Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 22:09, курсовая работа

Описание

Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен маңызы.........................................6
1.2 Қылмыстық жауаптылық негіздері................................................................10
ІІ. АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі......................................................................................................................15
2.2 Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау.........................................................................................................18
2.3 Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау...........................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық курстык жумыс.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

    Қылмыс  жасаған кінәлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің - 68-бабының 1-2-бөліктерінде: «Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот, істі караған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

    Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін» делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.

      Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының  1-болігінде: «Кішігірім және орташа  ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған  адамды, егер жазаны өтеу өтеу  немесе кездейсоқ апат, отбасының  еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қаитыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін» деп көрсетілген.

    Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген. Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқылық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын және орындалатынын көреміз.

    Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін  анғарамыз. 

1.2 Қылмыстық жауаптылық негіздері

        Қылмыстық жауаптылықтың негізін  дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылыктың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген коғамға кауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады.

    Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің  мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық кұқық теориясында  ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген  қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективтік жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.

    Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық  заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың  жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жок болса ол адамды қылмыстық жауаптылыққа тартатын негіз жоқ[6, 99 б].

       Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әркайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады.

    Барлық  жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден  тұрады. Осы белгілердің қосымша  жүйелерінін ең болмағанда біреуінің  жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуын әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

    Қылмыс  құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады:

  • объект,
  • объективтік жағы,
  • субъект,
  • субъективтік жағы.

    Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою  немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері  болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол соғу, екіншіден, осы  мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс кұрамы болмайды.

    Егер  адам бөтен адамның мүлкін абайсызда  бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің  әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта керсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасаканалықпен істеу жок. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және тағы басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозидиясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

    Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық  кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі — басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық  тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелтен уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады[8, 255 б].

    Түрлік  белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға  ортақ, олардың қоғамға кауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. б.) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.

    Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын  түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы — тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап — қызмет жөніндегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің  бір бабында қылмыс құрамының  бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші; үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

    Ерекше  бөлімнің баптарында әдетте аяққталған немесе орындаушының тікелей істеген  қылмыстары көрсетіледі. Алдынала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа катысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдапсалушы, көмектесуші әрекеттеріне сая немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы - адам өлімі жоқ. Бірақта осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше белімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар.

      Қылмыс құрамының заңдылықты  сақтауда және оны нығайтуда  маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық кағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органының қызметкерлерінің касиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табыцлады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне зан талабына сай баға беру болып табылады.

    Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды  шарттарының бірі қоғамға қауіпті  іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.   

    Қылмысты  саралау дегеніміз адамның коғамға  істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық  заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс кұрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. 
 
 
 

    ІІ. АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

    2.1 Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі  

      Аяқталмаған қылмыстардың қатарына  қылмыстық құқық қылмысқа даярлану  мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық  заңның Ерекше бөліміндегі баптардың  диспозицияларында тек аяқталған  қылмыстардың белгілері келтірілген . Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:

    1.  Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында  кездеспейді.

    2. Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

    3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы  сатысы көрініс  алады[9, 356 б].

    Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табыладыАяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан  келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде  бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің  қасақаналығының бағыты қолданылатынына  байланысты. 

      Зардап орын алған аяқталмаған  қылмыстарды квалификациялау тәртібі  әдеттегі қылмысқа оқталу сияқты  жүргізіледі, яғни іс-әрекет зардапты  қарастыратын қылмыс түрі бойынша  емес, қылмыскердің қасақаналығына  кірген қылмыс түрімен  және 24бапқа сілтеме жасау арқылы бағаланады. Ал қылмысқа даярлану немесе оқталу әрекеттерінде қылмыстың обьектісі орын ала ма немесе мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы болып , аяқталмаған қылмыстардың құрамы  бар деп түсінуі керек. Аяқталмаған қылмыстармен қысқартылған құрамдардың арасындағы ұқсастық, ол бұл екеуінде  қылмыстың нақты аяқталу уақытына жетпеуінде . Қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу уақыты бойынша қысқартылған құрамдарда аяқталған қылмыстың құрамы  болмайды. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы да осы қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу  кезеңдерінде  болып табылады.  

      Аяқталмаған қылмыстарда қысқартылған  құрамдардағыдай жасалған іс-әрекетті  аяқталған қылмыс ретінде бағалауға  негіз беретін мұндай белгілер болмайды,  дайындалу немесе оқталу сияқты аяқталмаған қылмысты  әрекеттерді Ерекше бөлім баптарымен бағаланатын білдіретін белгілер болмайды және қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын әрекеттер орын алған мен де ол аяғына дейін жеткізілмейді. Аяқталмаған қылмысты әрекеттер тек материалдық құрамдар бойынша ғана емес, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда  да кездесе алады. Материалдық қылмыстарға жататын  кінәлі қылмыстың обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді жасауға бағытталады, немесе мұндай әрекеттер жасалғанның өзінде кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына жеткізмейді. Себебі ҚР ҚК 26 бабының 2 бөліміне сәйкес , «Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс» . Яғни бұл мысалда кісі өлтіру қылмысынан бас тартқан мен , қасақана денсаулыққа зардап келтіру қылмыс орын алған болып шығады.Сондай –ақ кепілге алу , адамды ұрлау сияқты қылмыстық әрекеттерді жасап ,артынан үкімет органдарының  талабына көніп немесе өз еркімен кепілге алған немесе ұрлаған адамын босатқанмен , бірақ кепілге алу ,  адамда ұрлау кезінде жәбірленушінің денсаулығына зардап келтірген қорлаған болса, онда денсаулыққа зардап келтіру немесе қордау қылмыстарының құрамы сақталады  және осы қылмыстар бойынша жауаптылықтан босатылмайды.  Ал адамды өлтіру ге бағытталған  әрекеттер жасалып , бірақ денсаулыққа зардап келген кезде қылмысты аяғына дейін жеткізбей тұрып, жалғастырудан бас тартқан жағдайда ,  мұндай негізгі қылмыс түрінен басқа жол жөнекей  басқа қылмыстың құрамдары пайда болмайды. Адамның бастапқы кезеңі ретінде денсаулыққа зардап келетін кездер болады. Денсаулыққа зардап келгені үшін мұндай жағдайда қылмыс құрамы бар деуге  болмайды.  Адам кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекет ретінде мылтықты көздеп атқанмен,  оқтың тимей кетуі немесе мылтықтың шүріппесін басқанмен, оның атылмайтын қару екенін білмеуі мүмкін. Яғни қылмысьың обьективтік жағын құрайтын әрекетер жасалған мен кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыстың  зардабы туындамайды және әрекет орындалған мен тиісті қылмыс зардаптың туындамауы себепті байланысқа болып отыр. Сондықтан бұл жағдай қылмысқа оқталу  ретінде квалификациялануы  тиіс.   

Информация о работе Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық