Автор работы: s******@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 19:42, реферат
Әбу Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Мазмұны:
І. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның өмірбаяны.......................................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медецинаға қосқан үлесі...................................................................................9
ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы....................................................................13
б) Діни ғылымы.....................................................................................................16
в) Дәрігерлік ғылымның ережесі.........................................................................18
г) Философиясы.....................................................................................................20
ІІІ. Қорытынды
Танылуы.................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27
«Дәрігерлік
ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше
назарды баланы тәрбиелеу мен
тамақтандыруға, физикалық жаттығулар
мен дұрыс тамақтануға
15
ғасырда кітап басып шығаруды
ойлап тапқан соң, бірінші
17
ғасырдың соңына дейін «
г) Философиясы
Батыс
философиясында өнер мен ғылым өз
дамуында белгілі бір уақыт аралығында
тоқтап қалып, христиандық дінді
идеологияландыру жүріп жатса, ал Шығыс
философиясында әсіресе VІІ-Х ғасырларда
араб ойшылдарының арқасында философия
мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін
бастан кешіреді. Ортағасырлық араб-түрік
философиясы деп арабтар мен
Таяу және орта Шығыс халықтарының
мәдени-саяси әсерімен қалыптаса
отырып, Гибралтардан Индқа дейін
созылған Араб Халифаты териториясында
орналасқан, VIII-XIV ғасырдағы кезеңді
қамтитын философияны айтамыз. Ортағасырлық
араб-түрік философиясы мен
Ортағасырлық араб-түрік философиясының негізгі бағыттары:
•
Калам - исламдағы діни-саяси
• Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген калам мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді мойындамайды, ең құдіретті Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс.
• Суффизм - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Өкілдерінің бірі Қожа Ахмет Яссауи.
Ортағасырлық
араб-түрік философиясы грек философиясы
мен Европа филоссофиясы - схоластика
арасындағы байланыстырушы буын болып
табылады. VІІІ-ХІІ ғасырдан бастап,
шығыста ғылымның дамуына жол
ашылады. Алдымен тригонометрия, алгебра,
оптика, психология кейіннен, астрономия
химия, география, ботаника мен медицина
дамиды. Одан кейін біртіндеп діни-
Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина (Авиценна). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Ал логика ғылымдардың барлығын пысықтайды, ол әлемді тану құралы. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп аталынады, ал метафизика деп кейде теологияны, кейде философияны атайды. Ибн-Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге сүйенеді.
Ибн Сина, неоплатанизмге қарағанда, материяны жаратылыстың соңы деп емес, тұрмыстың керекті әрі маңызды элементі деп санады.Ол Ғарышты үш әлемге бөлген болатын: материалдық әлем, мәңгілікке жаратылмаған формалар әлемі және жер әлемі, оны құрайтын барлық элементтерімен. Әр жеке жан денемен толықтай адамды тірілтуді қамтамасыз ететін бір субстанцияны құрайды.
Ғалымның мистикалық шығармалары: «Құстар туралы кітап», «Махаббат жайында кітап», «Дұға мазмұны кітабы», «Қажылық жасаудың маңызы жайында кітап», «Өлімнен қорқудан құтылу туралы кітабы», «Жазмыш туралы кітабы». Және де Ибн Синаның еңбектерінің қатарында парсы тілінде жазылған рубаи түрінде келетін өлеңдер жатады.
Әбу
Әли ибн Синаның философияға
және жаратылыстану ғылымына арналған
трактаттары бірнеше жүздеген жылдар
бойы Шығыс пен Батыста кең
таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер
қатарында келеді. Әбу Әли ибн
Синаның араб және парсы тілдерінде
азын-аулақ өлеңдері сақталған. Оның
поэтикалық шығармаларына арқау
болған тақырыптар — материяның мәңгілігі,
ағартушылық пен ғылымды
ІІІ. Қорытынды
Танылуы
Жас
Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер
Абу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми
хат жазысып тұрды, ортағасырлық
Шығыстағы ғалым-энциклопедист
Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, ол эмирдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін.
Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті. Ғалым Хамадан және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды.
Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді.
Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді.
Ибн
Сина тамыр туралы оқуды шығарды,
оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды.
«Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес,
екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу,
құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр
сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес,
жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп
айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші
болып чума, холера, сары аурутуралы
жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын
талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит
сияқты, асқазан жарасы, диабет
Ол
көздің бұлшық еттерінің құрылысын
анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін
көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле
шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер
затқа шағылысып, кері кетеді және кескін
береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь
деген пікірді теріске шығарды,
заттың кескінделуі көз торы арқылы
көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде»
Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу
мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар
мен дұрыс тамақтануға
15
ғасырда кітап басып шығаруды
ойлап тапқан соң, бірінші
Орта Азияда осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина адамның танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен, біздің заманымыздағы ерекше тұлға болып қалады.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах (латын транскрипциясы — Авиценна; 980, Бұхара қалысы жанындағы Афшана ауылы — 18. 6. 1037, Хамадан) — ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде (Иранда) өмір сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Басты философиялық еңбектері — “Дауа кітабы” (“Іұтқару кітабының” қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), “өсиеттер мен кеңестер кітабы”, “Білім кітабы” (парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Әбу Әли ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады. Әбу Әли ибн Сина пікірінше тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды. Әбу Әли ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте қалады.
Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) Әбу Әли ибн Синаны “дін бұзарлығы” мен “атеизмі” үшін айыптаса, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарастары үшін сынға алады. Әбу Әли ибн Синаның философияға және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Әбу Әли ибн Синаның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар — материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. өлеңдерінің өзіндік белгілері — афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылған. Әбу Әли ибн Сина шығармалары классикалық парсы, араб, өзбек және орта ғасырлық еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі юнан жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. Әбу Әли ибн Сина арқасында Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жайылды, әйтегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы — “Дәрігерлік ғылымның каноны” (“Китаб әл-канун фи-т-тибб”), бұл — көлемі 200 баспа табақ, 5 кітаптан тұратын медицина энциклопедия. Араб тілінде сан рет көшірілді. Латынша аудармасы 12 ғ-да жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Әбу Әли ибн Сина осы кітап арқылы 5 — 6 ғ. бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды, “Медициналық ханзада”, “Шейх-ур-райс” деген ұлы есімге ие болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін “Канонның” басылуы Інжілмен бәсекелес өтті. Араб тіліндегісін санамағанда латын аудармасы 30 шақты рет басылды. “Канон” орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық салтанатына байланысты Ташкентте (1954 — 56) басылып шықты. “Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым”, — дейді автор. “Медицинаның бір бөлігі — білім, екіншісі — амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі — амал жасау ережелері”. Әбу Әли ибн Синаның ең негізгі насихаты — саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған кітаптар да өте көп.