Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:12, реферат

Описание

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды.

Работа состоит из  1 файл

ezhelgi_memleketterdin_kukyktary_men_bostandyktary_0.doc

— 326.00 Кб (Скачать документ)

Отар мемлекеттердің басқарылуы  біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары»  басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.     

1774 жылы Филадельфия қаласында  55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.

1775 жылы мамыр айында Екінші  континентальды конгресс мәжілісі  шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас қолбасшысы ретінде Дж. Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д. Адамстың, Т. Джефферсонның, А. Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық  құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы. 

1776 жылғы Тәуелсіздік  декларациясы. 1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді. Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған. Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған танымалы прогрессивті құжат.

1781 жылғы Конфедерацияның  құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда заң шығару үрдісін ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген, алғашқы конституциялық құжат «Конфедерация бабтары» қабылдауға әсер етті. Штаттар «мәңгі одақ»-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды.

1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша  үкімет органдарының жүйесі. 1787 жылы  Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды.  

 

Қосымша єдебиеттер:

1. Аптекер Г. Американская революция  1763-1783гг. Москва, Иностранная лит. 1962

2. Бельсон Я.М. Ливанцев К.Е.  История государства и право США. Ленинград, ЛГУ, 1982

3. Болховитинов  Н.Н. США: проблемы и истории: Москва, Наука, 1980 г.

4. Зубок Л.И.  Очерки истории США: Москва, Наука, 1956 г.

5. Карри Д. Конституция США:  Алматы, Казахстан, 1994 г.

6. Конституция США: История и  современность. Под.ред. Мишина А.А. Москва, Юрид.литература, 1988

7. Фостер У. Очерки политической  истории Америки: Москва, Иностранная  литература 1955

8. Севостьянов Г.Н. Очерки новой  и новейшей истории США: Учебник: Москва, Юридическая литература, 1960 г.

9. Черняк Е.Б. Государственный строй и политические партии США: Москва, АНСССР, 1957 г.

10. Ширяев Б.А. Политическая борьба  в США (1783-1801):Ленинград, ЛГУ, 1981 г.

11. Согрин В.В. Основатели США:  исторические портреты: Москва, Наука, 1983 г.

12. Политические партии США в новое  время:  Под. ред. Сивачева Н.В.Москва, Мысль, 1981

13. США: Под.ред. Петрова Ф.М.  Москва, Наука, 1982 г.

14. Уманский П.В. Американская  революция XVIIIв. в буржуазной  историографии США: Конец XVIII-60-е годы XX в Казань, Казанского университета, 1988 г.


Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары