қылмыс ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 00:42, реферат

Описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

 

Зерттеу мақсатына орай терминалды құндылықтар жүйесіне қылмысқа барған жасөспірімдер  үшін маңызды саналатын бірқатар құндылықтар өзгертіліп енгізілді және осы құндылықтардың қазіргі сәттегі қанағаттандырылу деңгейінің пайыздық үлестірімі анықталынды.

 

Кесте – 3. Тұлғалық терминалды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен).

 

 

Терминалды құндылықтар

Эксперименттік тобтың

мәліметтері

Бақылау тобының мәліметтері

 

 

R

Қанағаттану  деңгейі (%)

R

Қанағаттану  деңгейі (%)

1.

Өзін дамыту

12

47,7

3

65,0

2.

Шығармашылық

8

46,9

15

41,1

3.

Рухани қанағаттану

9

40,3

11

57,1

4.

Жанұя

17

47,7

3

65,0

5.

Махаббат

5

41,2

4

81,7

6.

Достар

15

48,1

5

64,6

7.

Креативтілік

13

49,2

13

63,4

8.

Белсенді әлеуметтік байланыстар

18

45,4

17

42,3

9.

Таным

7

38,1

10

66,9

10.

Өзіндік мәртебе

11

47,6

6

61,4

11.

Жетістік

16

50,7

16

55,4

12.

Бостандық

1

23,3

12

68,6

13.

Өзіне сенімділік

4

67,4

7

79,0

14.

Материалдық

ауқаттылық

10

47,2

8

47,6

15.

Белсенді өмір

2

22,9

9

62,5

16.

Өзінің даралығын сақтау

6

39,0

14

48,3

17.

Көңіл көтеру

14

35,0

18

51,9

18.

Әділеттілік

12

47,7

3

65,0

 

Эксперимнттік зерттеу нәтижесінен алынған мәліметтер  қылмыс жасаған жасөспірімнің құндылықтар құрылымының деформациялығын көрсетеді. Бақылау тобымен салыстырғанда түзеу мекемелеріндегі тұлғалардың жеке индивидуалды әлеуметтен тыс тіршілік етуін қамтамасыз ететін уайымдау-құндылықтар рангісі айтарлықтай жоғары. Керісінше адамның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруінің мағынасын көрсететін әлеуметтік құндылықтар рангтық тізімнің соңғы позициясында тұр.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің жеке индивидуалды түрдегі құндылықтары үстемділігі жүйесінде маңыздылық рангі бойынша – бостандық және белсенді өмір басты құндылық-мақсат ретінде болады. Бұл біздің жоғары бағаланатын бостандық құндылығына қарағанда, белсенді өмір қылмыс жасаған жасөспірімнің санасында құндылық – мақсат ретінде болатындығы көрінеді. Яғни, олардың ойынша бостандық ең алдымен өз өміріңдегі оқиғаларға, әрекеттерге белсенді ықпал ету мүмкіндігі ретінде бағалы болады.

Адам өзін қайраткер ретінде жүзеге асыратын өнімділік құндылықтарды талдау барысында қылмыс жасаған жасөспірімнің инструменталды және терминалдық құндылықтар арасындағы ерекшеліктерді көруге болады (бақылау тобымен салыстырғанда). Нақты іс-әрекет мазмұнын жоғалту, өзінің уайымдары мен ойларын қандайда бір шығармашылықта көрсетуге қатты талаптану байқалады. Шығармашылық белсенділік – қылмыс жасаған жасөспірімнің өмірінде біршама жоғары деңгейде жүзеге асырылатын құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімде өзін және отбасын тікелей қаражатпен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, сондықтан шынында белгілі бір шығармашылық қабілетті жүзеге асыруға ұмтылыс (сурет салу,  түрлі мүсіндер жасау т.б.) және оларды жасауға уақыт оларда бар.

Әдістеме бойынша тұлғаның әлеуметтік мәнін жүзеге асыратын құндылықтар маңыздылығы бойынша соңғы орынды алады. Мысалы, бақытты жанұялық өмір бақылау тобында маңыздылығы бойынша маңызды орынды иеленсе, ал, қылмыс жасаған жасөспірімдерде неғұрлым соңғы орындарды иеленеді. Мұндай жағдай мынадай құндылықтарда байқалады: жақсы және сенімді достарының бар болуы. Қылмыс жасаған жасөспірімдерді бақылау тобымен салыстырғанда өмірлік құндылықтардың жүзеге асырылуына қанағаттану деңгейі бойынша да айырмашылықтарды көреміз.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғалық құндылықтарының иерархиясының бостандықтағы құрдастарымен салыстырғандағы мәнді айырмашылық, олардың өмірлік маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыра алмауы, яғни әлеуметтік оқшаулану жағдайымен байланысты  болады деген көзқарасымызды дәлелдей түседі. Сонымен бостандықтағы  жасөспірімдер өзінің өміріне маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыруға тырыса алады, ал сотталған жасөспірімдер егер қандайда – бір деңгейде құндылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік тапса да, көбісінде олардың тұлғалық маңыздылығы жоқ.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің бақылау тобымен салыстырғандағы иерархия құндылықтарының маңызды айырмашылығының себебін бөлшектеп анықтау үшін, жазаны өтеу кезеңіне байланысты қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген құндылықтарды рангілеу нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. Мұнда құндылықтың маңыздылық иерархиясындағы орны, олардың түзеу мекемесіне келу уақытына қарай мәнді өзгерістерге түсуі мүмкін. Мұндай өзгерістің сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, құндылықтардың маңыздылық деңгейіндегі біршама тұрақтылығы бостандық және белсенді өмір көрсеткіштеріне қатысты байқалады ( 2-3 );

Қылмыс жасаған жасөспірімнің жазаны өтеудегі уақытының ортаңғы кезеңіндегі бостандықтан айырыуға бейімделу кезеңі өтіп кеткен соң, бірақ бостандыққа шығуға әлі біраз уақыт бар кезеңде таным, қызық жұмыс, материалды қамтылған өмір, даму, бақытты жанұялық өмір жоғары  құндылықтарға ие бола бастайды. Зерттеу үшін маңыздысы қылмыс жасаған жасөспірімнің жеке құндылықтары және бұл құндылықтардың олардың өз өмірлеріндегі жүзеге асуына қанағаттану деңгейінің салыстырмалы түрдегі өзгеруі болады.

Сонымен қатар, біз эксперименттік бөлімімізде М. Рокичтің әдістемесінен кейін, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесін қолдандық. Біз «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінің мәліметтерінің нәтижелерін өңдеп, қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ пен өткен шағына деген қатынасын және кінәлі сезіміне деген, жалпы эксперименттік топтың маңызды деп есептейтін қатынасын айқындап, эксперименттік топ пен бақылау тобының салыстырмалы көрсеткішін жасадық. Біз бұл әдістеме бойынша алынған мәліметтерді  өңдеу нәтижесінде қылмысқа барған жасөспірімдер үшін қатынастардың маңыздылығын айқындауға қол жеткіздік .

 

Кесте - 4. Зерттелінушілердің қатынастар жүйесінің салыстырмалы көрсеткіші

 

Ұсынылған топ.

Зерттеу тобы

Бақылау тобы

1.

Әкесіне деген қатынас

11

6

2.

Өзіне деген қатынас

2

1

3.

Таратылмаған мүмкіншілігі

7

9

4.

Бағынушыға деген қатынас

5

15

5.

Болашаққа деген қатынас

15

3

6.

Жоғары тұрған адамдарға деген қатынас

6

10

7.

Қорқыныш және сақтану

4

14

8.

Достарына деген қатынас

1

2

9.

Өткен шағына деген қатынас

3

12

10.

Қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас

13

7

11.

Жыныстық қатынас

14

11

12.

Жанұясына деген қатынас

12

4

13.

Ұжымына деген қатынас

8

8

14.

Анасына деген қатынас

10

5

15.

Кінәлі сезімі

9

13

 

«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесінде екі топтың көрсеткішін рангілеу арқылы құрбы-жолдасқа деген қатынасының жоғарғы орынға ие болғаны анықталды. Бұл көрсеткіш біздің құқық туралы, қылмыс туралы көзқарастың қалыптасуына, яғни құқық туралы біліміне қарым-қатынастың әсерін анықтауда, құрбы-жолдастарының  ықпалы зор деген тұжырымымызды дәлелдей түседі. Бақылау тобы қарым-қатынасшыл және басқа адамдармен тез тіл табыса алады, өздерінің пікірлерін сенімді білдіре алады, өздерін еркін ұстайды. Сондай-ақ бақылау тобы жасөспірімдерінің өзін-өзі бақылауы бойынша норма деңгейді білдіреді, яғни бұл топ жасөспірімдер қарым-қатынас барысында өздерінің істерін, сөздерін, пікірлерін үлкен бағалауға алып, өз істерін өлшемдеп, тұжырымдап, саналап жүзеге асырады.

Жасөспірім кезеңде балалар мен ата-аналар арасында көптеген шиеленістер болады. Олар жасөспірімдердің өз ата-аналарының білдірген қарсылықтарын, пікірлерін, тыйымдарын жағымсыз қабылдап өздерін еркін сезінуге ұмтылады және осы кезеңде ескерте кетерліктей жасөспірімдер өз құрбы-жолдастарының қарым-қатынасын қажет етеді. Осы кезеңде оған деген қарым-қатынасы жоғары қажеттілікте және олардың ортасында өзін бекітуге ұмтылады. Сонымен бірге құрбы-жолдастарының пікіріне көп мән береді.

Жасөспірім кезеңде өзіндік сана, өзіндік бағалау, жеке адамның ең негізгі фундаменті болып қалыптасады, яғни бұлар жеке адамдық процесінде өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу де үлкен  роль атқарады.

«Қиын» оқушы жеке тұлғалық әлеуметтенудің төменгі деңгейін мінездемелейді және оны тәрбиелеудегі үш сфераның жетіспеуін жатқызуға болады. Бұл жанұяның, мектептің және ұйымның, өндірістің дұрыс тәрбие бермеуі, екінші жағынан, үлкен әсер тигізуші – бұл дала, яғни «даланың жағымсыз қасиеттерінен тұратын топтардың әсер етуі».

Жасөспірімнің мінез-қылқының өзгеруі ең алдымен сыртқы ортаның әсерінен және жасөспірімнің жеке адамуалды ерекшеліктері, яғни оның өмірінің әртүрлі «сәтсіздіктерге» жеке адамуалды еліктеуінің ролі зор. Жасөспірім сыртқы ортаның жағымсыз әсерін тек қабылдап қоймайды, сонымен бірге меңгереді. Ол оны қабылдамай, онымен күресе де алады. Сыртқы ортаның жағымсыз әсерімен күресу барысында жасөспірімдерде жағымды қасиеттер қалыптасады.

«Қиын» жасөспірімдердің жеке адам болып қалыптасуындағы негізгі шарт, бұл көп жағдайда жанұясының жағымсыз жайты: жанұяда қарапайым адамгершілік ортаның болмауы эгоцентризм немесе басқа жағымсыз қасиеттерді тәрбиелейді. Кейбір жағдай жанұяда адамгершілік атмосферасының күйзелісіне ата-аналарының және туысқандарының ішімдікке берілуі, және олардың аморальді мінез-құлқы және т.б әсер етеді. Кәмелетке жетпеген жасөспірімдер арасындағы қылмыс сыртқы ортаның жағымсыз шарттарының әсерінен және жеке адамдылық қасиеттеріне, ерекшеліктеріне байланысты. Қылмысты жиі «қиын» немесе «өз бетімен кеткен» жасөспірімдер жасайды.

Көптеген зерттеулерде құқық бұзушы – жасөспірімдердің танымдық және қоғамдық қызығушылығының төмен деңгейде дамуы мінезделенетінін белгілеп көрсеткен. Бұндай жасөспірімдердің идеалдарының қалыптасуына құрдастары, негізінен жастары жоғары антиәлеуметтік мінез-құлық тәжірибесі бар адамдар әсер етеді. Бұл жасөспірімдердің көпшілігінде мынадай жеке адамдық қасиеттер басым: жалқаулық, жігерсіздік, жауапкершіліксіздік, конформизм, агрессия және т.б.

 

Эксперименттік зерттеу мәліметтерін сандық өңдеудің келесі кезеңінде сауалнама нәтижелерін талдауда біз зерттеу үшін маңызды факторларға ғана тоқталамыз.

 

Кесте - 5. Зерттелінушілер түсінігі бойынша жасөспірімдерді құқық ережелерін бұзуға әкелетін факторлар

 

Бақылау  тобы

Зерттеу тобы

1.

 

2.

 

3.

 

4.

 

5.

6.

 

7.

8.

Кездейсоқ, яғни бос уақытты қызықты өткізу мақсатында.

Топтағы лидер ықпалынан.

 

Бірге жүрген жолдастарға еліктеу жағдайда.

Ата-ана жылылығы жетпеуінен.

Үйден қашып кеткен жағдайда

 

Дос-жолдастардан кем қалмау.

 

Өз тобымыздың ережесін орындау қажет.

Толыққанды өмір сүру үшін.

Бізді кемсітушілерден кек алу жағдайында.

Өз өмірімізге көңіл толмайды.

Өзімізге көңіл аударту үшін.

Информация о работе қылмыс ұғымы