Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 16:22, реферат

Описание

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................
Жеке кәсіпкерлік ұғымы мен түрлері........................................
Азаматтық қатынастардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуы негіздері...................................................................
Әдебиеттер тізімі........................................................................

Работа состоит из  1 файл

азуха ласкает ухо.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

         Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті занды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).

          Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар дептанылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталыққазыналарға меншік құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128-бабы).

 

Бағалы қағаздар.

 

             Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік қүқықтарды куәландыратын қүжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а) бағалы қағаз — түрі және мазмүнымен заң талаптарына  қатаң бағынатын қүжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын  қүқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң қүжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздьщ ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің  мүліктік құқығын куә-ландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты  жүзеге асыру үшін оны көрсет-кенде  не бергенде ғана қүқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық қүқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бүйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).

 

           Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқыктарды иңдоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).

 

           Азаматтық кодекс бағалы қағазды қүжат деумен бірге оны зат деп те керсетеді. ¤йткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда корсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не крлмен жазылған жазбалары осы қүжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген қүжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

 

             Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік қүқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздьщ міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп сок-тырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).

 

             Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің қүнына негізделеді.

 

             Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәлан-дыратын мазмүнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да қүжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей үсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. ‡сынбалы бағалы қағаздар қүжаттың түпнүсқасы болады, ал түпнүсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).

           Ордерлік бағалы қағаз да қүжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект қүжат мәтінінде көрсетілген түлғаға міндеттенген нәрсені орындауды үсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

            Сонымен бір мезгілде мүліктік қүқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бүл қағаз берілген жазу — индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бүл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалықағаз бойынша қүқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, қүкьіқ мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттық жаңа иесінің аты корсетілмейді.

           Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды үсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады.

            Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі қүжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.

            Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың түпнүсқасындағы міндеттерді орындау үшін үсынарда индоссаменттердің реті бұзылыпкетсе, одан бас тартуғақүқылы. Бұл реттердің үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағаз-да қабылдаушының да аты жазылады.

 

          Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді ("Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы" Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолын-да екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талапқоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мүндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда қүжаттың балама данасын беруге болмайды.

            Атаулы бағалы қағаз — бүл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі қүжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша қүқықты талап ету сонда керсетілген адамға ғана тиесілі болады.

            Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін үстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.

             Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі туралы" және "Мемле-кеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы" зандарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарыла-ды (олар шет мемлекеттер мен халықаралық үйымдардың заң-ды және жеке түлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының ‡кіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шы-ғару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міндеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз-дар" эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдық қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, а л олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі.

            Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар үғымьша сәйкестендірілген. Азаматтықкодекстің 135-бабыңда қүжатталмаған бағалы қағаз-дардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.

            Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік қүқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы  елдің экономикасының дамуына  зор үлес қосады. Экономикада  әртүрлі заңды тұлғалар қызмет  істейді, олар ерекшеліктерімен  салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

 Қазақстан Республикасының  50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

1.  Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.-

Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1. - 2004 – 264 Алматы,

1998

2. Табанов С. А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері» Практикум. – Астана:

Дәнекер, 2005, - 119б.

3. Қазақ ССР-інің азаматтық кодексі, 1963 28 Ю. Г. , М. К. «Азаматтық құқық», 1т, Алматы, 2003

4.  www.egov.kz

 


Информация о работе Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары