Казақ шежірілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 20:28, реферат

Описание

Тақырып өзектілігі. Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) ХІХ ғасырдағы Қазақ шежіресі

Б) Қазақ хандарының қосқан үлесі

В) Тарихи дерек көздері

III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Казак шежирелери.doc

— 249.50 Кб (Скачать документ)

Біз талдауға алған шежірелердегі "Қарасопы" атты қария сөзіндегі тарихи деректін баяндалу үлгісі төмендегідей элементтерден құралған: а) кімнен кім туғаны туралы; ә) қай атаның аты ұранға айналғаны; б) рудың аты қандай үйлесімді формулаға айналдырылғаны; в) Қарауыл тайпасының құрамына енетін рулар туралы; қандай жерлерді мекендегені туралы сөз; г) қандай хан басқарып, оның қоластында қандай иерахиялық позициясында тұрғаны жайында айтылады; д) ол ханның ұрпақтары туралы сөз; бұл руда қандай аты шыққан адамдар болғаны жайлы; е) одан кейін бұл руға қатысты бір тарихи оқиға жайында сюжет. Бұл үлгіні шежіре баяндау клишесі ретінде қарауға болады. Шежірелердің жеке мәселелері: а) қазақтың асыл түбі қайдан шыққаны туралы арғыдағы түркі-тәңірлік аңыз-әпсаналары мен бергідегі исламдық мифтері туралы қазақ ортасындағы тотемдік, генеалогиялық, этнонимиялық, этиологиялық тарихи баяндамалар; ә) қазақ рулары (ботпай, шымыр және т.б.), тайпалары (үйсін, арғын және т.б.), олардың рәміздік элементтері, яғни ру таңбасы, ел ұраны және руларға берілген, ел ортасында ауызша айтылып келген жалпыхалықтық сипат ("арғын болсаң алтай бол" және т.б. шежірелік формулалар); б) рудың бейнесін бейнелейтін символикалық тарихи тұлғасы (үйсін Майқы би, арғын Ақжол, қыпшақ Қобыланды, ноғайлы Асан Қайғы дегендей); в) рулардың көшіп-қонып жүрген жерлері, ата қонысы мен қазіргі кездегі қоныстары, бай-манаптары мен батырлары, би-шешендері, хан-сұлтандары; г) халық санасында мөрдей басылып жатталып, хатталып қалған әртүрлі тақырыптардағы тарихи әңгімелер, естеліктер, тұтас, толық, немесе бірінің басы, бірінің аяғы дегендей әртүрлі қария сөздердің үлгілері.

Қазақ шежірелерінде  мынадай мағлұматтар тасымалданады: а) қазақ ру-тайпаларының тарихи-генеалогиялық  деректері; ә) қазақ төрелерінің  тарихи генеалогиялары; б) қожалардың генеалогиялық деректі кестелері; в) қазақ ортасындағы кірме топтардың тарихи-деректі үлгілері. Алайда, қазақ шежірелерінде осылардың әрқайсысы тарихи дерек мөлшерін әрқилы сақтайды. Ең мол деректік мағлұматтар қазақ рулары мен тайпаларына және қазақ төрелері, хан, сұлтандарының тарихын баяндауға байланысты шежірелер. Ал қожалар мен қазақ ортасындағы кірме топтардың деректік мағлұматтары көбінесе шежірелік генеалогиялық кестелер, немесе тізбелерменен ғана шектеледі. Мұның өзінде де белгілі, қоғами қатынастардың объективті жағдайларынан туындаған заңдылықтар бар. Шежірелерді жүз, ру, принциптері негізінде сыныптаудың табиғаты шежірелердің ішкі ұйымдасуының ізімен жүруден туындаса, хронологиялық және тарихилық белгілері негізінде жүйелеу тарихи таным принциптерінен қалыптасқан сыныптау болып табылады. Ал тарихи-деректік сыныптау ісінде хронологиялық, тарихилық және тақырыптық принциптерге қосымша басқа да ұстанымдарды қолдануға болады. Жалпы бұл арада деректерді топтаудағы бұрын айтылған сара жолдан да тыс көзқарас туралы ізденіс керек. Шежірелерді сыныптау мәселесінде басқа да принциптерді қолдануға болады, мысалы фольклорға жатқызылатын кейбір сөз үлгілерін шежірелік дәстүрге сүйенетін құрал ретінде қарастыру тиімді.

Тұрмыстық фольклор жанрына  тән мақал-мәтел, бесік жыры, бата, беташар т.б. сөз үлгілерін халық мәдениетін игерген кез келген адам біледі. Ән, әуен, жыр, өлең – бұлар шежірелік деректі сақтау қызметін атқарушы дәстүр тасымалдаушыға (жырау, қария, шешен, ақын) қажетті жады құралы болып табылады. Сондықтан В. Юдин кейбір шежірелік туындылардың ("Шыңғыс-нама") Алтын Ордадағы аласапыран дәуірдің үрдістік иірімдерінен калыптаскан діни-культтік және идеологиялық, тіпті дүниетанымдық тұтас концепцияға айналған ролі туралы айтады. Ол миф, фольклор үлгісіне жатпайды, керісінше фольклор далалық ауызша тарихнаманы тұтынады деген түйінге келеді.

Шежіре мазмұны  жалпы (белгілі оқиға-жайттер) және жеке мәліметтерден (айтушыға мәлім, бірақ  бұқараға белгісіз деректер) құралады. Сондай-ақ шежіре деректері айтушы тарапынан оқиға мәні түсіндірілген және түсіндірілмеген болады. Шежірелердегі деректердің тәпсір, түсіндірулер конструкциясы әрқилы құрылғанымен, негізінен бір белгілі тұтас стереотиптік үлгіде айтылып, оқиғалардың мәнін жинақтап сөйлеу құрылымдары көрініс табады. Олар қалыпты формулаға айналдырылып, осы сипаттағы оқиғалардың деректеріне алғысөз ретінде қолданыста жүреді. Кейде  халық санасынан пісіп шыққан метафоралық мағыналар да қолданылады. Шежірені белгілі бір формаға айналдырып, сақтап, қауымға жырлаған шежірешілер болды. Шежірешіні дәстүр сақтаушы ретінде бағаласақ, онда ол сол шежіренің жай ғана авторы емес, ол – өткен дәуірдің, соған лайық әлеуметітік құндылықтар мен қатынастар ретінен хабары бар адам. Шежіре жасаушылар қатарында үш түрлі құраушы элемент бар: шежіре айтушы қалың бұқара өкілдері; шежіре сөзін сұрыптаушы, жадыға тоқушы, шежіре дерегін ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жалғастырушы шежіреші-қария; шежірелік деректерді қолданып тарихнамалық туынды жасайтын тарихшы – шежіре дерегін деректік тексеру арқылы тарихи білімге айналдырушы субъектілер. Солар тарихи дерек авторлары болып табылады. Шежіре шығармаларының авторлары белгілі болғанымен, одан тыс, бізге беймәлім қалып отырған біршама "авторлардың" еңбегін сақтайды. Олар тарих айтушылар, яғни "қария сөздердің", тарихи-ақпараттық мәліметтердің, қысқаша айтылған тарихын баяндаған бір әңгіменің жеке «авторлары».

 «Қожа шежірелері  және мұсылмандық тарихнама»  атты екінші тараушада шежірелік  мәліметтердегі қазақ құрамындағы  араб-парсы жұртынан келіп қосылған субэтникалық топтар туралы баяндаулар қарастырылған. Қожалар өзінің тегі туралы жазбаларды сақтаған. Оларды шежіре, көбінесе, насаб деп атаған. «Каждый род сейидов и ходжей имел свою родословную – шаджара, подтверждающую его происхождение от пророка и его сподвижников. Большинство этих родословных были поддельными и значительно более поздними по времени» - деп, Б. Кармышева жазады [44, 152 б.]. Қазақ шежірелері де қожалар туралы тарихи мәліметтерді молынан сақтайды. «Жанарыстың бәйбішесінен туған төрт қожаның бірі Қарақожа. Онан арғын дедік» - деп шежіре мәлімдейді [21]. Қожа ұғымына байланысты көптеген тарихи деректер келтірілсе де, оның тарихи мән-мағынасы жағы талданғаны аз. Жандарбек З. қазақ шежіре деректеріне сүйене отырып, XIV ғ. үш жүздің қалыптасу тарихында қожалар шайхыларының ықпалы туралы айтады [45]. Кейінгі тарихта қожа тұқымдары қазақ руларына да араласа түскен. Шежіре деректерінде 17 қожаның аты қазақтың Орта жүз және Кіші жүз руларының көсемі ретінде көрсетіледі. Нақты: «Қыдырқожа байдан Шеркеш, Ысық, Байбақты, Масқар, Алаша, Таңа, Қызылқұрт, Есентемір, Беріш, Таз, Адай, Жаппас» - дейді шежіре дерегі [46]. Қожалардың генеалогиялық реті туралы қазақ шежірелері мол мәлімет береді. Қожа ортасынан шыққан әйгілі тарихи тұлғалардың деректерінен шежіреде ең алдымен Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Йасауи есімдері әйгілі. Қазақ ортасындағы ислам дінінің рухани қазығы болғанын Әзірет Сұлтан айналасында қазақтың қалың қорымы дәлелдейді. Атақты адамдардың көбі, оның ішінде батырлар, билер, хандар мен сұлтандар ұрпақтарына өзін Әзірет Сұлтанға жерлеуді аманат еткенін шежірелер мәлімдейді.

«Қазақ шежірелеріндегі  генеалогиялық деректердің ерекшеліктері» атты екінші тарауы үш тараушадан құралған. Бірінші тараушада «Қазақ рулары, ата тегін тарату туралы деректер» қарастырылады. Қазақтың дәстүрлі қоғамдық санасында тарихи білім өзінің ата-тегі, ата-бабалары, ру-тайпаның қалыптасуы мен ру ішінен шыққан әйгілі адамдар және олардың тәлімді іс-әрекеттері туралы жиналып сақталған біліммен тығыз байланысты болған. Генеалогиялық білім жүйесі көшпелілердің дәстүрлі қоғамдық санасының іргетасы, ең негізгі білімді реттейтін ментальдік құрал. Барлық тарихи білім мұралары халықтың генеалогиялық білім жүйесі негізінде жинақталған. Дәстүрлі қоғамда өз заманын тану амалдары тек қана өткен дәуірлердің жолын түсініп-білу арқылы жүзеге асқан. Шежіре зерттеу тәжірибесі сайып келгенде қазақ жүздерінің рулық негізі мен әлеуметтік байланыстарын нақты көрсетеді.

Қазақтың дәстүрлі шежірелік санасында әлеуметтік кеңістік үш түрлі негізгі сегменттен құралған: өз жұрты, нағашы жұрт, қайын жұрт. Осыған орай шежіре мәліметтері ішкі мәні жағынан рулардың өзара үшжұрттық қатынастарын қамтиды. Шежірелердің руларға қатысты деректері ең алдымен руаралық үш жұртты әлеуметтік байланыстыру ретімен сәйкес келеді. Үш жүздің қалыптасуы шежірелерде әрдайым үш түрлі негізгі ру атымен байланысты: Үйсін, Арғын және Алшын. Генеалогиялық жүйе бойымен былай айтылады: «Қазақтың төрт баласы болғанын айтып өткенбіз. Оның үлкен баласы Көзелдің тұқымынан дерек жоқ. Қазақтың екінші баласы Ақарыстан, оның тұқымы Ұлы жүз Үйсін, Үшінші баласы Бекарыс, Орта жүз арғын, найман, төртінші баласы Жанарыс, Кіші жүз Алшын» [46] // «Ата тарихы. Қазақтан үш бала: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Ақарыстан сегіз бала: Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс, Қаңлы, Манас, Ошақты, Жалайыр. Жанарыстан алты бала: Қарақожа, Дарақожа, Аққожа, Ақтанқожа, Есімқожа, Қасымқожа: Қарақожадан – арғын; Дарақожадан – найман; Аққожадан – уақ; Ақтанқожадан – тарақты; Есімқожадан – қыпшақ; Қасымқожадан – керей. Бекарыстан үш бала: Қадырсиық, Солтансиық, Бақтысиық» [21]. Шежірелерде Кіші жүзді "жиырма бес таңбалы Алшын" деп атағаны, Кіші жүз құрамы жиырма бес рудан құралғанын көрсетеді. Әр жүздің ішінде озық рулары болған. Оларға шежірелерде халықтың тарихи санасы тарапынан баға берілген.

Қазақ рулары әртүрлі  тарихи жағдайларда өз ретімен түзілсе  де, шежірелерде олардың барлығы  бір атаның баласы ретінде суреттеледі. Бірақ кейбір шежірелерде олардың  бір жүз құрамынан басқа жүздің құрамына, тіпті алты алаш түріктен келіп қосылған тұстары туралы айтатын бейнелі мәліметтер көп. Жалпы, генеалогиялық білімге тән өз заңдылықтары бар. Осыған сәйкес: а) ата-тек тарату жүйесінде біршама буын есімдері ұмытылып төтелеп түседі, арада талай ұрпақ есімі аталмай қалады; ә) жалған генеалогиялық кестелер де жасалатын болған; б) кейде жеті ата басында тұрған адамның есімі сақталып, қалған буын сақталмайды. Бұл заңдылық ойға алынған саналы түрде де, сана түбінде сақталып ойға түспеген түрде де қалыптасады. Сондықтан, 1) саналы түрде болса, шежіре – ата-текті айтушы кейде көп әйелді адамның бірінен болса, арғыдағы күндес аналардың ұрпағын айтпай, атамай бүгіп қалады. Тоқалдан туғандарды қалдырған; 2) ортадағы бір атадан күмәнді жағдайда тараған болса оны да біле тұра жасырады. Сондықтан жеті ата жібінің арасында үзік-кетік қалады, тағы сол сияқты себептерден шығады; 3) санаға салынбай айтқанда бәлендей рудың сондай атасынанбыз деп, асығыстықпен, иә сөз қысқарту үшін жетінші атасын ғана айтады. Сондай-ақ, қазақ шежірелеріндегі деректерінде субъективті тұстары мен кемшіліктері және шектеулері: а) кісі аттарында дәлсіздіктер; ә) жалқы есім мен жалпы есімнің шатастырылуы; б) этносқа тән генеалогиялық өріс пен сатылап даму арасындағы сәйкестіліктің сақталмауы; в) этностық топтардың даму деңгейлері мен уақыт кеңістігінің арасыңдағы сәйкессіздік (анохранизм); г) шежіре жүйесіндегі сатылы дамудағы бірізділік сақталмауы; д) қазақ ру-тайпаларының геосаяси, геоэкономиялық, табиғи-географиялық кеңістіктердегі әкімшілік-территориялық ресми құрылымдардың (мемлекет, хандық, қағандық, ұлыс, ру-тайпа бірлестігі, одағы, ел, дуан т. б.) генеалогиялық даму өрісімен сәйкессіздігі; е) этникалық топтардың ел ішінде қалыптасқан дәстүрлі сипаттары мен олардың шежіре баянында атқаратын қызметін елемеу; ж) шежірелердегі ата-баба, есімдері мен олардың ру-тайпаларына тән ұран, таңба атауларының шатастырылуы т. б. [43, 388 б.].

Сонымен біздің зерттеулеріміз мынадай тұжырымдарға әкелді: 1) шежіре деректері нақты қалыптасқан  генеалогиялық дәстүр белгілерін көрсетеді; 2) генеалогиялық дәстүр ауызша және жазбаша дайындалған екі формасы болған; 3) шежіре белгілі бір жасаушы субъект тарапынан түзілген; 4) шежірелік генеалогия мамзұнында ақиқатты, кейде ойдан құрастырылған элементтер қатар сақталған; 5) шежіредегі тарихи генеалогияндың жасалу принциптері әлем халықтарының дәстүріне ұқсас; 6) қазақтың рулары мен тайпаларының құрылымдары белгілі дәрежеде дәстүрлі қоғамның әлеуметтік-саяси моделі іспетті болған. Осыған орай қазақ генеалогияларының деректері әлеуметтік байланыстардың терең сырын түсініп, шындығында қазақтың тарихи этникалық тұтастығын анықтауға негіз болады. Қазақ халқы ұлт (ұлыс, халық, мемлекет, хандықтар) болып, қазіргі қазақ халқын құрап тұрған үш жүз ішіндегі барлық ру-тайпалардың өзара бір атадан, руға, тайпаға, жүз-ұлысқа бірігіп, одақтасып, өзара ынтымақтылықпен (құдандалы, жекжат, сарысүйек т.т. болып) бейбіт түрде ұйымдасып тұтас ел, ұлт, хандық құрды, шежіре деректері нақты айғақтайды.

«Шежірелердегі әйел заты туралы деректер» атты екінші тараушада  ана тегі мәліметтері айтылады. Әлем халықтары өз тегін бірі – ата, бірі – ана жағынан артық айтып өрбітеді. Кейбір халықтарда генеалогиялық білім негізінен тек ана тегі туралы генеалогиялық білімді дамыта білген. Мұсылмандық жұртта ата текті өрбітуді баса айту жағы артығымен байқалады. Шежіре деректері көбінесе ата тегін өрбітуде. Қазақта шежірелер ата тегі туралы білімге сүйенеді, негізгі геналогиялық мазмұны ру-тайпалар көсемдері, рубасы есімдері аталады. Бұл жағдай әлеуметтік қатынас институттарының патриархалдық дамуымен түсініледі. Әйткенмен, әйел адамдардың да есімдері туралы мәліметтер шежіреде аз емес. Түркі дәуірінен сақталған тас мүсін ескерткіштерінің өзінде де ер мен әйел адам қатар бейнеленген. Шежіре мәліметтері бойынша есімі белгілі әйел заттылар тарихта ақыл, ісімен әйгілі болған адамдар. "Алып туса, анадан туады" деген даналыққа сәйкес, үлкен рулардың өзі әйел тұлғалардан туып, өніп-өсіп өрбіген. Шежірелерден терілген осы мәліметтер көбінесе бұл мәселенің мән-жайын түсініп қанық болуға пайдалы.

Кейбір қария сөздерде ана жұрты, нағашылар кім болғандығы жайлы жиі айтылады. Шыңғыс ханның арғы анасы Алан һуа әйгілі болса, түркі шежірелерінде Бердахтың шежіресінде Ақшолпан ананың есімі айтылады. Кейбір қазақ руларының аты ана есімінен, немесе ана есімі ұранға айналғаны да болған. Қазақ халқы "Ер жерді сақтайды, қыз ұлтты сақтайды" деген берік ұғымды ұранмен ұғындыра білген. Қытай жылнамалары түркілер тарихын баяндауда әуелі ана тегі жағынан сөйлейді ... қағанның жұбайы катун/қатын аталған [48, 198-199 б.]. Қазақ ұлтының адамдары "біз қарға тамырлы қазақпыз" (бұл жерде "қарға" сөзі құс мағынасында емес, тамыры терең әрі жан-жақты жайлып өсетін өсімдік атын білдіреді – М.А.), "құдандалы сары сүйекпіз", "құда – мың жылдық, күйеу – жүз жылдық" деп сөйлейді. Осы нақылдар қазақтағы әйел затының орнын көрсетіп тұр. Осы күнге дейін қазақта "Ұл – қорғаның, қыз өсірсең – өрісің" ("Қыз – өрісің, ұл – қонысың"), "Астың дәмін келтірген тұздан айналайын, елдің арасын қосқан қыздан айналайын" деген нақылдар бар. Ерте уақытта билеуші әулеттердің өзара қарым-қатынастары қыз алысу жолымен ретелгенін шежірелік мәліметтер көрсетеді. «Қыз беріп, қыз алып, ілік-жілік, құда тамыр болып татуласып отырған... қырғыз ханы қызы Тұмарды Әбілпейізге беріп, сүйек болып бітісіп, тыныштық орнаған кез екен» - дейді шежіре деректері [49]. Қазақ-қалмақ жәугершілік заманында да қалмақ тарапынан бейбіт келісімнің бекіту шарты есебінде қыз беріліп, саяси байланыстарды құдандалық, туыстық  арнаға салуға бет бұрған жақтары болған. Осылайша, қазақ шежірелерінде көбінесе әйел заты қазақ ру-тайпаларын бірлестіруде, ұлтты құрауда консолидациялық қызмет атқарғаны айтылады.

 «Қазақ құрамындағы  кірме топтар деректері» –  үшінші тарауша. Шежіредегі "Қазақ  түбі" мәліметтері қазақ руларының  барлығы ерте заманнан келе жатқан түрік жұрағаты десе, генеалогиялық жағынан оған жатпайтын төре, қожа, төлеңгіттер қазақ құрамынан тыс айтылғандықтан да кірме топтар қатарында есептеледі. Мұны Ш. Уәлиханов та мақаласында анық көрсеткен. «Қазақта "кірме" деген сөз бар. Ол сөздің мағынасы өз отанынан, ата мекенінен, ру-тайпа ортасынан  жақсы-жаман себептермен шығып кетіп, өзге елге келген, сіңісіп кеткенге дейінгі адамдарды айтады» - деп, шежіре кірме ұғымына анықтама береді [50, 226 б.]. Қазақ руларының ішінде өзара алмасқан аталар да аз емес. Шежірелерде осы сияқты тарихи-әлеуметтік құбылыстар түсіндіріліп отырылды. Қазақ ортасында бір рудан басқа рудың құрамына ауысып жүрген тұлғалар қай заманда болмасын көп болған. Жаңа рудың ішіне олар, әрине, бала, ұл қатарында кіретін болған. «Бұлар өз әулетін жоғалтпай, қожа, төре, ноғай, татармыз деп өз үрдісін, тарихын, тегін жоғалтпай, сақтап қалуы қайсарлығы, табандылығы, ұждандылығы деу қажет. Бар қасиеттерінің барлығы да қазақ болып кеткендер»  - деп түсіндіреді [50, 226 б.]. Сондықтан қазақтың барлығы бір-біріне қарға тамырлы қазақ болады. Шежірелерде бұл деректердің өзінше түсіндірмесі беріледі: «Ақтаз деген бір бала ғайыптан келіп, еншілес болған екен» және т.б. Генеалогиялық деректердің кейбірі тарихи шын жағдайлардан алшақ жатады.

Шежіреде қазақ  хандары туралы деректер жинақы түрде  баяндалады. Төрелередің шежіредегі генеалогиялық деректерді реттегендер  Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейхан, Ш. Уәлихан  болды. Қазақ ортасындағы төре тұқымдары  моңғол тегінен шыққан жаулаушы Шыңғыс ханның ұрпақтары болса, төренің тегі де моңғол жұртынан келген кірме топқа жатады. Ортағасыр араб-парсы тарихнамасында Шыңғыс ханның ұлдарының еншісіне жауланған рулар мен тайпалардың, басқа да ел жұрттың аймақтарын ұлыс етіп үлестіргенде төрт баласының әрбіріне төрт мың адамнан жасақ берілгені туралы айтылады. Ол жасақ кейін Дәшті Қыпшақ руларының ортасына сіңіп кеткен. Төрелер мен олардың ұлан жасақтарынан басқа қазақ руларының ортасына сіңісті болған кірме топтардың бірі қожалар екені белгілі. Шежірелерде қожалар туралы да мәліметтер молынан кездеседі. Төрелер қазақ ақсүйектерін құрайды.

Зерттеуші Б. Кармышева, «қожа мен сейіттер - сословиелік  топ. Өз тегін Мұхаммедтен немесе оның сахабаларынан өрбітеді» - деп  жазады [44, 148 б.]. Қазақ даласының  өткендегі барлық саяси-қоғамдық өмір тарихы төрелер шежіресінің айналасына түзіледі, төре-сұлтандардың ақ киізге хан болып көтерілгені туралы айтылады. Төре шежіресін тудырған тарихи шындық – сол тарихи дәуірде қалыптасқан саяси коньюктура. Рулар мен тайпалардың құрамындағы топтардың өзгеріп отыруы, көшпелілік тарихтың ең алғашқы кездерінен жалғасқан күрделі әлеуметтік үрдіс. Шежірелерде деректері де осыны айтады. Шежірелерде Жәнібек ханның тұлғасымен орайлас қазақтың үш жүз боп бірігу тарихы осылайша баяндалады. Жәнібектің баласы Қасым хан туралы: «Қазақты қатарға қосып кеткен. Осы Қасым ханның тұсынан қазақ ортасында «Қасымханның қасқа жолы» делінген сөз үлгі, өсиет қалған» - деп, мағлұмат келтіреді [51]. Қазақ хандығының дербестігі шежірелерде әйгілі әз-Жәнібек пен Керей, Асан Қайғы сияқты тұлғалардың есімімен байланысты. Бұл деректер ХV ғасырдың екінші ширегінде орын алған саяси, этноәлеуметтік тарихи оқиғаларына қатысты. Төрелер мен қожалардан тыс қазақ ортасына қазақы жүз, ру-тайпа жүйесіне енбейтін басқа кірме топтар қатарында: төлеңгіт, сунақ, қараша және т.б. туралы айтылады. Қазақ ортасына сіңген төре, қожа, сейіт, қырғыз, қалмақ, сарт, ноғай, түркмен, қарақалпақ өкілдерінің генеалогиялық принциптер негізінде іске асқанын шежірелік деректер суреттейді. Сонымен, шежірелік сананың маңызды функциясы – қауымдасу, қоғамдасу үрдісін құрауда. Кірме топтарды үйлесімді түрде қатарға қосып алу формаларын шежірелерден табамыз. Қауымдасу дегеніміз – адамның өз бойында қауым тарапынан дұрыс деп танылған қасиеттерді, құндылықтарды, білімді, қабілеттерді тәрбиелеу, құрметтеу, сақтау, яғни әдеп, салт-дәстүр, жол-жоба мен басқа да ұлттық рәсімдерді ұстану, қауымның талаптарына сай болу деген сөз. Осы қасиет-қабілеттерді қолдаған адам қалыптасқан әлеуметтік-туыстық қатынастардың, институттардың толық мүшесі бола алады.

Информация о работе Казақ шежірілері