Автор работы: s******@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 19:42, реферат
Әбу Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Мазмұны:
І. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның өмірбаяны.......................................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медецинаға қосқан үлесі...................................................................................9
ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы....................................................................13
б) Діни ғылымы.....................................................................................................16
в) Дәрігерлік ғылымның ережесі.........................................................................18
г) Философиясы.....................................................................................................20
ІІІ. Қорытынды
Танылуы.................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27
Әбу Әли ибн Синаның негізгі медициналық еңбектері:
ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы
Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: ''Егер қоғамдағы жұмыс-қа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға, болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді'' - деген. Мұны өзінің рубай-ларында атап көрсетіп кеткен. Ол өзі өмір сүрген кезең үшін - қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдары-ның өзара қайырымдылығы мен мейірімділігін ұдайы ұштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын жасауды қажет деп санады. Осының барлығы дұрыс ұйымдас-тырылған және әділетті құрылған қоғамда /мемлекетте/ пайдалы еңбекпен шұғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде-бір адам болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол қоғамдық және ортақ пайдалы еңбек, қоғам үшін де жеке адам үшін де пайдалы деген ой түйеді.
Ибн-Синаның
мемлекетке, ''жалпы'' адамзатқа ''арналған'',
жеке адамдар санасын, білімін, оқып
үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы
қаржы /қор/ бөлуге тиіс деген тұжырым
жасаған. Бұл қаржы халық арасынан
жина-латын алым-салықтан, мемлекеттік
меншіктерден, мекемелерден түсетін
өніммен жиналуы керек, - деп сол
орта ғасырлық дәуірге дейін үлкен
ұстаз екенін көрсете білді. ''Ортада''
жиналған қаржылар жұмысқа жарамай-тын
мүгедектерге, қарттарға, ауруларға
жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы,
тәртіп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды
''тәрбиелеуші'' ұстаздарға, үйретуші адамдарға
жалақы ретінде төленуі тиіс - деген
Ибн Синаның бұл ойы, оның үлкен
экономист екенін дәлелдейді. Адам-дардың
денсаулығы - айнала ортаға, экологияға
бай-ланысты да оның айтқандарының
зор тарихи маңызы бар. Оның ''жеке адам''
туралы тағылымдары адамның бойына
адамгершілік, еңбек, тәрбиелік қасиеттері
оны ұлағатты ғалым, ұстаз тәрбиеші
қатарына қосады. Дәлірек, айтсақ, мемлекеттік
қор ''Жалпы халық игілігіне
«Адалдық, ақылдылық, адамшылық,
Қайырымдық, мейірімді, жанашырлық.
Тәрбие, оқу, сана-білімдарлық,
Үшеуі ұлғатқа жол ашарлық».
Міне, Ибн-Сина бір адамның бойынан осыншама қасиеттің табылуын еңбек, оқу, тәрбиеден іздейді. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттері осы жоғарыдағы даналықтан туындатады.
Ибн-Сина Әл-Фарабиді ұстаз тұтқан. Фарабиді еске алу шағын және ұстаздық пен тәлімгерлік туралы, ол былай деген: ''Тәлімгер табиғатына өзімшілдік, қара басының қамын ойлау жат. Нағыз тәлімгер өзіне даңқ, атақ іздемейді, керісінше, өз шәкірттерінің болашақта ұлы еңбекқор, ойшыл, ғалым болғанын жан-жақ тәнімен қалап, сол үшін бар өмірін сарп етуге даяр тұрады. Тәлімге жұтаңдық адамзат баласына жат, білім тіршілік - өмір бұлағы'' - деген екен. Еңбек туралы айта келіп, ол еңбек - адамзат тіршілігінің, әрбір жеке адамының, жеке тұлғаның рахаты, көретін қызығы, тыныс тіршілік қоры - деген. Міне, көріп отырғанымыздай сан ғасыр өтсе де Ибн-Сина айтқан тәлімгерлік, ғұламалық өзіндік ілімі мен үлгілі ойы бүгінгі, бұдан кейінгі болашақ ұрпаққа берілген ақ бата, таптырмас тәлімгерлік тағылым. Ол айтқан тәлімгерлер - бүгінгі оқытушы, мұғалім, тәрбиеші-лер. Ендеше, осылардың тәрбиелік, еңбектік, ұстаздық жолының жемісін, кең даңғылының арнасын ашып көрсеткен Орта Азияның дана ғалымы Ибн-Сина.
Ақыл-ойдың құдіретті күшіне кәміл сенген ғалым. Бұлардың екеуі де еңбектің, еңбек тәрбиесінің, жалпы тәрбие тағылымының нәтижесі, жемісі, - деп қарастырады. Еңбегі бардың өнбегі бар қағида, тағылым еңбек үлгісін Ибн-Сина қалдырған тағылым көрінеді. Ұлы Абайдың да тәрбие мен еңбек тағылымдарының Ибн-Синамен сабақтас жерінің бар екенін аңғаруға болады. Мысалы, Абай өмір сүрген тұста қазақ елінің өндіргіш күштері тым мешеу еді. Қазақтың ол кездегі кәсібі мал бағу ғана болды. Сол кезде малы аз кедей мен малы жоқ жалшыда көп болатын. Олардың бәріне бірдей еңбек кәсібі жетіс-пейтін. Бұлардың жалақысы тапқан тағамынан артылмайтын. Бұлардың өте ауыр халін Абай ''Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай'' - деп басталатын өлеңінде реалистік тұрғыда сипаттайды. Ауылда атқаратын еңбек жоқ кедейлер мен жалшыларға Абай: ''Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас ел'' - деп ақыл береді. Абайдың еңбектің маңызы мен мәнін көрсетуде Әл-Фарабиден кейінгі ғұлама ғалым Ибн-Синаға ниеттестіктен ұстаз тұтқандықтан туған өлеңдер екен. Ибн-Синада жалшылық пен кедейлік Орта Азияны мекендейтін барлық мұсылман еліне тән құбылыс деп одан құтылудың бірден-бірі дұрыс жол еңбек етуде, еңбек бөлінісін жолға қою - деп қинала жазған екен.
Ибн-Синаның
даналығы: ''Табиғат жер бетіндегі бақыттың,
байлықтың көзі. Бұл көзді реттеу, иемдену
үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім
мен таза еңбек қажет деді.'' Біз Х ғасыр
алдында өмір сүрген Ибн Сина еңбек пен
еңбектің маңызын, білімін, тәрбиелік
тағылы-мын ерен биікке көтергенін көреміз.
б) Діни ғылымы
Ибн Сина Әбу Әли - ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы.
Кішкентай кезінен Хусейнөте зерек бала болатын. 5 жаска толганда ол жан-ұясымен Бұхара қаласына көшіп, мұсылман мектебі – мактабка түседі. Сол мектепте ол 10 жыл оқып, араб тілін үйренеді. Бір күні Хусейн: «Мен Құран Кәрімді толығымен жаттадым. Енді мен өз сұрақтарымды қойсам бола ма?» - деп мұғалімінен сұраған болатын. Оған ұстазы ренжіп: «Құранды көп уақыт бойы әрі тек ерекше мұсылмандар оқып-жаттайды. Әрі оларды хафиз деп атайды»,-айтады. «Онда мен Хафизбын»- дейді жас Хусейн. Емтиханда ол барлық сүрелерді толығымен, бірде-бір сөзін ұмытып кетпей айтып береді. Бұлай Құранды ұстазы Хатиб Убайдта білмеген болатын. Ибн Синаның өмірбаянынан: «10 жасымда мен Құран Кәрімді және әдебиет ғылымын толығымен жаттадым және үлкен жетістерге жеттім. Барлығы таңғалатын».
Баланың
зеректігі жас кезінен
Исмаилиттер – ортодоксалды исламның қарсыластары. Ибн Сина исмаилиттердің қатарына жатпады, бірақ олардың уағыздары оны қатты қызықтыратын. Ғалымның бірінші ұстазы, математика және философия ғылымдарынан беретін мұғалімі Лбу Абдаллах ән-Натили исмаилит болатын.
Ибн
Сина Ислам дінін жақтай тура, көне
дүние философиясы мен ғылымын
арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі
ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық
ілімінде Аристотельдің материалистік
және идеалистік бағытын ұстады, ал
кейбір мәселелерде аристотелизмнен
бас тартып, неоплатонизм жағына шығады.
Аристотельдің логикасын, физикасын
және метафизикасын жетілдірді. Ол
материяның мәңгілігін мойындады, оған
бір тектес заттардың әрқилы себептері
деп қарады және астрлогиямен басқа
да сәуегейліктерге қарсы шықты.
Әл-Фараби мен Ибн Синаның
в) Дәрігерлік ғылымның ережесі
«Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты.
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» (араб.: القانون في الطب) - Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперген 5 томдық энциклопедия, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.
Бірінші кітапта медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде мүшенің «қарапайымдылығы» қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді, шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде жүргізіледі.
Екінші кітап – дәрілік қаржылардың капиталды жинақ мәліметі туралы. Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды пайда болғандардың емдік құрамын және пайдалану әдісімен көрсетеді. Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Индиядан, Қытайдан, Грециядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды. Олардың көбі Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан көпке мәлім бола бастады. Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр.
Үшінші кітабындағы адам органындағы жеке аурулар, төртінші бөлімі хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды.
Бесінші
кітап күрделі дәрі-
«Дәрігерлік
ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық
медицина білімін және тәжірибесін талдау
және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн
Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға
жаңаша болып енгізілді.
Бұрын медицина
ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді
«Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін
болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың
қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға
тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын,
800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер
ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл
жұмбағын дәлелдеді.
Ибн Сина тамыр
туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе
қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес
немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ,
дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның
илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен
қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан,
бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған
«Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума,
холера, сары ауру туралы жазды, олардың
шығу себептерін, нышандарын талдап шықты,
мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты,
асқазан жарасы, диабет және көптеген
басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап
қарастырды.
Ол көздің бұлшық
еттерінің құрылысын анық түсіндіріп
берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді,
ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл
сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді
және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы
хрусталь деген пікірді теріске шығарды,
заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді.