Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:04, реферат
Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.
Реформаның табиғаты туралы айта келіп, Ш. Уәлиханов бұл мәселенің «экономикалық және әлеуметтік» жағына баса назар аударды, ол «халықтың ең маңызды қажеттіліктеріне қатысты» екенін айта келіп, ал «саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды жүргізу құралы ғана, себебі әрбір жеке тұлға және тұтас адамзат қоғамы ең басты мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын жақсартуға ұмтылады, даму дегеніміз осы. Осы тұрғыдан алғанда, адамның тұрмысын жақсартатын реформалар ғана пайдалы, ал сол мақсатқа жетуге кедергі болатын реформалар зиянды» - деп түйіндеді.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән беруі, қоғамның алға басуының шарты - қоғамның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету екенін түсінгенін байқатады. Алайда, оның бұл ойлары дұрыс жобаланған әлеуметтік жоба түрінде қалыптаса алмады.
«Прогресс» ұғымының мазмұнын адамдардың материалдық әл-ауқатын жақсарту ретінде айқындай келіп, Ш. Уәлиханов ағартушылықты тек «ақиқат білімді» таратуды, мәдениетті көтеру арқылы осы құралдардың көмегі ғана прогресске жетуге болады деп санады. «Халықтың қалыпты дамып, өсуі үшін, - деп жазды ол, - ең алдымен бостандық пен білім керек. Бұдан келіп шығатыны, бәрінен бұрын оқу қажет».
Ш.
Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды ағартушылық
тұрғыда түсіндіреді. Сол тарихи
кезеңде мұндай көзқараста болуы
оның көрегендігін байқатады, өйткені
ағартушылық қараңғылықпен
Сот реформасының халыққа қарсы табиғатын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов байлар мен кедейлердің мүддесі екі бөлек екенін айтады. Таптық күрестің қоғамды қозғаушы күш екенін түсінбесе де, Ш. Уәлиханов қазақ патриархалдық-феодалдық қоғамының таптарға бөлінуін: қоғамның ерекше құқықтарға ие табы - сұлтандар, билер, байлар, қожалар бір жақта және Ш. Уәлиханов айтқандай, «қыр пролетарлары» кедейлер екінші жақта екенін анық байқай алды. Бұл таптардың мүдделері мүлдем керғар «...ақсүйектер мен байлардың мүддесі, тіпті мәдениеті жоғары қоғамда болсын, көбінесе қалың бұқара мүддесіне дұшпандық сипатта болады». Ш. Уәлихановтың көздегені - халық мүддесіне жауап беретін қазақ феодалдарның тобына емес, «...сұлтандар мен билердің көзқарастары назар аударуға тұрарлық емес, - деп көрсетті ол, - өйткені бүкіл ұлттың мүддесі қай жағынан алып қараса да, жекелеген топтың пайдасынан басым тұруы қажет».
Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік ұстанымдарда болса да, ол, жоғарыда аталғандай, бірқатар мәселелер бойынша сол замандағы ақиқат құбылыстарды түсінуде материалистік ұстанымдарға көтеріле алды.
Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарасы көңіл аударуға тұрарлық, әсіресе оның адамдардың діни сенімі туралы пікірлері қызықты...
Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін түсіндіруі, әсіресе, қазақтардың шамандығы туралы айта келіп, философияның негізгі мәселесі - материя мен сана байланысын материалистік тұрғыда түсіндіргенін көрсетеді. Ағартушы табиғат пен қоршаған ақиқат-шындық адамның санасынан тыс (тәуелсіз) тіршілік етеді деген шешімге келді. Ол әлемнің басын да, аяғын да мойындамайды, әлемді мәңгілік және шексіз деп санайды. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов адамдардың діни түсінігінің пайда болуы табиғат күштерінің ықпалының ақиқат шындықтың әлемді түсінуге, оның құбылыстарын түсіндіруге тырысқан адамға тигізген және адамның табиғат күштері алдында дәрменсіздігінің нәтижесі деп есептейді. «Қырғыздардағы шамандық қалдығы» мақаласында ол: «Табиғат пен адам, өмір мен өлім үнемі таңданыс туғызатын және құпиясы ашылмаған ерекше құбылыс болып келді. Табиғат пен адам! Адам мен табиғаттан асатын тамаша әрі жұмбақ құбылыс табылар ма екен? Бүкіл әлемді оның барлық кереметімен тануға, адамның өмірі мен өлімі туралы құпияны ашуға деген талпыныс шамандықты - бүкіл әлемді және табиғатты сүю, өлген жандардың аруағын қастерлеуді туғызды. Осылайша санасы әлі толықпаған адам баласы күнді, айды, жұлдызды, тағы да сондай мәңгілік әрі әртүрлі біз табиғат немесе әлем деп атайтын құбылыстарға бас иді».
Ш. Уәлихановтың озық ағартушылық ойлары оның Орта азиялық хандығы туралы жазғандарында жақсы көрініс тапқан. Орта Азия халықтарының феодалдық хандар мен бектерінің езуінен жапа шегіп жатқан өмірін жақсы білгендіктен, ол өзінің еңбектерінде феодалдық құрылыс пен деспотизмді сынап, сол аймақтың артта қалғандығын өкінішпен: «Ежелгі Шығыстың ең бай және білімді елі - Мәуренахрда, қазір қараңғылық пен кедейшілік жайлап кеткен» дейді. Діни білімнен басқа білімді мойындамай, Самарқанд, Ташкент, Ферғана..., Хиуа, Бұха-ра және басқа жерлерде... Самарқандтағы обсерватория татарлардың аяусыз қолымен жасалған вандализмі мен бұқара инквизициясынан орнына келместей болып қирады. Ш. Уәлиханов Орта Азия мен Қазақстан халықтарының консервативті өмір сүру формаларына белсенді түрде қарсы шығып, осы артта қалушылық пен дағдарысты тудыратын қоғамдық құрылыстың кеселдерін сынады...
Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының білім алып, мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты да азат өмір сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан кейін ғана жүзеге асты... Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталып, Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы Тарих, археология және этнография институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның есімімен аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, Алтынемел асуы) обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған. Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985 жылдар). Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова «Жизнь замечательных людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарды...