Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 15:44, курсовая работа

Описание

Әрбір азаматтың конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... 3
Негізгі бөлімі

1. Қажетті қорғану.......................................................................................4-9
2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік.............................................10-13
3. Жалған қорғану.......................................................................................14-15
4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік..................................................................... 16-20
5. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру............................... 21-24
6. Орынды тәуекел..................................................................................... 25-28
7. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.............................................. 29-30
8. Бұйрықты немесе өкімді орындау...................................................... . 31-32
Қорытынды...............................................................................................33-34
Колданылған әдебиеттер.......................................................... …….35-36

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық құқық.doc

— 159.00 Кб (Скачать документ)

      Келтірілген зиянның сақтап қалынған зияннан азырақ екендігі нақты жағдайларға байланысты шешіледі. Бұл жерде тікелей төнген қауіп қандай мүддеге бағытталады, ол мүдденің маңыздылығы, қауіп төнген жағдай, тойтарылған зиянның мөлшері т.б. мәселелер еске алынады. Кейбір жағдайларда зиянды тойтарған адам, өзінің келтірген зиянын сақтап қалынған зияннан азырақ деп ойлайды, ал іс жүзінде оның іс-әрекеті қоғамға қауіпті болады да, мұндай жағдайда аса қажеттілік актісі  бұл жерде қолданылмайды. Бірақ та мұндай жағдайда  аса қажеттілік шегінен шығып кеткен адам шын қателесіп, өзінің тойтарылған зиян мен келтірілген зиянның ара қатынасы жөніндегі қателіктерге ауыр жан күйзелісі үстінде немесе басқадай негізді себептермен кінәсіз түрде жол берсе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Аса қажеттілікті қолдануда әр түрлі тәсілдер арқылы келтірілген зиян сақтап қалынған зияннан азырақ болуы негізгі шарт болып табылады.

      Абайсыздық пен аса қажеттілік  шегінен шығушылық қылмыс болып табылмайды.

      Аса қажеттілік те қажетті  қорғану сияқты заңды және қоғамға пайдалы іс-әрекет болып табылады. Бірақта бұл екі институттың өзара өзгешеліктері бар. Қажетті қорғануда қауіпті қиянаттың көзі болып, әр уақытта да адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеті болады. Аса қажеттілік жағдайын қолдану адамдардың ғана іс-әрекетінен емес, сондай-ақ табиғат апаттарынан, міндеттер қайшылықтарынан да туындайды. Тіпті, қиянат жасаушыдан қашып құтылуға, басқадай көмек сұрау мүмкіндігі бола тұра қажетті қорғануды қолдану заңды болып табылады. Ал аса қажеттілік, төнген қауіпке зиян келтіру тәсілін қолданбаса жүзеге аспайды.

      Қажетті қорғануда қиянат жасаушыға  келтірілген зиян, тойтарылған зияннан  көп болуы мүмкін. Аса қажеттіліктің  бұдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған зиян  болғызылған немесе орын алған зияннан гөрі көбірек болғанында ғана заңды болып саналады. Қажетті қорғануда зиян тек қиянат жасаушыға келтіріледі, ал аса қажеттілікте мұндай зиян бөтен, тікелей төнген қауіпке қатысы жоқ, үшінші жаққа келтіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 

          5. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру

      Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін, ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

      Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушімен басқа азаматтардың да құқығы бар (33-бап). Бұл - әркімнің қызметтік және азаматтық парызы. Қылмыскерді ұстау туралы қылмыстық құқық нормасы бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде көрсетілмеген еді. Азаматтардың қылмыскерді ұстауға байланысты әрекеттері қажетті қорғану ретінде бағаланады. Осындай арнаулы заң нормасы Украина, Өзбекстан Қылмыстық кодексінде бұрын бар болатын. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қылмыс істеген адамды ұстағанда оған зиян келтіру қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген.

     Өйткені қылмыскерді ұстағанда  оның жеке өзіне, мүліктік мүддесіне  зиян келтірілуі мүмкін. Кейбір  жағдайларда ондай зиян мөлшері  аса елеулі болуы да мүмкін. Сондықтан да қылмыстық заң мұндай реттерде зиян келтірудің шекаралық белгілерін көрсетіп беруі тиіс.

      Қылмыс істеген адамды ұстағанда  зиян келтірудің дұрыстығын анықтаудағы  мән-жайлар негізінен екі топқа  бөлінеді. Біріншісі, қылмыс істеу  фактісіне байланысты мән-жайлар, екіншісі, қылмыс істегеннен кейін оны ұстауға байланысты келтірілген зиян.

