Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 19:44, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының ықпалымен барлық іс жүзіндегі заңды актілер, соның ішіндегі қылмыстық істер жүргізу құқығының нормаларына толықтырулар енгізілді. Қылмыстық істер жүргізу құқығындағы қылмыстың істі қозғау институтының маңызы зор, себебі. Сотта қылмыстық іс жүргізу міндеттері және тұтасымен істің дұрыс жүргізілуі осыған байланысты болады.

Содержание

КIРIСПЕ 2
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЬІЗЫ 3
1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы 3
2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымдық адамдар 6
ІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ 12
1. Азаматтардың арызы 12
2. Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы 14
3. Баспасөзде жарияланған хабарлар 15
4. Айыбын мойнына алып өзі келуі 15
5. Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы 17
ІІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР 20
1. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау 20
2. Қылмыстық іс қозғауды жоятын жағдайлардың қысқаша сипаттамасы 21
ІV-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНАН БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ 25
1. Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі 25
2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту 26
V-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ ҚОЗҒАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ПРОКУРОРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫ 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиет 31

Работа состоит из  1 файл

курсовая ДИНА.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)

      Бас прокурордың және оған бағынышты  прокурорлардың Қазақстан Республикасы заңдарының дәл орындалуына жоғарғы бақылауды жүзеге асырады. Прокуратура орындарының осы қызметімен қылмыстық іс қозғау сатысындағы олардың міндеттері тығыз байланысты. Қылмыстық сот жүргізуде прокурордың бақылау жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы мәліметтер түскен кезден басталады. Прокурор бір жағынан қылмыстық іс қозғау орны, екінші жағынан қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын бақылайтын орын болып табылады. ҚР ҚІЖК 190-бабына сәйкес қылмыстық Іс қозғаудың заңдылығына бақылауды жүзеге асырады. Прокурор негізсіз қылмыстық іс қозғаудың немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың бірде бір оқиғасы болмауын, қылмыс туралы өтініштердің және хабарларды қарау мерзімдері мен тәртібінің қатаң сақталуын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қысым жасалмауын қадағалайды. Қылмыстық іс қозғалудың заңдылығын бақылауды жүзеге асыру кезінде прокурор милиция орындарының қылмыс туралы өтініштері мен хабарларды қабылдауына және тіркеуіне басты назар аударады. Тексеру нәтижелерінде заң бұзушылықты тапқан жағдайда прокурор кінәлі адамдарға тәртіптік, жауапкершілікке тарту және заң бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныс енгізеді. Немесе қылмысты әдейі жасыру фактілерінің белгілері бойынша қылмыстық іс қозғайды.

      Прокурор, қылмыстық іс қозғау туралы қаулының заңдылығын ҚР ҚІЖК 186-бабының аталған  қаулы элементтерінің дұрыстығын тексерумен шектелуі тиіс.

      Прокурор  қылмыс туралы дабылдар бойынша анықтау  алдын-ала тергеу орындарының және тергеудің шешімдері дәлелді процессуалдық рәсімделінген болуын қадағалайды.

      Прокурор  өзінің қаулыларымен қылмыстық іс қозғау туралы тергеушінің немесе анықтау  орнының заңсыз қаулысының күшін  жояды. Сонымен егер Іс бойынша тергеу қимылдары жасалған болса, прокурор қылмыстық Істі қозғаудан бас тартады.

      Егер  анықтау орны немесе тергеушінің  қылмыстық іс қозғаудан бас тарту  қаулысын ендігі тексеру кезінде  алынған мәліметтерге қайшы келсе  және негізсіз шығарылған болса, прокурор мұндай қаулының күшін жояды, қылмыстық  іс қозғауды және оны алдын-ала тергеу немесе анықтау орындарында жүргізуге жібереді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қ О Р Ы Т Ы  Н Д Ы

 

      Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінің 8-бабында, қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттері - қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу және заңның дұрыс қолдануын қамтамасыз ету, сөйтіп қылмыс істеген әрбір адамның әділетті жазалануын және айыпсыз бірде-бір адамның қылмыстық жауапқа тартылмауын және сотталмауын қозғау деп жазылған.

      Осыған  орай қылмыстық істі қозғау сатысы да заңдылық негізінде құралады, қылмыстық істі қозғауға қарасты мәселелерді шешуде прокуратура, сот, тергеу жүргізу органдарының лауазымды адамдарды қылмыстық процестің заңдылық, ашықтық және шапшаңдық сияқты маңызды талаптарына сүйенеді.

      Қылмыстық іс жүргізу заңында құқық қорғау органдарының лауазымды адамдардың қылмыстық істі қозғау реттерін анықтап көрсетілуі қылмыстық істі жүргізудің заңдылығын көрсетеді.

      Азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарына  нұқсан келтірмей, қажетті дәлелді  жағдайлар талап етілгеннен соң заңға сәйкес кінәлі адамды ұстап, оған байланысты қылмыстық іс қозғау үлкен мәні бар десек болады.

      Сондықтан заң қылмыстық іс қозғаудың негізі барлығына сүйене отырып, тәжірибелі қызметкерлерден қылмыстық іс негізді  түрде қозғалғанын талап етеді.

      Қылмыстық Істі қозғауда жеке адамның жағдайы  да еске алынуы тиіс. Қылмыстық құқық  бойынша тек нақты сәйкес жастағы  жауаптылыққа қабілетті танылатын  қылмыс субъекті туралы мәселені шешуде қылмыс құрамының барлығын немесе жоқтығын анықтау үшін маңызы зор. Кейбір қылмыстар бойынша кез-келген жауаптылыққа қабілетті жеке тұлға емес, тек белгілі бір қасиеттерге ие адам арнайы субьект ғана қылмыс субъектісінің орындаушысы бола алады.

      Қылмыстық іс қозғау институтын одан әрі дамытып, кеңейтіп, зерттеу барысында нақты, негізгі жан-жақты, ашық қасиеттерге сүйену қажет.

      Қорытып айтқанда, қылмыстық Істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту мәселелерін  дұрыс шешкенде ғана анықтама, тергеу, прокуратура, сот орындары істің  толық жан-жақты терең зерттелуіне  мүмкіндік алады.  
 
 
 
 

Қолданылған әдебиет тізімі

      Заңды және нормативтік актілер

      1.  Қазақстан  Республикасының   Конституциясы. 30  тамыз, 1995 жыл.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  құқықтық реформасының бағдарламасы. 14 ақпан І994ж.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот және сот мәртебесі" жарлығы. 20 желтоқсан 1995ж. Өзгертулер мен толықтырулар. 1.07.97ж.

      4. "Қазақстан Республикасы Прокуратурасы"  Қазақстан Республикасы Президентінің  жарлығы. 21 желтоқсан І995ж.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің  жарлығы. "Ішкі істер органдары". 21 желтоқсан 1995ж.

      6. "0 мерах по дальнейшему реформированию  системы право-охранительных органов  РК". Указ Президента РК, имеющий  силу закона от 22.04.97г.

      7. Қазақстан Республикасьшың Қылмыстық  іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997ж. Заң күшіне 1998 жылы 1 қаңтарда енді.

      8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексі. 13 желтоқсан 1997ж. Заң  күшіне 1998 жылы 1 қаңтарда енді. 

      АРНАЙЫ      ӘДЕБИЕТТЕР

      1. Алексеева Н.С., Лукашевича В.3. Советский  уголовный процесс. -Ленинград,  1989.

      2.  Белозров О.Н.  Возбуждение уголовного  дела.  -М.,  1976.

      3.  Басков В.И.  Прокурорский надзор'в  СССР.  -М., 1991.

      4.  Бегалиев Л. А.  Прокурорский  надзор.

      5. Ефанова В.А. Возбуждение уголовного  дела судом. -Воронеж, 1988.

      6.  Жогин Н.В.,  Фаткулин Н.Ф.  Возбуждение уголовного дела.

      -М..  1976.

      7. Кобякова М.Н. Возбуждение уголовного  дела в преспупления против  личности. -Свердловск, 1988.

      8. Ковалев М.А. Прокурорский надзор  за обеспечением право личности  при расследовании преступления. -М., 1981.

      9. Корнеева Л.М. Основания отказа в возбужении уголовного дела. -Социалистическая законность, 1977. N 3.

      10.  Корнукова В.Н.   Советский уголовный  процесс.  -Саратов, 1988.

      11. Масленников Л. Праверочное действия  в стадии возбуждения уголовного  дела. -Социалистическая законность, 1989. N 6.

      12. Михайленко А.Р. Возбуждение уголовного  дела в советс-ком уголовном  процессе. -Саратов, 1975.

      -13. Машутов А.М., Ливщица О.Д. Уголовный  процесс Казахской ССР. -Алматы, 1989.

      14. Никандров В. 0 неделение процессуальными  правамии лица, в отношении которого отказано в возбуждении уголовного дела. -Советская юстиция, 1983. N 3.

      15.  Строгович М.С. Курс советского  уголовного процесса.

      -М..  1970.

      16. Стремовский В.А. Возбуждение  уголовного дела органами милиции. -М., 1987.

Информация о работе Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі