Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 22:09, курсовая работа

Описание

Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен маңызы.........................................6
1.2 Қылмыстық жауаптылық негіздері................................................................10
ІІ. АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі......................................................................................................................15
2.2 Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау.........................................................................................................18
2.3 Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау...........................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық курстык жумыс.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)
 

МАЗМҰНЫ  
 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ  ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қылмыстық  жауаптылықтың ұғымы мен маңызы.........................................6

1.2 Қылмыстық  жауаптылық негіздері................................................................10 

ІІ. АЯҚТАЛМАҒАН  ҚЫЛМЫСТАР  ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

2.1  Аяқталмаған  қылмыстардың жалпы сипаттамасы  және квалификация тәртібі......................................................................................................................15

2.2 Аяқталмаған  жəне қатысушылықпен жасалған  қылмыс үшiн жаза тағайындау.........................................................................................................18

2.3 Аяқталмаған  қылмыс, қатысып жасалған қылмыс  және қайталанған қылмыс үшін  жаза тағайындау...........................................................................20 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2008  жылғы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді[1].

    Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған  елдің болашағы күмәнді, қазір қарап  отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

    Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады[2]. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

    Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу  және оны бұлжытпай жүзеге асыру  әрбір азаматтың қасиетті борышы.

    Құқықтық  мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр. 

    Қылмыстылықпен  күрес, қылмыскердің  тұлғасына  ғылыми негізде зерттеу, орын  алған  қылмысты құбылыстардың  себептері  мен оған  мүмкіндік  жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің  бір болып  саналады.

    Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда  қылмыс құрамының жалпы түсініктері  кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда  заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып  табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.

    Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген . Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:

    1.  Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында  кездеспейді.

    2. Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

    3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын  әрекеттер қоғамға қауіпті деп  бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы  сатысы көрініс  алады.

    Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табыладыАяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан  келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде  бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің  қасақаналығының бағыты қолданылатынына  байланысты.

    Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. 

    - қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылатынын анықтау;

    - қылмыстық жауаптылық — өзінің  нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік  күштеу мәні бар жауаптылықтың  түрі екендігіне сипаттама беру;    

    -  қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік  мазмұнының өзі сол субъектіге  қылмыстық жауаптылық жүктей  отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға беретінін зерттеу болып табылады;

    - Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібін;

    - Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындауды;

    - Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау т.б. мәселелерді зерттеу.

    Зерттеу  жұмысының құрылымы. Берілген «Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық» курстық жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Қылмыстық жауаптылықтың жалпы сипаттамасы

1.1 Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен маңызы 

      Қазақстан Республикасының Конституциясында  көрсетілген белгілі бір әлеуметтік  талаптарды катаң орындауды талап  етеді, оны орындамаған ретте  азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың кұрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа касақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстыққ құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.

    Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық  құқылық норманы бұзудың нәтижесі, коғамға кауіпті іс-әрекеттін көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады[3, 15 б].

    Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен  окшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет таралынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

    Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, коғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылыктың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп — қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.

    Біріншіден, қылмыстық кұқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.

    Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық  жауаптылықта, қылмыстық құқылық  қатынаста жоқ.

    Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұны мен біргебір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады[4, 78 б].

    Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің  атынан өкілділік алған органдардың  арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атынан әділ соттылы құқықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің (кылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.

    Олар  істеген қылмыстың фактісіне  қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты.

    Өйткені, қылмыстық құқылық катынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген кылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады[5, 177 б].

    Мемлекеттің осы функциясын аткару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.

    Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық катынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құкықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп коймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеуі арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысынын табиғатына, осы қылмысқа занда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.

    Сондықтан да қылмыстық құкылық қатынас  мемлекеттің қылмыскер жөніндегі  құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен  бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепілі ретінде де көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған соттағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады.

Информация о работе Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық