Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 19:44, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Конституциясының ықпалымен барлық іс жүзіндегі заңды актілер, соның ішіндегі қылмыстық істер жүргізу құқығының нормаларына толықтырулар енгізілді. Қылмыстық істер жүргізу құқығындағы қылмыстың істі қозғау институтының маңызы зор, себебі. Сотта қылмыстық іс жүргізу міндеттері және тұтасымен істің дұрыс жүргізілуі осыған байланысты болады.
КIРIСПЕ 2
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЬІЗЫ 3
1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы 3
2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымдық адамдар 6
ІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ 12
1. Азаматтардың арызы 12
2. Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы 14
3. Баспасөзде жарияланған хабарлар 15
4. Айыбын мойнына алып өзі келуі 15
5. Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы 17
ІІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР 20
1. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау 20
2. Қылмыстық іс қозғауды жоятын жағдайлардың қысқаша сипаттамасы 21
ІV-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНАН БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ 25
1. Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі 25
2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту 26
V-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ ҚОЗҒАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ПРОКУРОРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫ 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиет 31
Қылмысты осы тектес мәліметтер қабылдаған хабарламаны қарап шығуға және бұл бойынша мүмкін шешімдердің берік қабылдануын міндеттейтін заңгерлік факт қызметін атқарады.
Көп жағдайларда қылмыстық істі қозғауға түскен мәліметтердің кез келгені себеп болып табылады. Сондықтан оның кімнен шыққанының қағидалы мәні жоқ.
Заң Істі тек белгілерінде көрсетілген жеткілікті мәлімет бар болған жағдайда ғана қылмыстың іс қозғалатындығына ерекше көңіл аударуы және сонымен қатар қылмыстық іс қозғалмайтын жағдайларды атап көрсетеді (ҚР ҚІЖК 37 бап).
Алайда, қылмыстық істі қозғауға себеп туралы біздің ғалымдарымыз да әртүрлі пікір айтысқан. Мысалы, Н.В.Жогин мен Ф. А.Фаткулин қылмыстық істі қозғауға себеп заңгерлік факт болып табылады деп есептейді.
М.С.Строгович себепті заңда белгіленген тергеу прокурор және сот орындарында қылмыстар туралы мәліметтер беретін және ол органдардың қылмыстық іс жүргізуге кірісудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға міндеттейтін деректеме деп қарайды7.
Р.Д.Рахунов бұл пікірді қуаттамады. Ол себебі жасалған қылмыс туралы хабарламасы бар деректеме деп түсінеді.8
А. Р.Михайленко, Н.В.Жогин мен А. Ф. Фаткулиннің пікіріне байланысты күмән білдіре отырып былай деп жазады: "әрекет (қимыл немесе әсер) оқиғаға немесе хал-жай заңгерлік факт болып табылатыны белгілі. Ал қылмыстың іс қозғау себебі туралы тек белгілі бір қызмет ретінде айтуға болады. Тек қана өтініштер қылмыс туралы хабарлау ғана емес, басқа жағдайлар заңгерлік факті болып табылады. Өтініш жасаушы осы немесе басқа құқық бұзушылыққа қатысты өзінің еркін сырттай көрсетуі қажет. Істі қозғауға өтініш жасаушы мен прокурорлық тергеу немесе сот орындары туралы өтінішті қабылдап алуға, оны мәні бойынша шешуге міндетті. Көрсетілген орындардың өздері де қылмыс белгілерін таба алады"9.
Егер себепті заңгерлік факт деп есептесек, онда мысалы тергеушінің қылмыс белгілерін тікелей табу бойынша қызметін заңгерлік факт деп есептеу қажет. Бұндай жағдайда былай да болып шығады: қылмыс белгілерін тапқан кезде анықтама органы, тергеуші, прокурор және судья әрқайсысы өз-өзімен құқықтық қатынасқа түседі, себеп кез келген заңгерлік факт құқықтық қатынастың пайда болуын туындатады. Ал берілген жағдайда өтініш жасаушымен құқықтық қатынассыз іс қозғалады. Бұндай жағдайда қылмыстық істі қозғау сатысында пайда болатын процессуалдық қатынастардың мәніне сай келмейді, ал қылмыстық істі қозғау бойынша адамдардың міндеттері мен құқықтары қатынас элементтеріне тәуелді болады. Субъективті құқықтардың бар болуын деп жазады М.С.Строгович: - құқықтық қатынастардың пайда болуынан тәуелді етуге болмайды.
Қылмыстық процесс туындауының бір себебі болып табылатын алғы шарты деп құқықтық қатынас құрылымының бір элементі ретінде заңгерлік фактіні есептер болсақ, сонда барлық қылмыстық процесс процессуалдық заңгерлік қатынас деп қарау керек, ал бұл ғылымда қабылдауға болмайтын теория ретінде теріске шығарылған. Себепке қатысты заңгерлік фактіні себептің пайда болу нәтижесінің салдары ретінде қарау керек (тек сол себептің өзі ретінде емес). Қылмыстық істі қозғауға себеп заңгерлік фактіні анықтайды. Себеп - хабарлау қылмыс белгілерін табу үшін белгілі бір қызмет түрінде кез келген басқа құқықтық құбылыстар секілді тек заңгерлік факт мағынасына ие. Қылмыстық істі қозғауға себептер, кейбір авторларша, қылмыс туралы алғашқы мәліметтермен, жағдайлармен немесе мағлұматтармен анықтауға болмайды, себебі себеп пен істі қозғауға негіз түсініктерінің жылжуына әкеліп соғады.
Бұдан басқа себептердің мұндай анықталуы қылмыс белгілерінің тікелей табылуын, қылмыс туралы алғашқы мәлімет, мағлұмат басқаша айтқанда дәлелдер немесе олардың деректемелері деп тану туралы теріс қорытындыға әкеліп соғады. Прокурорлық тергеу, сот орындары өздері Іс қозғауға жататындай болып шығады.
Дәл осы іс қозғауға себеп қылмыстық заңның асырылуын және қолданылуын қозғайды. Бұл тұрғыда себеп қылмыстық құқықпен әскери қызметкерлерден басқа адамдар тобынан шыға алады. Әскери қызмет жүргізудің шарттарына байланысты әскери қызметкерлерге топтық шағым беруге тиым салу ерекше жағдай болып табылады /1/.
Мемлекет өтініш жасаушының заңды мүдделерін қорғайды.
Азаматтар өз бастамасымен ерікті түрде қоғам алдындағы адамгершілігіне сүйене отырып, белгілі қылмыстар туралы хабарлайды.
Кейбір жардайларда азаматтар қылмыс туралы хабарлауға құқылы ғана емес, бұны істеуге міндетті де.
Заң шығарушылық анық белгілі әзірленіп жатқан немесе жасалған ең қауіпті қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілей отырып, әр азаматқа осы қылмыстар туралы милиция, прокурор, сот немесе басқа мемлекеттік органдарға хабарлау заңгерлік міндетін жүктейді.
Егер өтініш жеке айыптау немесе жұртшылықтың жеке айыптау істері бойынша, шағым сипатында болса, онда мұндай өтініште жәбірленушінің кінәлілікке осы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жолымен жазалау туралы өтініші міндетті түрде болу қажет. "Лауазымды адамның талабы бойынша реттелген фактілік жағдайлар көрсетілген түсініктеме шағым ретінде қаралмайды".
Егер "домалақ арыздар" көрсетілген фактілер тексеру барысында расталса, онда бұл жағдайда анықтау орындарын қылмыс белгілерін тікелей табуы қылмыстық іс қозғауға себеп болды. "Домалақ арыз" расталған кезде іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылмайды.
ҚР КІЖК 177-бабына сәйкес мекемелердің, кәсіпорындардың және лауазымды адамдардың хабарлаулары жазбаша түрде жасаушы және өкілді адамның қолы қажет. Қылмыстық іс қозғауға себеп қызмет, ұйым, мекеме жұмысы процесінде немесе басқа жолмен алынған, жасалған қылмыс туралы ұйымның немесе мекеменің мәліметтері бар кезде хабарлау атқарады.
Қылмыстық іс қозғауға себептің мәні шаруашылық, әкімшілік мекемелері, сауда ұйымдары, байланыс, көлік кәсіпорындары, өнеркәсіп ұйымдары, оқу орындары өздерінің басшылары арқылы сонымен бірдей осы мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың лауазымды адамдарына анықтау орындарын тергеушінің прокуратураны немесе сотта әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабарлар, мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың хабарлары заң шығарушылық пен басқа себептерге қарсы қойылмайды, ерекше заңды күшке ие бола алмайды. Олар азаматтардың өтініштері сияқты прокуратура, сот, тергеу, анықтау орындарында қылмыстық Іс қозғау туралы мәселе шешу міндетін туындатады.
Мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда заңдылықты қамтамасыз ету шаралары және басқа лауазымды адамдар, олардың жұмыс орны бойынша табылған қылмыс туралы хабарлауға міндетті. Бұл жағдайда лауазымды адамдар жалған сөз табу үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілмейді. Біле тұра жалған мәліметтерді хабарлаған жағдайда олар лауазымды қылмыс үшін жауапкершілікке тартылады. Лауазымды қылмыс туралы хабарлауды мәселе мәнісіне қарай шешуге өкілетті. Кез келген орындарға жіберуге құқылы.
Қылмыстық іс қозғауға себеп болып, баспада жарияланған хабарлар, хаттар табылады (ҚР ДІЖК 177-бабы). Бұл прокуратура сот тергеу және анықтама органдарын мерзімді баспасөзде (газет, журналдар) онда әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер жарияланған кез келген хабарға тез арада жауап беруге міндеттейді.
Баспасөзде жарияланған қылмыс туралы хабардан басқа себептерден айырмашылығы қылмыстық Іс қозғауға өкілетті орындарға, адамдарға емес, сонымен бірге көпшілік қауымға, мақалаға тиісті жауап күтуші барлық оқырмандарға бағытталған. Бұл себепте баспасөзде жарияланған бір хабар бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғауды болдырмау қажет, сондықтан ережені белгіленген мақсатқа сай баспасөздегі хабар бойынша қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу тиісті прокуратурамен үйлестіру қажет.
Жасалып немесе әзірленіп жатқан қылмыс көрінетін жеткілікті мәліметтері бар баспасөздегі хабар автор немесе редакция оны талап етеді және хабарланған фактілерге олар қандай баға беретіндігіне тәуелсіз қылмыстық іс қозғауға әкеп соғады.
Қылмыс туралы хабар телефонда, очеркте, репортажда, карикатуралық суретте және баспасөз хабарларының түрі емес, жариялау фактінің өзі маңызды.
Сондықтан баспасөз хабарының формасын көрсетпей "баспасөзде жарияланған хабарлар" қылмыстық іс қозғауға себеп болып табылады.
ҚР ҚІЖК 177-бабы бойынша материалдарды қабырғалық газетке орналастыру баспасөзде жариялау болып табылады. Егер мұндай материалдар прокуратураның немесе тергеу орындарының игілігі бола қалса, онда бұл жағдайды орындардың тікелей қылмыс белгілерінің табуы немесе мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың хабарлары, егер осы қабырға баспасөзінің материалын қылмыстық іс қозғауға өкілетті орынға жіберген болса, қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады.
Бұл жағдайларда баспасөзде бір адам туралы жеке басы ретінде қате хабарланған болса іс жүзіндегі заңға байланысты әр адам ар-намысын және қадір-қасиетін даттайтын мәліметтерді сол бойынша теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Сол кезде, егер баспасөзде жарияланған сот дұрыс деп тапса, адалдығы мен парасаттылығы оларға қарсылықты қанағаттанарлық емес деп тапса, адалдығы мен парасаттылығы жұртшылық алдында күдік келтірілген корреспонденция авторы мен редакцияның тиісті қызметкері, өз кезінде мұндай - "арыз қоюға" тиісті шара қолдануды талап етуге құқылы. Жалақорлық, дауқұмарлар жазасыз қалмауы кажет. Бұндай жағдайда баспасөз орны қажетті жариялау жасай алады.
Қылмыстық, іс бойынша кінәсін мойындау адамның өзінің жасаған қылмысы туралы жеке өтініші бойынша қозғалады. Мысалы, кейбір авторлар кінәсін мойындап келуге өзіндік себеп мағынасын бермейді.
Осылайша
М.Андреев пен Г.Бахаров
Өзінің өтінішін почтамен немесе басқа адам арқылы жібере алады. Осындай кінәсін мойындаған адам өтінішпен кінәлі адам өзінің прокурорлық тергеу орындарының билігіне, әділет сот қолына ерікті түрде берілуінің маңызы зор.
Кінәсін мойындап келу немесе қылмысқа қатынасы барлығын мойындау қылмыс фактіні өзі туралы мәлімдеп қана қоймай болған нәрсеге өзін кінәлі сезінеді деп жариялайды. Кінәсін мойындап келген жағдайда келген адамның жеке басы анықталады, бұдан соң прокурор, тергеуші, анықтама органы немесе судья кінәсін мойындап келу туралы мазмұны бұлжытпай енгізуден хаттама тізеді.
Хаттамаға өтініш жасаушы мен хаттама тізуші лауазымды кісі қол қояды.
Кінәсін мойындап келудің себебі әр түрлі болуы мүмкін. Көбіне бұл жағдай қылмыс жасаған адам өз ісіне жауап бере алмай қалған жағдайда (аффект) кездеседі.
Бірақ
жалған кінәсін мойындап келу оқиғалары
да сирек кездеседі. Адамның өзі-өзінің
іс-әрекетіне қатысты
Кейде өзінің кінәсін толық немесе ішінара мойындап келген адамның ешқандай жасамаған қылмыстық әрекеті болмағаны анықталады. Мысалы: Жолдасов А. милицияға келіп төл құжаты жоқ, тұрақты мекен-жайы белгісіз, ұзақ уақыт кішігірім кәсіппен айналысып келген, бір-екі күн бұрын өзінің шөлмектесіне "пышақ ұрдым" деп хабарлады. Бірақ Жолдасов өзіне-өзі жала жапқан ұзақ уақыт ішімдіктен айығу үшін бостандықтан айыру орнына түскен10.
Кінәсін мойындап келген адамның өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалғаннан кейін оны қозғауға себеп мағынасын жоғалтады да, тергеу жұмысы негізгі тәртіпке сай жүргізіледі.
Қылмыстық істі қозғауға себеп ретінде кінәсін мойындап келуді, пара бергендігі туралы өз еркімен мәлімдеумен ҚІЖК 147-бабы айыру керек. Бұл түсініктердің негізгі айырмашылығы мынадай: кінәсін мойындап келу істі қозғауға себеп және жауапкершілікті жұмсартатын жағдай бола алады, ал пара беру туралы әрекетті түрде мәлімдеу белгілі бір жағдайларда өтініш жасаушыны жауапкершіліктен мүлде босатады.
Кінәсін мойындап келуді қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартудан да ажырата білу де қажет. Бұндай бас тарту әр кезде кінәсін мойындап келумен жалғаса бермейді. Созылмалы қылмыс бойынша кінәсін мойындап келу қылмыстық күйді тоқтатпайды, бірақ басталған қылмыстың (оқталудан) өз еркімен бас тарту емес, тек шара жазасын белгілеу кезінде сотпен ескертілуі тиіс.
Бұл себеп басқалардан онда қылмыстық Істі қозғау мәселесін қылмыстық істі жүргізуге өкілетті адамдардың өз бастамасымен шешілетіндігімен ерекшеленеді.
Информация о работе Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі