Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 16:22, реферат

Описание

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................
Жеке кәсіпкерлік ұғымы мен түрлері........................................
Азаматтық қатынастардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуы негіздері...................................................................
Әдебиеттер тізімі........................................................................

Работа состоит из  1 файл

азуха ласкает ухо.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

  Алматы  энергетика және байланыс университеті

 

 

 

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Құқық негіздері

 

№ 1 семестрлік жұмыс

 

 

 

Тақырып: Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Орындаған: Қожахметов А.

                                               Топ: БРк-10-02

                                                                             Сынақ кітапшасының №: 103331

                                                                 Тексерген: әлеуметтік пәндер

                                                                 кафедрасының

 аға оқытушысы:  Турунбетова А.А

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

 

 

Мазмұны

  1. Кіріспе...........................................................................................
  2. Жеке кәсіпкерлік ұғымы мен түрлері........................................
  3. Азаматтық қатынастардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуы негіздері...................................................................
  4. Әдебиеттер тізімі........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

          Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

 

          Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген

 

          Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

 

          Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

           Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

 

           Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік  арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа  келтірілген зиянның нақты ақшалай  құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары  істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).

 

           Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.

Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа  жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық  қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.

Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт  түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

 

 

 

 

 

Жеке кәсіпкерлік  ұғымы мен түрлері

 

            Кәсіпкерлік-осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)

           Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:

1. өндіріс ресурстары

2. өндірісті қалыптастыру  мен дамыту

3. кәсіпкерліктін өсімін  нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.

4. нәтижесінде пайда  табу.

          Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:

        1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу;

жана идея кәсіпкердін  көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.

        2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.

        3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.

        4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.

        Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

        А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

          Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліклік жауапкершілігі негізінде жузсгс асыратын ынталы қызметі.

          Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады,

          Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысаныи бөліп қарайды.

             Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

             Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

           Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді:

            Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады

           Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді

            Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

           Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

           Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

            Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек.

             Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық

1. Өндірістік кәсіпкерлік –  сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек  құралдарын, еңбек күштерін факторларға  қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.

2. Коммерциялық – тауарларды  ақшалай, тауарлы айырбас операциялар  мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады.

3. қаржылық — бұл кәсіпкерлік  ерекше формасы. Сатып алу,  сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.

4. серіктестік кәсіпкерлік –  тауарлы ақшалай операциясындағы  тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер  тек серіктес ретінде ғана  қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды  өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.

5. сақтандырушылық – кәсіпкер  қандай да бір төлем ақы  көлемінде сақтандырушыға мүлікті  жоғалту және нұқсан келтіру  кезінде төлем ақыны ( компенсация)  кепіл етеді. (гарантирует).

              Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады:

1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға  құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке  жатқызылады. 2. ұжымдық ( колективтік)  меншік иелері болып бір уақытта  бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік – екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады. Серіктестілік басымдылығы – қосымша капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде бір неше серіктестердің білімдері мен ілімдеріне негізделе отырып мамандарды жүзеге арттыр

             Серіктестіктің кемшілігі. Әр бір қатысушы тең материалды жауапкершілікті атқарады ( салымына байланысты емес). Бір серіктестің әрекеті қалған барлығына міндетті болады.

              Серіктестің келесідей топтары бар: толық серіктестік, коммандитті серіктестік

              Коммандитті серіктестік – серіктестердің бір бөлігі шектелінбеген, ал екінші бір бөлігі шектелінген болады. Ол ЖШС бір түрі болып саналады.

            Қоғам – келісім б-ша екі азаматтан кем емес немесе заңды тұлғ-рң бірігу мақс-нда жү.ас-тын шар. қызметі.

          Жауапкершілігі шектеулі қоғ-ң қатысушылары міндеті б-ша жауап бермейді, салым салған көлеміне ғана жауап береді.

            Қосымша жауапкершілігі бар- қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктері бойынша жауапты. Бағалы қағаздар шығару жолымен қосымша қажетті құралдарды тартушы қоғам акционерлер болып табылады.

          Акционерлік қоғамның қатысушылары қорларында бар акция көлемінде ғана жауапты.

          Кооперативтер — пайлық салым негізінде өндірістік немесе басқа да шаруашылық қызметін біріге отырып құрылған топ немесе кәсіпорын. Басты мақсаты: бір біріне өзара көмек көрсету.

2. Ең алдымен «кәсіпкерлік»  ұғымын анықтап алайық. Ағылшын  тілінен тікелей аударылғанда «бизнес» сөзі «кәсіпкерлікті» білдіреді». Іші пысқандықтан Том Сойердің дуалды бояған кездегісі «жұмыс» болған. Ол ақшаға бояй бастағанда — бұл «кәсіпкерлік» болған. Егер осы ұғымды кең мәнінде анықтап қарасақ, онда кәсіпкерлік — заңды және жеке тұлғалардың (кәсіпорындар, ұйымдардың) жүзеге асыратын қызметі, табиғи игіліктерді алу (жер қойнауларынан өнімдерді алғашқы өндіру), тауарларды өндіру, ие болу және сатып алу немесе басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету, қызметтер немесе мүдделес адамдардың өзара пайдасына ақша болып шығады.

          Алан Хоскинг өзінің «Кәсіпкерлік курсы» оқулығында мұны былай түсіндіреді:«Егер бөлек адам тауарларды өзінің қолдануы мен тұтынуы үшін алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, онда ол кәсіпкер болып табылмайды. Егер ол өзінің қолдануы мен тұтынуынан көбірек мөлшерде алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, артығын ауыстырса және сатса, онда ол кәсіпкерлікті кәсіпкерлікті жүзеге асырады деп айтуға болады.

           Алан Хоскинг көмегімен кәсіпкерліктің мазмұнын терең түсіну үшін: тауарлар және қызмет көрсету, айырбас секілді басқа негіз болатын ұғымдарға қысқаша сипаттама берейік. Тауарлар — айырбасқа арналған физикалық, материалдық заттар. Қызмет көрсету сезілмейді және көрінбейді. Қызмет көрсетуге: банк ісі, сақтандыру, көлік, туризм жатады. Оларға сонымен қатар қоғамдық қоректену және ойын-сауық саласы да жатады. Оларды тауарларды сату, мысалы жеткізу, орнату, (кір жуатын машиналар сияқты өнеркәсіп жабдықтарға немесе немесе электр тұрмыстық құралдарға) сатқаннан кейінгі қызмет ету. Қызметтердің басқа түрлері тауарларды өткеруге жағдай жасай алады: жарнама сатып алушыға оған қажетті ақпаратты мүмкіндік береді, несие беру еңбегіне ақы төлеуді жеңілдетеді.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары