Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:04, реферат
Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.
Сыртқы істер министрі А. М. Горчаков Ш. Уәлихановты әскери министрліктен Азия департаментіне ауыстыру жөнінде Александр II ге өтініш жасап, Шоқанға мынандай мінездеме береді: «Өткен жылы Қашғарға сапар шегіп, Орта Азияның Шығыс бөлімін зерттеп қайтқан және түркі тілінің бірнеше диалектісін жетік білетін штабс-ротмистр Уәлиханов өзінің арнайы мәліметтерімен Азия департаментіне пайда келтіруі мүмкін. Сондықтан, Әскери министрмен алдын-ала келісім бойынша Уәлихановты аталған департаменттің қарамағына алуды ұсынар едім.
Ш. Уәлихановты Азия департаментіне ауыстыру туралы бұйрықты Александр II 1860 жылы 15 маусымда бекітеді*86. Онда былай делінген: «Атты әскер штабс ротмистрі сұлтан Шоқан Уәлиханов атты әскер құрамында да қалдырыла отырып, Азия департаментіне ауыстырып қызметке алынсын».
Ш. Уәлихановтың Азия департаментінде болған уақыты өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ол туралы ерекше іс сақталған және ол құжаттар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы кезеңінде Ш. Уәлихановтың маңызды рөл атқарғанын көрсетеді.
Ш. Уәлиханов Петерборға Тянь-Шань таулары мен Шығыс Түркістанға жасаған саяхаты барысында жинақтаған қызықты мәліметтерге бай зор білім қорымен келді. Бұл мәліметтер Ш. Уәлихановтың Петерборда көрнекті орыс ғалымдарымен, жазушыларымен болған ғылыми әңгімелердің тақырыбы болды.
Петербор туралы Шоқан Омбыда жүргенде жер аударылған С. Ф. Дуровтан көп естіген еді. С. Ф. Дуров революционер демократ, патша үкіметіне қарсы күрескер еді. Ол 1849 жылы 23 сәуір күні петрашевші 35 адам - негізгі топпен бірге тұтқындалды. Петропавл бекінісінде сегіз ай қамауда отырғаннан кейін, Әскери сот С. Ф. Дуровты ату жазасына бұйырды, кейін ол үкім жер аударуға өзгертілді.
Қол аяғы кісендеулі С. Ф. Дуров Ф. М. жылы 230Достоевскиймен бірге Тобылға этаппен айдалып, содан кейін 1850 қаңтарда Омбының каторгалық түрмесіне қамалды. Онда жағдай жан төзгісіз болды. С. Ф. Дуров түрмеден денсаулығы мүлдем нашарлап шықты. Каторга мерзімі аяқталғаннан кейін, 1854 жылы 11 қаңтар күні Петропавл қаласындағы шептік үшінші Сібір батальонының әскери түзету қызметіне қатардағы жауынгер есебінде жіберілді. Бірақ денсаулығына байланысты С. Ф. Дуров әскери қызмет атқаруға жарамады. Оған азаматтық қызметке тұруға рұқсат беріліп, «Сібір қазақтарының облыстық басқармасына төртінші разрядтағы кеңсе қызметкері» етіп тағайындалды. Сонымен қатар, Николай I-нің нұсқауы бойынша, С. Ф. Дуровтың сыртынан «қатал жасырын бақылау қойылып, оның үстінен сол маңдағы басшылық қадағалап отыратын» болды. Басшылықтың қатарында - Сібір қазақтарының әскери губернаторы фон Фридрихс те бар. Облыстық басқармада қызмет істей жүріп, С. Ф. Дуров адамдарға деген ізгілік қарым-қатынасымен, адалдығымен, еңбексүйгіштігімен және іскерлігімен өзіне назар аудартты, К. К. Гутковский мен Ш. Уәлихановтың талабы бойынша, кешікпей үшінші разрядты кеңсе қызметкеріне ауыстырылды.
Облыстық басқармада қызмет істеу С. Ф. Дуровқа қырға шығып, қазақ халқының өмірімен танысуына мүмкіндік берді. 1855 және 1856 жылдары оған «денсаулығын түзету үшін» Көкшетау округінде тұруға рұқсат етілді. Бірақ мұнда да ол «жасырын полиция бақылауына» алынды. Генерал Фридрихстың нұсқауы бойынша, Көкшетау округтік приказы ай сайын С. Ф. Дуровтың жүріс-тұрысын хабарлап отыруға тиіс болды.
