Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:44, реферат
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ мерзімдік даму жоспарын айқындаған «Қазақстан 2030» саяси-стратегиялық бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық ресурстарына арналған. Онда елбасымыз: «Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар...Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз» - деп энергетикалық саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды қадам екенін атап көрсетті.
КІРІСПЕ...................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Каспий теңізіндегі кеме қатынасының даму тарихы................5
Каспийдің проблемалары мен мүдделестіктері..........................7
Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі.............13
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................26
ЖОСПАР
Кіріспе
Қазақстан Республикасы президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ
мерзімдік даму жоспарын айқындаған
«Қазақстан 2030» саяси-стратегиялық
бағдарламасының бесінші
Аспанмен астасқан таулардан да, ұшқан құстың қанаты талар жазиралы даладан да, қойнауы толы қазынадан да таршылық көрмеген қазақ даласының табиғи су көздеріне деген жұтаңдығы барған сайын өткір сезіле бастағандай. Осы орайда қазақтың маңдайына біткен жалғыз теңіз – кәрі Каспийдің маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Аралдан айрылдық. Енді Каспий теңізінің табиғи тепе-теңдігін, қазіргі қалпын сақтап қалудың тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи да, өмірлік те көкейкесті мәселе екендігі даусыз. Оның үстіне кәрі теңіздің қойнауы тұнған қара алтынның құт қоры егемен еліміздің экономикасы мен барыс бейнелі болашағы үшін баламасыз қозғаушы күш екендігі де ақиқат. Мұнай – байлық, мұнай – саясат. Ендеше, Азия мен Еуропа құрлығының арасында орналасқан Каспий теңізінің егемен еліміз үшін ерекше геосаяси және геостратегиялық артықшылықтарын да жоққа шығара алмаймыз. Қазақстан шекарасы Каспий теңізі жағалауының 2320 шақырымын алып жатыр. Сондықтан Каспий теңізінің тағдыры Қазақстан Республикасының бүгіні мен болашағының ажырағысыз құрамдас бөлігі.
Негізінен Каспий теңізі төрт құбыласы түгелдей құрлықпен шектесетін Жер бетіндегі ең үлкен көл болып табылады. Еуропа мен Азия құрлықтарының қилысында қоныс тепкен бұл су қоймасы өте үлкен көлеміне қарай теңіз деп аталады. Ғалымдардың пікірінше, осыдан 10 миллион жылдай бұрын Сармат теңізінің әлемдік мұхиттармен байланысы үзіліп, екі бөлікке – Каспий теңізі және Қара теңіз болып бөлінген. Қазіргі таңда Каспий теңізінің жалпы көлемі шамамен 371 000 шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл Жапония сияқты мемлекеттің жалпы аумағымен пара-пар. Ол оңтүстіктен солтүстікке 2200 шақырымға дейін, батыстан шығысқа 370 шақырымға дейін созылады. Теңіздің ең үлкен тереңдігі 1025 метрге жетеді. Каспий шартты түрде үш бөлікке – Солтүстік Каспий, Орта Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді.
Каспий теңізінің жағалауы бүгінде тәуелсіз 5 мемлекеттің шекараларымен шектесіп жатыр. Жоғарыда айтып өткеніміздей, теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс жағалауларында Қазақстан шекарасы 2320 шақырымды, оңтүстік-шығыс жағалауында Түркіменстан шекарасы 1200 шақырымды, оңтүстік-батыс жағалауында Әзірбайжан шекарасы 955 шақырымды, оңтүстік жағалауында Иран шекарасы 724 шақырымды, батыс және солтүстік-батыс жағалауында Ресей шекарасы 695 шақырымды алып жатыр. Міне, осы деректерден анық көрініп тұрғанындай, Каспий теңізі жағалауының үштен бір бөлігінен артық аумағы Қазақстан иелігінде. Осының өзі-ақ қарт теңіздің қазынасы мен тағдырының егемен еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін қаншалықты көкейкесті екендігін көрсетсе керек.
Мамандар мен ғалымдардың
Негізгі бөлім
Каспий маңындағы жерлерді
игеру мен жаулап алу Ресейде
христиандық пен Каспийдің
ХІХ ғасырдың басында Каспийде өтірігі мен шыны аралас Ресей, Ұлыбритания, Франция мен Германия Каспийде өз билігін нығайтқысы келді. Иран олардың арасында бұлтаруға тура келді. 1801 жылы ол Ұлыбританиямен шарт жасасты, соған сәйкес Ұлыбриатния оған әскери қақтығыс кездерінде әскери көмек көрсетуге сөз бері (ІV бап). Осы құжат Иранның басқарушы тобын Ресеймен қарым-қатынасының ушығуына және соғысқа итермеледі.
Бірақ, соғыста бірнеше
рет жеңілісінен кейін Иранның
шахы 1805 жылы шартпен келісілген
көмекті сұрауға мәжбүр болды,
Англия барлық теңіз
Жоғарыда келтірілген мәліметтер каспий маңы жерлері мен Каспийді иемдену үшін Ресей мен Персия, сонымен бірге Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қақтығыстардың себебі болған сол кезеңде Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық статусы қалыптаса бастағанын айтуға мүмкіндік береді. ХҮІІІ ғасырдың басында аймақта Ресей мен Иран орныға бастады, Каспийдің статусының іргетасын Санкт-Петербург (1723) және Решт (1732) трактаттары қалағандығын мойындау қажет.
Қазіргі таңда Каспий теңізінің экологиясы өте күрделі жағдайды бастан өткеруде. Кәрі теңізді қауіпті кесел буып тұр. Қойнауына тұнған қара алтын қарт Каспийдің қасіретін күннен-күнге қалыңдатып барады. Мамандардың айтуынша, теңіздің мұнай шельфтері бар тұстарында өлі аймақтар қалыптаса бастаған. Бұл аймақтағы теңіз суын ластаушы заттар нормадан 10-20 есе асып кеткен. Бүгінгі күні ең басты экологиялық апат теңіз суының жоғарғы қарқынмен ластануы болып отыр. Теңіздің ластануы қазір бірнеше бағыттан қауіп төндіруде. Біріншіден, теңізге құятын өзен суларымен келетін зиянды заттар, екіншіден, теңіз шельфтерінде орнатылған бұрғылау қондырғылары мен мұнай тасымалдау кезінде теңізге құйылатын мұнай қалдықтары, үшіншіден, теңіз деңгейі көтерілген кезде су астында қалған бұрғылау орындарынан шығып жатқан зиянды заттар. Мәселен, соңғы кезде өзендер арқылы Каспий теңізіне жылына 75 млн. тонна мұнай қалдықтары құйылады екен, оның 95 пайызы Волга өзенінің үлесіне тиетін көрінеді.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында қазақстандық ғалымдар мен экологтардың бастамасымен, ресейлік және ирандық әріптестердің қатысуымен Каспий теңізінің экологиялық ахуалы туралы Ақтау қаласында өткен басқосуда Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағындағы су астында қалған 66 апатты бұрғылау скважиналары әлі күнге дейін толық залалсыздандырылмай отырғандығы айтылды. Сонымен бірге түрлі себептермен суға батқан 56 кеменің де теңізге тигізген зияны анықталмай отырған көрінеді.
Мұнайдың қарт теңіздің сорына айналу қаупі барған сайын өршіп барады. Теңіз аймағының тағы бір қасіреті – мұнай бұрғылау кезінде жерасты қысымымен шығатын ілеспе газ. Айлап-жылдап жанып жататын газдан бөлінетін көмір қышқылы атмосфераны ластап, ауаның бүлінуіне әкеліп соғуда. Жалындаған газ алауларынан атмосфераға таралатын қызу жағалаудағы өнеркәсіптік қалдықтарды қыздырып, химиялық үдерістерден шығатын улы шаң-тозаңдардың күрт көбеюіне әсер етеді. Қаптаған мұнай-газ компанияларының, теңіз жағалауларын тегіс жаулап алған химиялық және энергетикалық кешендердің қызметінің салдарынан теңіз аумағына таралатын химиялық зиянды заттар Каспийдің теңдесі жоқ фаунасы мен флорасына жазылмайтын жара салуда.
Каспий теңізіне тән тағы бір экологиялық қауіп – теңіз деңгейінің дүркін-дүркін ауытқып тұруы. Мәселен, 1978 жылдан 1995 жылдар аралығында теңіз деңгейі 2,5 метр биіктікке дейін көтерілген. Соның салдарынан бұрын өнеркәсіптік аймақ болған жағалаулар су астында қалды. Осы кезеңде Әзірбайжан мемлекеті үлкен экологиялық зардаптарға тап болды. Бұл өңірде теңіз жағалауынан мыңдаған адамдар көшіріліп, “экологиялық босқындар” пайда болды. Жағалаудағы орасан зор мұнай-газ инфрақұрылымы су астында қалып, Әзірбайжан 2 млрд. АҚШ долларынан астам зардап шекті. Су астында қалған мұнай-химия инфрақұрылымының зиянды өнеркәсіптік қалдықтары шайылып, теңіз суына қосылып, экологиялық апат зардаптарын күшейте түсті. Теңіз деңгейінің мұндай құбылмалылығы су астын мекендейтін тіршілік атаулыға да орасан зор кесірін тигізеді. Мұндай жағдайда өзен суларына уылдырық шашатын теңіз балықтары зардап шегеді.
Каспийдің мақтанышына айналған мұнайы
қарт теңіздің екінші бір бренді болып
саналатын бекіре балықтарының болашағына
балта шабатын қасіретке
3. Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Үкіметі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
атынан 2001 жылғы 13 қыркүйек N 1198
Каспий жағалауы мемлекеттерінің Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау
мәселесі жөніндегі келіссөздерін жалғастыру
мақсатында қаулы еткен:
1. 2001 жылғы 18-20 қыркүйекте Астана қаласында
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі
арнайы жұмыс тобының Каспий жағалауы
мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің
орынбасарлары деңгейіндегі бесінші мәжілісі
(бұдан әрі - АЖТ) өткізілуін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі:
АЖТ-ның бесінші мәжілісін дайындау мен
өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын;
Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам
Республикасы, Ресей Федерациясы
және Түркіменстан делегациялары мүшелерінің
тұруын (1+2 нысаны) 604360 (алты жүз төрт мың
үш жүз алпыс) теңге сомасында және АЖТ-ның
бесінші мәжілісін өткізуге байланысты
көліктік шығыстарын 2001 жылға арналған
республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражат
есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.