Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 15:44, курсовая работа
Жүктерді тасымалдау кезінде жүргізілетін шаралардың тиімділігі, жануарлардың ет пен жануар тектес шикізаттардың шығарылатын жерінің эпизоотиялық сәттілігіне, тасымалдау вагондарының техникалық күйінің материалдық техникалық қамтылуына, суару пункттерінің жабдықталуына , көңді және вагондарды зарарсыздандыру технологиясының сақталуына, жолшыбай мал өлекселерін уақытылы түсіріп алуына байланысты болады.
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық - санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік және мал дәрігерлігінің мекемелерімен ұйымдары жүзеге асыратын ветеринарлық - санитарлық шаралардың кешені.
Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет пен ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік құралдары (вагондар, кемелер, баржалар, автокөліктер, ұшақтар) және де жүкті тиеу – түсіру алаңдары, құрал - жабдықтар, суару құбырлары және жануарлар мен жануар тектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындары саналады.
Малды және мал шаруашылығындағы
малдардан өндірілетін
Темір жол көлігі мен су
жолы көлігіндегі, теңіз және өзен порттарындағы,
халықаралық қатынастағы
Жүктерді тасымалдау кезінде
жүргізілетін шаралардың тиімділігі,
жануарлардың ет пен жануар тектес
шикізаттардың шығарылатын
Мемлекет тарапынан мал
шаруашылығын қолдауға республикалық
бюджеттен қомақты қаражат
Жануарлардан алынатын
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
Автокөлік құралымен
Малды, құсты тасымалдау арнаулы көліктермен немесе қарапайым жүк машиналарын осы мақсатқа арнайы жабдықталғаннан кейін жүргізіледі. Бұл үшін автокөліктер тасымалдау жағдайына байланысты жабдықталуы тиіс. Ірі қара, қой, шошқа, ешкі малдарын тасымалдайтын автокөлік қорабының қалқаны қажетті 100 – 150 биіктелуі тиіс. Жануарларды тасымалдау кезінде қолайсыз ауа - райының әсерінен (қар, ыстық, жаңбыр) қорғау үшін автокөлік қорабының үстін презентпен жауады. Автокөлік қорабының едені саңылаусыз бүтін, сондай-ақ малды жарақаттамайтын ұшты темір, шеге, ағаш сияқты нәрселердің болмауы шарт. Автокөлік қорабы таза жуылған, бұқырланған және едені төсеніштермен төселген болуы тиіс.
Курстық жұмысымның мақсаты-ветеринарияда қолданылатын препараттардың дайындалу кезіндегі сапасын арттыру және оларға қойылатын талаптарды тасымалдау кезінде орындап отыру болып табылады. Курстық жұмысымның міндеті - ветеринарлық препараттқа және де өндірістік штаммдарға қойылатын талаптарды, шикізат материалының сапасына және технологиялық процестерге қойылатын талаптарды анықтау.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Мемлекеттік
препараттарды мемлекеттік
Мамандандырылған жоғары сапалы биопрепараттармен қамтамасыз ету мақсатында елімізде жаңа құралдармен жабдықталған және толықтай электірленген ірі биологиялық мекемелер құрылған.
Бірақ та бұл мекемелер 1930 жылға дейін бииопрепараттар бактериологиялық институттарда дайындалды және де әрбіреуінде қолданылатын өзіндік әдіс болды. Вакциналарды дайындау аз мөлшерде жүргізілді. Электр қуаттың жеткіліксіз болуының салдарынан керосинді жылытқыш құралдар қолданылды. 1930 жылы Үкіметтің шешімімен ветеринарлық препараттарды өндірудің орталықтандырылған жүйесі жасалынып, препараттарды дайындау және бақылауға бірыңғай стандарттар дайындалды. Сонымен қатар биопрепараттар институттан басқа ірі ветбаклаборатоияларда және арнайы станцияларда дайындалады. Олар кейінен биофабрикаларға қайта ұйымдастырылады. Содан соң биомекемелердің құрылысы басталды.
1933 жылы сегіз бақылау зертханалары ұйымдастырылды. Жаңадан жасақталған институттар кеңестік ветеринарлық ғылым мен практикаға айтарлықтай үлес қосты, елдегі эпизоотиялық жағдайдың жақсаруына себеп болды. Ғалымдармен 100-ге тарта биопрепараттар дайындалып, оларды дайындап бақылаудың жаңа әдістері ұсынылды, қоректік орта дайындау үлгілер, инфекциялық ауруларды диагностикалау әдістері, микроб культураларын идентификациялау және типтеу әдістері жасақталынады, химиялық ингредиенттерді тексеру әдістері ұсынылды.
Қазіргі кезде мал шаруашылығында
қолданылатын барлық препараттар міндетті
түрде мемлекеттік бақылаудан өтуі
тиісті. Бұл бақылауды биомекемелердің
мемлекеттік қызметкерлері
Бақылаудың жаңа және жаңартылған әдістерін жасақтағанда қолданылатын әдістердің көрсеткіштерінің объективтілігі, оның қиындылығымен бақылауды жүргізуге кеткен материалдық шығындар ескеріледі. Бұған мысал ретінде кейбір вакциндер мен сарысуларды спецификалық белсенділікке бақылаудың әдістерін жаңартуды алуға болады. Мәселен, аусылға қарсы инактивтенген вакциналардың белсенділігін бақылауды мүйізді ірі қараға, зертханалық жануарларға (теңіз шошқасы, ақ тышқандар) тексеруге болады. Вакцинделген жануарлардың қан сарысуындағы спецификалық антиденелерді РДСК, РУСК, РН, РС3 көмегімен анықтауға болады.
Аусылға қарсы вакциналардың
иммунологиялық белсенділігін анықтаудың
сан аулан әдістерінің
Сонымен қатар табиғи асқазан сөлі «эквин» биелердің сарысуы, құс шаруашылығында қолданылатын вакциналардың және т.б. бақылау әдістеріне өзгертулер енгізіледі.
Жаңа фармакологиялық препараттарға сұраныстың көбеюіне байланысты оларды ескі әдістерін жаңарту қажеттілігі туындады. Оған байланысты жаңа талаптар енгізілді. Ол талаптар бойынша барлық шығарылатын дәрілер спецификалық белсенділігі мен қауіпсіздігін анықтау мақсатында тәжірибелік тексерістерден міндетті түрде өткізілуі тиіс.
«Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар»
Осы «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы заңына сәйкес әзірленген.
Осы Техникалық регламент барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктеуіші бойынша кодтармен ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға қолданылады.
Техникалық регламенттің ережелері ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар өндірушілер мен сатушыларға қолданылады.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар өндіріске және қолдануға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жіберіледі.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың айналымы оны өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды, сатуды, қолдануды, (пайдалануды), жоюды қоса алғанда, міндетті түрде ветеринариялық қадағалауға жатады.
Осы Техникалық регламент ветеринарияда пайдаланылатын, мемлекеттік тіркеу жүргізуге әкелінетін дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың тәжірибелік үлгілеріне, сондай-ақ генетикалық түрлендірілген өсімдік немесе басқа шикізаттан дайындалған препараттарға қолданылмайды.
Ветеринарияда қолданылатын биопрепараттарда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар
Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:
биологиялық препараттар-инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегі бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;
бастапқы орам ̶ жануарларға арналған дәрілік заттармен тікелей қатынаста болатын орам;
гомеопатикалық дәрілік заттар-өсімдіктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерін қамтитын, дәстүрлі емес емдеу әдістері кезінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бір немесе көп компонентті дәрілік заттар;
диагностикум-жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;
дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
балк -дәрілік зат өнімі - түпкі ораудан басқа, дәрілік препаратты дайындаудың технологиялық процесінің барлық сатыларынан өткен мөлшерленген дәрілік зат;
дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың, оларды шығару және пайдалану процестерінің қауіпсіздігі -жануарлар өміріне, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;
қайталама орау - бастапқы орам салынатын орам;
дәрілік заттар -аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды қамтитын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи тектес дәрілік шикізат, дәрілік ангро - балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның ішінде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар;
дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды жою-қолдануға және (немесе) одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз дәрілік заттарға оның пайдаланылуы мен оған адам мен жануарлардың жақындауын болдырмайтындай әсер ету;
дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың айналымы-қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушыға жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
тіркеу деректері-жануарларға арналған дәрілік затты, биологиялық препаратты тіркеудің орындылығы (орынсыздығы) туралы шешім қабылдауға қажетті белгіленген құрылым мен мазмұндағы құжаттар мен материалдардың кешені;
қайта шығарылған дәрілік зат (генерик) - құрамы мен сапа көрсеткіштері, қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша түпнұсқалы дәрілік затқа ұқсас және түпнұсқалы дәрілік затқа арналған қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі біткеннен кейін айналымға келіп түскен дәрілік зат;
контаминация-жануарлардан алынған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін биологиялық, химиялық агенттермен немесе бөгде заттармен ластануы;
жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды тіркеу-Тіркеу куәлігін берумен және жануарларға арналған дәрілік затты, биологиялық препаратты Жануарларға арналған ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізіліміне енгізумен аяқталатын, жануарларға арналған дәрілік заттарды тіркеу деректерінде қамтылған оның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы, сондай-ақ оны өндіру және сапасын бақылау шарттары туралы деректерді бағалау мен ресми бекіту жолымен айналымға жіберу рәсімі;