1856
жылы 26 тамыз күні С. Ф. Дуровқа
«Сібірден қайтып, Петербор мен
Мәскеуден басқа, империяның
Ш. Уәлиханов пен С. Ф. Дуровтың достық қарым-қатынасы Сергей Федорович Омбы бекінісінің абақтысынан босап шығысымен басталды. Бұрын Ш. Уәлиханов ол туралы К. К. Гутковский арқылы естіп, оның тағдырына жаны ашып, ниеттес екенін білдіріп, онымен кездесудің сәтін іздеп жүрді.
1854
жылдың көктемінен достардың
әрдайым кездесетін жері
Шоқан С. Ф. Дуровпен бірге Омбы бекінісінде каторга мерзімін өтеп жүрген орыс жазушысы Ф. М. Достоевскиймен жақын таныс болды. Шоқан Ф. М. Достоевский туралы Капустиндер мен Гутковскийлер үйінде көп естіген. А. Е. Врангельдің айтуынша, Шоқан Ф. М. Достоевскиймен алғаш 1854 жылы Омбыда, Достоевский жиі барып тұратын*100 Ивановтар үйінде танысады. Бұл кездесу екеуінің қөзқарастарының жақындығын, мүдделерінің бір екендігін танытты, сөйтіп олар жақын дос болып кетті. Өзі «өлі үй» деп атаған Омбының каторгалық түрмесінде отырып және одан шыққаннан кейін де Ф. М. Достоевский петрашевшілер тобында қалыптасқан алдыңғы қатарлы көзқарастарынан бас тартпады. Шоқанмен әңгімесінде, оған жазған хаттарында да ол өзін үлкен прогресшіл, ойшыл, Ресейдегі тозығы жеткен помещиктік құрылыстың кемістіктерін әшкерелеуші етіп көрсетті. Шоқан жазушының жақын достарының бірі болған кезде 19 жаста еді.
Шоқанның Ивановтар үйіндегі таныстықтан басталған Ф. М. Достоевскиймен достық қатынасы Семей пен Петербордағы кездесулермен жалғасып, алты жыл (1856-1862 жж.) хат жазысуға созылды.
1854
жылдың көктемінде патша
1856-1858
жылдары елге шыққан
Шоқанның Ф. М. Достоевскиймен Семейде кездесуі оның өміріндегі аса бір жарқын беттер болды. Бұл кездесу осы күнге дейін сақталған фотосуретте бейнеленген. «Соңғы кезде бізге келіп-кетіп жүрген аз ғана адамдардың ішінен, - деп жазады А. Е. Врангель, - Ф. М. Достоевскиймен көрісу үшін өте сүйкімді жас қырғыз офицері, Омбы кадет корпусында тәрбиеленген Мұхаммед Ханафия Уәлихановтың жолай соғып кеткені есімде... Ол Ф. М. Достоевскиймен Омбыда, Ивановтардың үйінде танысып, оны өте жақсы көрді».
Ф. М. Достоевский қазақ ауылының өмірін жақсы білді. Попов, А. Е. Врангель мен М. М. Хоментовский секілді сол кезде жауапты қызметте жүрген адамдарға жақындығын пайдаланып, Ф. М. Достоевский Ш. Уәлиханов және А. Е. Врангельмен бірге қазақ ауылдарын аралап, археологиялық зерттеу жүргізу үшін Арқатқа, Шыңғыс және Тарбағатай тауларына бара алды. Қазақ халқының өмірі Ш. Уәлиханов пен Ф. М. Достоевский әңгімелерінің жаңа қызықты тақырыбы болды.
Семейдегі кездесуден кейін олар көпке дейін ажырап қалды. Үлкен қоғамдық тарихи мүддені аңғартатын екі бауырлас халықтың тамаша өкілдерінің жақын идеялық қарым-қатынасының үлгісі саналатын хаттар ғана оларды өзара байланыстырды және Ш. Уәлихановтың хаттарында оның қоғамдық көзқарастары, орыс халқына, орыс мәдениетіне деген оның сүйіспеншілігі көрініс тапты.
Атақты орыс жазушысы уақытша Барнаулға кеткеннен соң, Семейден шыққан Ш. Уәлиханов Ф. М. Достоевскийге былай деп жазды: «Өзіңіз кеткеннен кейін мен Сіздің қалаңызда тек бір қонып, келесі күні ертемен жолға шықтым. Бұл кеш мен үшін өте көңілсіз болды. Өзіме жақын адамдардан ажырау және өзіме жақсы ниет білдірген адамдармен айырылысу маған өте ауыр тиді. Сізбен бірге Семейде өткізген аз ғана күн маған сондай ыстық, ендігі менің бар ойым - сізбен тағы да кездесу. Мен адамның сезімдері мен жай-күйі туралы жазуға шебер емеспін, бірақ оның қажеті де жоқ қой деймін: менің Сізге қандай берілгенімді және Сізді қалай жақсы көретінімді, әрине, білесіз».
Ф. М. Достоевский жауап ретінде Ш. Уәлихановқа шын жүрегінен шыққан жылы сөздермен былай деп жауап қайырды: «Мейірбан досым менің, Сіздің хатыңызды маған Александр Николаевич табыс етті. Сіз мені жақсы көрем деп жазыпсыз. Ал мен Сізге қысылмай-ақ тура айтайын - мен Сізге ғашық болып қалдым. Мен еш уақытта да және ешкімге де, тіпті, туған бауырыма да, тап Сізге көңілім түскендей жақындықты сезген емеспін... Бұл жерде көп нәрсені айтуға болар еді, бірақ Сізді несіне мақтай берем! Сіз менің ақ ниетіме дәлелсіз-ақ сенетін шығарсыз, қымбатты Уәли хан, бұл туралы 10 кітап жазсаң да, ештеңе жаза алмайсың. Сезім мен құштарлық дегенді түсіндіруге болмайды... Сізбен күймеде тұрып қош айтысқанда, бәріміз күні бойы көңілсіз болдық. Сізді бүкіл жол бойы еске алдық».
Ф. М. Достоевский хатында Шоқанға пайдалы кеңес беріп, оны туған халқына қызмет етуге шақырады, өзінің күшін публицистика саласында байқап көруді ұсынады. Ол: «Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз, - деп жазады. - Сіздің материалдарыңыз өте көп. Дала туралы мақала жазыңыз... Сіз өз тағдырыңызды Отаныңызға өте пайдалы болатындай бағыштауыңызға болар еді. Мысалы, даланың не екенін, оның маңызын және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы бар екенін Ресей халқына түсіндіру ұлы мақсат, қасиетті іс емес пе?.. Еуропаша толық білім алған тұңғыш қырғыз екеніңізді есіңізге алыңыз. Оның үстіне тағдыр Сізді абзал адам етіп жаратқан. Артта қалуға болмайды, болмайды», - деп жазды. Ф. М. Достоевский бұл жалынды сөздерімен халық ағарту майданында белсенді қимылдауға жігерлендірді. Әрі қарай Ф. М. Достоевский: «Мен сізді жақсы көретінім сондай, Сіз және Сіздің тағдырыңыз туралы ойланам. Әрине, қиялдарымда Сіздің тағдырыңызды ойластырып, әлпештеймін. Бірақ сол қиялдарымның ішінде бір шындық бар, ол - Сіздің өз еліңізден еуропалық білімге тұңғыш қол жеткен адам екеніңіз. Осының бір өзі ғажайып нәрсе және соны ұғынудың өзі Сізге міндет жүктейді... Қош болыңыз, қымбаттым, өзіңізді құшақтауыма, 10 қайтара сүюіме рұқсат етіңіз», - деп жазады.
Ф.М. Достоевский бұдан кейін де Ш. Уәлихановтың ғылыми табыстарын қадағалап, оның одан арғы тағдырына шын мәнінде мүдделік танытып жүрді. Ф. М. Достоевский А. Е. Врангельге Тверьден жазған хатында: «Уәлиханов өте сүйкімді, өте тамаша адам. Шамасы, қазір ол Петерборда болса керек? Мен сізге ол туралы жаздым ғой деймін? Ол - Географиялық қоғамның мүшесі. Уақытыңыз болса, Уәлиханов жайлы сұрастырып, біліңіз. Мен оны өте жақсы көремін және оның хал-жайын білуге өте құштармын».
Ш. Уәлиханов пен Ф. М. Достоевскийдің достық қарым-қатынастары көп жылға жалғасты. Олардың байланысы Петерборда да үзілмеді (1860 ж.). 1861 жылғы реформадан кейін мистицизмге салынып, самодержавиеге қарсы күрестен бойын аулақ сала бастаған жазушының қызметі мен көзқарастарына Шоқан сын көзбен қарай бастады. А. Н. Майковке жазған хатында Шоқан былай дейді: «Енді Сіздер туралы, Петербор жайлы, менің петерборлық достарым жайында айтайық! Достоевскийлер не істеп жүр? Олар сирек жазатын болды, бірақ оған өзім де кінәлімін, өйткені сирек жауап қайтарамын. Журналдарының жағдайы қалай? «Жалғасы бар» деулеріне қарағанда, жақсы болу керек. Өз арамызда айтқанда, мен солардың негізін, халықшылдығын жөнді ұқпаймын, біресе славяншылдықтың иісі аңқиды, біресе шектен асқан батысшылдықтың иісі шығады. Бітісу байқалмайды немесе бітісу қолдарынан келмей жүр. Менің ойымша, екінің бірі, не батыс үлгісімен түбірінен қайта құру керек, не ескіден айырылмай, тіпті ескі сенімнің өзін де пайдалану керек. Қытайлар секілді «ортаны ұстану» енді жарамайды».
Ф. М. Достоевский қазақ досын өмір бойы еске алып жүрді. Шоқан Уәлихановтан алған заттарының бәрі кейіннен ол үшін ең қымбат естелік болып қалды. 1866 жылы Шоқан қайтыс болғаннан кейін Ф. М. Достоевский бірде әйелі А. Г. Достоевскаяға: «Мына үлкен палисандр жәшікті көрдіңіз бе? Бұл - менің сібірлік досым Шоқан Уәлихановтың сыйлығы, сондықтан ол маған өте қымбат. Мен қолжазбаларымды, хаттарым мен қымбат естеліктерімді осында сақтаймын», - деген.
Ш. Уәлихановтың Петерборда болған жылдары - өмірінің жарқын беттерінің бірі. Өзінің әрбір табысты қадамын қадағалап жүрген орыстың алдыңғы қатарлы зиялыларымен араласа жүріп, Ш. Уәлиханов осы жылдары әдеттен тыс ерекше таланты мен білімдарлығын таныта алды. Сол кездегі баспасөз беттерінде оның астанаға келуі туралы мақалалар жарияланып тұратын. XIX ғасырдың орта шеніндегі ірі ғалымдардың бірі П. И. Небольсин Шоқан туралы: «Петерборда қырғыздар аз, бес-алты адам бола қояр ма екен? Олар жалпыеуропалық әскери киім киіп жүреді, тек бір адамнан басқасы ғана бұл адам өзінің бар екендігі туралы ерекше ештеңе байқатпайды. Ол біреу - өте жас, кавалерия офицері, сұлтан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» - деп жазды. «Мен Уәлихановпен Петерборда жақын таныстым және бірнеше өте тартымды кешті бірге өткіздім, - дейді Л. Н. Плотников, - оның қабілеттілігі мен біліміне олар (Мұхаммед Қали Тәукин және Бабажанов) түгіл, біз Небольсин мырза екеуміз де тең келмеспіз».
Ш. Уәлихановтың қызметі Петерборда қайнап жатқан және жан-жақты болды. Ол бірнеше мекемеде қызмет істеді: Бас штабтың Әскери-ғылыми комитетінде, Азия департаменті мен Географиялық қоғамда және сонымен бірге универсиетте лекция тыңдады. Әскери ғылыми комитеттің тапсыруымен ол Орта Азия мен Шығыс Түркістан картасын жасады*108. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жоталары аралығының картасы», «Іле өлкесінің батыс бөлімін рекогносировкалау» (1856 ж.), «Құлжа қаласының сызбасы», «Ыстықкөл экспедициясының нәтижелері туралы есепке қосымша карта» (1856 ж.), «Қытай империясының Батыс өлкесінің картасы» және т. б. жасалды. Ол әрқилы тілдердегі ескі карталарды зейін сала зерттеді.
«Шоқан Уәлихановты мен Петерборда офицер кезінде ұшырастырдым, - деп есіне алады Н. М. Ядринцев, - бұл оның даңқы шығып тұрған кез еді. Мен оның Шығыстың көне заманғы жазбаларымен және карталарымен жұмыс істеп отырған үстіне тап болушы едім». Географиялық қоғамда ол К. Риттердің еңбектерін баспаға дайындау ісіне қатысып, Қазақстан мен Орта Азияның географиясы мен этнографиясы жөніндегі материалдарды құрастырып, Шығыс Түркістан және Тянь-Шань және Қырғызстан жайлы қоғам мүшелеріне дәріс оқыды. Оның дәрістері қызықты, әрі тартымды болды, кейбір дәрістері қысқартылып газеттерге де басылып тұрды.