Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 16:22, реферат

Описание

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................
Жеке кәсіпкерлік ұғымы мен түрлері........................................
Азаматтық қатынастардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуы негіздері...................................................................
Әдебиеттер тізімі........................................................................

Работа состоит из  1 файл

азуха ласкает ухо.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

 Айырбас — негізгі ұғым. Онсыз (ішкі, дүниежүзілік және т.б.) базар жоқ. Кәсіпкерлік қызм-ң барл. түрлері айырбасты қамтиды. Өндіруші тауарды өндіреді де сатушыға оны сатады, онымен белгілі бір бағамен ауысады. Өз кезегінде, саудагер бұл тауарды сатып алушыға қандай да бір бағамен сатады, жұмысшы жалақыға жұмыс күшін алмастырады, акционер капиталды дивидендтерді айырбасқа салады, банкир пайыздарға айырбасқа ақшаны қарызға береді.

              Экономикалық қызмет – айырбастың жалпы және кеңінен тараған түрі — тауарлар айырбасы немесе ақша арқылы қызмет көрсету. Тауарлар немесе қызмет көрсету басқа тауарларға немесе қызметтерге алмастырылады, айырбастың мұндай түрі бартер деп аталады.

         Бизнестің функциялары .

         Негізінде, кәсіпкерлік төмендегідей функцияларды болжалдайды:

         Қаржы мен есепке алуды жүргізу. Инвесторлар немесе несие берушілердің қаражаты есебінен капиталды жұмылдыру. Сатудан табыстарды қорландыру. Капиталды кәсіпкерлік аясында, оның сыртында қолдануды басқару.

         Кадрлық. Кәсіпкерлік қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және жұмысқа        қабылдау, қызметкерлерді қолдануға қатысты барлық сұрақтарды шешу.

         Материалдық — техникалық қамтамасыз ету. Шаруашылық қызметке қажетті шикізат, машиналарды және жабдықтарды сатып алу.

          Өндірістік. Шикізат пен басқа жеткізілімдерді кәсіпорынның клиенттеріне сатуға жарамды өнім түріне айналдыру.

         Маркетинг. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын анықтау және кәсіпорын және оның контрагенттері арасындағы айырбас процесін басқару.

         Кәсіпкерлікті қолдау — бастама және басқару тәжірибесі арқылы кәсіпкерлік ойларын тарату.

         Ғылыми — зерттеу, яғни жаңа технологиялық процестерді немесе кәсіпкерлікті жақсартуға, жаңа өнім нарығының тиімділігін артыруға, өткеруді кеңейтуге арналған жаңа өнімді іске асыру жөніндегі қызмет.

        Жұртшылықпен байланыс («паблик рилейшнз») — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпорын мен қоғамдық құрылымдар арасындағы қатынастарды жүзеге асыру және басқару13.

            Әлбетте, ең алдымен:«Өз ісімді жүргізуіме қажеттінің бәріне иемін бе?» деген сауалға жауап беру керек. Ал өз кәсіпорныңызда бас қызметші болып табылатындығыңыздан сіз өзіңіздің оң және теріс сапаларыңызды объективті түрде бағалауыңыз қажет, бұл туралы жоғарыда сөз еттік.

3. Кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің барлық түріне дерлік тән: өндірістік, шаруашылық, коммерциалық, саудалық сатып алу, делдалдық, инвестициялық кеңестік, қызмет көрсету және қаржылық.

            Кәсіпорын жұмыс істейтін жұмысшылар саны мен жарғылық қордың көлеміне байланысты кәсіпкерлік 4 түрге бөлінеді: шағын, орта, ірі, аса ірі кәсіпкерлік ( компаниялар)

            Меншік формасына байланысты: жеке меншік, аралас меншік

 Кәсіпкерлік ұйымдық – құқықтық  формасына байланысты: серіктестік,  акционерлік қоғам, кооперативтер

          Экономиканың дамуы мен өсуі тек шағын кәсіпкерлікке негзделмейді. Бүгінгі күнде мемлекеттік экономиканың алдында тұрған негізгі мақсат. шағын кәсіпкерлікті ірілендіруі, яғни мемлекеттік экономиканың оның ішінде бизнестік өркендеуі. Ірі кәсіпорынды шағын кәсіпкершілікпен салыстырғанда олардың бір қатар артықшылықтары бар.

1. жаңа, қымбат бағалы жоғары  өнімділікті жабдықты пайдалануға  мүмкіндігі бар;

2. ірі кәсіпорындар толық маркетингтік  зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктері  бар.

3. персоналдардың біліктілік деңгейін арттыруға

4. жабдықтың толық қуатын пайдалануға  мүмкіндігі бар.

 Ірі кәсіпкерліктер тек ұлттық  экономикада ғана емес сыртқы  нарықта да өндіріс және қызмет  көрсету бойынша бәсекеге түсе  алады. Ол мемлекеттік жалпы  экономикалық жағдайын және өзінің бизнесін, пайдасын арттырады. Қ.Р – да шағын және ірі кәсіпкерлік қызметтің реттейтін бір қатар заңдар қабылданған, оларда негізгі мынадай сұрақтар қарастырылған:

1. еркін шаруашылық қызмет

2. жеке кәсіпкерлікті қорғау  және қолдау

3. шаруашылық серіктестіктерді  дамыту акционерлік, өндірістік  кооперативтерді, мемлекеттік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерліктерді, шаруа қожалықтарын, әлеуметтік – экономикалық заңдарды  дамыту.

4. заңды тұлғалар мен азаматтардың  құқықтарын қорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық қатынастардың  пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуы негіздері

 

 

 

         Азаматтық құқық қатынастарының обьектілерінің ұғымы және түрлері (классификация). Азаматтық құқық қатынастарының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.

         Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

          Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:

а) мүліктік игіліктер мен қүқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның  ішінде шетел валютасы, қүнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық  қызметтердің объектіге айнал-ған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бүйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік қүқықтар мен басқа да мүлік жатады;

 

ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен  қүқықтарға мыналар жатады: жеке адамның  өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы қүпиясы, есім алу қүқығы, автор болу қүқығы, шығармаға қол сұқпаушылық қүқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен қүқықтар.

 

            Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруа-шылық) және физикалық қасиеттерінің азаматтық қүқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын зандылық қатынастардың сипаты күні бүрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.

 

 

 

Заттардың үғымы  және оны саралау (жіктеу)

 

             Заттың үғымы туралы қазіргі қолданып жүрген занда ай-тылмаған, оның үғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық қүқық түрғысынан алып қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртьды материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.

 

             Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне (физикалық немесе экономикалык) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және әр құқық субъекті лерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.

 

             Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қоз-ғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Аза-маттық кодексте заң актілері бойынша козғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

 

              Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да қүқықтар, бүл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс (АК-тің 118 -бабының 1 -тармағы).

 

              Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағына-да кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.

 

              Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, қүрылыстар, қүрал-жабдықтар, шикізаттар, онімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құкығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң қүжаттарында немесе шартта езгеше козделмесе, жәнетағы басқа айрықша қүқықтар бола-ды. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу занда немесе шартта көрсетілуІ тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған қүқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.

 

              Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.

 

              Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шы-ғарылған) зат деп азаматтық қүкыкқа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бүл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген түжырым жасалады.

 

                 Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді баска да мағынада қолданады — мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.т. Алайда, бүл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты бойынша бүл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабы, 3-тармағы). Берілугерұқсат етілмейтін заттардыңтүрлері (айналымнан алы¬нып тасталған заттар) заң қүжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.

 

             Азаматтық қүқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір түлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар — өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б.

 

            Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның таби-ғатына тән нәрсе (АК-тің 120-бабы). Белінетін зат бөлген кезде езінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ қүжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).

            Енді күрделі заттар деген үғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т.б. аитуға болады. Күрделі заттарды белу мақсаты Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат женінде жасалған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлык қүрамдас бөліктеріне қолданылады.

            Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі (АК-тің 122-бабы). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы, т.б.).

            Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да қаралған. Бұл — затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайдатүсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б., азық-түлік (өнім) дегеніміз әндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен енімдер болып табылады.

           Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның занды меншік иесі еншілейді. Егер занда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді, жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым құқығы берілуін қамтамасыз етеді.

          Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарас-тырады. Азаматтық кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер зандарда өзгеше козделмесе, жал-пы ережелер қолданылады.

          Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде аза-маттық немесе заңды түлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашьшык қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген занды түлғаны дараландыру қүралдары жеке немесе заңды түлғаның өзі орындайтын жүмысының немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар қүкық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.

           Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және коммерциялық қүпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге мән берілген. ‡шінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен занды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның қүпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып та-былатын акдарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшілер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе коммер-циялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті (АК-тің 126-бабы).

            Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақша-лай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды жиырма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с беріп өтеуге де болады.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары