Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 22:09, курсовая работа

Описание

Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен маңызы.........................................6
1.2 Қылмыстық жауаптылық негіздері................................................................10
ІІ. АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі......................................................................................................................15
2.2 Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау.........................................................................................................18
2.3 Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау...........................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық курстык жумыс.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

      Формальдық құрылымдарға жататын  қылмыстарға  оқталу қылмыс құрамының обьективтік жағын білдіретін іс-әрекеттерді  жасауға бағытталған әрекеттердің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғыеа дейін жетпеуін білдіреді.  Демек, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарға оқталудан айырмашылығы, материалдық құрамдарға оқталуда обьективтік жақты құрайтын әректтер жасалуы мүмкін болса , ал формальдық құрамға  жататын қылмыстарға оқталуда  қылмыстың обьективтік жағының белгілері  орындалмайды. Тек соны  орындауға бағытталған әрекеттер жасалып, олар аяғына дейін  жеткізілмейді. 

2.2 Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау

    Қылмыстық кодекс тек аяқталған қылмыстар  үшiн ғана емес, сонымен бiрге қылмысты жасауға бағытталған əрекеттер үшiн де жауаптылықты қарастырады.

    Аяқталмаған қылмыс екi сатыдан: қылмысқа дайындалу  жəне қылмысқа оқталудан тұрады жəне олар жасалған қылмыстың ауырлығы бойынша ажыратылады. Қоғамға қауiптi зардаптардың болмауына байланысты бұл əрекеттер аяқталған қылмысқа қарағанда аса қауiптi емес. Сондықтан заңшығарушы аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындау мəселесiнде бiрқатар ерекшелiктердi де қарастырады[10, 86 б].

    Ең  алдымен, аяқталмаған қылмыс үшiн  жаза тағайындау кезiнде ҚК-тiң 56 баптың 1 бөлiгiне сəйкес қылмыстың ақырына дейiн жеткiзiлмеуiне себеп болған жағдайлар ескерiледi. Қылмысқа дайындалу қауiптiлiгi төмен əрекет ретiнде саналады, сондықтан заңда қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыс үшiн белгiленген жазаға қарағанда қылмысқа дайындалу үшiн жеңiлiрек жаза қарастырылған. Қылмысқа дайындалу үшiн жазаның мөлшерi мен мерзiмi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабындағы аяқталған қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мерзiмiнiң жартысынан аспауы керек.

    Қылмысқа  оқталу қылмысқа дайындалуға қарағанда  қауiптiрек болғандықтан ол үшiн тағайындалатын жазаның мөлшерi мен мерзiмi көбiрек қарастырылған. ҚК-тiң 56-бабының 3-бөлiгiне сəйкес қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабындағы аяқталған қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек. Мұнда қылмысқа дайындалуға қарағанда қылмысқа оқталу үшiн қылмыстық жауаптылық жасалған қылмыстардың қандай санатқа жататындығына қарамастан туындайды.

    ҚК-тiң 56-бабының 4-бөлiгi қылмысқа дайындалғаны жəне қылмысқа оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазаларын қолдануға тиым салады.

    Қатысушылық - қылмыстық əрекеттiң ерекше түрi.

    Қатысушылықпен  жасалған қылмыстар үшiн жаза тағайындау кезiнде соттар жаза тағайындаудың жалпы негiздерiмен бiрге қылмысты жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дəрежесi, осы қатысудың қылмыс мақсатына жетудегi мəнi, қылмыс нəтижесiнде келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшерiне оның ықпалын ескеруi тиiс. Қатысушылық бойынша жаза тағайындағанда жаза қатаң түрде жеке дараланған болуы қажет. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiлетiндiгi есте болуы қажет. Заң қатысушыларға жаза тағайындаудың арнайы белгiсi ретiнде адамның iс жүзiнде қылмысқа қатысуының сипаты мен дəрежесiн атап кеткен. Бұл белгiлер қатысушылықтың барлық түрлерiне жəне нысандарына қатысты қолданылады. Қатысушылықтың сипаты деп қатысушының (ұйымдастырушы ның, айдап салушының, көмектесушiнiң, орындаушының) орындаған ролi мен қызметiн түсiну қажет. Ал қатысушылық дəрежесi деген қатысушы адамның өз ролiн орындаудағы белсендiлiк, қызбалық шарасы. Бұл екi қатысушылықтың сипаты мен дəрежесi деген терминдер əрбiр нақты жағдайда ескерiлiп отыратын бiрiн бiрi толықтырушы ұғымдар болып табылады.

    Сонымен бiрге, қатысушылықпен жасалған қылмыстардағы  «қатысудың шегiнен шығушылықң кезiнде де жаза тағайындауда ерекшелiк бар. Бұл ерекшелiк қылмыстың орындаушысының қылмысқа қатысушылардың алдын ала сөз байласқан, ойлас тырған əрекеттерiнен басқа жоспарланбаған əрекеттi өз бетiмен жасап қоюымен байланысты. Мұндай шектен шыққан əрекет үшiн ҚК тиiстi бабы бойынша сол əрекеттi жасаған адам ғана жауапты болады жəне оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындалады. Ал қылмыстың қалған қатысушылары тек бiрлесiп ойластырылған əрекет үшiн ғана жауапты болады. 

    2.3 Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау 

    Қылмыстық кодекс аяқталмаған қылмыс, қатысып  жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындаудың кейбір ерекшеліктерін қарастырған.

    ҚК-тің 56-бабына сәйкес аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындағанда (қылмысқа дайындық кезінде немесе қылмыс жасауға оқталғанда) бұрын көрсетілген мән-жайлардан басқа қылмыстың аяқталмай қалуына себеп болған мән-жайды есепке алу қажет, сонымен қатар қылмыс жасауға калай оқталғандық ескеріледі. Қылмыс жасау пиғылы жүзеге асса, ол жүзеге аспай қалғаннан қауіптірек. Қылмыстың аяғына дейін жетуіне тосқауыл болған мән-жайды есепке алудың қажет екендігі заңда орынды көрсетілген[11, 144 б]. Мысалы, әйел зорлауға оқталған адам әйелдің жанұшыра қарсыласуы нәтижесінде өзінің қылмыстық әрекетін аяғына дейін жеткізе алмайды. Екінші жағдайда қылмыскер өзінің сондай пиғылын қылмыс жасау орнына ІІМ қызметкерлерінің тосыннан келіп қалуы нәтижесінде жүзеге асыра алмайды. Бірінші жағдайға қарағанда екінші жағдайда қоғамға қауіптілік дәреже жоғары. Бұл жерде өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін қылмыскерде қаншалықты нақты мүмкіндік болғанын, мақсатқа жетуге қаншалықты жақын қалғанын ескеру кажет. Сонымен қатар егер адам қылмысқа дайындалғанда немесе қылмыс жасауға оқталғанда сол қылмысты аяғына дейін жеткізетіндей өзінде шама болмаса да мүмкіндігін асыра бағаласа, сот бұл мән-жайды есепке алып айыпкерге, осындай әрекеттерді басқа мән-жайларда жасаған адамға қарағанда, жеңілдеу жаза тағайындауға тиіс. Қылмысқа дайындықпен салыстырғанда қылмыс жасауға оқталу қауіптірек әрекет болғандықтан заң қылмысқа дайындық жасауға қарағанда сол қылмысты жасауға оқталғандық үшін қатаңырақ жаза қолдану мүмкіндігін қарастырады. ҚК-тің 56-бабының 2 бөлігінде қылмысқа дайындалғаны үшін тағайындалатын жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек делінген. Мысалы, егер адамға ҚК-тің 127-бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысқа дайындалғаны үшін жаза тағайындалса, оған берілетін ең қатаң жаза 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде бола алады, егер ҚК-тің 231-бабының 1 бөлігі бойынша 1 жыл көзделген болса.

    Қылмысқа  оқталғаны үшін жазаның мерзімі  мен мөлшері ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек (ҚК-тің 56-бабының 3 бөлігі). Қылмыстың     жоғарыда келтірілген түрлеріне оқталғанда ең қатаң жаза, тиісінше,  2 жыл 3 ай және  1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырудан аспауға тиіс. 
Қылмысқа дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы, тіптен бұл жаза шаралары айыпкерге қолданылатын ҚК-тегі баптардың санкциясында көзделген болса да, тағайындалмайды.

    Қатысып жасалған   қылмыс үшін әдетте   жаза тағайындаудың ерекшелігі сонда, заң соттың жоғарыда көрсетілгендермен қоса мына мән-жайларды ескеруін талап етеді: қылмыс жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесін, осы қатысудың қылмыс  мақсатына жетудегі маңызын, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын (ҚК-тің 57-бабы).

    Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігі және оларға тиісінше жаза тағайындау мүмкіндігі анықталады. Сонымен қатар, егер банданың алдына қойған мақсатқа жетуіне, сондай-ақ келтірілген немесе келуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне бандитизмді ұйымдастырушы екі адамның әрқайсысының ықпалын өзара салыстырсақ, айырмашылықты көру қиын емес. 
Топтасқан қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау жөнінде ҚК-тің   57-бабында мынадай тағы бір міндеттеу бар: қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол   қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың біреуінің өз айыбын мойындап келуі сол қылмысқа катысушы басқа адамдарға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуге тиіс емес[12, 325 б].

    Қылмыстың қайталануы — адамның сотталғаннан кейін қайта қылмыс жасауы, оның қоғамға аса қауіпті екендігінің  белгісі, сондықтан да заңда қылмыс қайталанған жағдайда жаза тағайындаудың  арнайы ережесі белгіленген (ҚК-тің 59-бабы). Оның мәні мынада: қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындай отырып, сот бұрын жасалған қылмыстардың санын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның   алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың    сипаты мен    қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруге тиіс.

    Қылмыстардың  қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері, жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы  мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен болмауға тиіс.

    Қылмыстың қауіпті    қайталануы жағдайында тағайындалатын жаза жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің үштен екісінен, ал қылмыстың аса қауіпті қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауға тиіс (ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігі). Мысалы,    қасақана жасаған бұрынғы қылмысы үшін сотты болған адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталады. ҚК-тің көрсетілген бөлігінің санкциясында балама ретінде берілген бес түрлі жазаның сот айыпкерге ең қатаң түрін - бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Бұл жағдайда қылмыстың жәй қайталануы орын алғандықтан, ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес сот айыпкерге 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі мер-зімге бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Егер сотгалғанның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану нышаны болса - 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге,   егер қылмыстардың     аса қауіпті қайталануы болса - 2 жыл  3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

    Егер  Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің  қолданылып отырған нормасы соттылықтың  болуын саралаушы белгі ретінде  қарастырса, мұндай қылмыстардың  қайталануында  сот жазаны ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде   көзделген тәртіпті ескермей-ақ   тағайындайды,   яғни   сот   жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық -заң нормаларында бұрыннан    ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен катар қылмыстардың қайталануы болып және ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады.    ҚК-тің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық.   Мысалы, айыпкер ҚК-тің 175-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі  немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез-келген формасы) немесе корқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-тің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни   мүлкін тәркілеп 3   жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

    Басқа мысал. Қылмыстардың қайталану белгісі бар жағдайда адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында ҚК-тің 55-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлардың бар екендігін анықтады. Бұл жағдайда да сот айыпталушыға жазаны ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігінде көрсетілген ережелерді есепке алмай тағайындайды, яғни ҚК-тің 175-бабының 1 бөлімінің санкциясында көзделген жазалардың бас бостандығынан айыруға қарағанда жеңілдеуін тағайындай алады. Егер бәрі бір бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ол 6 айдан 3 жылға дейінгі мөлшерде болуға тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ  

      Аяқталмаған қылмыстарда қысқартылған  құрамдардағыдай жасалған іс-әрекетті  аяқталған қылмыс ретінде бағалауға  негіз беретін мұндай белгілер болмайды,  дайындалу немесе оқталу сияқты аяқталмаған қылмысты  әрекеттерді Ерекше бөлім баптарымен бағаланатын білдіретін белгілер болмайды және қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын әрекеттер орын алған мен де ол аяғына дейін жеткізілмейді. Аяқталмаған қылмысты әрекеттер тек материалдық құрамдар бойынша ғана емес, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда  да кездесе алады. Материалдық қылмыстарға жататын  кінәлі қылмыстың обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді жасауға бағытталады, немесе мұндай әрекеттер жасалғанның өзінде кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына жеткізмейді. Себебі ҚР ҚК 26 бабының 2 бөліміне сәйкес , «Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс» . Яғни бұл мысалда кісі өлтіру қылмысынан бас тартқан мен, қасақана денсаулыққа зардап келтіру қылмыс орын алған болып шығады.

    Қылмыстық кодекс тек аяқталған қылмыстар  үшiн ғана емес, сонымен бiрге қылмысты жасауға бағытталған əрекеттер  үшiн де жауаптылықты қарастырады.

    Аяқталмаған қылмыс екi сатыдан: қылмысқа дайындалу  жəне қылмысқа оқталудан тұрады жəне олар жасалған қылмыстың ауырлығы бойынша  ажыратылады. Қоғамға қауiптi зардаптардың болмауына байланысты бұл əрекеттер  аяқталған қылмысқа қарағанда аса қауiптi емес. Сондықтан заңшығарушы аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындау мəселесiнде бiрқатар ерекшелiктердi де қарастырады.

    Ең  алдымен, аяқталмаған қылмыс үшiн  жаза тағайындау кезiнде ҚК-тiң 56 баптың 1 бөлiгiне сəйкес қылмыстың ақырына  дейiн жеткiзiлмеуiне себеп болған жағдайлар ескерiледi. Қылмысқа дайындалу қауiптiлiгi төмен əрекет ретiнде саналады, сондықтан заңда қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыс үшiн белгiленген жазаға қарағанда қылмысқа дайындалу үшiн жеңiлiрек жаза қарастырылған. Қылмысқа дайындалу үшiн жазаның мөлшерi мен мерзiмi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабындағы аяқталған қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мерзiмiнiң жартысынан аспауы керек.

    Қылмыстық кодекс аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындаудың кейбір ерекшеліктерін қарастырған.

    ҚК-тің 56-бабына сәйкес аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындағанда (қылмысқа дайындық кезінде немесе қылмыс жасауға оқталғанда) бұрын көрсетілген мән-жайлардан басқа қылмыстың аяқталмай қалуына себеп болған мән-жайды есепке алу қажет, сонымен қатар қылмыс жасауға калай оқталғандық ескеріледі. Қылмыс жасау пиғылы жүзеге асса, ол жүзеге аспай қалғаннан қауіптірек. Қылмыстың аяғына дейін жетуіне тосқауыл болған мән-жайды есепке алудың қажет екендігі заңда орынды көрсетілген. Мысалы, әйел зорлауға оқталған адам әйелдің жанұшыра қарсыласуы нәтижесінде өзінің қылмыстық әрекетін аяғына дейін жеткізе алмайды. Екінші жағдайда қылмыскер өзінің сондай пиғылын қылмыс жасау орнына ІІМ қызметкерлерінің тосыннан келіп қалуы нәтижесінде жүзеге асыра алмайды. Бірінші жағдайға қарағанда екінші жағдайда қоғамға қауіптілік дәреже жоғары. Бұл жерде өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін қылмыскерде қаншалықты нақты мүмкіндік болғанын, мақсатқа жетуге қаншалықты жақын қалғанын ескеру кажет.

Информация о работе Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық