Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ мерзімдік даму жоспарын айқындаған «Қазақстан 2030» саяси-стратегиялық бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық ресурстарына арналған. Онда елбасымыз: «Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар...Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз» - деп энергетикалық саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды қадам екенін атап көрсетті.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Каспий теңізіндегі кеме қатынасының даму тарихы................5
Каспийдің проблемалары мен мүдделестіктері..........................7
Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі.............13


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................26

Работа состоит из  1 файл

КАСПИЙ.docx

— 58.21 Кб (Скачать документ)

 

      Қазақстан Республикасының  
      Президенті

2-қосымша   

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ  ОРТАСЫН ҚОРҒАУ  
ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯ

(2006 жылғы 12 тамызда күшіне енді -  
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,  
2006 ж., N 6, 44-құжат)     

 Бұдан әрі  Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Каспий өңірі мемлекеттері,  
      Әзербайжан Республикасы,  
      Иран Ислам Республикасы,  
      Қазақстан Республикасы,  
      Ресей Федерациясы,  
      Түркменстан:  
      Төгінділерді, шығарындылар мен теңізде және құрлықта орналасқан көздерден қауіпті, зиянды және басқа да ластағыш заттар мен қалдықтарды қоса алғанда, антропогенді қызметтің нәтижесі болып табылатын түрлі көздерден оның ластануы салдарынан Каспий теңізінің теңіз ортасы жай-күйінің нашарлауын атай отырып;  
      Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қазіргі және болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген шынайы орындаушылық шешімі;  
      Құрлықтағы қызметтің Каспий теңізінің теңіз ортасына залал келтірмеуін қамтамасыз ету қажеттілігін мойындай отырып;  
      Каспий теңізінің теңіз ортасы және теңіз деңгейінің ауытқу проблемасына байланысты оның бірегей гидрографикалық және экологиялық сипаттамалары үшін қауіптің төнуін мойындай отырып;  
      Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғаудың маңыздылығын растай отырып;  
      Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау және сақтау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың өзара және тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуының маңыздылығын мойындай отырып;  
      Мыналар туралы УАҒДАЛАСТЫ:       

 

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР       

1-бап. Терминдердің пайдаланылуы       

 Осы Конвенцияның  мақсаттары үшін төмендегілер  мынаны білдіреді:  
      "Іс-қимыл жоспары" - Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға және тұрақты дамытуға арналған іс-қимыл жоспары;  
      "Төгінді" - теңіз ортасына кемелерден, ұшу аппараттарынан, платформалардан немесе Каспий теңізіндегі басқа да жасанды салынған конструкциялардан қалдықтарды немесе басқа да материалдарды әдейі аластау не кемелерді, ұшу аппараттарын, платформаларды немесе Каспий теңізіндегі басқа да жасанды салынған конструкцияларды әдейі көму;  
      "Қауіпті зат" - егер, олар айрықша тұрақты болса, улы, канцерогенді, мутагенді, тератогенді немесе биоаккумулятивті болып табылатын заттар;  
      "Ұлттық орган" - осы Конвенцияны және оның хаттамаларын орындау жөнінде осы Уағдаласушы Тараптың іс-әрекеттерін үйлестіретін әрбір Уағдаласушы Тараптың тағайындаған органы;  
      "Ластану" - биологиялық ресурстар мен теңіз организмдеріне зиян ретінде адам денсаулығына қауіп төндіретін және Каспий теңізіндегі түрлерді заңды пайдалану үшін кедергі жасайтын қатерлі зардаптарға әкелетін немесе әкелуі мүмкін заттарды немесе энергияларды адамның тікелей немесе жанама түрде әкелуі;  
      "Жер үсті көздерінен ластану" - ластайтын заттардың су немесе әуе жолымен, не тікелей жағалаудан, немесе тоннель, құбыр арқылы, не өзге де жолмен кез келген түрде аластау нәтижесінде түсіп, құрлықта жатқан барлық нүктелі және шоғырланған көздерінен ластануы;  
      "Төтенше экологиялық жағдай" - Каспий теңізінің теңіз ортасына залал немесе сөзсіз қауіп төндіретін немесе басқа да зиян келтіретін және табиғи апаттың немесе антропогендік қызметтің нәтижесінде туындайтын авариялардың нәтижесі болып табылатын жағдай;  
      "Өндірістік авария" - өндірістік объектідегі, мысалы, өндіру, пайдалану, сақтау, ауыстыру немесе аластау барысында не осындай заттарды тасымалдау кезіндегі қауіпті және зиянды заттармен байланысты кез келген қызмет барысындағы бақыланбаған өзгерістердің нәтижесінде туындайтын оқиға;  
      "Кеме" - теңіз ортасында пайдаланылатын кез келген үлгідегі кеме, оның ішінде ауа жастықтарындағы кеме, сүңгуір қанатты кеме, су асты кемесі, тіркемелі және өздігінен жүзетін құралдар, сондай-ақ платформалар және теңіздегі басқа да жасанды салынған конструкциялар;  
      "Инвазивті түрлер-жаратылыстар" - пайда болуы мен таратылуы экожүйеге немесе Каспий теңізінің биологиялық ресурстарына экономикалық немесе экологиялық залал келтіруі мүмкін түрлер-жаратылыстар.       

2-бап. Мақсаты      

 Осы Конвенцияның  мақсаты Каспий теңізінің ортасын,  оның биологиялық ресурстарын  қорғау, сақтау, қалпына келтіру,  тұрақты және ұтымды пайдалануды  қоса алғанда, ластанудан қорғау  болып табылады.       

 3-бап. Қолданылу саласы      

 Осы Конвенция  Каспий теңізінің теңіз ортасына  оның деңгейінің ауытқуы мен  жер үсті көздерінен ластануы  ескеріле отырып қолданылады.        

 ІІ. ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР       

4-бап. Жалпы міндеттемелер      

 Уағдаласушы  Тараптар:  
      (а) Каспий теңізінің ластануын болдырмау, азайту және бақылау үшін барлық қажетті шараларды дербес немесе бірлесіп қабылдайды;  
      (b) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды дербес немесе бірлесіп қабылдайды;  
      (с) Каспий теңізі ресурстарын оның теңіз ортасына залал келтірмейтіндей етіп пайдаланады;  
      (d) осы Конвенцияның мақсатына қол жеткізу үшін бір-бірімен және халықаралық құзыретті органдармен ынтымақтасады.       

5-бап. Қағидаттары      

 Уағдаласушы  Тараптар осы Конвенцияның мақсатына  қол жеткізу және оның ережелерін  орындау үшін өздерінің іс-әрекеттерінде,  оның ішінде:  
      (а) Каспий теңізінің теңіз ортасы үшін маңызды қауіп төнген немесе қайтымсыз залал болған кезде осыған сәйкес сақтық шараларын қабылдау қағидаты, осындай залалдың алдын алу жөнінде экономикалық тиімді шараларды кейінге қалдыру үшін толық ғылыми сенімділіктің болмауына сілтеме жасау себеп ретінде пайдаланылмайды;  
      (b) Каспий теңізі теңіз ортасының ластануын болдырмау, бақылау және азайту шараларын жүзеге асыру жөніндегі шығыстарды ластағыштың туындауына сәйкес "ластаушы төлейді" қағидатын;  
      (с) Уағдаласушы Тараптар барынша толық көлемде бір-біріне тиісті ақпарат беретін Каспий теңізінің теңіз ортасы ластануы туралы ақпараттың қол жетерлік қағидатын басшылыққа алады.       

6-бап. Ынтымақтасу міндеттері       

 Уағдаласушы  Тараптар осы Конвенцияны орындау  үшін қосымша шараларды, рәсімдерді  және стандарттарды белгілейтін  хаттамаларды әзірлеу негізінде  екі жақты және көп жақты  негізде ынтымақтасады.       

 ІІІ. ЛАСТАНУДЫ БОЛДЫРМАУ,  АЗАЙТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ       

7-бап. Жер үсті көздерінен  ластану      

1. Уағдаласушы  Тараптар Каспий теңізінің жер  үсті көздерінен ластануын болдырмау,  азайту және бақылау үшін шаралар  қолданады.  
      2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің жер үсті көздерінен ластануын болдырмау, азайту және бақылау жөнінде қосымша шаралар белгілейтін осы Конвенцияның хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады. Мұндай хаттамаларға, соның ішінде мынадай:  
      (а) ластағыш заттарды шығаратын көздерді болдырмау, азайту және бақылауға арналған аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды қолдану;  
      (b) жер үсті көздерінен ластануын болдырмау, азайту және бақылау үшін Уағдаласушы Тараптардың ұлттық органдарының ағынды су төгінділерін лицензиялауы;  
      (с) ағынды су төгінділерін лицензиялау кезінде экологиялық негізделген технологияларды енгізу;  
      (d) Каспий теңізі суларының немесе экожүйесінің жай-күйі осыны талап еткен жағдайларда, осы Конвенцияға қосымша хаттамалармен осы тармақтың (b) және (с) тармақшаларында көзделгеннен барынша қатаң талаптар белгіленуі;  
      (е) қалалық ағынды суларды, оның ішінде ол қажет жерлерде кезең-кезеңімен тазартудың әр түрін қолдану;  
      (f) коммуналдық және өндірістік көздерден органикалық заттардың ағынын азайту үшін қолда бар ең озық технологияларды пайдалану;  
      (g) шоғырланған көздердің органикалық, оның ішінде ауыл шаруашылығында барларын қоса алғанда, қауіпті заттардың ағынын азайту үшін қолда бар ең озық тәсілдерді пайдалану;  
      (h) Каспий теңізінің теңіз ортасына теріс әсер етуін тоқтатпаған құрлықтағы ластау көздерін консервациялау және толық жою шараларын қамтуы мүмкін.  
      3. Егер, екі немесе одан көп Уағдаласушы Тараптардың немесе олардың арасында шекара құрайтын аумақ арқылы ағатын ағын судан түсетін ластағыш заттар Каспий теңізін ластауы мүмкін болса, Уағдаласушы Тараптар ықтимал ластану проблемаларын анықтау және шешу үшін жауапты бірлескен органдар құрудың орындылығы жағдайын қоса алғанда, мұндай ластануларды болдырмау, азайту және бақылау жөніндегі барлық қажетті шараларды қолдануға ынтымақтасады.       

8-бап. Теңіз түбіндегі қызметке  байланысты болған  
               ластану      

  Уағдаласушы Тараптар теңіз түбіндегі  қызметтің нәтижесінде Каспий  теңізінің ластануын болдырмау,  азайту және бақылау үшін барлық  қажетті шараларды қолданады.  Осы мақсатта олар осы Конвенцияның  хаттамаларын әзірлеуге ынтымақтастықты  қолдайды.       

9-бап. Кемелерден ластану      

  Уағдаласушы Тараптар Каспий  теңізінің ластануын болдырмау,  азайту және бақылау үшін барлық  қажетті шараларды қолданады  және осы мақсатта тиісті халықаралық  талаптарды ескере отырып, келісілген  шараларды, рәсімдерді және стандарттарды  белгілейтін осы Конвенцияның  хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады.        

10-бап. Төгіндіден болған ластану       

1. Уағдаласушы Тараптар олардың  туы астындағы кемелерден және  олардың аумақтарында тіркелген  әуе кемелерінен болған төгіндіден  Каспий теңізінің ластануын болдырмау,  азайту және бақылауға арналған  барлық қажетті шараларды қолданады.  
      2. Уағдаласушы Тараптар осы нәтижеге қол жеткізу үшін келісілген шараларды, рәсімдерді және стандарттарды белгілейтін осы Конвенцияның хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады.  
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері кемеге және әуе кемесіне теңізде күйреу немесе толық жойылу қаупі төнсе немесе кез келген жағдайда адамдардың өміріне және теңіз организмдеріне қауіп төнсе, егер төгінді мұндай қауіпті болдырмаудың бірден-бір тәсілі болса және егер төгіндіден болған залал басқа жағдайға қарағанда аз болады деп ұйғаруға барлық негіздер болса қолданылмайды. Мұндай төгінді адамдардың өмірі мен теңіз организмдеріне қауіп төнудің немесе өңірлік, құқықтық құралдарды қоса алғанда, халықаралық құралдарды қолдануға сәйкес теңізді заңды пайдалануға кедергі жасау мүмкіндігін барынша азайтуға әкелу үшін, осылайша жүзеге асырылады. Жасалған төгінді туралы Уағдаласушы Тараптарға мәлім етіледі.       

11-бап. Қызметтің өзге де түрлерінен  болған ластану      

1. Уағдаласушы Тараптар жерді мелиорациялауды  және осымен байланысты топырақ  қазу және дамба салу жөніндегі  жұмыстарды қоса алғанда, 7-10-баптарда  айтылмаған қызметтің өзге де түрлерінен болған Каспий теңізінің ластануын болдырмау, азайту және бақылау үшін барлық қажетті шараларды қолданады.  
      2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің экожүйесіне теңіз деңгейінің ауытқу зардаптарын жеңілдетуге бағытталған антропогендік қызметтің теріс әсері мүмкіндігін азайту үшін барлық қажетті шараларды қолданады.       

12-бап. Инвазивті түрлердің-жаратылыстардың  енгізілуін  
                болдырмау, бақылау және олармен күресу      

  Уағдаласушы Тараптар Каспий  теңізіне инвазивті түрлердің-жаратылыстардың  енгізілуін болдырмау, бақылау  және олармен күресу жөніндегі  барлық қажетті шараларды қолданады.        

13-бап. Төтенше экологиялық жағдайлар       

1. Уағдаласушы Тараптар адамдар  мен теңіз ортасын табиғи апаттардың  немесе антропогенді қызметтің  нәтижесінде туындайтын авариялардың  зардаптарынан қорғау мақсатында  барлық қажетті шараларды қабылдап, ынтымақтасады. Ол үшін қалпына  келтіру бойынша шараларды қоса  алғанда, болдырмау жөніндегі,  дайындықты қамтамасыз ету және  әрекет ету шаралары қолданылады.  
      2. Алдын алу шараларын және дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында түпкі Уағдаласушы Тарап төтенше экологиялық жағдайларды болдыруы мүмкін және басқа Уағдаласушы Тарапты кез келген мұндай жоспарланған немесе жүзеге асырылатын қызмет туралы хабарлауды қамтамасыз ете алатын өзінің құқығы шегінде қызметтің қауіпті түрлерін анықтайды. Уағдаласушы Тараптар қызметтің қауіпті түрлерінің теңіз ортасына әсер етуін бағалауды жүргізуге және қатерді азайту жөніндегі шараларды іске асыруға келіседі.  
      3. Уағдаласушы Тараптар өндірістік авариялар және төтенше экологиялық жағдайлар туралы алдын ала хабарлау жүйелерін құруда ынтымақтасады. Төтенше экологиялық жағдай немесе ол тежеусіз қауіп төндірген ретте аумағында осындай жағдай орын алған Уағдаласушы Тарап тиісті деңгейде және осындай әсер етуге ұшырауы мүмкін. Уағдаласушы Тараптарды кешіктірмей хабарламамен қамтамасыз етеді.  
      4. Уағдаласушы Тараптар төтенше экологиялық жағдайлар кезінде, осындай шараларды қолдану үшін пайдаланылатын тиісті жабдықтар мен білікті персоналдардың болуын қоса алғанда, төтенше экологиялық жағдайларға барабар дайындықты қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды.       

IV. ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ, САҚТАУ  ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ       

14-бап. Биологиялық ресурстарды  қорғау, сақтау,  
                қалпына келтіру және ұтымды пайдалану      

1. Уағдаласушы Тараптар Каспий  теңізінің биологиялық ресурстарын  қорғауға, сақтауға, қалпына келтіруге,  сондай-ақ ұтымды пайдалануға  ерекше назар аударады және  мыналар:  
      (а) адамдардың тамаққа қажеттіліктерін қанағаттандыру мен әлеуметтік және экономикалық мақсаттарға қол жеткізу кезінде экологиялық тепе-теңдікті сақтау және қалпына келтіру мақсатында биологиялық ресурстардың әлеуетін дамыту мен арттыру;  
      (b) тиісті экологиялық және экономикалық факторлармен және түрлердің арасындағы арасалмақты назарға ала отырып анықталатын, оларды өндірудің ең тұрақты көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейлерде теңіз түрлерінің популяцияларын сақтау немесе қалпына келтіру;  
      (с) шамадан тыс пайдаланудан биологиялық түрлерді құрып кету қаупіне ұшыратпайтын осындай жағдайларды қамтамасыз ету;  
      (d) балықтардың өнеркәсіптік түрлерін аулау және өнеркәсіптік емес түрлерін аулау кезінде ең аз шығынға әкелетін таңдаулы әдістері мен тәсілдерін дамытуға және қолдануға жәрдемдесу;  
      (е) эндемидті, сирек және құрып кету қаупі төнген биологиялық түрлерін қорғау, сақтау және қалпына келтіру;  
      (f) сирек және құрып кету қаупі төнген түрлердің, сондай-ақ әлсіз экожүйелердің биологиялық әр түрлілігі мен мекендеу ортасын сақтау үшін қолда бар озық ғылыми деректердің негізінде барлық қажетті шараларды қабылдайды.  
      2. Уағдаласушы Тараптар биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қажетті шараларды жүргізу үшін осы Конвенцияның хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады.       

15-бап. Теңіз жақындығының әсерінде  болатын  
                құрлықтарды басқару      

  Уағдаласушы Тараптар теңіз жақындығының  әсерінде болатын құрлықтарды  жоспарлау мен басқару бойынша  ұлттық стратегиялар мен жоспарларды  әзірлеу және орындау жөніндегі  қажетті шараларды қабылдауға  ұмтылады.       

16-бап. Каспий теңізі деңгейінің  ауытқуы      

  Уағдаласушы Тараптар қажетті  ғылыми-зерттеулерді жүргізуді және  Каспий теңізі деңгейінің ауытқу  салдарларын жеңілдету жөнінде  мүмкін болғанынша келісілген  шаралар мен рәсімдерді қабылдауды  белгілейтін осы Конвенцияның  хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады.        

V. РӘСІМДЕР       

17-бап. Каспий теңізінің теңіз  ортасына әсер етуін  
                бағалау      

1. Әрбір Уағдаласушы Тарап Каспий  теңізінің теңіз ортасына елеулі  түрде теріс әсерін тигізуі  мүмкін кез келген жоспарланған  қызметтің қоршаған ортаға әсер  етуін бағалау рәсімдерін қолдану  үшін барлық қажетті шараларды  қабылдайды.  
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалаудың нәтижелерін басқа Уағдаласушы Тараптар арасында тарату жөніндегі барлық қажетті шараларды қолданады.  
      3. Уағдаласушы Тараптар трансшекаралық контексінде Каспий теңізінің теңіз ортасына әсер етуін бағалау рәсімдерін белгілейтін осы Конвенцияның хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады.       

18-бап. Уағдаласушы Тараптар арасындағы  ынтымақтастық      

1. Уағдаласушы  Тараптар осы Конвенцияның ережелеріне  сәйкес қағидаларды, стандарттарды,  ұсынылған әдістер мен рәсімдерді  қалыптастыруда, әзірлеуде және  үйлестіруде Каспий теңізі теңіз  ортасының ластануын болдырмауға,  азайтуға және бақылауға, сондай-ақ  оны қорғауға, сақтауға және қалпына  келтіруге бағытталған әлемдік  практикада жалпы танылған талаптарды  ескере отырып, ынтымақтастықты  жүзеге асырады.  
      2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізі теңіз ортасының ластануын болдырмау, азайту және бақылау мақсатында, сондай-ақ оны қорғау, сақтау және қалпына келтіру үшін Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға арналған Іс-әрекет жоспарын әзірлеуде ынтымақтастықты жүзеге асырады.  
      3. Осы баптың 1 және 2-параграфтарында баяндалған өздерінің міндеттемелерін орындау үшін Уағдаласушы Тараптар, атап айтқанда, мыналарды:  
      (а) Каспий теңізін ластайтын немесе ластауға ықпал ететін көздерді анықтау мақсатында деректер жинауды, жинақтауды және бағалауды және басқа Уағдаласушы Тараптармен тиісті ақпараттар алмасуды;  
      (b) судың сапасы мен санының мониторингі бағдарламаларын әзірлеуді;  
      (с) төтенше экологиялық жағдайлар кезінде әрекет ету жоспарларын әзірлеуді;  
      (d) қалдық төгінділерінің, шығарындыларының және оны аластаудың нормативтерін әзірлеуді, сондай-ақ бақылау бағдарламаларының тиімділігін бағалауды;  
      (е) судың сапасын анықтау нормативтері мен өлшемдерін және қолда бар судың сапасын жақсартуды қолдау және қажет ететін жерлерде жақсарту үшін қажетті шаралардың ұсынысын әзірлеуді;  
      (f) ауыл шаруашылық, қалалық және өзге де суағарларды қоса алғанда, муниципалдық және өндірістік нүктелі және шоғырланған көздерден ластану салмағын азайту үшін іс-әрекеттердің үйлестірілген бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысты дербес немесе бірлесіп жүргізеді.       

Информация о работе Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі