Автор работы: s******@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 19:42, реферат
Әбу Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Мазмұны:
І. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның өмірбаяны.......................................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медецинаға қосқан үлесі...................................................................................9
ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы....................................................................13
б) Діни ғылымы.....................................................................................................16
в) Дәрігерлік ғылымның ережесі.........................................................................18
г) Философиясы.....................................................................................................20
ІІІ. Қорытынды
Танылуы.................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27
Мазмұны:
І. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның
өмірбаяны.....................
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медецинаға қосқан
үлесі.........................
ә) Еңбек пен еңбек
тәрбиесі туралы........................
б) Діни ғылымы........................
в) Дәрігерлік ғылымның
ережесі.......................
г) Философиясы...................
ІІІ. Қорытынды
Танылуы.......................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
І бөлім. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның өмірбаяны
Әбу
Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn
Sīnā) -ғалым, пәлсапашы, астроном,
дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу
Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша
ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген
атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор
шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі
деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды,
бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана
жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан
бастап, геология және астрономиямен аяқталып,
білімнің барлық саласына арналған. Үлкен
атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт
Ибн
Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы
Афшана ауылында дүниеге келген. Оның
өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын
қамтиды) және оның шәкірті Джурджани
жалғастырған өмірбаяны сақталған.
Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина
былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан,
Нуха ибн Мансураның билік жасаған
саманидасы кезінде Бұхараға көшіп
келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс
істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі
ауданның орталығы Хармайсананы береді.
Афшанға жақын ауылдан, менің
анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел
етіп алды. Онда алдымен мен, содан
кейін менің інім дүниеге келді».
Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны
ата-анасы солай деп атаған), сол
кездегі Шығыстың ірі орталықтарының
бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы
бастапқы мұсылман мектеп-мактабка орналастырады.
Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті
болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен
ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды
жатқа білді, оның ана тілі парсы
тілі болса да, араб тілінің грамматикасын
меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын
мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің
жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды,
евклидтік геогметрияны, астрономияны
оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты
жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып,
кейде оны тұйыққа тіреп
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны
суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені
естімеген, сондай талдау анықтамасын
бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама
мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма
кеңес берді. Евклида кітабымен де солай
болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің
көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен
меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы
жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене
бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген
сұрақтарды, менен үйренді».
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе
медицинаны беріліп оқыды. Ғалым өзі жөнінде
былай дейтін: «Басқа ғалымдар арасында
медицинаны да үйренгенмін және теориялық
оқуымды науқастарды емдеумен тәмамдағанмын.
Сөйтіп, еш үзіліссіз жұмыс істеуге кірістім.
Түнде оқып, жазумен айналысатынмын. Ұйқы
басып кетсе, ұйқы ашатын сусыннан бір
кесе ішіп, қайтадан жұмысқ кірісетінмін.
Тіпті ұйықтаған кезімде де менің миым
оқыған нәрселерді талдап жататын. Көбінесе
ояу жүрген кезімде шеше алмаған кейбір
нәрселердің ұйқы барысында шешілетін
байқайтынмын.
Бірде
Аристотельдің «Метафизикасын»
зерттей бастадым. Бұл кітапты
қырық рет оқысам да, түсіне алмадым.
Үмітім үзілгендей болды. Бір күні базардан
бір кітап сатып алдым. Ол кітап
мен қаншама оқысам да түсіне алмаған
тақырып жөнінде жазылған Фарабидің
шығармасы еді. Кітапты алдым
да, үйге келісімен оқуға кірістім.
Сол уақытқа дейін түсіне алмаған
Аристотельдің пікірлерін бірден ойыма
түййіп алдым да, оған өзім қатты
қуандым. Аллаға шүкір етіп, кедейлерге
садақа тараттым».
«Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім,
- өмірбаянында осылай айтылды, - оған арналған
кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде
медицинада табысқа жеттім, сол кездегі
атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе
бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің
алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып
жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы
ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім».
Ибн Синаның керемет дәрігер болғаны соншалық,
оған дейін ешкім дертін жаза алмаған
Бұхара әмірі Нух Ибни Мансурды емдеп
шықты. Бұл үшін әмір Ибн Синаны кітапхана
әкімшілігіне тағайындады және Ибн Сина
бұл жердегі кітаптың бәрін оқып бітіріп,
білімін кеңейтіп алды.
Жас
Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер
Абу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми
хат жазысып тұрды, ортағасырлық
Шығыстағы ғалым-энциклопедист
Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина
дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа
ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды.
Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды,
оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер
оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн
Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп
шығарды, ол эмирдің жеке дәрігері болып
сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға
рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы
және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол
Бұхара кітапханасында оның медицина
бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы
туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның
ойлағанының бәрі орындала бермейтін.
999 жылы Бұхара қаласын қарахандықтар басып алып, мемлекет жан-жаққа бөлініп, қала тоналып, Ибн Сина нәр алған кітапхана жанып кетеді. Басып алушылардың қуғынымен Ибн Сина 1905 жылы Бұхара қаласын тастап, Хорезмнің астанасы Үргенішке кетеді. Сол уақытта қалада көптеген атақты ғалымдар тұрады: тарихшы және философ Әбу Райхан Әл Бируни, философ, дәрігер және математик Әбу Сахл Мәсихи, Әбілхайыр Хаммар және т.б. Осы ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуі Ибн Синаның білімін жетілдіруге малдандырды. Ғалымның Хорезмде тұрған жылдары өміріндегі ең жемісті кезең болды. Осы уақытта ол өзіне лайықты даңқ әкелген «Дәрігерлік ғылымның ережесі» және «Емдеу кітабы» еңбектерін жаза бастайды. «Дәрігерлік ғылымның ережесінің» І томында анатомияға арналған бөлім бар. Сол жайында Әбу Әли Ибн Сина Галенге қарағанда толығырақ әрі нақтырақ баяндаған. Ал Галеннің анатомиясы - айрықша мәнді жаңалық. Онымен Еуропа елдері 1500 жыл жуық шамасында қолданған болатын.
1002
жылы әкесі қайтыс болған соң,
Ибн Сина Хорезмнің астанасы
Гурганджыға (қазір Үргеніш)
Мейірімсіз әрі қатал билеуші Ғасни сұлтан Махмұд (998-1030) Хорезмнің бай жерлерін өз иелігіне қосқысы келген болатын. Ол дінді қатты ұстанатын адам болғандықтан, елдегі барлық ғылымның ошақтарын басып тастап отырды. Осындай билеушінің қол астында болғысы келмей, Ибн Сина 1010-1011 жылдары жасырын түрде Хорезм қаласын тастап, Хорасан қаласына көшеді. Ғалым Гурганға келіп, сонда Әбу Убейд Джурджанимен, өмірінің соңына дейін қасында болған ең сенімді оқушысымен, танысады. Джурджани Ибн Синаның сөздерінен оның өмірбаяның жазып, ұстазы жайында нақты дерек көздерін тастап кетті.
Гурган
қаласында Ибн Сина ғылыми жұмысы
мен дәрігерлік практикасын жалғастырады.
Ол өзінің медицинаға байланысты ең негізгі
еңбегінің Бірінші Кітабын
Ибн Синаны іздеп жүрген Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға ғалымның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды. Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті. Ғалым Хамадан және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты.
Ибн Синаның 100-ден астам еңбегі бар екені айтылады. Кейбіреулері сол заманда жоғалса да, ең негізгі және бастылары бүгін қолымызда. Еңбектерін дәстүр талабына сай араб тілінде жазған. Шығармаларының көбі медицинаға, физикаға, астрономияға, философияға арналған. Үлкен энциклопедиялық еңбегі - «Аш-Шифа» (шипа) және оның түсіндірмесі болған «Ан-Неджат» (айығу) – ең әйгілі және дүние медицина тарихының ең үлкен шығармаларының бірі. Батыста XIX ғасырда адам қанынан кездейсоқ табылған «кіші қан айналысын» Ибн Сина X ғасырда-ақ білген.
Адам
дәрігерлерінің заңдарын тәжірибе мен
бақылауларға арқау етіп жазған «Әл-Канун
фит-Тип» (Емдеу заңы) атты еңбегі латыншаға
аударылып, кейін французшаға, немісшеге,
ағылшышшаға аударылып, XVI ғасырдан
XIX ғасырға дейін Батыстың бүкіл
университеттерінде оқулық ретінде
пайдаланылған. Батыс бұл түрік
ғалымын Авиценна, шығыста Ұлықпан
деген атпен таниды.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медицинаға қосқан үлесі
Дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет кайта басылып шыққан. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты.
Медицинаға деген қызығушылығы Ибн Синада ерте кезден оянды. 12 жасқа жетпей ол атақты дәрігер әрі философ Әбу Салаха әл-Масихидің кеңесі бойынша медицинаны үйрене бастады. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылады, - оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім».
Ибн Сина атақта Бұхар дәрігері Әбу әл-Мансұр Камаридің қолбасшылығы астында да медицинаны үйренген болатын. Бірақ Камариде оқу көпке жалғаспады. Ибн Сина тез арада өз бетімен практикалық жұмыстармен айналысып, даңқты, атақты дәрігерлердің бірі болып, оны хан сарайына ауырып қалған Бұхар әмірін Нұха ибн Мансұрды емдеуге шақырады. Бұхар ханының немен ауырғаны белгісіз, бірақ Ибн Синаның емі көмектесіп, ол әлі Бұхарды 1 жыл билейді.
Бес
томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның
ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ
әперді, медицина тарихында атағы
жайылған кітап болды. Еңбек оның
мазмұны мен дәл құрылымымен
ерекшеленді.
Бірінші кітапта медицина теориясы жазылған.
Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан,
өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық),
адам денесінде мүшенің «қарапайымдылығы»
қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді,
шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені
еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде
жүргізіледі.
Екінші
кітап – дәрілік қаржылардың
капиталды жинақ мәліметі туралы.
Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды
пайда болғандардың емдік құрамын
және пайдалану әдісімен көрсетеді.
Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді,
сонымен бірге Индиядан, Қытайдан, Грециядан,
Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан
әкелгендерді жазып қояды. Олардың көбі
Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан
көпке мәлім бола бастады. Алғаш Ибн Сина
ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып
жүр.
Үшінші кітабындағы адам органындағы жеке аурулар, төртінші бөлімі хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды.
Бесінші
кітап күрделі дәрі-
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді
және ортаазиялық медицина білімін және
тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана
көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік
тактикаға жаңаша болып енгізілді.
Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа
мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен
кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін
жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы
ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа
және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен
соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы
микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді.
Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған
әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр
толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес,
екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу,
құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр
сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес,
жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп
айтылған «Ережеде».
Ибн
Сина бірінші болып чума, холера,
сары ауру туралы жазды, олардың шығу
себептерін, нышандарын талдап шықты,
мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты,
асқазан жарасы, диабет және көптеген
басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап
қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің
құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі
оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше
сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер
затқа шағылысып, кері кетеді және кескін
береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь
деген пікірді теріске шығарды, заттың
кескінделуі көз торы арқылы көрінеді.
«Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн
Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу
мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар
мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның
еңбегінің соншалықты жоғары болғаны,
ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние
жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы
болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен
латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен
тарады. 15 ғасырда кітап басып шығаруды
ойлап тапқан соң, бірінші басылымның
бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада
жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті,
ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17
ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның
ережесі» студент-дәрігерлер үшін және
Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда,
Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып
қалды.
Орта Азияда осыдан мың жыл бұрын өмір
сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина адамның
танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен,
біздің заманымыздағы ерекше тұлға болып
қалады.