқаларынық мәліметтеріне қарағанда, биелерде сүттің, цистерналық үлесі 10, ал альвеолды үлесі 90 процентке жететіндігі біздің тәжірибемізде биені бір рет сауғанда 375-тен 1685 миллилитрге дейінгі цистерналық сүті 55,8% болады, ол 41,8-ден 100 процентке дейін ауытқыса, ал альвеолярды сүт—44,2%, 0-ден 58,2 процентке дейін  ауытқыды.

       И. Чеботарен негізінен сүттің жиналуына цистерна емес, сүт жолдары қызмет ететіндігін дәлелдеді. Бие желініндегі сүт жолдарының тармақталуы сиыр желініндегіден біршама өзгешелеу. Бөліктің негізгі ұзын бойымен диаметрі бірдсй келетін ірі сүт жолдары өтеді, ал одан сүйір бұрыш жасап тағы да осындай жолдар тарайды

       В.В. Масленников (1958) «Шафранова» совхозында өткізген бақылауы бойынша башқұрт тұқымының  биелері 8-15 жасында ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.

       П.А.Федотов (1956) зерттеулері бойынша сүтті биелердің қанның мөлшері мен плазмасы сүтті аз беретін билерден гөрі көп, сондай-ақ биелердің қанына гемоглобин, эритроцит артық болады деп санайды.

       Л.И.Далиленконың (1969) бақылауы бойынша жабы биесінің қанының көлемі мен оның сүттілігің арасындағы корреляцияны 0,83ке тең деп тапқан.

       Ю.Н.Барминцевтің (1965) тұжырымдауы бойынша, биені үнемі сүтейту жолымен оның сауылатын мерзімін едәуір ұзартуға болады екен.

       Н.И.Кузьмин  (1958) биенің сауым маусымы қанша уақыт созылатынын зерттеді. Бұл тәжірибеде 10 бие, оның біреуі қысыр, 9-ы құлынды бие болады. Құлынды биенің алтауы тоғызыншы айға дейін, ал екеуі 10-11 айға дейін сүт береді.

       И.М.Горячковскийдің (1976) зерттеудерінде Қазақстанда ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарын жерсіндіру және оны шағылыстыру жөніндегі тәжірибе жұмыстарын қорытындылай келе, қазақ биесіне қарағанда, ауыр жүк тартатын жылқы мен қазақ жылқысынан алынған будандар сүтті 15-20 проценттей беретіндігін анықтады. Жайып баққанда, бұлбудандар алғашқы үш айда, сауын маусымында тәулігіне 18-20, төртінші айда 15-16, бесінші айда 10-12, алтыншы айда 7-8 литрден сүт берген. Жалпы 6 айдағы барлық сауылған сүт 3065 литр болып, кей күндері тәулігіне 27,5 литрге дейін сүт сауылған.

        Федотовтыңдеректері  бойынша Бурабай курортың қымызбен  қамтамасыз ететін «Шучье» совхозындағы  мамандырылған қымыз фермасындағы  әрбір қазақ биесінің бес ай  ішіндегі сүттілігі орташа есеппен  1883 литр (1328-2170 литр аралығында), ал желгіш жылқы тұқымынан алынған будан биелердікі 1440 литр болды.

       Санаторийлар  мен демалыс үйлеріндегі арнаулы  кәсіпке бейімделген қымыз фермаларында  әр биеден сауылатын сүттің  мөлшері едәуір көп. Л. В.  Каштановтың деректері бойынша,  озат шаруашылықтарда әр биеден  жылына шамамен 1300 литрден, өте  сүтті биеден -2500 литрдей сүт сауылады.

        Поляк революционері  Адольф Янушкевич « қазақ даласын  аралағандағы күнделіктер мен  хаттар » деген еңбегінде 1846 жылы былай деп жазды: « Қазақтар құлынды енесінен айырған уақытты қадағалап есептейді. Таңертеңгіліктен құлындар желіге қысқа етіліп байланады; байлар биелерін 3 мезгіл, ал кедейлер 5-6 рет, одан да көп сауады. Әр сауғанда бие толы тостаған сүт береді. Биелерді сауғанда тері көнек немесе торсық қолданылады. Кешкі сағат алтыда, кейде оданда кешірек (жыл мезгіліне байланысты)құлындар желіден ағытылып, енелеріне қосылады».

        Қ. Баймұхамбетовтің  тәжірибе жүзінде зерттелінген  бие желінің салмағының көрсеткішінеріне  көз салсақ, орта есеппен тәжірибеге  алынған 25 биенің желінің салмағы  2,01 кг. Кейбір биелердікі бұл көрсеткіштен  төмен 1,1 кг, ал енді біреулерінікі  3,39 килограмға жетті. Желін салмағының  маңызы ерекше, өйткені оның жетілуі  май және дәнекер тканьдеріне  байланысты. Сонымен қатар ол  бие желіндерінің гистологиялық  құрылысын анықтағанда, бие желінінің  өлшемдері көп жағдайларға байланысты  өзгеріп отыратының және ол  тәжірибедегі жылқылардың жасына  да байланысты болатындығын байқады.

        Профессор  Ю. Барменцевтің зерттеулеріне  қарағанда Мыңбаев атындағы тәжірибе  шаруашылығында ең сүтті биелердің  алғашқы бес ай ішіндегі салмағының 100 кг есептегенде жабы тұқымының  биелері 630-730 литрден сүт берсе,  ал ауыр жүк жылқысы мен  жергілікті қазақы жылқылардың  буданының биелерінен  587-610 литрден  ғана сүт алынды. Сол себепті  жергілікті жылқы тұқымын асылдандыру  жұмысында оларға тән сүт беру  қасиетін жетілдіре беруге назар  аударған дұрыс.

   Қымызды ашытқанда оны  пісіруге ерекше назар аударылады. Қымыз қанша көп пісірілсе  ашуы қайтып, жуасып тұщы, дәмді  бола түседі. Қымызды өндірістік  әдіспен ашыту ісі таза сүт  қышқылды таяқшаларымен сүт ашытқыларынан  жасалған қорға негізделген. Мұндай  қымызды бірінші рет А.С. Гинзбург  және А.А. Бачинская-Райченко  1910-1911 жылдары лабораториялық жағдайда  дайындап шығарған.

    Л. М. Горовиц-Власов  осы жұмысты 1923 жылы Орынбордың  қымызбен емдеу аудандарында  жалғастырды. Өндірістік жағдайда  қымыз дайындау процестеріне  мыналар жатады: сүтті әзірлеу,  қымыздың ашып жетілуі, шайқау-пісу, басқа ыдысқа құю, тығындау, газдандыру, салқындату және сақтау.

 Сүт пен қымыз тез бұзылады,сақтау  мен тасымалдау ерекше жағдайды  талап етеді. Бие сүті мен  қымызын сақтау проблемасы ежелден  күні бүгінге дейін аса күрделі  мәселе болып келеді. 1884 жылы Д.  Ж. Каррик бие сүтіне қант  қосып қойылту арқылы оны бірнеше  ай бойы сақтаған.

 Н. Б. Постников 1903 жылы  қымызды стерилдеу әдісімен өңдеп,  ауа кірмейтін ыдысқа құю арқылы  сақтаудың мерзімін ұзарта түскен. Алайда осы әдіспен сақтағанда  сусынның сапасы едәуір төмендеген.

      1961 жылы А. Ф.  Лебедев дисклі шашыратқыш қондырғыда  бие сүтін кептірген. Осы құрғақ  сүт ішіндегі ауасы азот арқылы  шығарылған жабық банкада 2,23 °C температурада 8 ай бойы сақталған. Кейін осыдан қайта қалпына келтірілген қымыз әзірленген. Биенің жас сүтінен кептірілген сүтті қайта езу арқылы жасалған қымыздың химиялық құрамын зерттегенде кәдімгі жас сүттен әзірленген қымызға қарағанда оның құрамында белок -17,2%, С витамині-25%, А витамині-20,4% және каротин 23,5 процент кемігені анықталды. Кептірілген сүттен әзірленген қымызды өзінің дәмі жағынан ешқандай өзгешелік байқалмаған.

Сол жылы сүтті жылқы шарушылығының  жаңалығы И. А. Сайгин                                                                                                                   (Башкирияның Раевский құрғақ заводы ) «Нема» атты кептіргіш арқылы бие  сүтін кептіру тәжірибесін ұйымдастырды. Тәжірибе барысында, кептірудің жақсы  жүруі үшін кептіргіш ішіне ауа  температурасы 130-135°С қызумен еніп, сыртқы 65-70° қызумен шыққанда жақсы  нәтиже беретіні анықталды.

Осындай жағдайда биенің кептірілген  сүті құрамында орта есеппен алғанда 3% ылғал, 16-20% белок, 59-60% қант, 13-23% май  және 4-9,5 процент минерал тұздары  болады. Бастапқы қалпындағысымен салыстырғанда  кептірілген сүтті езгенде, онда С, В1, В2 витаминдері 70-90 процент сақталған.

     Ірі қараны бонитировкалау  жөніндегі нұсқау бойынша сиырлардың  желініне баға беру 25 балдық жүйе  бойынша жүргізіледі. Профессор  Ю. Барминцевтің ойынша осы  маңызды тәжірибені   қымыз  фермаларын ұйымдастырғанда да  қолдану, биелердің сүттілігін  арттырудың негізгі шараларының  бірі болмақ.Зоотехникада сиырлардың  сүттілігін арттырумен қатар,  олардың азығын сүтпен өтейтін  негізгі көрсеткіштің бірі-сүттілік  индекс. Осы индекстің көрсеткіші  неғұрлым жоғары болса, олардың  сүті мол және арзанға түседі.

Информация о работе Биенің сүт өнімділігін арттыру