Нотариаттық қызмет пен іс-әрекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 22:29, реферат

Описание

Нотариат міндеттерін нотариус орындайды. Яғни олар:
1. ҚР Нотариат қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға;
2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар ен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жсалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге;
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;
4. ҚР-ның заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5. Кәсіптік әдепті сақтауға;
6. Әділет органына және нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар,ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.

Работа состоит из  1 файл

РЕФЕРАТ 1.docx

— 28.90 Кб (Скачать документ)

3.Құжаттардың  көшірмелерін және олардың үзінділерін  әзірлеуге;

4.Нотариаттық  іс-әрекеттер жасау мәселелері  бойынша консультациялар беруге;

5.ҚР-ның  заң актілерінде белгіленген  коммерциялық банктік және заңмен  қорғалатын өзге де құпияны  құрайтын мәліметтерді жария  етуге қойылатын талаптарды сақтай  отырып, жеке және заңды тұлғалардан  нотариаттық іс-әрекеттер жасауға  қажетті құжаттар мен мәліметтер  талап етуге;

6.Ғылыми, педагогтық және шығармашылық  қызметпен айналысуға, соның ішінде  жалдау шарты бойынша айналысуға  құқығы бар.   

Нотариустың:

1.Кәсіпкерлік  қызметпен айналысуға;

2.Шарттарды  жасасу, өзгерту және бұзу кезінде  делдалдық қызмет көрсетуге;

3. Өкілді  органға депутат болып сайланған  жағдайда нотариус міндеттерін  орындауға құқығы жоқ. Әділет  аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл  тағылымдамадан өткен және нотариаттық  қызметпен айналысу құқығына  лицензия алған Қазақстан Республикасының  азаматы атауы (мемлекеттік нотариустың  мөрі) не нотариус лицензиясының  нөмірі мен берілген күні көрсетілген  (жеке нотариустың мөрі) жеке мөрі, куәландыру жазбаларының мөртаңбалары  мен жеке бланкілері болады.     

Мемлекеттік нотариус жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен Қазақстан Республикасының  азаматы мемлекеттік нотариус бола алады.    

Мемлекеттік нотариус қызметін аумақтық әділет органдары  енгізеді және жояды.Мемлекеттік нотариустың  нотариаттық іс-әрекеттері үшін аумақтық әділет органы мүліктік жағынан жауап  береді.    

Заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде  нотариаттық  қызметпен айналысатын, өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  нотариаттық іс-әрекеттер жасау  нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша  сақтандырған,нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әділет органында  есепке тұру тіркеуіне өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.     

Жеке  практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерінде есеп айырылысу  шоты болуына және өзге де шоттар ашуға, еңбек  заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық іс-әрекеттер  жасаудан алынған табысқа билік  етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және ҚР-ның заңдарына сәйкес басқа  да іс-әрекеттер жасауға құқылы.    

Кәсіби  қасиеттерінің деңгейін айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус бес жылда бір рет аттестаттадан  өтеді.Аттестаттаудан өту тәртібін ҚР-ның Әділет министрі бекітеді.     

Жеке  практикамен  айналысатын нотариустың азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің еркін кіріп-шығуына, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық іс жүргізудің сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға жарамды үй жайы болуға тиіс.     

Жекеше  нотариус мәмілелерді куәландыру, шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру, мұраға сенімгерлік басқарушыны  тағайындау, мұраға құқық туралы куәліктер  беру, ерлі-зайыптылардың және ортақ  бірлескен меншік құқығындағы мүлкі  бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі  үлеске меншік құқығы туралы күәліктер  беру, ақшаны депозитке қабылдау, векскль  наразылықтарын жасау, теңіз наразылықтарын жасау сияқты өзге де әрекеттер жасау  нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру шартын жасасуға міндетті және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық  іс-әрекеттер жасауға кірісуге құқығы жоқ.     

ҚР-ның  әкімшілік аймақтық бөлініске сәйкес бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық  округ болып танылады.                 

  Нотариаттық округ шегіндегі  мемлекеттік нотариустың қызмет  ету аумағын аумақтық әділет  органы белгілейді.                

Нотариаттық  аумақ шегінде жекеше нотариустың  қызмет ету  аумағы  нотариаттық  палатамен бірлесе отырып, аумақтық  әділет органы  белгілейді.Аумақтық  әділет органы халыққа мемлекеттік  және жекеше  нотариустардың қызмет  ету аумағын үнемі хабарлап  отырады.                

Нотариаттық  палата жеке практикамен айналысатын  нотариустардың  құқықтары мен  заңды мүдделерін білдіру және  қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық  іс-әрекеттер жасау кезінде нготариат  туралы заңдардың  орындалуына  бақылау жасау үшін құрылатын  коммерциялық емес, кәсіптік, өзін-өзі  қаржыландыратын ұйым болып табылады.     

Нотариаттық палатаның қызметі “Нотариат  туралы” ҚР-ның 1997 жылғы 14 шілдедегі  заңымен және жарғымен реттеледі.Нотариаттық  палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен  тіркелуге тиіс.           

ҚР-ның  әрбір облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында  бір нотариаттық палата құрылады.                 

Аумақтық  нотариаттық палаталар қауымдастық  (одақ) нысанындағы  Республикалық  нотариаттық палатаға бірігуге  құқылы.    

Жасалған  нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және мемлекеттік  нотариустың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды  аумақтық әділет органы жүзеге асырады.    

Жеке  практикамен айналысатын нотариустың  жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің  заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.     

Бақылауды жүзеге асыру тәртібін ҚР-ның Әділет министрлігі  Республикалық нотариаттық  палатамен бірлесіп белгілейді.    

Нотариустың салық туралы заңдарды сақтауын бақылауды  ҚР-сы салық қызметінің органдары  жүзеге асырады.    

Әділет  органымен нотариаттық палатының  лауазымды адамдары нотариус қызметін тексеру кезінде мәлім болған нотариаттық іс-әрекеттер жасау  құпиясын сақтауға  міндетті.Құпияны жария еткені және нотариусқа келтірген зияны үшін бұл адамдар ҚР-ның заңдарына сәйкес жауап береді.    

Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға кіріскен жекеше нотариустың жұиысын тексеру  ол нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асыра бастағаннан кейін кем  дегенде алты айдан кейін және бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі  және одан кейін әрі кеткенде жылына бір рет жүргізіледі. 

Аумақтық  әділет органы:

1.Мемлекеттік  нотариаттық кеңселерді ашады  және таратады;

2.Азаматтар  мен заңды тұлғалардың мемлекеттік  нотариустардың қызметтік іс-әрекеттеріне  өтініштерін қарайды;

3.Жергілікті  атқару органдарының нотариаттық  іс-әрекеттер жасайтын лауазымды  адамдарына әдістемелік және  практикалық көмек көрсетеді;

4. Мемлекеттік  нотариустар жасаған нотариаттцық  іс-әрекеттердң заңдылығын және  олардың іс жүргізуінің жай-күйін  бақылауды жүзеге асырады;

5.Нотарус  лицензиясының күшін тоқтата  тұру, кері қайтарып алу және  тоқтату туралы ұсыныстар енгізеді;

6.Жекеше  нотариусты жауапқа тарту туралы  нотариаттық палатаға ұсыныс  енгізеді;

7.Жекше  нотариустардың келу сипатындағы  есептілік тіркеуін жүргізеді; 

8.ҚР-сы  заңдарының талаптарына сәйкес  нотариустардың жеке мөрлерін  жасауға тапсырысты жүзеге асырады  және оларды береді;

9.Заңмен  белгіленген өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.                  

Аумақтық  әділет органы нотариаттық палатамен  бірлесіп:

1.Нотариаттық  округтегі жекеше нотариустардың  қызмет аумағын белгілейді;

2.Әділет  министрлігіне бекітуге нотариаттық  округтегі нотариустардың саны  туралы ұсыныс енгізеді;

3.Нотариаттық  қызметпен айналысу құқығына  лицензия алған адамдардың резервін  қалыптастырады және жеке нотариустың  бос орнына орналасу үшін конкурстық  іріктеуді жүргізеді, резервті  қалыптастыруға арналған құжаттар  нотариаттық палатаға ұсынылады  және сонда сақталады;

4.Нотариаттық  округте нотариустар уақытша  болмаған жағдайда нотариаттық  іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;

5.Нотаристарға  әдістемелік және практикалық  көмек көрсетеді;

6.Нотариаттық  практиканы қорытады

7.Азаматтар  мен заңды тұлғалардың жекеше  нотариустардың іс-әрекеттеріне  өтініштерін қарайды; 

Жеке  практикамен айналысатын нотариус жасайтын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және оның іс жүргізу  ережелерін сақтауына бақылау жасауды  жүзеге асырады; Нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жекеше нотариустарға  аттемтаттау жүргізеді.     Нотариаттық қызмет – нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы . Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады.Бұл орайда олар “Нотариат туралы” заңды және  басқа нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ ҚР-сы бекіткен осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.     

  Жеке және заңды тұлғаларға  олардың жасаған нотариаттық  іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға  кепілдік беріледі.Нотариус ретінде  қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық  іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға  міндетті.    

Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері  немесе дубликаттары тапсырысы бойынша  нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген  заңды және жеке тұлғаларға, не олардың  уәкілетті адамдарына ғана беріледі.   

Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен  құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер  бойынша соттың, тергеу және анықтау  органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және заңмен нотариустар қызметін тексеруді  жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотариат палаталарына беріледі.   

Жасалған  нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қасақана жария еткен  адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.   

Меншік  нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық  іс-әрекеттер жасауға қажетті  мәліметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей  нотариусқа табыс етуге міндетті.   

Өсиеттер  туралы  мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен кейін ғана беріледі.  


Информация о работе Нотариаттық қызмет пен іс-әрекеттер