Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 15:44, курсовая работа
Жүктерді тасымалдау кезінде жүргізілетін шаралардың тиімділігі, жануарлардың ет пен жануар тектес шикізаттардың шығарылатын жерінің эпизоотиялық сәттілігіне, тасымалдау вагондарының техникалық күйінің материалдық техникалық қамтылуына, суару пункттерінің жабдықталуына , көңді және вагондарды зарарсыздандыру технологиясының сақталуына, жолшыбай мал өлекселерін уақытылы түсіріп алуына байланысты болады.
2.4 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды орау, таңбалау және өлшеп орау қауіпсіздігіне қойылатын ветеринарлық -санитарлық талаптар
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды орау және таңбалау «Орауға, таңбалауға, заттаңбалауға және оларды дұрыс басуға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Көзге арналған тамшылар түрінде ішке қабылдауға арналған препараттарды ампулалармен шығаруға тыйым салынады.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға арналған міндетті ақпаратқа қосымша мыналарды:
1) мемлекеттік тіркеу нөмірін;
2) «ветеринариялық мақсаттар үшін» деген жазуды;
3) дәрілік зат талаптарына сәйкес келетін нормативтік құжаттың атауы мен нөмірін көрсетеді.
Гомеопатикалық ретінде тіркелген дәрілік заттарда «Гомеопатикалық» деген жазуы болады.
Өсімдік шикізатынан алынған дәрілік заттарда «Өнім радиациялық бақылаудан өткен» деген жазуы болады.
Стерильді дәрілік заттардың «Стерильді» деген жазуы болады. Инъекциялық дәрілік заттар мен биологиялық препараттар үшін егу тәсілін көрсету керек: «қан тамырдан», «бұлшық етке», «тері астына». Егер инъекциялық дәрілік зат барлық тәсілмен салына алатын болса, онда «инъекция үшін» деп көрсетіледі.
«Балк-өнім» дәрілік заттарын өлшеп орау кезінде орамда қосымша өндіруші ұйымның атауын және оның мекен-жайын және өлшеп орауды жүзеге асыратын өндіруші ұйымның атауын, оның мекен-жайын және «өлшеп оралған» деген жазуды көрсетеді. Өлшеп оралған дәрілік зат сериясының нөмірін өлшеп орауды жүзеге асырған кәсіпорын береді. Дайындау күні мен жарамдылық мерзімі «балк-өнімді» дайындау күнінен бастап есептеледі.
Егер адам ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды орауды ғана жүзеге асыратын болса, орамда қосымша өндіріс объектісінің атауын, оның мекен-жайын және орауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның атауын, оның мекен-жайын және «Оралған» деген жазуды көрсетеді.
1 миллилитрге дейін (құлылар) және 5 миллилитрге дейінгі (ампула) құрайтын бастапқы орамдарға дәрілік заттың атауын, сериясының нөмірін және жарамдылық мерзімін ғана көрсетуге жол беріледі. Осындай бастапқы орамда міндетті түрде қайталама орамға салынуы тиіс.
2.5 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды темір жолмен тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздігіне қойылатын ветеринарлық- санитарлық талаптар
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар олардың қауіпсіздігі мен сапалы көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда мамандандырылған қоймалық үй-жайларда сақталуы тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткізу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерін ескере отырып, сондай-ақ көліктің осы түрінде қолданылатын талаптарды ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, жануарларға арналған дәрілік заттардың белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде препаратқа арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындарда жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезінде олардың қауіпсіздігі мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал болуы тиіс.
Мыналар:
1) дәрілік заттарды сақтаудың температуралық режимдерінің сақталмауы;
2) өнімнің түрінің бұзылуы;
3) тасымалдау кезінде өнімнің зақымдануы;
4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерінің бұзылуы;
5) дәрілік заттарды жою кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптардың бұзылуы дәрілік заттарды қолданған жануарлар, адамдар және қоршаған орта үшін қауіптің туындау мүмкіндігін анықтайтын негізгі факторлар болуы мүмкін.
Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындардың ғимараттарында тәуекел факторларын болдырмау үшін бір құрылысқа біріктірілген немесе белгіленген талаптар мен нормаларға жауап беретін бірнеше ғимаратта орналасқан қоймалық, сауда және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар көзделуі тиіс.
Қоймалық үй-жайлар мынадай учаскелерге:
1) өнімді қабылдау және босату аймағына;
2) жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды негізгі сақтауға арналған аймаққа;
3) ерекше сақтау шарттарын талап ететін жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар аймағына; карантиндік аймаққа бөлінуі тиіс.
Есірткі құралдарын, психотроптық және күші әсер ететін заттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.Жарылыс қаупі бар және тез тұтанатын заттар белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жеке үй-жайда сақталуы тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды қабылдауға, сұрыптауға, сақтауға, жинақтауға, босатуға және тиеп түсіруге арналған үй-жайларға бөгде адамдардың кіру мүмкіндігі болмауы тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар сақталатын қоймалық үй-жайларда термометрлер, гигрометрлер немесе псирометрлер болуы тиіс, оларды үй-жайдың ішкі қабырғасының ортасына, жылытатын аспаптар мен есіктерден алыс орналастырады. Осы аспаптардың көрсеткіштерін күн сайын жауапты адам арнайы журналда тіркеп отыруы тиіс. Бақылаушы аспаптар белгіленген тәртіппен сертификатталуы және калибрленуі тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттар дәрілік препараттың атауын, сериясын, мерзімін көрсете отырып, стеллаждарда, табандықтарда, серелерде, қыстырылған стеллаждық картасы бар шкафтарда сақталуы тиіс.
Жануарларға арналған дәрілік заттардың, биологиялық препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі кәсіпорын қызметінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігіне ішкі тексерулер жүргізілуі тиіс.Тексерулер жүргізу кезінде кәсіпорында үй-жайлар мен жабдықтарға тиісті құжаттардың, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының, стандарттардың және өзге де қажетті құжаттардың болуына назар аудару керек. Персонал арнайы киімді және жеке қорғану құралдарын пайдалануды қоса алғанда, жеке гигиена ережелерін сақтауы тиіс.Ауру белгілері, ашық жарақаттары бар, денсаулық жағдайы әзірге жануарларға арналған дәрілік заттар контаминациясының бастапқы тәуекелі болуы мүмкін адамдар жұмысқа жіберілмейді. Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды қоймада барлық көшіру құжатты түрде тіркеледі.Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды бірінші кезекте жануарларға арналған дәрілік заттың жарамдылық мерзімі аз сериясы босатылуы үшін жарамдылық мерзімі бойынша есепке алу жүргізілуі тиіс.
Жарамдылық мерзімі өткен, сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және олардың сапасын куәландыратын құжаттары жоқ жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар және басқа да тауарлар қабылдауға жатпайды.Ерекше сақтау шарттарын талап ететін жануарларға арналған дәрілік заттарды (мәселен, есірткі құралдары, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттары бар, сақтау үшін ерекше температуралық шарттар қажет дәрілік препараттарды) белгіленген тәртіппен сақтау қажет.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттармен жұмыс істеу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды республиканың нарығында орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын адамдарда осы қызмет түріне лицензиясы, тиісті үй-жайлары және өнімнің нақты түрлеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өнімді сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлары болуы тиіс.
Сату мерзімін дайындаушы кәсіпорындар ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың нақты түрлеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес белгілейді.Сату мерзімін сатушы белгілей алмайды және өнімнің сақталу немесе жарамдылық мерзімінен аспайды.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар, егер:
1) сақталу немесе жарамдылық мерзімі бітсе;
2) бүлінуінің анық белгілері болса;
3) олардың шыққан жерін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты ақпараты жоқ болса;
4) ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмейтін және олардың шыққан жерін растайтын құжаттардың жасандылығына негізді күмән бар болса;
5) Техникалық регламенттерде көзделген мәліметтері бар таңбалануы жоқ не оларға қатысты мұндай ақпараты жоқ болса;
6) бұзылған және герметикалық емес орамда болса, сатуға жіберілмейді.
Айналымдағы жануарларға арналған дәрілік заттар мен биологиялық препараттар, сондай-ақ оларды шығару (дайындау), сату, қолдану, сақтау, тасымалдау, Қазақстан Республикасынан әкелу,әкету осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық және күші әсер ететін заттары бар дәрілік заттардың айналымы Қазақстан Республикасының есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымы саласындағы қолданыстағы заңнамасында реттеледі.
Жануарларға арналған дәрілік заттардың қауіпсіздігін бағалау мынадай тәуекелдерді көздеуі тиіс:
1) жануарларға арналған дәрілік зат құрамының, жекелеген құрамдастарының және өзге де ингредиенттерінің сәйкес келмеуі;
2) жануарларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген оны пайдалану ережесінің сақталмауы;
3) жануарларға арналған дәрілік затты ұсынылатын мөлшерде тағайындауы бойынша пайдалануға қарамастан, асқынулар мен жанама әсерлердің пайда болуы;
4) жануарлар, сондай-ақ жануарлармен байланыста болған адамдар үшін токсикологиялық қауіптің туындауы;
5) иммунологиялық дәрілік заттарды пайдалану кезінде жануарлар үшін биологиялық қауіптің туындауы;
6) жануарлар ағзасында дәрілік заттар мен биологиялық препараттар құрамының қалдықтары нормаларының асып кетуі.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар жануарлардан және мал шаруашылығы өнімдерінен жекесақталуы тиіс. Дәрілік заттарды қабылдау мен босатудың есебі жүргізілуі тиіс.
2.6 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды темір жолмен тасымалдау барысында тағайындалған жеріне жеткізілгеннен кейінгі пайдалану кезінде туындайтын мәселелер
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар, сондай-ақ шығару және пайдалану (қолдану) процесіндегі шикізаттың жануарлардың, ветеринариялық көмек көрсететін немесе мал шаруашылығы өнімдерін қолданатын адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру тәуекелі болады, олар мынадай тәуекелдерді қамтиды:
1) дәрілік заттар мен биологиялық препараттар конструкциясының жетілмеуіне байланысты;
2) дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық процестердің, сапа көрсеткіштерін бақылау жүйелерінің жетілмеуіне байланысты;
3) қолданылатын шикізатқа, құрамдастарға, химиялық заттарға, субстанцияларға байланысты дәрілік заттар қауіпсіздігінің тәуекелі;
4) дайындау сатысында бөгде қосылулармен, микроорганизмдермен өнімнің ластануына, контаминациясына байланысты;
5) қоршаған ортаның ластануына және жануарлар мен адамдардың шығару кезінде, дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды кәдеге жарату мен жою процесінде өндірістік қалдықтардың шығарындыларын ықтимал жұқтыруына байланысты;
6) дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды арнайы білімі, жұмыс тәжірибесі жоқ, асептика мен антисептика нормаларын сақтамайтын адамдардың пайдалану тәуекелі;
7) дәрілік заттарды қолдануда (көзге, қоршаған ортаға шашу, түсу) абайсыз болу тәуекелі;
8) сақтау процесінде өзгерген қасиеттері бар дәрілік заттарды қолдану тәуекелі (температуралық режимдерді сақтамау, физикалық, химиялық факторлардың әсер етуі);
9) биологиялық препараттар салынған жануарларда инфекцияның латенттік өршу нысаны болғанда асқыну және ауыр салдарлар тудыратын;
10) табиғи және климаттық факторларға ұшыраған жануарларға биологиялық препараттарды қолданғаннан кейін туындайтын;
11) тасымалдаудың бұзылуы кезінде дәрілік заттар қасиеттерінің өзгеруіне байланысты;
12) жасанды және химиялық және биологиялық құрамдастардың сапасына сәйкес келмейтін дәрілік заттарды пайдаланумен байланысты;
13) құрамында дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қалдық мөлшері бар мал шаруашылығы өнімдерін тамаққа қолданатын адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру тәуекелі.
Жоғарыда санамаланған тәуекелдерді ең төмен деңгейге дейін төмендету және олардың алдын алу былайша жүзеге асырылуы тиіс:
1) препараттардың өзіне тән қасиеттері мен тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік беретін препараттардың конструктивті ерекшеліктерін, жетілдіру арқылы әзірлеу мен шығару сатысында;