      Қылмыскерді ұстаудың негізі  болып оның біткен немесе аяқталмаған  қылмысты істеуі немесе қылмыс  істегеннен кейін одан жасырыну, құтылу әрекеттерін жасауы болып табылады.

      Бұл жерде ескеретін жайт, қылмыскер  деп қасақана немесе абайсыздықпен  қылмысты істеген адамға белгілі  бір дәрежеде оны ұстағанда  зиян келтіру туралы сөз болып  отыр. Қылмыс істеп жатқан адамның  өзін немесе қылмыс істегеннен  кейін нақ сол қылмыскерді ұстау – институтты жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады.

      Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істеді деп сезіктенген адамды ұстауға мынадай негіздердің бірі болғанда ғана жол беріледі:

      А) бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шықса немесе қылмысты жаңа ғана істеп болған үстінен шықса;

      Б) көзімен көрген адамды, соның  ішінде жәбірленуші де қылмысы  істеген осы адам деп тура  көрсетсе;

      В) сезікті адамның  өзінде  немесе киімінде, өз қасында немесе үйінде қылмыстың айқын көздері табылса.

      Қылмыскерді ұстаудың сөзсіз  негіздері болып, оның тұтқыннан,  қамаудан, жаза өтеп жатқан мекемеден  қашуы болып табылады.

      Қылмыскерді ұстау деп – негізінен, ол адамның қылмыс істеп жатқан кезінде ұсталуын айиамыз. Бірақ адам қылмыс жасаған кезде ұсталмаса, оны ұстау қылмыс істегеннен кейін де, қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      Қылмыс істеген адамды ұстаған  кезде зиян үшінші жаққа емес, тек соның өзіне ғана келтіріледі.  Келтірілген зиян барынша шамалы, аз және негізді болуы керек. Мұндай зиян келтіру тек амалсыздан, басқа шараның жоқтығынан болуы қажет. Егер қылмыс істеген адамның өзі туралы белгілі болса, айналасындағыларға қауіп төндірілмесе, оған зиян келтіруге ешбір негіз жоқ. Қылмыскерді ұстау барысында оған келтірілген зиян мөлшері істелген қылмыстың қауіптілігіне, қылмыскердің тұлғасына, оның мінез-құлқына немесе оны ұстау жағдайына да байланысты болады. Ауыр, өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оған елеулі зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы, әйел зорлап, қарақшылық жасаған адамдарды ұстағанда, олардың қарсылығына қарай келтірілген зиян мөлшері де соған сәйкес болуы ықтимал. Ұстау кезінде қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері қылмыскердің тұлғасына да байланысты. Мысалы, аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілген зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға қарағанда едәуір көп болатыны өзінен-өзі түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің тиісті бабына сәйкес, тұтқын орынынан қашқан әйелдерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Осыған байланысты жасөспірімдерді, әйелдерді, өте кәрі адамдарды, мүгедектерді қылмыс істеген кезде немесе одан кейін ұстағанда, оған қолданылатын күштеу шараларын шектеу қажет. Аса ерекше жағдайларда ғана мұдай адамдарды ұстау оларға зиян келтірумен ұштасу керек.

      Зиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын қылмыскердің қарулануына, қылмыс істеген уақытқа, орынға, жағдайына да байланысты. Қылмыскерді ұстаудың мақсаты – оны әділ соттылыққа беру болып табылады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын қылмыстың мәніне, қылмыскердің кім екеніне, тіпті, оның бұрын ату жазасына, сотталғанына қарамастан оны тірідей ұстау, әділ соттылықты жүзеге асыратын органға табыс ету қажет. Қылмыскерді ұстау барысында оның өмірін жою қажетті қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады.

      Қол сұғушылық жасаған адамды  ұстау - адамға келтірілген зиян, мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі, ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады делінген (33-бап, 2-бөлігі). Мұндай асыра сілтеу үшін тек қасақана зиян келтірген реттерде ғана жауапқа тартылады. Мұндай шектен шығудың, яғни асыра сілтеудің заңда көрсетілген түрлері мынадай:

      А) Істелген қылмыстың қауіпінің сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда, қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтіру. Мысалы, біреуге қасақана жеңіл  жарақат салаған адамды ұстағанда, оны ұстау барысында оған ауыр дене жарақатын келтіру немесе сарай үстінде әрі қарай барар жері жоқ, жасырынып тұрған ұрыны жерде тұрып мылтықпен атып жаралау және т.б.

      Б) Ұстау жағдайына сөзсіз сәйкес  келмеуі салдарынан кісіге қажетсіз, жағдайларға байланыссыз, сөзсіз  шамадан тыс зиян келтіру. Мысалы: қылмыскерге болмашы зиян келтіріп  ұстауға болатын болса, оған шамадан тыс ауыр, қажетсіз залал келтіріп, жарақат салып ұстау, ату, мүгедек жасау т.б. мәселелер. Осындай қажетті шамалардың шегінен шығуы тек қасақаналықпен ғана жүзеге асырылады. Заң бойынша қылмыс істеген адамды ұстағанда оған зиян келтірудің қажетті шараларының шегінен шығу, кінәлінің жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатады.

      Қылмыскерді ұстаудың қажетті  қорғану мен аса қажеттіліктен   өзгешеліктері мынадай :

      А) қажетті қорғану тікелей  төніп тұрған нақты қиянатты тойтаруда жүзеге асырылады. Қылмыскерді ұстау қылмыс істеп жатқан кезде, тікелей қылмыс істегеннен кейін жүзеге асырылады;

      Б) қажетті қорғанудың мақсаты  – қылмысты тойтару, қылмыскерді  ұстауда оны өкімет органдарына  табыс ету;

      В) аса қажеттілікте келтірілген залалдың мөлшері тойтарылған залал мөлшерінен міндетті түрде аз болуы қажет. Қылмыскерді ұстағанда қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері көп болуы да мүмкін, бірақ ол сөзсіз шамадан тыс болмауы керек. 
 
 
 
 

                              
 

                                  6. Орынды тәуекел

      Қылмыстық кодекстің 35-бабында  әлеуметтік пайдалы мақсатқа  қол жеткізу үшін орынды тәуекел  кезінде заңмен қорғалған құқықтық  мүдделерге зиян келтіру қылмыс  болып табылмайды делінген. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа, тәуекелге байланыссыз, әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

      Егер ол адамдардың өміріне,  денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге  де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады.

     Заңға сәйкес орынды тәуекелге  байланысты әрекеттер екі түрлі  шартқа  байланысты қылмыс болып  табылмайды. Бұл шарттарды екі  түрлі топқа бөлуге болады.

      Бірінші топқа тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.

      Тәуекел әрекеттерін қолдануға  медицина, ғылым, техника, мәдениет, шаруашылық саласы қызметінің  тиімділігін жетілдіру қажеттілігі  негіз болады.

      Қажеттілік қоғам, мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттерді шешуден де туындайды. Ғылым, техника, өнер саласындағы жаңалықтар ашу көп жағдайда әр түрлі тәжірибелерді игеру нәтижесінде жүзеге асырылады. Мұндай кәсіптік қызметті іске асыруда зиянды зардапқа әкеліп соғатын қажеттіліктердің де болуы мүмкін. Творчестволық, кәсіптік немесе шаруашылық қызметінде орын алатын осындай қажеттіліктерге жол бермеу орын алса, онда ғылым мен техниканың дамуы да болмас еді. Мұндай тәуекелге барудың негізгі мақсаты, сол арқылы тиімді жетістіктерге жету, тәуекелсіз алға қойылған мақсаттың орындалуы жүзеге аспайтындығы болып табылады. Осыған байланысты мұндай әрекеттерден туындайтын теріс зардаптар орынды тәуекел күйінде келтірілген деп саналып, ол қылмыс қатарына жатқызылмайды.

      Тәуекел әрекеттері кейде кездейсоқ  жағдайларға байланысты да қолданылады.  Мысалы, соқырішекпен ауырған адамға  операция жасау үшін, оны 120 шақырым  жердегі ауруханаға жеткізу қажет  болды. Оған жеткенше жолдың  кедір-бұдырына байланысты, аурудың  жағдайы өте қиынға соғуы мүмкін. Жергілікті дәрігер жағдайды жан-жақты есепке алып және аурудың көлікке отыруға жарамайтынын, оның ауыр жағдайын ескеріп, қажетті жағдайлардың жоқтығына қарамастан операцияны өзі жасауға шешім жасауға тәуекел еткен. Нәтижесінде ауру адам қаза болған. Мұндай жағдайда адам өмірін құтқарып қалуға байланысты әрекет- орынды тәуекел күйінде жасалған деп танылады. Яғни, осыған сәйкес қажеттілік орынды тәуекелділікті  қолданудың бірінші негізі болып табылады. Орынды тәуекелді қолданудың екінші негізі болып, алға қойған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаған талаптан туындайтындығы болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету қолданылып жүрген технологиялық әдістердің, ғылыми эксперименттердің, нұсқаулықтарда, ережеде көрсетілген талаптардың шеңберінде жүзеге асырылмайтын болса, онда орынды тәуекелді қолданудың да негізі жоқ.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар