Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 15:44, курсовая работа

Описание

Әрбір азаматтың конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... 3
Негізгі бөлімі

1. Қажетті қорғану.......................................................................................4-9
2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік.............................................10-13
3. Жалған қорғану.......................................................................................14-15
4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік..................................................................... 16-20
5. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру............................... 21-24
6. Орынды тәуекел..................................................................................... 25-28
7. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.............................................. 29-30
8. Бұйрықты немесе өкімді орындау...................................................... . 31-32
Қорытынды...............................................................................................33-34
Колданылған әдебиеттер.......................................................... …….35-36

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық құқық.doc

— 159.00 Кб (Скачать документ)

     Мысалы: К. деген азамат қажетті  қорғану шегінен асып кеткен жағдайда денені ауыр жарақаттағаны үшін (109-бап, 2-бөлігі) мына төмендегі жағдайда кінәлі деп табылып, сотталған. Сыраханада К-ға қызу күйдегі, бір аяғы жоқ Ж. деген  мүгедек адам тиісіп, өзіне екі құмыра сыра алып беруді талап еткен. Ж-ны итеріп жіберіп К. далаға шықпақшы болған, итеруден құлап түскен Ж. жалма-жан тұра сала К-ны балдағымен ұрып, тағы да екінші рет ұрмақшы болған, осы кезде К. қолындағы құмырасымен Ж-ны бастан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот үкімінде «қажетті қорғану шегінен асып, қиянаттың қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян келтірген» деп көрсетілген. Ж. бір аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде мас болған. Осы жағдайға байланысты К. оны басынан құмырамен ұрмай-ақ, оның қолындағы балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жарақат салмай-ақ, қиянатты тоқтатуға толық мүмкіндігі бар еді.

      Қорғанушы қорғану шегінде немесе  одан асып, әрекет істеді ме  деген мәселені шешу үшін, істің  барлық мән-жайын  мұқият, жан-жақты  есепке алуды, оқиға болған жағдайда қорғанушының, сондай-ақ қиянат келтірушінің жеке басын, олардың күштерінің арасалмағын анықтау қажет.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы  Пленумының №7 қаулысында соттар  қажетті қорғану шегінен асып  кеткендіктің бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен кезде тек қорғану мен қауіп төндіру құралдарының сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы тұрудағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен қорғанушының күштерінің арасалмағына ықпал ететін басқа барлық жағдайларды да ескеруі керек деп атап көрсеткен. Қорғану әрекетінің заңға сыйымдылығын бағалағанда ең бірінші қиянаттың үрдістігін, яғни қауіп төндірудің сипаты мен дәрежесін, шабуылдын қарқыны мен күшін есепке алу қажет. Қиянаттың сипаты мен қаупі көп жағдайларда қауіп төнетін объектінің маңыздылығына да байланысты. Адамның өмірі, денсаулығы, меншігі сияқты маңызды объектілерге шабуыл жасап, нақты қауіп төндіру қорғанушыға да қорғанудың өте ыңғайлы тәсіліне жүгінуге құқық береді. Яғни, қорғалатын игіліктің бағасы құнды болған сайын, оған төндірілетін қиянат та қауіптірек, сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың шегі де  және қиянат  келтірушіге зиян мөлшері де елеулі, ауқымды болады. Қиянаттың үрдістігінің дәрежесі көп жағдайларда қылмыскердің қолданатын құралы мен қару-жарағына да байланысты. Бірақ та бұл жерде қорғанушы шабуылды қандай құрал немесе қаруды қолданса соған сайма-сай құралмен немесе қарумен тойтаруға ғана құқылы деп айту қате болар еді. Мұндай пікірді қуаттаған жағдайда қорғанушының қару жұмсау арқылы өзінің немесе басқа адамның өміріне нақты қауіп төндіріп тұрған қаруланбаған қылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып саналар еді. Мысалы: К. деген азаматттың әрекеті заңға сыйымды істеген қажетті қорғану деп танылған. Кешкілік, қараңғы түскен сәтте Ж. мен С. деген екі мас К-ны көше бойында тоқтатып,оған негізсіз тиіскен. К. олардың сөзіне құлақ аспай, өз жөнімен жүре берген. Бірақ әлгі мас, оны қуып жетіп, ай-шайға қарамастан ұрып, жерге құлатып, тепкілей бастаған. Жан сауғалап қорғанған К. қалтасынан бәкісін алып Ж-ның қарнына оны тереңдете салып жіберген. Ж. табан астында қаза тапқан. Алдын ала тергеу К-ны қажетті қорғану шегінен асып, пышақ қолданып, кісі өлтіргені үшін жауапқа тартқан. К. қаруы жоқ адамға пышақ қолданды деп айыпталған. Бірақ та сот бұл қорытындымен келіспей, өз үкімінде К-ға төнген қиянаттың оның өміріне қауіпті болғанын және екі бірдей қауіп төндірушінің күші бұл жерде басым екенін есепке алып, оның әрекетінде қажетті қорғану шегінен шығушылық жоқ деген шешімге келген. Мұндай қауіп төндірушілікке қорғанушы көп жағдайларда кенеттен тап болған қиянатқа байланысты соның салдарынан қатты абыржу, қорқу жағдайында болады, сондықтан да барлық уақытта қауіп төндірудің сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес келетін қорғану құралын қолдануға мүмкіндігі болмайды.

      Сонымен қажетті қорғану шегінен  асып кеткендік деп танылуы  үшін қиянаттың қаупі мен сипатына  қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі  қажет. Бұл жерде сөзсіз сәйкес келмеушілікке қорғанушының айдан айқын, анық түрде қорғану шегінен асып кеткен қиянат келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян келтіруін айтамыз. Сот тәжірибесінде едәуір емес мөлшердегі бөтен біреудің мүлкіне қол сұққан қиянат келтірушінің өлтіру, адамның өміріне, денсаулығына қауіпті емес күйде істеген бұзақылықты, ұсақ ұрлықты тойтарудағы басқа адамның ауыр дене жарақатын келтіру фактілері жиі орын алады.

      Заңда қажеттті қорғаныс шегінен  шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендігі (99-бап) және қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін (109-бап) әдейі жауаптылық көзделген. Бұл, яғни  қажетті қорғану шегінен асып кеткедігі үшін жауатылық, тек қасақана қылмыстар істегені үшін ғана қарастырылғанын көрсетеді. Абайсыздықпен істеген қажетті қорғану шегінен шығушылық үшін заңда жауаптылық белгіленбеген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                      3. Жалған қорғану

      Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп – қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.

      Жалған қорғану қорғанушының  әр түрлі обьективтік жағдайларға  байланысты істелген қатесі болып  табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік, қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам  соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып, алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды қуып жетіп, артына ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп танылған.

      Жалған қорғану – қоғамға қауіпті әрекет.

      Жалған қорғануды жүзеге асырған  адам кінәлі деп танылып, қылмыстық  жауапқа тартылады. Егер адам  қажетті қорғануды қолдануда  өзінің қатесін болжамаса немесе  болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып, бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі  К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан төсектің қасында тұрған орындықпен  «шақырылмаған қонақтың» басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның қорғануы, бұл ретте, заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.

      Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы  №7 қаулысының «соттар шын  қорғануды жалған қорғанудан  айыра білуі керек. Мұндай жағдайда  өзінің болжау қателігін аңғармай және қателігін аңғару мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын  қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп қарауы керек» делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-жайына қарай мұны ұғына алатын және ұғынуға міндетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапқа тартылып, оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік

      Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке  жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап, 1-бөлігі).

      Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған жағдайына сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалатын мүдделерге оларды сақтап қалғаннан гөрі, көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана әрекеттерде ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса қажеттілік деп -  біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс болып табылмайды.

      Аса қажеттілікте қауіп құқықтық  норма қорғайтын белгілі бір  мүддеге немесе мүдделерге төнеді. Осы мүддеге немесе мүдделерге  төнген зиянды немесе қауіпті заң қорғайтын басқалай мүддеге зиян келтіру жолымен ғана тойтаруға болады. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүдденің қақтығысы орын алады. Мұндайда біреуі жойылмайынша, екіншісін сақтауға мүмкіндік болмайды. Мысалы, тұрғындарды тасқын су басып кету қаупі болғанда, оны болдырмау үшін үйіп қойған ұнтақ тастарды рұқсатсыз алып пайдалануды айтамыз. Бұл жерде елді мекенді су алып кетпеу үшін рұқсатсыз ұнтақ тасты алып пайдалану аса қажеттіліктен туып отыр. Жайшылықта осы ұнтақ тастарды рұқсатсыз алу, рәсуә ету, заңды бұзушылық болар еді. Ал көрсетілген жағдайда аса қажеттіліктен туындайтын осы әрекетті істеу қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені келтірілген зиян тойтарылған зияннан анағұрлым кем. Аса қажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей міндеттілікті қатар орындау қақтығысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы, екі бірдей ауру дәрігерді бір мезгілде көмекке шақырса, дәрігер ауыр сырқатқа алдымен жәрдем көрсетіп, жеңілірек аурумен ауырған адамға кешігіп келеді. Сөйтіп, ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.

      Обьективтік жағынан алғанда  аса қажеттілік көп жағдайларда әрекет арқылы, кейбір уақыттарда әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Мысалы, әрекетсіздікке жоғарыда айтылған екі бірдей ауру адамның, ауыр науқаспен ауырғанына барып, жеңілірек ауруға бармай немесе оған кешігіп келуін айтамыз.

      Аса қажеттілік жағдайында жасалған  әрекет заң қорғайтын кез келген  мүддеге келтірілетін зиянды  тойтару арқылы жүзеге асырылады. Аса қажеттілікті сылтау етіп, өзінің заңсыз, заңға қайшы мүдделерін заң қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіру жолымен жүзеге асыруға болмайды. Аса қажеттілікті қолдану жеке адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті тойтару үшін қолданылады. Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше шарттардың жиынтығының болуы қажет.

      Бірінші шарт: нақтылы қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол қауіп стихиялық апаттардан, машиналар мен механизмдердің ақауынан, хайуанаттардың шабуылынан, адам организімінде болатын физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адамның тарапынан орын алған тікелей төнген қауіптен болуы мүмкін. Мысалы, тұңғиық орман ішінде адасқан адамның аңшылар үйінде қалған азық-түлікті өз пайдасына тұтынуы. Ауру адамды ауруханаға жеткізу үшін тіл алмаған адамның машинасын иесінен тартып алып, ауыр науқасты ауруханаға жеткізу.

      Аса қажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауы да негіз болады. Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырса, бұл сөз жоқ қажетті қорғану болады. Мұндай жағдайда аса қажеттілік жоқ. Себебі бұл жерде зиян тікелей қиянат жасаушыға келтіріліп отыр. Егер тікелей төнген қауіпті тойтару үшін зиян үшінші бір жаққа келтірілсе, онда ол аса (мәжбүрлі) қажеттілікке жатады. Мысалы, «Просвещенец» демалыс үйінің жүргізушісі Д. тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз айдынына автобуспен апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне қарама-қарсы жолмен жол жүру ережесін өрескел бұзып келе жатқан машинамен соғысып қалмау үшін, өзі жүргізіп келе жатқан автобусты жалма-жан сол жаққа бұрып үлгереді. Нәтижесінде автобус аударылып, 3 жолаушы орта дәрежелі жарақат алған. Д. аса қажеттілік халінде  әрекет жасау арқылы үлкен зиянның алдын алған, өйткені екі машина бетпе-бет келіп соғысса, орасан зор зиян орын алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді. Бұл жерде аз зиян келтіру арқылы, ірі зиянға жол берілмеді. Осы мысалда қауіп тудырудың көзі болып қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушінің  қоғамға қауіпті іс-әрекеті болып отыр. Заң бойынша тікелей төнген қауіпті жою осы мерзімде басқа бір заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Болашақта болжанатын қауіпті нәрселерге аса қажеттілікті қолдануға болмайды. Сол сияқты өтіп кеткен қауіпке де аса қажеттілікті қолдануға болмайды.

      Аса қажеттілікті қолданудың  екінші шарты:  заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ондай зиян, залал келтірмей оны тойтару ешбір мүмкін емес. Заң қорғайтын басқа мүддеге зиян келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жағдайлар аса қажеттілікке жатпайды. Мұндай жағдайларда мүддеге зиян келтіру кінәлі жағдайда зиян келтіру деп саналып, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді.

      Үшінші шарт: Аса қажеттілік болу үшін келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиянның мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян тойтарылған зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында істеледі деуге болмайды. Ол туралы заңның өзінде «Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатар жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады» делінген (34-бап). Сондықтан да өз өмірін сақтап қалу үшін басқа біреудің өмірін қиып жіберу аса қажеттілікке жатпайды, оның шегінен шығу болып табылады. Аса қажеттілікті қолданып көп адамның өмірін сақтап қалушылық қылмыс болып табылмайды. Мысала, қатты жүріп келе жатқан поездың ен даладағы, күзетілмейтін, өтуге рұқсат етілмеген жолында көлденең тұрған машинаны шұғыл тежеп, тоқтатпастан, ақырын тежеп келіп, соғып, машинаны және өның жүргізушісін таптап өтуі, соның нәтижесінде поездағы азаматтардың өміріне зақым келмеуі аса қажеттілік жағдайында жасалған деп саналады. Сол себепті поезд жүргізушінің іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмайды.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар