Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:12, реферат

Описание

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды.

Работа состоит из  1 файл

ezhelgi_memleketterdin_kukyktary_men_bostandyktary_0.doc

— 326.00 Кб (Скачать документ)

Герман феодалдық құқыққа  жалпы сипаттама. Германдық құқық ортақ жүйеге келтірілмеген еді. Территориялық партикуляризм құқықтың сословиелік бөлінуімен /лендік, земстволық, қалалық және т.б./ толықтырылып отырды.

Германиядағы феодалдық құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет-ғұрыптық  құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген.

Шығыс славяндардағы  мемлекеттіліктің қалыптасуы. Б.э.д. екінші мыңжылдықта  Шығыс Европаның солтүстік бөлігімен Днепр және Одеро аралығында славяндар өмір сүрді. Алғашқы славяндар біздің эрамызға дейін өмір сүрген антикалық авторлардың жазбаша естеліктің құрылу шарттарымен міндетті.

Жазба деректерінде славяндарды "веннеды" деп атаған. Б.э..д. І ғасырда біртұтас, тұрақты, көп санды этникалық массивтер, венедалар Шығыс және Орталық Европа және шығысында Днепр, батысында, Одера аралығында орналасқан. Славяндардың шаруашылығының дамуы тұтқындар арасындағы байланыспен бекітілді.

І мыңжылдықтың екінші жартысында славяндар  ұланғайыр территорияны алып жатты. Шығыс, батыс, онтүстік славяндар пайда  болды.

Шығыс славяндар Шығыс Европа бөлігін  алып жатты. ҮІІ-ҮІІІ ғ., Шығыс славяндардың экономикалық даму дәрежесі толық қалыптасты. Жер өндіру және мал шаруашылығымен қатар, өндірістік еңбек өсті. Шығыс славяндардың қоғамдық құрылымының маңызды бөлігі - ауыл /аумақтық/ қоғамы болды. Жеке шаруашылық одақтары /жанұя бірігумен/ қалыптасты, аумақтық қоғаммен бірге жерге алқалы меншік әрекет ете бастады. Шығыс славяндары 14 одақтан құрылды.

Демократиялық ұйымын - халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі басқарады. Халық  жиналысы әскери жиналысқа ауысты. Мемлекеттік органда өзін-өзі  басқару органының қалыптасу  процесің өсе түсті. Әскери демократия бірте-бірте әскери иерархиялық басқару жүйесіне көше бастады. Дружина әскери күшке айналып,  қарсы топтармен қайшылықтарды шешу, қорғау, жаулап алу т.б.қызметтерді жүзеге асырды. Шығыс славян мемлекеттерінде өзін-өзі басқару органын қалыптастыру процесі басқалармен салыстырғанда жылдам қалыптасты.

ҮІІІ ғасырда Орта Приднепров жерінде  көшпенділер арасындағы күрестің нәтижесінде  бірнеше одақтар пайда болған Бұл одақтар одақтардың одағы "Русь" деген атпен астанасы Киев мемлекеттілігін  құрады. Псковтық,  Смолендік, Полоцкілік одақтар бірігіп бірлестік құрды. ІХ ғ. дипломатиялық және әскери белсенділігі күшейе түсті. Шығыс славяндармен екі мемлекет пайда болды: Киев және Новгород. Шығыс славяндардың саяси консолидациялық процесіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: территориялық, этникалық, мәдениеттік, экономикалық, жалпы жауларымен күрес жүргізу үшін күшті біріктіру т.б. Киев Русінде феодал қатынастары тең негізде дамымаған. Экономикалық нысанының бірі ретінде жерге меншікті жүзеге асырумен сипатталады.

Киев Русінде феодалдармен бірге  ерікті крестьян-қоғамдары, ерікті қала тұрғындары, феодалға тәуелді тұрғындар  және құлдар деп бөлінді. Феодал билігінің  әкімшілік және шаруашылық орталығы феодалдар алаңы болды.

Киев Русі негізінен ауыл және қала тұрғындарынан тұрды. Ежелгі орыс мемлекет үшін негізгі әскери құрамнан тұрды:

-         ұлы князь құрамасы және жергілікті князь құрамасы

-         халық әскері

-         жолданбалы /жасақ/ әскер

Әскерлер жасақтарға, полктерге, мыңдықтарға, жүздіктер, оңдықтарға бөлінді. Діни топ өкілеттігін мемлекет басшысы Ұлы Киев князы басқарды, діни реформасы өте маңызға ие болды.

Ежелгі орыс құқығы. ХІ-ХІІ ғ. Орыс правдасының кеңейтілген редакциясы қоғамдық құрылым даму кезеңі, бояр тиундары, бояр қатарлары, топтары, бояр мұрагерлері туралы айтылады. Феодалды жер иелену ұлы князь және жер иеленуші қауымдастықтар есебі көбейе түсті. Киев Русінде феодалдық жер иелену заңымен реттелінді. Орыс Правдасы феодалдық өзара келіспеушіліктерді бұзғандығы үшін 12 гривен көлемінде айыппұл төледі. Орыс Правдасы феодалдық құқықтық ескерткішінде ерекше артықшылықтар бекітілген. Князь ерлерін өлтірген үшін 80 гривен өлшемінде айыппұл төлейді, қарапайым адам өлтіргені үшін осы көлемнің жартысын төлейді. Феодализмнің дамуы феодал-княздар, бояр және шіркеудің жерге меншік құқығы иеленуіне әкелді. Қоғамның топтарға бөлінуі сословиялы құрылымның қалыптасу процесіне әкелді.

Қысқаша Орыс Правдасы редакциясында "адамдар" ұғымына қала және ауыл тұрғындарына кеңінен атап көрсеткен. Орыс Правдасы ХІІ ғ. "Закуп" жарлығы жарық көрді. Закуп - өз шаруашылық қызметі бойынша басшысына қарыз немесе міндетті адамдардың құқықтық жағдайы туралы анықтайды.

Изгой - өзінің бұрынғы жағдайынан айырылу. Изгойлар ерікті және тәуелді  деп бөлінеді. Х-ХІІ тұтқын-құлдарды "илядь" деп атады, олар толық құқықсыз болды. Басқа себептермен құл атанған адамдар "холоп" деді.

Орыс Правдасында "челядин" деп  толық құқығы жоқ, басшысының қол  астындағы құлдар.

Ал қала тұрғындары екі негізгі  топқа бөлінеді: төменгі дәрежедегі қала тұрғындары және қала аристократтары.

Орыс Правдасында басқару жүйесінің  даму процесін анықтап, айыппұл көлемін  белгілеген.

Мұрагерлік құқық жеке меншіктің  нәтижесінде қалыптасты. Әке мұрасы кенже ұлына берілді, ал қыз балалар  мұрагер ретінде танылмады. Орыс Правдасы саудагерлер арасында заем шартының айналымын, сауда айналымындағы несие жүйесі, мәміле жасау үшін арнайы сенімхаттың болуын талап етті. Жазбаша ескерткіш құқығында қылмыс және жазаның баптары көрсетілген, онда қылмыс, мүліктік қылмыстар, моральдық, материалдық, физикалық зардап т.б. ұғымдарайқындап көрсетілген. Қылмыс объектісі - князь билігі, мүлік, қылмыстың объективті жағы- қылмысқа оқталу, аяқталмаған қылмыс. Ал қылмыс субъектісі болып құлдар танылмайды. Субъективті жағы қасақана қылмыс жасау. Ең аса ауыр қылмыс князь билігіне сұғу болып табылды. Сонымен бірге шіркеуге қарсы, тұлғаға қарсы, мүлікке, адамгершілік және жанұяға қарсы қылмыстардың түрлері болды. Жаза: айыппұл, қанға -қан,жанға-жан , компенсация , аяқ, мұрын кесу, көзін ою сияқты жазаның түрлері болды. Өлім жазасын қолдануға рұқсат берілді. Ежелгі Орыс мемлекетінің дамуы мен қалыптасуы құқықпен тығыз байланысты. Ең басты заң шығару ескерткіші  Орыс Правдасы. Киев Русі осы құқықтар арқылы жергілікті, отандық жер байлығын, қоғамдық қатынастарды, қоғамдағы тәртіпті бекітті.

Негізгі єдебиеттер:

1.  Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2.  Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.  Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.  Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Қосымша әдебиеттер:

1.  Корсунский А.Р.Образование раннефеодального государства в Западной Европе.-М.,1963.

2.  КорсучскийА.,Гюнтер Р. Упадок и гибель Западно-Римской империи и возникновение Германских королевств.-М.,1984.

3.  Крашенникова Н.А. Великая Французкая буржуазная рыволюция и ее первые конституционные акты.//Вестник МГУ.-1989.-№4.

4.  Лисневский Э.В. История государства и права Великобритании.-Р.Д.,1975.

5.  Литаврин Г.Г. Византия, Болгария,Др.Русь.СПб.2000.

6.  Лопоухов Б.Р. Истрия фашисткого режима в Италии.-М.,1977.

7.  Люблинская А.Д. Французкий абсолютизм в первой трети 17в.-М., Л., 1975.

8.  Петрушевский Д.М. Очерки по истории английского государства в средние века. –М.,1930.

9.  Прело М. Конституционное право Франции.-М.,1957.

10.       Проблемы истории абсолютизма: Ученые записки Всесоюзного заочного юридического института .//Под.ред.К.И.Батыра.-М.,1957.

11.       Прокопьев В.И. Армия и государство в истории Германии 10-20вв.-М.,1977.

12.       Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.Идеи и институты Древней Греции.-М.,1989.

13.       Рождение Французкой буржуазной политико-правовой системы.1990.

14.       Савело К.Т. Раннефеодальная Англия –М.,1977. 

 

Таќырып 5. Орта ғасырдағы  Шығыс мемлекеттерінің мемлекет  және құқығы.

Қазіргі кездегі мемлекеттер арасында өзінің ерекшелігімен көзге түсіп  отырған Азия  құрылығында орналасқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың ішінде Жапония  сен Сауд Аравиясы, Кувейт, Бірікен Араб  әмірліктері  атап өтуге болады. Жоғарыда аталған мемлекеттердің үшеуі мұсылман мемлекеттері болып есептеледі және мұсылман құқын қоғамның  барлық саласында пайдаланумен ерекшеленеді. Сондықтан да қысқаша мұсылман  мемлекеті және құқының пайда болуы мен дамуына тоқталайық.

Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы  кезден бастап сауда жолдарының бойында  орналасқан  және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке  қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы  өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.

Мұсылман құқының қайнар көздері  – Құран, Сүнне және хадистер. Сүнне  – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс-  туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі  негізгі дін қағидалары комплексі  шариат  деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап  тура жол ұстаумен тығыз  байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар  мен мұсылмандардың өзара қатынасы  және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған  жағдайлары  байланысты шариғатын жалпы нормаларын арнайы ғылым  әл фих юристируденция зерттесе,ал  шариат нормалар әл фикх құқық қарастырады.

Мұсылман  сот ісі алғашқы халифтер кезінде жүзеге  аса бастады. Шариат нормалары бойынша сот ісін жүргізуі  чиновники  кады   немесе қазы деп атайды /тағайындаушы немесе айыптаушы/. Алғашқы қазылар Омар халифтің /634-644/ бұйрығымен Медине, Баср, Куф қалаларын тағайындалды. Қазылар өздеріне тапсырылған  аймақ азаматтық  және ұрпақ істерге шешім шығарып отырды. Сонымен бірге олардың бақылауында  қаладағы қоғамдық орындар  мен құрылыстардың жағдайы және азаматтарды адамгершілікке іс әрекет де бақылауда болды.

Мұсылмандар басып алған жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф деп  атады және осындай жердің бәрінен  арнайы салық хараджалынды.

1.                  Жизия-мұсылман мемлекеттеріндегі мұсылман еместерден алынатын жан  басы салығы. Бұл салықты жаулап алған кезде аман қалдырғаны үшін кәмелетке толған барлық ер адамдар төледі.

2.                  Ұшыр-мұсылмандардың өнімнен төлейтін салығы. Әдетте ірі жер иеленушілер жерін арендаға беріп,онан алған харадждың бір бөлігін өзіне қалдырып,ал бір бөлігін ұшыр ретінде төлеген.

3.  Зекет-жағдайы нашар мұсылмандар үшін жиналатын салық. Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен, алтын мен күмістен тауардан  алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа.

Негізгі єдебиеттер:

1. Сарсенбаев М.А. Мусульманское  право. Оқулық. Алматы: Данекер, 1993

2. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право:Вопросы теории и практики. Оқулық: Москва, 1986

4.  Беляев Е.А., Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье.Москва, Наука 1966

5.   Садагдар М.И. Основы мусульманского право. Москва, Наука 1968

6.  Капинский С.А. Институт монарха в странах Арабского Востока. Москва, Наука 1981

7.    Утеулин Д. Феномен Мухаммаеда// Юрид газета, 20 қаңтар 1999

8.  Баишев Ж., Байкенов В., Сарсембаев М.   Мусульманское право. Алматы: Данекер 1999

9.  Киримов Р.М. Шариат и его социальная сущность. Москва, Наука 1978

10. Еремеев Д.Е. Ислам: образ  жихни и стиль мышления.Москва, Политиздат, 1990

11. Мавлютов Р.Р. Ислам: Москва, Политиздат. 1969

12. Давид Р. Основные правовые  системы современности. Москва, Прогресс, 1988

13. Вагабов М.В. Ислам и семья. Москва, Наука, 1980 

 

 

 

Таќырып 6. Буржуазиялық Еуропа мемлекетті.(XVII-XIXғғ)

Буржуазиялық Ұлыбритания  мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің  барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде  мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып,  Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық  саяси  тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.

Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары