қылмыс ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 00:42, реферат

Описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеу объектісі. Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.Эксперименттік топтың саны-20, бақылау тобының саны-20.

Зерттелінушілер сипаты. Зерттеу тобына балалар коллониясындағы жасөспірімдер, ал, бақылау тобына әдеттегі жасөспірімдер қатыстырылды.

Зерттеу мерзімі – 2006 жылдың желтоқсан айынан , 2007 жылдың сәуір айына дейін жүргізілді.

Зерттеу міндеттері:

1.      Зерттеу әдістемелері көмегімен  эксперименттік және бақылау тобындағы жасөспірімдерге  зерттеу жүргізу.

2.      Әр зерттелушінің индивидуалды мәліметтерін өңдеу.

3.      Математикалық-статистика әдістері арқылы эксперименттік және бақылау тобының топтық мәліметтерін айқындау.

4.      Зерттеу болжамын дәлелдеу.

5.      Зерттеу мәліметтерінің сапалық талдауы.

 

    2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы

 

    1. М.Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі

 

    Бұл  әдістеме тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесін зерттеуге бағытталған. М. Рокич тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты, тұлғалық қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі (терминалды, инструменталды). Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар тізбесі жасалынған.    Адамның өмірлік мақсатына байланысты құндылықтар жүйесі тұлғаның өмір сүруінің түпкілікті мақсатын анықтайды; тұлғалық қасиеттерге байланысты құндылықтар жүйесі-өмірлік ситуациялардағы тұлға әрекеттерінің жүйесін сипаттайды  (мысалы, адалдық, шындыққа сәйкес шешім қабылдай білу).

    Зерттелінушілерге әдістеменің орындалу шарты, яғни нұсқау: "Сіздердің назарларыңызға тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесі ұсынылып отыр. Сіз өз қатынасыңызды аса маңызды құндылықтан бастап, біртіндеп соңына қарай сіз үшін аса мәнді емес құндылықтарды жазыңыз немесе ретті санмен әрбір құндылықтың жанына белгілеп отырыңыз" түсіндірілгеннен кейін оларға бірінші адамның өмірлік мақсаттарына байланысты 1-терминалды құндылықтар жүйесін зерттеу барысы аяқталғанан кейін, 2-инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылады.

 

     2. “Аяқталмаған сөйлемдер” әдістемесінің сипаттамасы

 

    Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі психодиагностикалық тәжірибеде бұрыннан қолданылып келеді. Зерттеушілердің көңілін аудартқан әдістің пилотажды жағына, әдісті қолданудағы универсалдылықты жатқызуға болады, бұл оның процедуралық қолдануының жеңіл және икемдігінің негізінде жатыр. Әдістеменің кемшілігіне басқада әдістемелерде де көп көрінетін сөйлемді аяқтаудағы жиі көрінетін әлеуметтік желательность жатқызуға болады. Мысалы: таңдау тобындағы сотталған адамдарға жүргізілген зерттеуде көптеген зерттелінушілер сөйлемді. «Менің кішкене әлсіздігім мынада»... мен «миірімді, кекшіл емес, тез қайтатын» деген сөздермен аяқтауы. Бірақ зерттеу процедурасын дұрыс құрғанда және зерттелінушімен өзара-әрекеттесу процесінде сенімді қарым-қатынастық жағдай жасағанда алынған нәтиженің анықтығы біршама жоғарылайды. Мысалы: стандартталынған сұраулама тестіге қарағанда жоғары болады. Сезіну және өткен шақ пен  болашаққа деген қатынасын анықтайды. Ата-анасымен, құрбы-жолдастарымен, өзінің өмірлік мақсатының өзара қатынасын қозғайды. Тестілеу 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін, бұл зерттелінушінің тұлғасына байланысты созылады.

    Нұсқау: «Бланктағы аяқталмаған сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөз арқылы толтыруыңыз керек». Бұл әр топқа сөйлемдер арқылы жағымды, жағымсыз, немқұрайлық қатынастың берілген жүйесін анықтауға мінездемелейді. Көптеген жанұя маған...

А- бақытсыз, ажырасқан -2

Б- күйгелекті, бір-бірін жаратпайды -1

В- бәрі бірдей.

    Бұндай сандық баға зерттеушінің дисгармониялық қатынас жүйесін анықтауды жеңілдетеді. Яғни ең негізгісі, толтырылған сөйлемдердің сапалылығы.

     Кесте – 1. Әдістеменің кілті.

 

Ұсынылған топ.

Тапсырма №

1.

Әкесіне деген қатынас

1

16

31

46

2.

Өзіне деген қатынас

2

17

32

47

3.

Таратылмаған мүмкіншілігі

3

18

33

48

4.

Бағынушыға деген қатынас

4

19

34

49

5.

Болашаққа деген қатынас

5

20

35

50

6.

Жоғары тұрған адамдарға деген қатынас

6

21

36

51

7.

Қорқыныш және сақтану

7

22

37

52

8.

Достарына деген қатынас

8

23

38

53

9.

Өткен шағына деген қатынас

9

24

39

54

10.

Қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас

10

25

40

55

11.

Жыныстық қатынас

11

26

41

56

12.

Жанұясына деген қатынас

12

27

42

57

13.

Ұжымына деген қатынас

13

28

43

58

14.

Анасына деген қатынас

14

29

44

59

15.

Кінәлі сезімі

15

30

45

60

 

3.      Еркін сауалнама

 

    Бұл еркін сауалнама негізінен жасөспірімдердің қылмыс, құқық нормалары туралы көзқарастарын анықтауға және құқықтық сананың қалыптасуына әсер етуші қарым-қатынастың алатын орнын анықтап, жасөспірімдерге қоршаған ортадан басым әсер, ықпал етушілерді табуға бағытталған. Бұл сауалнама арқылы құқық туралы, қылмыс туралы көзқарастың қарым-қатынас барысында құрбы-жолдастарының әсерін анықтаймыз.

Сауалнаманың мазмұнында төмендегідей сұрақтар қарастырылған және әр сұрақ бойынша жасөспірімдердің тұлғалық қосымша пікір білдіруіне мүмкіндік берілген.

1. Қазіргі заманда адамды қандай жағдайлар немесе жайттар құқықты бұзуға итермелейді?

1/  әлеуметтік жағдайы.

2/ кездейсоқ жағдай.

3/ өмір сүру мақсатында.

4/ өзіңіздің ұсынысыңыз ________________________

2. Сіздерде құқықтық норманы бұзуға немесе қылмыс жасауға итермелейтін жағдай болды ма?

1/ иә, болды.

2/ жиі.

3/ сирек, бірақ болды.

4/ жоқ.

    3. Қылмыс немесе құқық нормаларын бұзу дегенді қалай түсінеміз?

1/ құқық нормаларын бұзу.

2/ кінәлі іс.

3/ жағымсыз қылық.

4/ өзіңіздің ұсынысыңыз ________________________

    4.Қаталдық деңгейі бойынша, төменде жазылған қылмыс атауын ең ауырынан бастап, жеңіліне дейін нөмер қойып жазыңыз.

1/ ұрлық.

2/ өлтіру.

3/зорлық.

4/ бұзақылық.

5/ тонау.

6/ өзіңіздің ұсынысыңыз __________________________

    5.Құқық туралы алғашында кім сізге түсіндірді?

1/ ата-ана

2/ ұстаз (мектеп тұсынды)

3/ бөгде адам

4/ құрбы-жолдас

5/ телеарна

    6.Қалай ойлайсыз, адам қандай қалыпта қылмыс немесе құқық нормаларын бұзады?

1/ ішімдік ішкен кезде

2/ Нашаны қолдану кезінде

3/ Аффект кезінде

4/ Кездейсоқ жағдайда

    7.Қазіргі заманда Қазақстанда, әсіресе жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюіне қалай қарайсыңдар?

1/ жағымды

2/ қарсылық білдіремін

3/ мені бұл жағдай ойландырмайды

4/ өзіңіздің ұсынысыңыз _______________________

8.Қылмыс немесе құқық нормаларын бұзбау үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?

1/ әлеуметтік жағдайды жақсарту қажет

2/ Балаларға қызықты үйірмелер ашу

3/ Жазалаудың жаңа түрін қабылдау қажет

4/ Өзіңіздің ұсынысыңыз_______________________________

9.Қиын жағдайда көбінесе кіммен сырласқанды, ақылдасқанды жөн көресіз?

1/ ата-ана

2/ құрбы-жолдас

3/ ұстаз (мектеп тұсында )

4/ бөгде адам

 

Зерттеу барысы. Эксперименттік зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдерге, яғни қайта түзету мекемесіндегі жасөспірімдерге жүргізілді. Сонымен қатар қылмысқа бармаған, яғни мектепте оқитын жасөспірімдерге салыстырмалы түрде зерттеу жргізілді. Эксперименттік зерттеу 2006 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың сәуір айына дейін жүргізілді. Эксперименттік зерттеу кезінде қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулерінде қарсылықтар да болды. Бірақ сол мекеменің психологының көмегімен барлық қиыншылықтар шешілді. Ал бақылау тобының жасөспірімдері керісінше эксперименттік зерттеуге қызығушылықпен қарап, белсенді қатысты. Зерттеу алдында зерттелінушілерге арнайы дайындалған жауап бланктері таратылды және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды. Инструкцияны түсінуде екі топта да қиындықтар болған жоқ. Бұл эксперименттік зерттеуде эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдеріне болашақ өмір бейнесінің жағымды қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылықтық бағдарының ерекшеліктерін анықтауға арналған М. Рокичтің құндылықтық бағдар әдісі жүргізілді. Бұл әдісте құндылықтар жүйесінің екі тобы ұсынылды. Зерттелінушілерге бірінші, терминалды құндылықтар жүйесі, артынан инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылып, оларды ең маңыздысынан бастап біртіндеп қойып шығу сұралды. Ал зерттелінушілердің болашақ өмірі мен өткен шағына деген және кінәлі сезіміне деген қатынасын анықтауда «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі жүргізілді. Бұл әдістің инструкциясы берілгеннен кейін зерттелінушілерде кейбір сұрақтарды түсінбеу себебінен қиындықтар туындады, бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік. Экспериментті жүргізудің соңында еркін сауалнама жүргізілді. Бұл әдісті орындауда зерттелінушілерде ешқандай қиындықтар болған жоқ. Жалпы эксперименттік зерттеу әдістері қазақ тілінде жүргізілді.  Жасөспірімдердің қылмыстық мінез-құлқын анализдеу кезінде бұзылушылардың төрт типін бөліп шығарамыз:

      Кездейсоқ, тұлғаның жалпы бағыттылығының жалпы есебімен мүмкіншілігімен байланысты;

      Тұлғаның тұрақсыз бағыттылығының жалпы есебімен мүмкіншілігімен байланысты;

      Тұлғаның жағымсыз бағдарларының жалпы қорытындысы;

      Тұлғаның қылмыстық нұсқауының қорытындысы, ол өзіне белсенді ізденушілік қосады.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің болашақ өмір бейнесінің, яғни тұлғалық мағыналық сферасының өзгеруінде келесі маңызды аспектілер байқалды:

      тұлғалық құндылықтар иерархиясы; мағыналық құрылым деңгейі;

      өзінің болашақ өмірінің бейнесі және өмірдің мағыналығын түсіну және ондағы болып жатқан оқиғаларға ықпалы; мағыналық бағдарлар деңгейі;

 

     2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы

 

    Эксперименттік бөлімімізде біз ең алдымен М.Рокичтің құндылықты бағдар әдістемесін қолдандық. Осы әдістің нәтижелерін талдауда, зерттелінушілердің құндылықтар жүйесі бойынша жеке индивидуалды мәліметтері өнделініп, маңыздылық деңгейіне байланысты рангіленді. Зерттелінушілердің жеке индивидуалды мәліметтерін топтастыру нәтижесінде эксперименттік және бақылау топтарының топтық мәліметтерін салыстырып, сапалық талдауын жүзеге асырдық. Осының нәтижесінде біз көрсеткіштердің салыстырмалы жиынтық кестесін жасадық.

 

Кесте - 2. Тұлғалық инструменталды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен).

 

Құндылықтар жүйесі

Зерттеу тобы

Бақылау

тобы

1.

Табиғат пен өнер әсемдігі

18

13

2.

Денсаулық

8

3

3.

Рухани даму

12

12

4.

Материалдық қамтамасыз етілген өмір

10

1

5.

Еліміздің тыныштығы

17

6

6.

Танып білу, интеллектуалдық даму

16

4

7.

Өзгелердің пікірімен санаса білу

7

11

8.

Еңбекқорлық

15

14

9.

Өз-өзіне деген сенімділік

2

2

10.

Өз пікірін дәлелдеудегі батылдылық

3

5

11.

Қызықты жұмыс

14

7

12.

Көзқарастың кеңдігі

13

8

13.

Жоғары талаптар

6

17

14.

Қоғамдық беделділік

5

15

15.

Әрекеттер еркіндігі

1

18

16.

Шығармашылық іс-әрекет

11

9

17.

Жауапкершілік

9

16

18.

Рахаттану сезімдеріне ұмтылу

4

10

Информация о работе қылмыс ұғымы