Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:12, реферат
Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды.
Маурийлер дәуірінде «чакраввартина» концепциясы қалыптасты – бұл бүкіл территорияда жалғыз басқарушының билік етуі.
Маурий патшасы мемлекеттің аппаратының басшысы және заңшығарушы билігін иемденген. Эдиктілер патша атынан және рұқсатымен шығарылады. Ол өзі ірі мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындаған және әкімшіліктің басшысы, жоғарғы соттың судьясы лауазымына ие болған. Сонымен қоса, саны жағынан көп әскердің әскерибасшысы.
Көптеген патшаға қарсы ұйымдастырылған сөз байласуларға байланысты патшаның қүзетіне ерекше көңіл аударылған.
Патша сарайында әйгілі брахман әулетінен шыққан патша абызы үлкен рольге ие болған.
Патша сановниктерінің кеңесі – паришад – бұрыннан бері пайда болған, бірақ Маурий дәуірінде саяси кеңестің функцияларын иемденіп, маңызы арта түсті. Ол барлық басқару жүйесіне тексеріс жүргізген және патшаның бұйрықтарын орындаған. Паришадтан басқа сенімді адамдардан тұратын құпиялы кеңес болған.
Паришад саяси орган ретінде – билеушінің абсолютті билігін шектейтін және өзіндік үстемдігін сақтауға ұмтылған әскери және абыздар біліктілерінен құрылған.
Маурийлер дәуірінде мемлекет территориясы провинцияларға бөлінген. Төрт басты провинцияларының басында царевичтер отырған. Бұл провинциялар ерекше мәртебеге, сонымен қоса кіші автономияға ие болған. Жергілікті шенеуніктердің жұмысын тексеру үшін царевичтер өзінің басқару территориясына арнайы инспекторларды жіберіп отырған.
Басты провинцияларға бөлінгеннен басқа, қарапайым провинцияларға (джанападтарға), облыстарға (прадештер), округке (ахале) бөлінген. Провинциалдық басқарудың төменгі әкімшілік бірлігі- ауыл.
Джанапад басында үлкен мемлеке
Шекараны қорғайтын арнайы шенеуніктер жоғары дәрежеге ие болған.
Мемлекетте жалпы империялық басқару жүйесіне енетін, ескі саяси ұйымдарын сақтаған автономиялық, тәуелсіз полистер сақталған.
Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі Қытай мемлекетінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарарстырады: 1).Шань (инь) дәуірі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғғ.). 2).Чжоу дәуірі (б.э.д. ХІ-ІІІ ғғ.) 3). Цинь дәуірі (б.э.д. 221-207 жж.). 4).Хань дәуірі (б.э.д. ІІІ-б.э. ІІІ ғғ.).
Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның тұсында топаң су басады. Одан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі тан қарсы шығып Циді құлатып, Шан әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды.
Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Инь мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген. Мемлекетті ван басқарған. Ол басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған. Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі жоғарғы абыз да болып есептелген.
Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған деректі мұра-киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді. Бұл жауырын мен тас қабықтарды бал ашуға пайдаланған.
Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да және дала шаруасын да Ван басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған.
Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай, нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген, қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т.б. көмекшілерді жатқызады.
Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8 рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды чжухау жүзеге асырады.
Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған. Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген.
Чжоу мемлекеті (б.э.д. ХІІ-ІІІ ғғ.). Чжоу әулетінің басқарган кезі үш кезеңге бөлінді: Батыс Чжоу кезеңі (б.э.д. 1122-742 жж.), Шығыс чжоу кезеңі (б.э.д. 770-403 жж.), «күрескен патшалықтар» (б.э.д. 403-221 жж.).
Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши – үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған.
Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады.
Мықты орталықтанған Цинь
мемлекеттің пайда болуына
Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан.
Негізгі єдебиеттер:
1. Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
2. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
4. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
Ќосымша єдебиеттер:
1. Дандамаев М.А. Древный Шумер. СПБ., 2001.
2. История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.
3. Клочков И.С.Древняя культура Вавилона (человек, судьба, время). М., 1983.
4. Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.
5. Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977.
6. Ильин Г.Ф. Основные проблемы рабства в Древней Индии // История и культур Древней Индий. М., 1963.
Таќырып 2. Ежелгі шығыс өркениет құқығы.
Ежелгі дүниедегі құқықтың пайда болуы және дамуы. Қандай да болмасын әлеуметтік организмге, яғни адамдар бірлестігіне және адамға ішкі ұйымдасушылық қасиет және реттеушілік функция тән. Осындай қасиетінен айрылған тұлға немесе әлеуметтік бірлестік жойылады.Рулық қауым сатысында ішкі мәселелер көсем беделімен ғана шешіліп отырған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша да басқарылды. Әдет-ғұрыптардың пайда болуы адамдар өмір сүрген табиғи ортаға, шаруашылық жүргізу тәсіліне және басқару мәселелеріне байланысты. Мысалы,шөлді аймақта тұратын халықтарда бұлақтарды, су көздерін қорғау дәстүрі көп. Ал суы жиі таситын аймақтарда өзенге табынып, құрбандық беріп жатады.
Адамдар бірлестігінің түрлері
өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың
өзара қатынасы да өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, рулық
қауымдағы адам өзінің құқы туралы көп
ойланбаса, ал көршілік (селолык) қауымда
әрбір қауым мүшесі жыл сайын жердің қайта бөлінуіне,
жеке малына басқалардың тиіспеуіне мүдделі
бола бастады. Ал осындай өзгерістердің
барлығы белгілі бір өзара келісілген
нормалардың пайда болуына алып келді. Шаруашылықтың
Ежелгі Египет (Мысыр) құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Египетте құқықтың қайнар көзі бастапқыда әдет-ғұрып болды. Мемлекеттің дамуы перғауындардың заң шығару құзіретін қарқынды етті. Заңдарды кодификациялағаны туралы мәліметтер бар, бірақ бұл жинақтар бізге дейін жетпеген. Дегенмен кейбір тарихи деректер, арнайы мәліметтер Египет құқығының жалпы сипаттамасын бере алады. Ежелгі грек авторларының шығармаларының сақталынған үзінділері біраз мәліметтер береді, мысалы “ грек тарихшысы Диодор алғашқы жазба заңдарды I патша әулетінің негізін салушы, аты аңызға айналған Менесу (шамамен б.э.д. 3000 ж) перғауын құрастырған” деген. Ежелгі Египет және антикалық әдебиеттерде келесі перғауындардың заң шығару қызметімен белсенді айналысқандығы туралы көрсетілген. Сол сияқты Сасихисус патшаға дінге қатысты заң, Бокхориске (б.э.д.VIIIғ)-қаржы және саудаға байланысты толық кодекс, Амасиске (б.э.д.VIғ) жергілікті әкімшілік құзыретінің регламенті туралы заң жатқызылады. Ерте патшалықтың өзінде-ақ түрлі нысандағы патша актілері белгілі болған. Олардың бірі жалпы нормативтік сипатта (заңдар), басқалары патшаның, жеке сұрақтар бойынша нақты бұйрықтары болды.
Египетте жер мемлекет меншігі болып саналды. Египетте жер иеленудің бірнеше түрі болды: мемлекеттік, шіркеулік, жеке және қауымдық. Ірі жер иеленушілер қатарына шіркеу шаруашылығы және патшалық вельможалар жатты. Олар жерге қатысты түрлі мәмілелер жасай алды (сыйға беру, сату, мұрагерлікке беру).
Жылжымалы мүлікке құлдар, жұмыс малы, ертеректе жеке қолға түскен және түрлі мәмілелер құралына айналған инвентарь жататын.
Міндеттемелер. Қарыз, жалдау, сауда-саттық, жерді жалға беру сияқты бірнеше келісім түрлерін ежелгі египет құқығы білген. Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі, тәртібі жоғары болды. Бұл тәртіп мынандай үш актілі көріністі құрастырды: бірінші, шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі, екінші акт, діни сипатта, яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітді; үшінші акт сатып алушыны иелігіне енгізу, бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті. Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты.
Неке және отбасы қатынастары. Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты. Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған: бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын. Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған, бұл отбасында әйелдің орны жоғарылығымен көрініс тапқан. Уақыт өте күйеуінің құқығының нығаюып, ер адам отағасықұқыққа ие болып, әйел адам бұрынғыдай еркек пен тең құқылы болмаған. Египетте екі жақтың келісімімен ажырасу жүзеге асырылатын.
Египет құқығы бойынша мұрагерлік заң және өсиет бойынша қалдырылған. Заң бойынша мұрагер ұл да, қыз да бола алады. Ал, өсиетті күйеуіде, әйеліде құра алады.
Қылмыстық құқық және процесс. Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды. Ең ауыр қылмыстардың қатарына мемлекет және қоғамдық құрылысқа қауіп төндіретін әрекеттер жатады (бұған опасыздық, сатқындық, көтеріліс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған). Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Діни сипаттағы қылмыстар өте ауыр жазаланған (қасиетті жануарларды өлтіру: мысық,үкі ).
Азаптау әдістері кеңінен қолданылған. Іс жүргізу жазбаша жүргізілген.
Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары.
Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады. Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды.
Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары