қылмыс ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 00:42, реферат

Описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай отырғанын хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі.

    Біріншіден, Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған кезде де,  жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады. Сол кез бойына жасы толмағандар қылмысының өсуі жоғарылығымен ерекшеленеді, оның өсуі бір бес жылда орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті.

    Екіншіден, 1995 жылдан бастап, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының өсуі бір жерде азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей.

    Үшіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы бір кездері олардың кейбір ауыр түрлеріне қарамастан асып түсті.

    Төртіншіден,  жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы көбінесе, толық есепке алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жасөспірімдер  қылмысқа жеңіл-желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады [17, 57-62 б.].

    Қазақстан Республикасында көптеген қылмыстар қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске аспаса да, орын алып өсіп отырғаны жөнінде тұжырым жасауға негіз береді. Шындығына келгенде, кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көптеген қылмыстары құқық қорғау орындарына жетпейді, тіркелмейді, бұндай қылмыстық әрекеттердің әсерінен көптеген қылмыстық әрекеттер жазалаудан шет қалып, қылмыстың сандық жағынан азаюына алып келеді.

    Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды орын алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен іске асқан қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау, адамды кепілдікке алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау  жатататыны белгілі.

    Қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске асатын сан-алуан қылмыстардың ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар өткен жылдары бірен-саран кездесетін болса, қазіргі кездерде оның өсе түскендігі белгілі. Кепілдікке алу секілді қылмыс түрі бұрындары мүлдем кездеспесе, қазіргі кезде оның да бас көтеруі өмір шындығына айналып отыр. Қазіргі кезде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында көп тараған  қылмыстың біріне айналған бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыс жатады десек қателеспеген болар едік. Олай деуге себеп, олардың арасында бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыстың түрлеріне жататыны ұрлық, тонау, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу, күш көрсетпей тартып алу, күш қолданбай аса бағалы затты ұрлау, сеніміне кірумен немесе алдаумен адамның мүлкіне зиян келтіру сияқты қылмыстары жасөспірімдердің қолымен іске асырылатыны белгілі.

    Кейбір жасөспірімдер қылмысты жалғыз өзі белсенді түрде істеп жатады, бұл олардың өзінің қылмыстық әрекетіне дайындығын, қайсарлығын, аямаушылығын білдіреді. Бұл әрине, біріншіден, болашақта қоғамға жоғары қауіптілігін төндіретіндігін көрсететін болса, екіншіден, құқық орындары мен психологтардың жекелей жұмыс жасауын талап етеді. Көптеген қылмыстық істер көрсеткендей, ұрлық жасайтын жасөспірімдердің ұрлайтын заттары көбінесе ұсақ-түйек заттар болып келеді. Кейде олар ұрлаған заттарын қызығып алса, кейде саналы түрде алады. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса, соңғы кезде көп кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі – бұзақылық болып отыр.

    Қандай да болмасын, болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу, көше-көшеге бөлініп алып, төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт, ауыл-ауыл болып төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш көрсету, жасы толмаған жасөспірімнің бұзақылығына жататын қалыптасқан құбылыс [18, 69-72 б.].

    Жалпы қылмыстың топтық құрылуы жай құрылудан басталып күрделі құрылыммен аяқталады. Топ  болып қылмыс жасаған кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке қылмысқа қатысқандығы үшін жауап береді. Екі немесе бірнеше рет қылмысқа барған жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын  қылмыс үнемі қоғамға жоғары қауіп  төндіретіні белгілі. Топ құрамындағылардың бір-біріне қолдау көрсетуі-қылмыс жасауға тез шешім қабылдауын нығайтып, күш пен мүмкіндіктерін күшейте түседі.  Бұл заңмен қорғалатын кез келген нәрсеге үлкен зиян келтіруге мүмкіндік туғызады. Бір көңіл аударарлық жай, қылмыстық әрекет жасаған жасөспірімдердің көпшілігі оқуға ынтасының жоқтығы мен, немқұрайлығымен ерекшеленеді. Олардың қылмыстық әрекеттерді бірлесе отырып жасауы, тұрақты  қылмыстық топқа кіруiне ұйытқы болады. Қылмыс істеуге тарту, азғыру, өтініш, ұсыныс түрінде болғандықтан жасөспірімдер оған тез көндігеді.

    Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттердің, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің көбеюі, қылмыстың алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді.

    Осыған байланысты қылмысқа барған жасөспірімдердің әрекет ету нормасынан ауытқуының, сондай-ақ  қылмыстық әрекетінің алдын алу дегеніміз – олардың заңмен қақтығысуына жол бермеу, оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді анықтау, сонымен бірге қылмысқа барған жасөспірімдердің заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғуын болдырмау үшін құқықтық және психологиялық  ықпалдарды қолдану сияқты негізгі мақсаттардан тұратын ұйымдасқан процесс.

    Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының алдын алу барысында қылмысқа барған жасөспірімдердің биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса қоймағандығын ескеруіміз қажет. Осыған орай, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының барлық ерекшеліктеріне, атап айтсақ, жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, әлеуметтік-демографиялық және құқықтық ерекшеліктеріне, сондай-ақ олардың тәрбиелік деңгейіне, біліміне, қажеттіліктеріне, нанымына, әрекет мотивациясына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

    Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасының жекелеген ерекшеліктерін қылмыстың алдын алу барысында ескеру алдын алу жұмысының тиімді әрі нәтижелі болуына міндетті түрде өз септігін тигізеді. Қылмысқа барған жасөспірім тұлғасына тән ерекшеліктердің бірі ретінде олардың құқықтық және өнегелік санасының тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуі танылады. Жасөспірімнің өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның құндылықты бағдарлары, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сипатқа ие болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі қылмысқа барған жасөспірімдердің көптеген қылмысты  жасауына, заң талаптарына өз мәнін түсінбеуіне әкеп соқтырады. Бұл жағдайлардың барлығы қылмысқа барған жасөспірімдердің дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, жасөспірімдердің қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық және психологиялық жағынан моральдық, өнегелік тәрбие беру қажет.

Жасөспірімдердің құқықтық санасын анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі аумағындағы жзасөспірімдерге жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу таңқаларлық нәтижелер берді: өтпелі кезеңдегі бүгінгі қоғамда жасөспірімдердің құқықтық санасы құқықты бүтіндей білмеуден, мемлекеттік құқық қоғау органдарына қатысты болуға дейін бұрмаланып отыр. Бұл жасөспірімдер  бойында патриотизм, заңды бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында ,белсенді азаматтық және құқықтық –психологиялық білім берудің қажеттілігін тудырып отыр.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті құқықтық білім берудегі ұйымдастыру жөніндегі қаулысы қабылданған болатын. Мұнда мынадай үш мақсат алға қойылған:

- адамның жоғарғы азаматтығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;

- таңдап алынған еңбек әрекетіне дайындық процесінде жастардың арнаулы құқықтық білім алуын қамтамасыз ету;

- қылмыстық әрекеттың алдын алу мәселесін шешу [19, 52-54 б.].

Жасөспірімдердің құқықтық білімін қамтамасыз ету арқылы олардың бойында заңды құрметтеу сезімін қалыптастыруға болады. Алайда мұндай білім беру барысында жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, өмірлік жағдайы мен мүмкіндіктерін ескеру қажет, әрі мұндай жұмыс белгілі бір шыдамдылық пен жүйелілікті талап етеді.

Қылмысқа барған жасөспірімдерді өз міндеттерін саналы түрде орындауға тәрбиелеу, олардың бойына жеке жауапты болу сезімін сіңдіру қылмыстың алдын алу ісінде және түзету мекемесінде аса маңызды болып саналады. Бұл сипаттағы алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында, яғни жасөспірімдерді өзінің әрбір әрекеті мен қылығы үшін жауапты болу сезіміне тәрбиелеу үшін олардың арасында психолог, педагог, құқық қорғау қызметкерлері белсенділік танытуы қажет. Әңгіме барысында өмірлік мысалдар келтіру, тіпті бұрын сотталып, қазір түзелу жолына түскен азаматтарды осындай әңгімелерге қатыстыра отырып, олардың өз аузымен баяндауы, және де қылмысты жасамандар деп айтқан, ақыл-кеңестері жасөспірімдердің сана сезіміне өзгеше әсер беріп, олардың мұндай жолға түсуіне бөгет болуы мүмкін.

Қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне, яғни олардың өмірде кездесіп отыратын қолайсыз жағдайларға тап бола отырып, қиындықтар алдында әлсіздік білдіреді, кез-келген ықпалдарға оңай түседі. Сөйтіп, олардың қылмыстық жолға түсуі де оңай болады. Осы сияқты себептердің негізінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға түсуіне жол бермес үшін жастарды дербес түрде ойлауға, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілiгіне, оларды кез-келген қиындықтарға төтеп беруге шынықтыруымыз қажет. Өз айналасында болып жатқан жағдайларға, халықтың жалпы ісіне, әсіресе өзінің жеке әрекетінде жауап беруге дайын тұруына дағдыландыру керек.

Егер қылмысқа барған жасөспірімнің тұрақты идеялық нанымы, адамгершілік принципі болмаса, ол жат қылықтарға,яғни қылмыстық әрекеттерге төтеп беруге қабілетті ішкі тосқауылынан айрылады, сондықтан рухани жағынан тез әлсіз болып, қылмыстық әрекеттерге тез барады. Идеялық нанымның және өнегелік мінез-құлықтың тұрақсыздығы, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себепші болып табылатын шешуші жағдайларды ғана емес, сонымен бірге өзге жағдайларды да бейтараптай алмайды, не тым болмаса тежемейді де. Сондықтан бүгінгі таңда бүкіл азаматтардың бойында, оның ішінде, әсіресе жасөспірімдер бойында жауаптылық көзқарасын қалыптастыру және де оларды идеялық нанымға тәрбиелеу аса маңызды мәңге ие.

Жасөспірімнің адамгершілік және қоғамдық саяси мақсатқа деген оң көзқарасын жас күнінен қалыптастыру қылмысқа барған жасөспірімнің ақыл ойы мен өнегелік пісіп-жетілуі деңгейін, олардың өз нанымын кез-келген жағдайда қорғауға дайын болуын, өзін-өзі басқара білуін қамтамасыз етеді.

Қылмыстың жасалуына себепші болып табылатын жағдайларды жоюдың, онымен күрес жүргізудің маңыздылығына қарамастан, кәмелетке толмаға жасөспірімдер қылмысының алдын алудың маңызды құралы ретінде қылмысқа барған жасөспірімдердің бойында идеялық нанымды, ғылыми көқарастарды және дүниетанымды қалыптастыру шешуші мәнге ие болып табылады. Ал, жасөспірім бойында идеялық нанымды, ғылыми көзқарастарды және өмірге деген жағымды дүниетанымды қалыптастыру ісіндегі жетістіктерге психологтың комплексті әрекеті негізінде қол жеткізуге болады [20, 72-76.б.].

Бүгінгі таңда қылмысқа барған жасөспірімдер арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыздық, жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері деформациялана бастайды.

Оның үстіне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірiмдер қылмыскер жасөспірімдердің негізгі тобын құрайтындығы баршаға белгілі. Ішкі қажеттілік бойынша психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады:

1. тентек немесе ерке жасөспірімдер;

2. отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көрген жасөспірімдер;

3. қараусыз қалған жасөспірімдер;

4. жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы талаптарының әсеріндегі жасөспірімдер.

    Тентек жасөспірімдер, олар жасаған әрекеттерінде ерекше жағдай қалыптастырады. Мұндай жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал, кейбіреулерi ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына сенімсіздікпен қарайды.

    Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасы эстетикалық тұрғыдан оңай бұрмаланады. Мұндай бұрмаланулар кейде олардың қылмыстық жолға түсуіне себепші  болуы мүмкін. Қылмысқа барған жасөспірімнің айқын белсендлікке ие адам екенін естен шығармаған жөн. Демалу уақытының пассивті түрде өтуі, әдетте, жиналған энергияны шығаратын, белсенді іспен айналысуды қажет етеді. Жасөспірімдердің жартысына жуығы өздерінің бос уақыт ішінде, өзінің қарқынды энергиясын жүзеге асырады және де ол энергия қажетті салаға жұмсалмайтын болса, оны жұмсау объектісін сол жасөспірімнің өзі таңдайды. Көшенің жасөспірімдер үшін тартымды болуы да осыған байланысты. Өйткені, жасөспірім өзінің қарқынды энергиясын күш көрсету түрінде көшеде жұмсай алады, ал мектеп пен отбасы мұндай жасөспірімдердің қоғамға қарсы психологиясының қалыптасуында үлкен роль атқарады. 

    Жасөспірім бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру аса маңызды мәнге ие. Өйткені кез-келген жасөспірімді ең әуелі отбасы, одан кейін мектеп және барлық жағдайда еңбек тәрбиелейді. Еңбек ету қажеттілігі болған жерде тәртіптің бұзылуы және жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өте сирек кездеседі.

    Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің психофизиолгиялық қасиеттерінің толық деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығы негізінде, ересектердің және де тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін қайта түзеу жұмыстарынсыз өз сана-сезіміндегі және мінез-құлық әрекетіндегі кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды.

    Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, әлеуметтік-психлогиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру көптеген тиімді нәтижелерді береді.

     Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсу, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздігі, өз әрекетінің дұрыстығына  жиі күмәндануі тән екендігін бұдан да бұрын айтқан болатынбыз. Бұл сияқты құбылмалы психологиялық қасиеттер - жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші болады.

Информация о работе қылмыс ұғымы