Биенің сүт өнімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:09, курсовая работа

Описание

Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады.

Содержание

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ..............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Биенің сүтінің өнімділігі.............................................................................6
2.2. Қымыз өндіруді ұйымдастыру...................................................................9
2.3. Биені азықтандыру ерекшелігі.................................................................10
2.4. Биелерден қымыз өндіру кезінде азықтандыру нормасы ....................12
2.5. Биеде сүт түзілуінің ерекшеліктері.........................................................15
2.6. Биені cауу ерекшеліктері.........................................................................20
2.7. Қымыз дайындау тәсілдері.......................................................................22
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................29

Работа состоит из  1 файл

курсавой ауыл шаруашылык малдарын азыктандыру.docx

— 65.14 Кб (Скачать документ)

     Профессор Ю. Барменцев  осы мәселенің маңызын былай  сипаттады. «Алайда, бұл мәселе  сүтті жылқы шаруашылығында әлі  күнге дейін жеткілікті зерттелген  жоқ, өйткені биелердің сүттілігі  жөніндегі мәліметтер онша жеткілікті  емес.Сауым маусымы кезінде құлындарды  желіге байлап өсіру олардың  дұрыс қалыптасуына кері әсерін  тигізбей қоймайды.Құлындар онша  жетілмейді. Ал оларды топтап  күтіп, сұлы мен көк шөп беріп  отыру жақсы жетілуіне мүмкіндік  береді. Алматы облысындағы «Панфиловский  » совхозында арнайы тәжірибе  орлов желісті жылқысының биелерімен  жүргізілді. Тәжірибедегі құлындар  мен биелердің өлшемдері алынып  үш және алты айлығында салмақтары  анықталды.

     Осыдан бірнеше жыл  бұрын бие сауу жұмысын ұйымдастыруда  да елеулі кемшіліктер болдв.  Қымыз фермаларында сауылып жүрген  биелер олардың сүттілігіне қарай сұрыпталмай, мінезіне, екінші сөзбен айтсақ, жуастығына қарай бөлінді. Өйткені, мінезі шәлкес, ұшқалақ биелерді қолмен саууға үйретуге күш керек.Міне, осы себептен қолмен сауылып жүрген биелер тек бір себеппен – асаулықтан желіге байланбай жүргенін кез келген маман ескере бермейді. Ал бұл мәселені іс жүзіне асыру үшін шаруашылық басшылары мен мамандары биелерді машинамен саууды ұйымдастыруға үлкен мән беруі қажет.

       Желіннің көлемі  мен сауу жиілігі бір-бірімен  тікелей байланысты екенін жүргізген  зерттеулер көрсетт. И. А. Сайгиннің  бақылаулары бойынша, башқұрт  жылқысы биелерінің 95 проценттейі  бір сауғанда 1,2 –ден 2 литрге дейін сүт беретіндігі байқалған. Желінің көлемі шағын бола тұрса да,кейбір биелер тәулігінеь20 литрдей, тіпті одан да көп сүт бере алады. Биенің сүттілігі сауын маусымының ұзақтығына, сүттің бөлінуінежәне оның жасына байланысты.

       Н. И. Кузьмин  биенің сауым маусымы қанша  уақыт созылатынын зерттеді.Бұл  тәжірибеде 10 бие,оның біреуі қысыр, 9-ы құлынды бие болды. Құлынды  биенің алтауы тоғызыншы айға  дейін, ал екеуі 10-11 айда тәулігіне  не бары 2 литр ғана сүт береді. Буаздығының алғашқы айлары (3-5 айлары) биенің сүттілігіне онша әсер  етпейді.

      Профессор И. А.  Сайгиннің деректері бойынша,  башқұрт биелерінің сүт беру  мерзімінің орташа ұзақтығы 201 күнге  жетті. Байқаудағы биелердің 68 проценті 6-8 ай сауылған;17,2 проценті 8 айдан астам уақыт сүт берген,тек  бірнеше бие ғана құлындағанынша  сауылған, бірақ мұның өзі келесі  сауын айларында сүттің едәуір  кемуіне әсер еткен.

     В. В. Масленников  (Шафраново) санаторийінде жүргізген  байқауларында биелердің 42 проценті  құлындаған соң 150 күннен кейін, 20 проценті 100, ал 6,5 проценті тіпті  60 күннен кейін суала бастағанын  анықтаған.Жүргізген зерттеулер  бойынша, сауу мерзімін ұзарту  үшін сауын жұмыстарын дұрыс  ұйымдастырудың және бие сауу  әдісін жетілдіре берудің айрықша  маңызы бар.

    Ю.Н.  Барминцевтің тұжырымдауы  бойынша, биені үнемі сүтейту  жолымен оның сауылатын мерзімін  едәуір ұзартуға болады. Егер  сауын мерзімін ұзартумен бірге  бие құлындату мерзімін де  реттеп отыратын болса, онда  мұның өзі бие сүтін жыл  бойы өндіруге мүмкіндік береді.

   Б. Р. Әкімбековтың қымыз  фермасында өткізген бақылауы  бойынша белгілі бір тұқым  биелерінің де сүттілігі түрліше  болады.Бұған мысал ретінде, күтімі  мен азықтандырылу жағдайы бірдей  (қорада және мәдени жайылым) екі қазақ жабы биесінің сүттілігі жөніндегі мәліметті келтіруге болады. Екі биеде май айында шағылыстырылып, келесі жылдың апрель айында құлындаған. Бірінші биенің сүттілігі 6 ай бойына бірқалыпты болды, ал екінші айда едәуір  төмендеді. Биелердің мұндай жеке ерекшеліктерін селекциялық жұмыстар жүргізгенде ескеріп отырған жөн. Сөйтіп, тек сүттілігі тұрақты биелерді ғана іріктеп алу керек.

Қымыз фермасына арнап сауын  малын сұрыптау үшін биенің сүттілігі  мен оның салмағының, мүсін тұлғасының арасындағы байланысты білген жөн. Мысалы, А. М. Аллагужин деректері бойынша 33 локай тұқым биелерінің сүттілігі мен салмағының арасындағы корреляция 0,58-ге тең. Ал Л. Ф. Тарасевичтің зерттеуі бойынша белорус тұқымы биесінің салмағы мен сүттілігі арасындағы пайдалы байланыс 0,44 болды.

 Биенің сүттілігі оның ішкі  құрылысымен де байланысты. П.  А. Федотов сүтті биелердің  қанының мөлшері мен плазмасы  сүтті аз беретін биелерден  гөрі көп, сондай-ақ биелердің  өанында гемоглобин, эритроцит артық  болады деп санайды. Осы тұжырымды  толықтыру үшін Л. И. Даниленко  жабы биесінің қанының көлемі  мен оның сүттілігінің арасындағы  корреляцияны 0,83 –ке тең деп тапқан.

 И. Н. Чайкин мен М. С.  Мироненконың айтыуынша биенің  сүттілігі жасына қарай өзгеріп  отырады.Мәселен, ауыр жүк тартатын  биелердің сүттілігі 10 жасына  дейін артып, сосын біртіндеп  төмендей бастайтынды, ал кейбір  биелердің сүттілігін тіпті 18 жасында да сақтайды.

    П. А. Федотовтың деректеріне  қарағанда, бурят жылқысының ең  көп сүт беретін уақыты 7-14 жас,  ал қазақ тұқымының биелері  7-15 жасқа дейін. Сол сияқты  профессор И. А. Сайгиннің зерттеулері  бойынша башқұрт тұқымының биелері  алғашында сүтті тым аз береді, онан әрі сүттілігі артып, 11 жасында  1616 литрге дейін жетеді. Мұндай  мөлшерде сүт беру 17-20 жасқа дейін  созылады. Ал В. В. Масленников  Шафраново совхозында өткізген  бақылауы бойынша осы тұқымның  биелері 8-15 жасында ең жоғарғы  көрсеткішке жеткен.

   А. И. Иманғалиев жүргізген  ғылыми жұмысқа  қарағанда,  адай биесі көп жылдар бойы  мол сүт беруге бейім келеді.11-16 жасар биелер сүттілігі жағынан  7-10 жастағы биелерден кем түспейді.

     Сауын биені сұрыптағанда  селекционер әр килограмм сүтке  азық өлшем бірлігін және сіңімді  протеинді аз қажет ететін  жылқы тұқымын таңдағаны пайдалы.

   Лебедевтың жасаған тәжірибесі  бойынша қыста сауын биелер  тебіндеп жайылып, ал көктемнің  алғашқы айларында сабаннан басқа  ешқандай азық берілмей, тек екінші  сауын айында шабылған көк  шөп, кейіннен жүгері балаусасы  мен жем бере бастағанда сүт  құрамындағы белок пен май  мөлшері едәуір көбейген. Сауын  биелерге жоңышқа мен сұлы  қоспасын бергенде де осыған  ұқсас нәтижелер алынды.Қосымша  азықтандырғаннан кейін тәулігіне  сауылатын сүт мөлшері алғашқы  жылы 20, екінші жылы 26% артты.

Сауын айына қарай бие сүтінің  құрамындағы майдың мөлшері өзгеріп  отырады. Бие сүтінде белоктың ең көп болатын мерзімі үшінші сауын  айы,яғни шілде-тамыз, ал сонан соң  жалпы белок проценті сауын маусымының аяғына шейін бірте-бірте төмендей береді.

  Бие сүті майының тағы  бір ерекше қасиеті бар. 

  П. Ю. Берлиннің деректері  бойынша,сиыр сүтінің майында  туберкулез бактериялары өсіп-өніп  жатса,бие сүтінің майында олардың  өсіп-өнуі тежеледі. Олай болатын  себебі, көп қанықпаған май қышқылдарының  бойында микробтардың өсіп-көбеюін  тежейтін қасиеті бар, ал бие  сүтінде мұндай қышқылдар кез-келген  өзге мал сүтіндегіден едәуір  көп.

   Витаминдер организмнің  тіршілік етуіне аса қажетті  заттар екендігі белгілі. Бие  сүтінде адамның денсаулығына  қажетті витаминдердің барлығы  бар. Әсіресе, ол А мен С  витаминдеріне бай.

    Х. Дүйсембиннің бақылауы  бойынша, С витаминінің мөлшері  табиғи жағдайлар (жайылым,жарық,ауа  т.б) әсер етеді екен. Сүттен  қымыз ашытқанда А витаминінің  мөлшері өзгермейді, ал С витамині  біршама азая түседі, мұның өзі  қымызды піскен кезде ауадағы  оттегінің әсерінен болуы мүмкін. Қымыздың да дәрілік қасиетін  ондағы С витаминінің көп болуымен  байланыстырады.Сонымен қатар   А, С витаминдерінен брге бие  сүтінде аз мөлшерде  Д витамині  кездеседі.Д витамині сүтке қарағанда  уызда көбірек болады.

 Р. Давыдов пен Т. Ермекованың  мәліметі бойынша бие сүтінде  Е витаминінің мөлшері бір  литрде 0,65-1,05 мг шамасында болады.Е  витамині малдың қалыпты өсіп-жетілуі  үшін қажет. Ол жеткіліксіз  болса, малдың ұрықтану қабілеті  жойылады.

     А. И. Сайгиннің  мәліметі бойынша (1948) биенің сүтті  болуы көбінесе жылқы бағылатын  жердің шөптілігіне және шөбінің  сапасына байланысты.Шөбі күнге  күйіп, қуқыл тартқан жерлерде  бағылған биелердің бәрі де  сүтті аз береді, сондықтан ондай  биелерді саууға жарамайды. Сүті  аз биелерді құлындарынан оп-оңай  айыруға болады.Енесінің сүті  жетпейтін құлындар нашар өседі,жүндері  үрпейіп,қабырғалары ырсыйып көрініп  тұрады. Ал мұндай құлындардың  енелері сауылатын болса, олардың  барған сайын азып, тіпті көтеремге  айналуы айналуы, я мал қатарына  қосылмауы мүмкін.

   Биелердің күніне қанша  уақыт сауылатындығының құлындары  үшін зор маңызы бар.Осы жөнінде  жүргізілген кейбір тәжірибелерге  қарағанда, сүтті биелер күн  сайын 2 сағаттан немесе күнара 4 сағаттан сауылатын болса,құлындардың  бірқалыпты күйлі өсуіне мұның  ешбір әсері тимейтіндігі айқын  болып отыр.Ал осы сияқты биелер  күн сайын 4-6 сағаттан сауылатын  болса,ондай биелердің құлындары  нашарлап, тез есейе қоймайтындығы  байқалады.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Биенің сүтінің өнімділігі

Елімізде 50 мыңнан астам бие сауылып, жүздеген қымыз фермалары мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40—50 мың тонна қымыз өндіру жоспарлануда. 6—8 ай сауын мерзіміндегі биенің сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малда 700—1500 л, сүттілігі орташа 1500— 2500 л және сүттілігі жоғары   2600—3000 л болады.

Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттін, салыстырмалы мөлшері малдың 100 кг салмағынан, аборигенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут (400—700 л) тұқымдарында көп.

Емізулі құлындар алғашқы айларында тәулігіне 10—20 литрге дейін сүт еміп, 1—2 кг тәуліктік  салмақ қосады. Бие желінінің сыйымдылығы (1,5—3 л) аз болған кезде, цистернаның  сүт өнімділігі үдемелі жоғары болса, ондағы бөлінген сүт ірі сүт өзектерін  сүт жолдарын тез толтырады да, қатты қысым жасайды, ал бұл қысым  сүттің әрі қарай бөліну процесін тежейді. Желін құрылысының осындай  ерекшеліктерін ескере отырып, күндік сүт өнімділігін көбейту үшін, оның желінін жиі босату керек, ол үшін биені әр 2—3 сағат сайын, тәулігіне 5—6 рет сауады. Жиі сауын жылқы  фермаларының жұмысын қиындатады. Сүтті  жылқы шаруашылығында ДА-3 машиналарын  қолдана отырып механикаландырылған  қондырғылармен сауады. Бұл жұмыс  өнімділігін едәуір арттырады.

Бие сүтінің  мөлшерін есептеу, еңбекті көп қажет  ететін тым ауыр жұмыс. Алғашқы емізген  айларда биенің сүттілігін құлынның қосымша салмағына байланысты анықтайды. Жылқынын, құлынын айырғаннан кейін, күндіз 12 сағат бойына әрбір 2 сағат  сайын 6 рет қайталап сауады. Іс жүзінде  әрбір екі сағат сайын мұқият саууға мүмкіндік бола бермейді. Осы  себепті әрбір сауынның, әсіресе  соңғы сауынның уақытын минутына дейін жазып отырған дұрыс. Бұл  алынған мәліметтер бір тәулік ішінде сауылған сүттің мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

Биенің сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымын  қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.

Тәулік бойы сауудың нәтижесінде М. А. Сайгин (1955), М. С. Мироненко (1957) мынадай қорытындыға  келеді: биеден тәулік бойы әр сағат  сайын шығатын сүт бір мөлшерде болады. Сондықтан тәулігіне шығатын  сүт мөлшерін есептеп шығаруға болатынын  дәлелдеді.

Бие сүтінің  құрамында, сиыр сүтіне қарағанда сүт  қантының мөлшері көбірек, ал май  мен белок аз кездеседі.

Углеводтар  сүтте негізінен лактозанын дисахариді немесе сүт қанты түрінде кездеседі. Бие сүтінде 6,1—7,4 процент лактоза  бар. Сиыр сүтінде небары 4,7 процент. Лактоза организмге жақсы қорытылып  сіңеді. Бие сүтінде шамамен 1,2—2,3 процент май бар. Бұл сиырдағы май мөлшерінен 2 еседей кем. Бие  сүтіндегі май түйіршіктерінің  мөлшері сиырдыкіне қарағанда аз келеді, сол себепті май шапшаң гидролизденіп, организмге жақсы сіңеді. Сүт майының иод саны бие сүтінде 80—108 аралығында болады, ал сиыр сүтінде  тек 25—40 болады.

Сүттегі ең бағалы зат — белок. Бие сүтінде  ол 1,8—2,2 проценттей болады. Белок казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі  үш түрге белінеді. Олардың әрқайсысы  одан әрі бірнеше фракцияларға тарамдалады. Бие сүтінде 40 процент еритін белоктар (альбуминдер, глобулиндер, амин қышқылдары) бар. Бие сүтінің құрамында жоғары мөлшерде А, В, Е, Г, Р және әсіресе  С (70— 120 мг) витаминдерінін, болуы оның негізгі ерекшелігі болып табылады.

Қазақ халқы  биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының  химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиологиялық  күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына  және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1,8–2,2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті  витаминдердің барлығы кездеседі. Әсіресе қымыз А және С витаминдеріне  бай. Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі (2002). Жылына олардан 40 мың т-дан астам  ет, 35 мың тоннаға жуық қымыз өндіріледі.

Информация о работе Биенің сүт өнімділігін арттыру