Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 15:44, курсовая работа
Әрбір азаматтың конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды.
Кіріспе ..................................................................................................... 3
Негізгі бөлімі
1. Қажетті қорғану.......................................................................................4-9
2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік.............................................10-13
3. Жалған қорғану.......................................................................................14-15
4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік..................................................................... 16-20
5. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру............................... 21-24
6. Орынды тәуекел..................................................................................... 25-28
7. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.............................................. 29-30
8. Бұйрықты немесе өкімді орындау...................................................... . 31-32
Қорытынды...............................................................................................33-34
Колданылған әдебиеттер.......................................................... …….35-36
Қылмыс болып табылмайтын
Егер тәуекел күні бұрын экологиялық қауіптің болуына немесе адамдардың өміріне, денсаулығына қатер туғызатын болса, онда ол орынды тәуекелге жатпайды.
Төртінші шарт, тәуекелді қолданған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық шараларын қолданса ғана орынды тәуекел болады. Осы шартқа байланысты адам тәуекелге байланысты әрекеттерді істегенге дейін мүмкін болатын барлық кедергілерді күні бұрын қарастырып, оны жоюдың амалдарын ойластырып, одан туындайтын қоғамға зиянды нәтижелерді болдырмаудың барлық шараларын қолдануы қажет.
Бесінші шарт, орынды тәуекел алға
қойған мақсатқа тәуекелге байланыссыз
әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаса ғана
қолданылады. Яғни, орынды тәуекелдің
алға қойған мақсаты қоғамға пайдалы нәтижеге
жету болып табылады. Олар ғылымда, техникада
жаңалық ашу, жаңа технологияны өндіріске
енгізу, жаңа материялдар, шикізаттар
жасап шығару, ауруға қарсы тиімді емдер
табу т.б. Жоғарыда айтылған шарттардың
біреуі жоқ болған жағдайда тәуекел орынды
деп саналмайды, кінәлі адам жалпы негізде
жауапқа тартылады. Аса қажеттілік пен
орынды тәуекелдің бір-бірімен ұқсастығы,
сондай-ақ өзара айырмышылықтары да бар.
Бұларға тән ортақ белгілер: екеуінің
де құқықтық және әлеуметтік мәні бірдей,
екеуіде құқық қорғайтын мүддеге зиян
келтірумен байланысты. Аса қажеттілік
құқық қорғайтын мүддеге табиғат күштерінің,
биологиялық процестердің, адамдардың
қоғамға зиянды әрекеттері арқылы қауіп
төндіруі жағдайы негізінде пайда болады.
Орынды тәуекел мұндай қауіппен байланысты
емес. Аса қажеттілікте адамның әрекеті
зиянды тойтаруға бағытталған. Орынды
тәуекелде әрекет қоғамға пайдалы жаңа
жетістіктерге немесе қолда барды жақсартуға
бағытталған. Аса қажеттілік жағдайында
зиян үшінші жаққа келтіріледі. Ал орынды
тәуекелде зиян тек қана бейтарап немесе
үшінші жаққа келтіріледі. Мәжбүрлі қажеттілік
жағдайында қауіпті тойтару арқылы сақтап
қалған мүдделерге азырақ зиян келтіріледі,
ал орынды тәуекелде зиянның көлеміне
ешқандай шек қойылмайды.
7. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы қолданылған қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істеген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылқының етін қыстаққа апаруға бұйырған. Міне, осында келтірілген мысалдағы жүргізушінің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені ол іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарынан өз ерігінен тыс, іс-әрекетін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр.
Күштеу - бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш қолданылып, онын жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын әрекеттер орын алады. Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екіге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана алады. Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 36-баптың 1-бөлігі қолданылмайды.
36-баптың 2-бөлігінде мәжбүрлеудің
екі түрі – психикалық
8. Бұйрықты немесе өкімді орындау
Қылмыстық кодекстің 37-бабында «өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мүндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады» делінген.
Құқылық табиғатына сәйкес
Қылмыстық кодекстің 37-бабының 2-бөлігінде:
«Көрінеу заңсыз бұйрықты
Қ о р ы т ы н д ы
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 13-бабының 1-тармағына сәйкес «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы». Яғни, әр азамат өзінің осы Конститутциялық құқығын пайдалана отырып, қоғамдық қатнастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғай алады.
Менің бұл курстық жұмысымның
негізгі мақсаты- адамдардың
Бүгінгі күні адамдар өз іс-
Бұл жұмыс бірнеше бөлімдерден тұрады, сонымен қатар көптеген тақырыптар қозғалған. Сондай тақырыптардың бірі – қажетті қорғану. Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды немесе заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Бұл әр адамның өзінің өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін басқа да игіліктерін қорғау кезінде қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғануы болып табылады. Қажетті қорғану қоғамдық маңызы зор іс-әрекет.
Бұл жұмыста аталып өткен қажетті қорғануға кері іс-әрекет деуге болатын жалған қорғануда қарастырылған. Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы ерекше. Жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ. Жалған қорғану, қылмыс сияқты, қоғамға қауіпті іс-әрекет деп танылады.
Аса қажеттілік. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қорғалатын мүдделерге тікелей қатер төндіретін қауіптиі жою үшін, аса қажет болған жағдайда зиян келтіру. Бұл кезде аса қажеттілік шегінен шығып кетушілік болмаса, қылмыс болып табылмайды.
Қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтіру. Қылмыс істеген адамды ұстау - қылмыстықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Қылмыс жасаған адамды ұстау және оны мемлекеттік органдарға жеткізу әркімнің қызметтік және азаматтық парызы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Орынды тәуекелде, іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайы – қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін жасалғаны. Бұл орайда ол қылмыс болып табылмайды.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу кезінде адам өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтындығынан, бұл қылмыс болып танылмайды.
Кей жағдайда адамдар өзінің басшысының өкімін немесе бұйрығын орындау кезінде, амалсыз немесе өз міндеті бойынша қылмыс жасауы мүмкін. Бірақ бұл қылмыс болып танылмайды да, сол іс-әрекетті істеуге бұйырған адам жауаптылыққа тартылады.
Міне, осындай жағдайларға
Қ о л д а н ы л ғ а н ә де б и е т т е р:
1. Қ.Р-ның
Қылмыстық құқығы .Жалпы бөлім.
Алматы «Жеті жарғы», 2001;
2. Ағыбаев А.Н.
Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық-толық., 3- бас., Алматы «Жеті
жарғы», 2001;
3. Наумов А.В. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Лекциялар курсы қайта
өндірілген және толықтырылған. Москва,
«Бек баспасы», 1999 ж;
4. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
ЖШС «Издательство «Норма-К», 2004 ж.
5. Баулин Ю.В. Обстоятельства, исключающися преступность деяния –
Харьков, 1991 г;
6. Баулин
Ю.В. Права граждан на
7. Бушуев
Г.В. Социальная и уголовно-
преступнику при задержании.- Горький,
1976 г;
8. Домахин С.А. Крайняя необходимость по советскому уголовному праву. –
Москва, 1995 г;
9. Козак В.Н. Вопросы теории и практики крайней необходимости.- Саратов,
1972 г;
10. Козак
В.Н. Право граждан на
Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар