Биенің сүт өнімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:09, курсовая работа

Описание

Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады.

Содержание

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ..............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Биенің сүтінің өнімділігі.............................................................................6
2.2. Қымыз өндіруді ұйымдастыру...................................................................9
2.3. Биені азықтандыру ерекшелігі.................................................................10
2.4. Биелерден қымыз өндіру кезінде азықтандыру нормасы ....................12
2.5. Биеде сүт түзілуінің ерекшеліктері.........................................................15
2.6. Биені cауу ерекшеліктері.........................................................................20
2.7. Қымыз дайындау тәсілдері.......................................................................22
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................29

Работа состоит из  1 файл

курсавой ауыл шаруашылык малдарын азыктандыру.docx

— 65.14 Кб (Скачать документ)

 

2.5. Биеде сүт түзілуінің  ерекшеліктері

 

Желіннің  бөліктері бірдей болуы да және кейде  алдыңғы бөлігі едәуір жақсы жетілген болуы да мүмкін. Желіннің әрбір  жартысы үш беліктен, ал емшегінің  ұшында үш тесігі болатын биелер де кездеседі, бірақ бұл өте сирек  байқалатын құбылыс. Әдетте үшінші беліктің жетілуі нашар болып, сүттің  мол  жиналуына кері ықпал етуі мүмкін.

Сүт-альвеолалар  түзейтін эпителиальды без клеткаларының  секреті екені мәлім. Секрет клеткаларына жиналған сүт альвеола қуысына, содан  соң неғұрлым молырақ ағатын сүт  жолдарына келеді.

Альвеололар мен сүт жолдарының сырт жағын  жұлдыз тәрізді бұлшық ет клеткалары жауып тұрады, ол жиырылғанда сүт  өзегіне келіп құйылады.

Қолдағы деректерге қарағанда, аса сүтті жабы биелерінің сүтінде құрғақ зат мөлшері биенің өзінің тірі салмағына жақын  болатыны байқалған.

Әрине, бие  организмінде осы айтылған заттардың  барлығы да азықтан түзіледі. Ал азықтық зат жетіспесе сүт  мөлшері азайып қана қоймап, оның химиялық құрамының, сапасының да төмендейтіні белгілі, сол себепті осы жетіспейтін  құрғақ заттар биенің оз организмінені  алынуы, сондықтан малдың тірі салмағының кеміп кетуі мүмкін.

Сүттің түзілуі  мал организмінде болатын физиологиялық  процестермен (сауылу мсрзімі, буаздығы, суалуы) тығыз байланысты. Олар сүттің түзілуіне ғана емес, оның химиялық құрамына, сапалылығына да әсерін тигізеді.

Биелерді  машинамен  сауушылар үшін бие  желінінің бөлікке бөлінуін білудің  зор маңызы бар. Кейбір бөліктердің  жетілуінде айырмашылық   неғұрлым көп болса,  оларды саууға уақыт  соғұрлым көп кетеді де, сауын ұзаққа созылады. Сондықтан желіндегі барлық бөліктің өнімі өзара тең болғаны  жақсы. Сонда ғана олар бір мезгілде сауылып, уақыт  мейлінше аз жұмсалынады.

Бие желіні құрылысының мұндай Сүттің цистерналы және символды бөліктерінің өзара қатысы да назар аударарлықтай. П.Чеботарев, А. И. Сайгин және басқаларынық мәліметтеріне  қарағанда, биелерде сүттің, цистерналық  үлесі 10, ал альвеолды үлесі 90 процентке  жететіндігі біздің тәжірибемізде  биені бір рет сауғанда 375-тен 1685 миллилитрге дейінгі цистерналық  сүті 55,8% болады, ол 41,8-ден 100 процентке  дейін ауытқыса, ал альвеолярды сүт—44,2%, 0-ден 58,2 процентке дейін  ауытқыды.

И. Чеботарен  негізінен сүттің жиналуына цистерна емес, сүт жолдары қызмет ететіндігін  дәлелдеді. Бие желініндегі сүт  жолдарының тармақталуы сиыр желініндегіден біршама өзгешелеу. Бөліктің негізгі  ұзын бойымен диаметрі бірдсй келетін  ірі сүт жолдары өтеді, ал одан сүйір бұрыш жасап тағы да осындай  жолдар тарайды.

биологиялық ерекшелігі қүлындарын жиі емізуіне байланысты.

Әдетте биені  идіру үшін оның бауырына құлынып  салады. Бірақ биенін, сүт беру рефлексін  табиғи жолдан басқа да әдіспен қалыптастыруға болады. Биенің желінің жылы сумен  жуу, жұмыс істеп тұрған насостың шуы, басқа да дыбыстар олардың сүт  бөлу рефлексін қоздырып әсер етеді.

Бие желіні без тканьдарына бай және сиыр желіні сияқты ол да сонша сүт бөліп  шығаруға қабілетті. Желіннің сыйымдылығы  негізінен мал тұқымына, жасына, сауылу кезеңіне, сүт енімділігіне, сондай-ақ сүт бездері тканьдарының жетілу дәрежесіне байланысты. Қулық  биелердің желіні онша үлкен болмайды, оған 0.5-тен 1,2 литрге дейін ғана сүт  жиналады. Ұдайы сауып отырудың барысында  желінге жиналатын сүт мөлшері 3 литрге дейін артуы мүмкін.

Дұрыс азықтандырғанда  биеден сүт бүкіл тәулік бойына үнемі  бір қалыпта сауылады. Биеде жетілген үрпілердің жоқ болуы себепті  ондағы бөлінген сүт ірі сүт өзектерін, сосын ұзақ каналдар мен альвеолаларды  тез толтырады да, онда қатты қысым  жасайды, сөйтіп мұның өзі сүттің әрі қарай бөліну процесін тежейді. Желін құрылысының осындай ерекшеліктерін ескере отырып, бие әр 1,5—2 сағат  сайын, тәулігіне 5—10 рет сауылады.

Бие желіні сыйымдылығына, түріне, емшегінің салалығына   және   тереңдігіне   қарап   бағаланады.   Желін үлкен болса  оған соғұрлым сүт мол жиналады, ал оның аумағы қарынды бойлай созылуымен, яғни ортаңғы сызық ұзындығымен  ғана емес, сонымен бірге сүт жиналатын  жеткілікті терең болуымен де айқындалады. Осы көрсеткіштердің бәрі жинала келіп, желін көлемін құрайды. Бұл  көрсеткіштер бойынша желінді көзбен көріп бағалау тиімді, мұның өзі  сауын биелерді сұрыптау кезінде  пайдаланылады.

Бүкілодақтық  жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу  институтының деректері бойынша, бие  желінінің түп жағының орамы 54—72 см, тереңдігі 10—15 см, алі жолақ бойынша  ұзындығы 23—28 см. Биенің емшектерінің өлшемдері мынадай: ұзындығы 3—5 см, түп жағының орамы 9—12 см, екі  емшектің аралығы 3—7,5 см. Сауын бие  желінінің салмағы 1300—3000 г, ал қысыр  биенін желіні —300—500 г.

Алматы мал  дәрігерлік институтының жылқы және түйе кафедрасының деректері бойынша, қымыз фермаларындағы сауын биелерінің желіні мен емшегін тексеріп-зерттеу  бие желінін мынандай түрлерге бөлуге болатындығын көрсетті.

Тостаған  тәрізді желіннің екі жартысы  да біркелкі жетілген, ішке қарай тартыңқы, ұзыны мен ені жақсы дамыған  болып келеді. Мұндай желіннің орташа ұзындығы—27,9 см, түп жағының орамы 71,16; емшектерінің ұзындығы —3,82, олардың  аралығы 6,97 см. Ұстап көргенде жұмсақ, серпінді, сауғаннан кейін тартылып кетеді. Желіні тостаған тәрізді биелер өте сүтті келеді, 5 айғы сауымында  орта есеппен тәулігіне 14,3 литрден  сүт береді.

Томпақ желін. Ақ жолақты бойлап өлшегенде мұндай желін ұзынша келеді. Бірақ оның сүт төмпешігі (қалтасы) жайпақтау  болады. Желіннің ұзындығы орта есеппен 25,9 см, түп жағының орамы  емшегінің  ұзындығы 3,46 см, ал екі емшегінің  аралыгы 6,11 см. Желіні мұндай биелердің  сүттілігі, желіні тостаған тәрізді  биелерге қарағанда едәуір төмен  орта есеппен тәулігіне— 12,2 л. Мұндай желін ақ жолақ бойымен өлшегенде  онша ұзын емес, бірақ сүт төмпешігі  сопақ желіндікіне қарағанда  тереңдеу, желіннің ұзындығы орта есеппен 23,6 см, орамы 58,03, емшегінің ұзындығы 3,81 см, ал олардың ара қашықтығы — 5,53 см. Осындай желіні бар биелер сүтті аз береді (тәулігіне 9,5 л).

Қазақ қой  шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу  институтының қымыз фермасында жүргізілген  тәжірибе   жұмысына   қарағанда   әр  түрлі   тұқымдық топтардағы биелердің желін өлшемдерінде айтарлықтай  айырмашылық болмайтындығын көрсетті, Алайда желінінің ұзындығы мен сүт  қалтасы жөнінен ауыр жүк тартатын  қазақы   бие бірінші  орынға,   жақсартылған   салт мінетін тұқымдық бие соңғы орынға ие болды.

Желін мөлшері  мен түріндегі айырмашылық биелердің  тұқымына ғана емес, сонымен бірге  олардың жасына да байланысты. Биелердің  жасы өскен сайын желіні де есе  береді, 13—16 жасына дейін өседі.

Бие желініне баға бергенде емшектің көлемі мен  оның арақашықтығы жөніндегі деректерді білудің айрықша маңызы бар. Бұл  деректер арқылы оның морфологиялық  құрылысының ерекшеліктерін білумен  қатар, механикалық әдіспен саууға болатын-болмайтынын сондай-ақ кандай әдіспен сауу керектігін анықтауға  көмектеседі.

Бие желіні емшектерінің құрылысы, түрі, көлемі мен  орналасуы әр түрлі болуы ықтимал. Емшектің 2 сырткы формасы мен түп  жағы бірдей қымқырылып, сүйірленіп келген цилиндр тәрізді, үш жағы жуан және түп жағы жіңішке алмұрт тәрізді, ең соңында дүрыс бітпеген емшек (қисық, сүйел шықкан және т. б.) түрлеріне  белінеді. Ал ұзындығы жағынан емшектер салалы (7—8 см), орташа (4—6) және қысқа  болып келеді, қысқасының ұзындығы 2—3 сантиметрден аспайды.

Емшек орамының өлшеміне, яғни жуандығына қарап биені  үш топқа бөледі: жуан емшекті биелер — емшегінің түп жағының орамы 15—18 см, жуандығы орташа емшек 10—12 см. Тым жуан емес емшек 8 см болады және жіңішке емшекті биелер сирек  кездеседі.

 

Емшектердің ара қашықтықтарына қарап желіннің қалай жетілгендігін анықтауға  болады. Емшектері өте жақын орналасып, ұшының ара қашықтықтары 2,5—3 сантиметрден болса, онда олар машинамен саууға қолайсыз. Мұндай емшектер саууға арналған стакандарды  емшекке тығыз орналастыруға  қиындық келтіреді. Емшектері жақын  біткен биелерді машинамен сауған кезде  сауын стакандары емшектен түсіп  қалады. Мұндайда сауу аппаратын қолдану  қиын екендігі түсінікті.

Егер емшек  қысқа әрі жіңішке болса, онда олардың алшақ орналасқаны (8,0 сантиметрдегі  және одан пртық) тиімсіз. Мұндай емшек  жақсы сауылмайды және сауу стакандары жиі-жиі шығып қала береді. Бұл  кемішілікті болдырмау үшін сауу стаканындағы емшек кіретін тесіктегі  саңылауды әдеттегі 26 миллиметрдің орнына \Т2 миллиметрге дейін тарылтуға  тура келеді.

 

2.6. Биені cауу  ерекшеліктері

Биені қолмен немесе машинамен сауғанда әдетте оның тез иіп, сүтті мол беруіне  ең алдымен құлын себепші болады. Биеиі сауар кезде тәртіп сақтау, атап айтқанда, фермада жүзеге асырылатын барлық жұмыс түрлерін — биелерді сауу алаңына  айдап келу, сауыншының биеге жақындауы, сауу агрегатының  дүрілі, жем беру, тағы басқа жұмыстар дағдылы бір қалыпта жүргізілуі тиіс. Осының бәрі биенің жақсы июіне  әсер етеді. Мұнымен қоса жарық түсіру,  қоңырау немесе шелекті бір қалыпты  ұру   арқылы дыбыс  беру сияқты  қоздырғыштар да   биенің жылдам идіру   рефлексін тудырады. Осылардың  бәрінен де биені идірудің ең тиімді амалы құлынды емізу  болып  табылады. Құлын енесін емгенде оның ауыз қуысында дүркін-дүркін вакуум пайда  болады, ол   құлынның емшектерін сорып, сүтті   жұтқан кезінде  кезектесіп ауысып тұрады.

Қазақстанның  қымыз фермаларында бие қолмен ғана емес, сонымен бірге сауу машинасымен  де сауылады. Құлынын салып, биені  қолмен сауу ертеден қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа көшіп отырған әдіс. Оған ешқандай өзгеріс жасалған жоқ десе де болады. Қолмен сауу әдісі құлынды  биелерді жыл бойы жайылымда бағып-күтуге байланысты. Биелерден күндіз сауылған сүт қымыз ашытуға пайдалынылады, ал түнгі сүт құлынның емуіне қалдырылады.

Қолмен сауу еңбек жұмсауды керек етеді әрі   қауіпсіз де емес, ерекше шеберлікті, сауатын  адамның қайратты, шапшаң болуын,  малды   ұстап-күтудің   мәнісін  жақсы білуді талап етеді. Көптеген бие, әсіресе үйірде өскен асау және қулық биелер саудырмайды, сондықтан  да оларды көбінесе сүт сауылатын  үйірге қоспаған жөн. Биені қолмен сауу үшін ең алдымен оны үйретіп, жуасытып алу қажет.

Биені  сауу тәсілі   әр түрлі   болуы   мүмкіи,   емшекті  бас бармақ және сұқ қолмен қысура, не болмаса  саусақтарды бір жұмып, бір ашып емшекті не жоғары, не темен қысып  қозғау арқылы саууға болады.

Биені батыл  да тез сауу ксрек. Тәжірибелерге  қарағанда бір биені қолмен сауып  шығу үшін орта есеппен 60—90 секунд  уақыт   жұмсалады   екен. Сауыншы   бие сауған кезде бір минутта  емшекті 110-нан 160-қа дейін қысып тартады.

Бие сауу жүмысының  ауырлығымен қатар оның қауіптілігін де ұмытпаған жен. Осыған байланысты биені машинамен сауудын, қолмен сауғаннан гөрі анағұрлым артықшылығы  бар.

Қазақстанның  қымыз фермаларында соңғы кезде  машинамен сауу кеңінен қолданыла  бастады. Сауатын адамдардың жұмысындағы  ең маңыздысы — малды машинамен  саууға үйрету. Машинамен саууға іріктеп  алынған биелер өз алдына жеке бір  үйір болып құрылады. Ондай үйірлердің саны сауын алақының жұмыс қабілетіне (сауын станоктардың, сауыншылардың  санына) байланысты болады.

Биелер машинамен  саууға сауын алаңының көлеміне қарай 6—12 бастан топ-топқа бөлініп үйретіледі. Жылқы жайылымнан айдалып келгеннен кейін базаның қабылдау белмесіне қамалады да, құлындар енесінен бөлініп, арнаулы бөлмеге кіргізіледі.

Саууға бекітілген станоктарды есіктермен, көлденең бөренелермен бөліп тастайды немесе оларды артқы  биенің басы алдыңғы биенің сауырында  болатындай етіп қамайды. Сонда мал  бір-біріне тағыз жанасып тұрады да, сүт шығу рефлексі жақсарады, сауатын  адамдардың қауіпсіздігі де аэаяды, сүт  әдетте 30—40 секунд бойы шығады. Биенің сауылып болғанын бақылау шынысында  сүттің тоқталуына қарап біледі. Сауу тоқтатылған кезде вакуумдық  магистральды жауып, сауу стакандарын  алады. Сауылран биелерді сыртқа шығарып  жібереді. Содап соң кезектегі  топ биелерді кіргізеді де, жұмыс  процесін қайталайды.

 

2.7. Қымыз дайындау тәсілдері

Қымыз дегеніміз  — бие сүті қышқылдарын белоктармен, ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқылтым сусын. Қымыздың сапасының жоғары болуы, оның емдік қасиеті — көп жағдайда бие сүтінің сапасына байланысты. Бие сүтінен қымыз ашытудың технологиясы өте күрделі және қиын. Біздің республикадағы көптеген жылқы шаруашылығында осы күнге дейін көне әдіспен, үй жағдайында дайындау әдісі қолданылып келеді. Яғни қымызды күбі мен сабаға,тросыққа ашытып келгендігі. Бертін келе көптеген зерттеулердің жүргізген ғылыми жұмысының нәтижесінде қымызды өндірістік жолмен дайындаудың артықшылығы дәлелденді. Осы өндірістік әдіс арнаулы машиналарды пайдалануды керек етеді. Қазіргі таңда ондай жабдықтар қымыз дайындайтын барлық сүт кәсіпорындарында қолданылады.

Қымыз дайындау процесі дұрыс жүру үшін мынадай  заттар болуы тиіс;сүт флягасы,сүзгіш құралы ,сүт өлшегіш,эмальді шелектер, шөлмектер және оларды салатын жәшік. Қымыздың дертке дауа, тамаша шипалық қасиеттеріне ашытқылары ғана әсер етпейді. Бие сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиотикалық заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20 г қоректік белоқ бар, ол орташа қондылықтағы сиырдың 100 г етіне тен, келеді.

Қымыз организмге тез сіңетін қоректі және минералды  заттардан,  сондай-ақ  көмірқышқылы  қоспаларынан,  сүт қышқылынан және спирттен тұрады. Бұлар нерв жүйесін  сергітіп, асқорыту процесіне ықпал  етіп, қан айналу жұмысын жақсартады. Қымыз өндіру үшін дені сау малдан алынған патогенді микробы жоқ, қышқылдығы 7°Т, тығыздығы 1,029—1,033, басқа  иісі, дәмі жоқ сүтті және технологиялық  ереже бойынша дайындалған қышқылдығы 120—130 Т қымыздық ашытқы пайдаланылады. Қымыз өндірудің технологиялық  процестері келесі операциялардан тұрады:

Информация о работе Биенің сүт өнімділігін арттыру